Ағылшын тілін оқыту құралдары
Оқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек ретінде қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал –жабдықтар, заттар жатады.
Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан , қалай қолдануы және қандай нәтиже жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе алады.
Оқыту құралдарын топқа бөлу. Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын мынадай топқа бөлуге болады:
1. Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша
2. Оқушыға немесе мұғалімге арналған
3. Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту
4. Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес негізгі оқыту құралына оқу-әдістемелік кешені: оқулық, мұғалімге арналған оқулық жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланылғанда техникалық оқыту құралдары өте қажет.
Мысалы, 2 және 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінде оқулықпен бірге дыбыстық жазба да бар.
Ал 4 және 5-сыныпқа арналған грамматиканы пайдалану ағылшын тілінің дыбысталуының айтылу дағдыларын үйретіп тыңдау және оқуды дамытады. Қосымша оқыту құралдарына компьютерлер мен бейне материалдар жатады.
Сонымен қатар, ағылшын тілі кабинетіндегі барлық құралдар қосымша құрал болып есептеледі.
2-сыныптадағы негізгі құралдарға-бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады.
4-сыныпта- бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинкалар жинағы, көрнекілік жинағы, көрнекілік құралдар: суреттер, грамматикалық таблицалар, диафильмдер, кинофрагменттер, лингафондық практикум жатады.
5-сыныпта - бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинка, , көрнекіліктер жатады.
Қосымша құралдарға осы оқу-әдістемелік кешеніне кірмеген, міндетті емес құралдар : транспаранттар, кодоматериалдар, диафильмдер, тарату материалдары, ойыншықтар, т.б.заттар жатады.
1. Бағдарлама – бұл мұалімнің белгілі бір сыныпта жұмыс жүргізу үшін қолданылатын мемлекеттік құжаты. Мұғалім бағдарламаның түсініктемесін ұқыпты оқып, оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Мысалы, 1985 жылғы түсініктемеде оқыту ауызша түрде жүргізіледі деген.
Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуін, олардың сыныпта тыс жұмытарына көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тіді оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту әдістемесі де згеруі тиіс.
Түсініктемеден кейін бағдарламаның өзі беріледі, онда оқытудың тақырыптары(үлгі) және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
2. Екінші маңызды құрал – мұғалімге арналған кітап. Бұл оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалім сабақ жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуге тиіс. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралман жұмыс жасайтындығын анықтакп алады. Құралдардың керегін таңадап, болмаса өз бетімен әзірлеуі тиіс. Содан кейін мқғалім кітаптың түгел мазм ұнымен түгел танысыуы керек. Онда әр тоқсандағы жоспар құрады. Мұғалімдік кітапты әр ұстаз әр түрлі жүргізеді. Мысалы, кейбіреулер бұл кітапты пайдаланбайды, сабақ жоспарын өздігінше құрады. Басқалары кітапты қолданғанда өзгертулер енгізеді. Бұл дұрыс емес. Немесе кітапты қолданып бәрін кітаптағыдай әзірлейді де, белгілі бір сабақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес.
Кітапты қолданудың ең дұрыс түрі – оны толықтырып, сынып оқушыларының ерекшелігі мен қабілетін ескеріп, жоспар жасау. Оны тәртіппен кітап толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады.
3. Оқулық – ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы, 4 немесе 2 –сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі ауызша кіріспе бөлім суреттерімен берілген. Ал 2- сыныпта тапсырмалары бар суреттермен берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. әр сабақтың құрылымы сөйлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді. Мысалы, 2-сынып оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look and say), екінші бөлігі оқуға (Read), үшінші бөлігі жазуға (Write), ал төртінші бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы пайдалана білсе, ағылшын тілін өзіндік оқуға мүмкіндік болады.
4.Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға үйренуге арналған құрал. Үйге тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу тәжірибелік, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық бағыттарымен берілген. Оқу мәтіндерінің ерекшеліктері оқуға қызықтырады, сол үшін оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек. Мәтіндердің әдістемелік ерекшеліктері бар., олардың соңында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.
5. Дыбыстық жазба (таспа). Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол оқу құрамына кіреді және елтанушылық, лексикалық мәтіндер арқылы немесе әртүрлі диалогтар түрінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |