Презентацияны құрастыруда екі жайтқа назар аударылуы тиіс: слайдты рәсімдеу мен ондағы ақпараттың берілуі. Сапалы да әсерлі презентация құрастыру үшін бірқатар талаптарды ескерген жөн.
Слайдты рәсімдеу:
Атауы
бағалау құралы
(бақылау-бағалау
Іс- шаралар)
Бағалау критерийлері
Бағалау шкаласы
Мәтін
Слайдтағы мәтін жақсы көрініп тұруы (фонға контрасты) және оқуға ыңғайлы (ірі әріптермен жазылған) болуы тиіс.
Өзіңіз айтқыңыз келетін сөздің БӘРІН слайдқа жазу КЕРЕК ЕМЕС! Слайдқа ең маңызды тезистер, ең қажетті мәліметтер жазылуы тиіс, сондай-ақ графикалық материал: диаграмма, иллюстрация, суретті аудитория әрқашан жақсы қабылдайды.
6-10
Ақпараттың орналасуы
Ең маңызды ақпарат экранның ортасында орналасуы тиіс.
Егер слайдта сурет бар болатын болса, сөзі астына жазылуы керек.
Слайдта ашық орын қалдырмай, материалды экран бетіне бірдей орналастыруы керек.
4-6
Шрифт
Тақырыптар үшін – 26-28 кем емес. Ақпарат үшін – 24 кем емес.
Бір презентацияда әртүрлі шрифттерді араластыруға болмайды.
Ақпаратты ерекшелеу үшін қою шрифті, курсив немесе астынсызудыпайдаланған жөн.
Слайдта бірнеше шрифт қолдануға БОЛМАЙДЫ. Мағыналы сөздерді ерекшелеу үшін бір шрифтің әртүрлі пішіндерін қолданған дұрыс.
3-4
Ақпарат ауқымы
Бір слайдқа шектен тыс көп ақпарат ауқымын салмаңыз: адам бір мезгілде үштен артық факті, қорытынды, анықтаманы есте сақтай алмайды.