Түсінік хат
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағлұматтар алады, салт –дәстүрін, мәдениетін таниды Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.
Жоспардың басты мақсаты – сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету. Осы орайда ағылшын тілін 10 сынып оқушыларының базалық білім деңгейін тереңдетіп оқыту мақсатында негізгі стандартқа сәйкес келетін авторлық бағдарлама құрылды. Бұл бағдарламалық курстың оқушыға пайдасы зор. Бағдарламада берілген елтану бойынша тақырыптарды меңгере отырып оқушы оны жеке тапсырмалар арқылы бекітеді. Ұсынылған курс оқушыларға елтанушылық тақырыптар бойынша қосымша, маңызды, қызықты материалдар береді, оқушыларды ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің (Ұлыбритания, АҚШ) өмірінің кейбір болмыстарымен таныстырады. Курс материалына жарияланған немесе жарияланбаған ағылшын тілді елдердің өмір салалары туралы әртүрлі мәліметтер енгізілген.
Оқылатын тіл елдерінің мәдениеті мен тарихымен танысу бұрын болған білімдері мен түсініктерін жаңадан алынған, өз елі туралы, өзі туралы білімдерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Туған елін ағылшын тілінде сөйлейтін елдермен салыстыра отырып, оқушылар мәдениеттердің өзіндік диалогында жалпы және өзіндік ерекшелікті бөліп алуға үйренеді. Бұл оқылатын Тіл елдеріне, олардың адамдары мен дәстүрлеріне жақындастыруға, түсіністікті дамытуға және жақсы қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.Курс көптеген нақты мәліметтерді қамтиды. Курс мәтіндері қиындық бойынша бірдей емес және олардың көпшілігі дәлме-дәл. Курста Көрнекі құралдар қолданылады: фотосуреттер, суреттер, карталар. Курс 34 сағатқа есептелген. Курстың әрбір сабағы Ұлыбритания мен АҚШ-тың өмір салтына арналған. Дыбысты қосымша оқушылардың сөйлеу және тыңдалым тұрғысынан дамуына ықпал етеді. Ағылшын тілі оқу курсының жұмыс бағдарламасы нормативтік құқықтық актілер және нұсқаулық-әдістемелік құжаттар негізінде жасалған: