Ағылшын тілін оқыту үрдісінде көркемфильмді қолданудың мүмкіндіктері
Хаирлаева Гульсая Жеткергеновна - магистр аға оқытушы
Қазақ мемлекеттік қыздарпедагогикалық университеті
Қазіргі таңда студенттерді ағылшын тіліне оқытудың көкейтесті мақсаты олардың осы тілдің өкілдерімен сөйлесуіне бағытталған коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да, студенттерге, оқушыларға ағылшын тілін оқыту барысында тілін оқитын елдің өмірі, мәдениеті, тілдік реалийлері туралы көрнекті түрде мәліметтер берілуі тиіс. Тілдік ортасыз тіл үйренушілердің тілдің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру - өте қиын іс. Осы мақсатта тіл оқытуда аутентті материалдарды пайдаланудың маңызы зор. Күні бүгін қолымызда білім беремін, үйренемін деген, ағылшын тілінен дәріс беретін мұғалімдерге арналған, барлық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, тіпті әр мұғалімге керекті әдісін таңдап алу жағдайын ұсынатын оқулықтар мен материалдардың саны өте көп. Бұл оқулықтардың көпшілігі бәрімізге белгілі мәтіндерден, қосымша аудио, бейне таспадан тұратын және басқа да компьютерлік тілді үйрету бағдарламаларынан құралатын Oxford, Longman, Pearson және тағы басқа да осылардың қатарындағы оқулықтар мен видеоматериалдар мен үн таспалар. Көптеген елдер, сонымен қоса біздің елдеде жоғары оқу орындарының және тілдік курстардың мұғалімдері осы секілді оқулықтарды қолданады, дегенмен кейбір мемлекеттік және жеке оқу орындарында күні бүгінге дейін ескі, оқушыларға қызықты емес материалдарды қолданылатыны анық. Қандай материал немесе оқулық қолдандылмасын мұғалім өз оқушыларының тілді үйренуге қызықты да нақты, нәтиеже көре алатындай материал қолдана білуі қажет. Әр сабақты әртүрлі қызықты өткізу үшін, мысалы сабақта аутентті материалдарды неге қолданбасқа және де кейін келе аутенттік материалды қолдану арқылы өз студенттернің нәтиежесін көру арқылы оны одан әрі өз дәрістерінде қолданудың жолдарын іздестіре бастайды.
Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын аутентті материалдарды қайдан табуға болады? Кейбір мұғалімдер үшін бұл жағдай ауыр болуы мүмкін. Бұл жағдайда ең негізгісі World Wide web яғни интернетке деген қол жетімділіктің болуы. Бірнеше жылдар бұрын бұл елімізге қол жетімсіз болғаны белгілі, бағасы қымбат болды, ал күні бүгін елдің жағдайы біраз жақсарды, шектеусіз интернетке қолысыз жетті. Міне бүгінде сол интернетті пайдалану негізінде газет журналдарды, үн жазба мен оқу фильмдерін, видеожазбаларды жүктеу арқылы табуға болады. Мұндай материалдарды тіл үйрету сабақтарында қолдану өте қызықты болар еді, әсіресе, мысалы ол әлемге белгілі поп жұлдызы, жаңа технология туралы, жаңа шыққан әндер, фильмдер немесе елге танымал фильм жұлдыздары, автокөлік модельдері, жастарды қызықтыратын сән әлемімен байланысты материалдар міндетті түрде тыңдармен мен көрерменді қызықтырары сөзсіз.
Аутенттілік түсінігі 1970 жылдары пайда болған тілді коммуникативті оқыту бағдарының шығуынан бастау алады. Аутенттілік грек тілінен аударғанда негізігі, түпкі деген мағынаны береді. Коммуникативті оқыту принципі өз кезегінде бұрынғы әдістемеден бас тартып, тілді комуникативті мақсатта оқыту үшін дәлірек келетін аутентті материалдарды қолдануды алға тартты. Бұл саясаттың басты философиясы тілді коммуникативті оқытумен байланыстылығында. Осыдан келе көптеген зерттуші ғалымдар бұл салада көптеген дебаттар жүргізіп, барлық істе аутенттілікті қолданып, зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздеді. Морроудың айтуы бойынша аутенттік мәтін - нағыз тілдік, нақты серпінді әсер ететін, белгілі аудиторияға нақты мәлімет беру үшін нағызтіл білгірі немесе жазушы тарапынан түпкі негізде жазылған мәтін. Көріп отырғанымыздай , Морроу бұл жерде түпкі, нағыз деп ойдан жазған дегенге қарсы мағынада қолданып, басқаша айтқанда аутентті мәтін білім беру саласында қолданылатын оқулықтардағы емес, белгілі бір мағлұмат беру ұшін жазылған мәтін және бұл тілді үйрету аудиторияларында емес, күнделікті қарым-қатынас аясында қолданылатынын айтты. Тілді коммуникативті оқыту өзінің даму барысында ең негізгі сөйлеу құзіреттілігіне көңіл аударады. Ғалым жазушы Лидің көзқарасы бойынша тілді үйрету мақсатында жазылмаған мәтін аутентті деп аталады. Сонымен қатар Ли аутентті мәтіндерді жазушылар оқушыларға белгілі бір мәлеметті нақты жеткізу үшін жазады, сол себепті ол коммуникативті сапасы жағынан жоғары деңгейде болуы керек, дейді. Ал, Крамштың пайымдауынша аутенттік мәтіндер педагогикалық салада емес, табиғи күйінде, күнделікті қарым- қатынаста қолданылатын мәтіндер. 1980 жылдары тілді коммуникативтік әдіспен оқытуға ден қойылған кезде басты назар мәдениетаралық қарым- қатынасқа қойылды, өйткені ауызекі сөйлесім белгілі бір мәдени ортада жүзеге асады, себебі, негізінен аутенттік мәтіндер белгілі бір тілдік мәдени орталыққа қатысты және әлеуметтік мақсатта жазылады. Аутенттік мәтіндер сол тілде сөйлеушілердің мәдени аутенттік контекстінде қолданылады. Аутенттік мәтіндерді ағылшын тілі оқулықтарына түпнұсқа күйінде енгізу керек. Морроудың айтуынша біз аутенттік мәтіндерді орынсыз қолдана алмаймыз, бірақ біз оларды нақты жағдаят, аудитория, анықталған мақсатқа үйлесімді болғанда қолдану туралы әңгіме етеміз. Мысалы, біз техникалық мамандықтар үшін техникалық тақырыптағы, гуманитарлық мамандықтар үшін білім тақырыбындағы аутенттік мәтіндерді қолдана аламыз. Бұл нәрсе бізді қазіргі жағдайға алып келеді, яғни аутенттік мәтіннің контексті қосымша электрондық мәліметтерді қамтуды талап ететін технология ғасыры. Сөзсіз, мәтіннің негізгі бөлімін құраушы контекст болып табылады, өйткені мәтін қағаз бетінен электрондық құрылғыға тасымалданғанда өз негізін жоғалтады. Бұл жағдайда аутенттілікті сақтап қалу мүмкін емес, сондықтан біз қайта аутентті мәтін құруға тырысуымыз керек. Мәтінді қайта аутенттеу үшін біз оның ретін сақтауымыз керек, яғни біздің алдымызда, ең алдымен коммуникативтік мақсаттар тұруы керек.
Педагогикалық модель ретінде, аутенттілік тіл саласында 1980 жылдары негізге ене бастады. Брин әдістемесі бойынша негізделген аутенттілік тапсырмаларымен танысайық:
Күнделікті студенттерге қолданылатын мәтіндердің аутентті болуы;
Тілдік тапсырмалардың аутентті материалдардан болуы;
Тіл үйрену орталығының аутенттілікке сәйкес болуы;
Аутенттік материал деп табиғи ортадан тыс жерде тіл өкілдері ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік бағытқа бағытталған тілдік еш өңдеусіз, шет елдік аудитория үшін өзгертілмей дайындалған шетелдік материалдың теңтүпнұсқасын түсінеміз. Аутентті материалдары ағылшын тілі сабағында қолданудың маңызы жоғары екендігі мәлім. Брин және Кандлин Резфорд еңбектерінде: «Аутенттік мәтіндерді ағылшын тілі сабағында қолдану - оқушылар білімінің жоғарлауыа себепші болуы мүмкін, мұның себебі кейбір оқушылар ұнатпайтын дәстүрлі сабақ беру әдістемесін арылып оқушылар үшін табиғи тілді тыңдап, оқи алады. Осылайша аутентті материалдар әсіресе газеттегі мақалалар оқушылардың грамматикалық, лексикалық ережелерді түсінуіне мүмкіндік береді. Аутенттік материалдар ескі қызығы таусылған материалдардың орынын баса алады және олар жан- жақты дамытуға бағытталған материалдар болуы мүмкін. Дәстүрлі оқыту әдістемелері белгілі бір ережеге негізделген болады және ол кей оқушылардың сабаққа қатысуына мүмкіндік бермеуі мүмкін. Тілдің грамматикасын үйретудің классикалық әдістемесі негізінен грамматикалық ережелерді талдау мен лексикалық ережелерді жаттауға негізделеді. Мәтіндерді аудару мен жазбаша жаттығуларды орындау да осы әдістеменің жартысын құрайды. Бұл аудилингволизм әдістемесі негізінде кейбір ғалымдар тіл білгілі бір әдет ретінде үйретіледі, оған байланысты білгілі бір модель мен құрылым болуы қажет. Аудиолингволизм әдісі сонымен қатар әскери әдіс деп те аталады, мұның себебі оның әрқашан шығармашылық білімге жол бермей, тек жаттауға негізделуінде байланысты болса керек. Дегенмен бұл дәстүрлі әдістер сабақта оқушыларға белсенді қатысуға мүмкіндік бермейді, себебі сабақта мұғалім ғана сөз басшысы болады. Аутенттік материалдарды қолданып сабақ өткізу оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына тиімді әсер етеді. Сонымен қатар бұл бағыт оқушыларды беслендендіріп, оқуға қызықтырады, және оқушыладың арасындағы диалог құрып тәжірбие алмасуға әсер етеді. Бұл фактор тілдің төменгі және жоғары білімді сатысында да қолдануға тиімді. Аутенттік материалдармен жұмыс істеу барысында оқушылар жаңа таныс емес ережелерді немесе сөздерді кездестірулері мүмкін, бірақ табиғи қалыпты тыңдай не оқи отырып студент сол қалыппен сөйлейді не тапсырманы орындайды. Бұл дегеніміз тіл үйренушінің өз мақсатына жетуінің бір жолы, себебі, білімнің ең негізгісі оқулық, мұғалім немесе білгілі бір бағдарлама емес. Көріп отырғанымыздай, аутенттік материалдарды қолдану арқылы үйренуші өзіне қажетті ереже жасап алуы да мүмкін, бұрын көрмеген таныс емес мәліметтерді үйренуі мүмкін. Мұндай өзіндік жұмыс тіл үйренудің ең тиімді жолы, өз бетінше шетел тілінің түпнұсқасын қолдана отырып, студентті білімділікке баулуы әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |