Ағылшын тілі сабақтарында сын тұРҒысынан ойлау әдісін-тәсілдерін тиімді пайдаланудың жолдары



бет7/10
Дата13.01.2022
өлшемі124,16 Kb.
#111448
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ағылшы

І. Қызығушылықты ояту.


а) Ой қозғау.

ә) Өзіндік жұмыс.

б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)

ІІ. Мағынаны тану сатысы.


  1. Топпен жұмыс.

  2. Бес жолды өлең.

ІІІ. Ой толғаныс сатысы.

  1. Венн диаграммасы.

  2. Бағалау.

  3. Үйге тапсырма.

2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:



  • бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

  • өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

  • бір-біріне құрметпен қарауға;

  • өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

  • өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

  • мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

  • достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

  • белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.

Осындай технологиялардың бірі Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

релеванттық ақпараттар жинауды;

дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:

Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін-өзі тануға қатысты эмоция да болуы ықтимал).

Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.

Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, көзқарастарға көңіл бөлу).

Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 39-бет)

Оқушыларды сыни ойлауға үйрету оқушылардың сыни және шығармашылықты ойлауын дамытуға,сыныпта еркін ахуал тудыруға, мұғалім тек ақпарат беру көзі болуды тоқтатып, оқушыларға сұрақ қоя білуге бағытталған пікірлесуге,қатысуға мүмкіндік беруші тәсіл. Оқушы жаңа ұғымдарды,түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтанда сабақты жоспарлаған кезде оқушылардың сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмалар болуын қадағалаймын.

Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдердің бірі «Сыни ойлауға үйрету» басқа модульдермен тығыз байланысты. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін үйренеді,яғни метатаным пайда болады, өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Оқушы өз бетімен білім алуға, ізденуге, терең ойлауға зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әрбір сабағым диалогтан  құрылады, себебі ағылшын тілі болғандықтан оқушылардың ауызекі сөйлеуіне көп мән беремін. Топтық жұмыс арқылы, «оқушы мен оқушы», «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогті тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік алдым. Нәтижесі де жаман емес. Оқушыларым мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып,қызу пікірталас туғыза алады. Жаңа сабақты өз беттерімен меңгере алады, төмен деңгейлі оқушылардың өздері де тым болмағанда постермен жұмыс барсында, сөйлемесе де, сурет салып, сызбамен көмектескен кездері болды. Сабақтарымның барысында оқушыларды сыни ойлауға үйрете отырып, сонын ішінде ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана-сезім ерекшеліктеріне мән беруді мақсат етем. Оқушыларым сыни ойлау арқылы өз ойларын ашық айтуға,өздерін еркін сезінуге мүмкіндік алғандай. Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деп К.Д.Ушинский айтқандай, баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасап, сабақ барысында оқудың белсенді әдістері, диалогтік оқыту және оқу әдісін қолдануда білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, білімді бірлесіп құру, талқылау, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әр сабағымда оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын ашық, еркін айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетсе, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Бұл оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Яғни, бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтарды қоюға болады. Мысалы, кез келген сабақтың басталуы сұрақ – жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Осы арқылы оқушы сабақ барысында:

-еркін ойлауға мүмкіндік береді;

- ақыл-ойын дамытады;

-шығармашылық белсенділігі артады;

-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

-тіл байлығы жетіледі;

-жан-жақты ізденеді;

-өз ойын жеткізеді;

Мысалы: 6-сыныпта өткізген «What do we know about the history of the USA»? тақырыбындағы сабағымда ой қозғау мақсатында сұрақтар дайындадым. Өтілген  сабақ бойынша  бәрі сұрақтарға дұрыс жауап берді. Бұрынғы білімдерін Жаңа ақпаратпен толықтырды. Осы сабақта сыни ойлаудың «түртіп алу стратегиясын» қолдандым .

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет