Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Морфология, физиология және жалпы патология кафедрасының аға оқытушысы А.С.Хикимовамен және «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс қазақ және орыс топтары студенттерімен «Коронавирусты (COVID-19) инфекцияны алдын алу шаралары» атты тақырыпта кураторлық сағат өтті. Кездесу ZOOM конференциясында өтті. Топ студенттерімен тақырыптық презентация дайындалы.
Кураторлық сағат барысында бірінші кезекте эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, инфекцияның этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері туралы айтылды.
Коронавирусты инфекцияға күдікті кездегі ұйымдастыру іс-шараларына ерекше назар аударылды, коронавирусты инфекцияға күдікті медициналық персоналдың нақты іс-қимыл алгоритмі қарастырылды.
ҚР ДСМ РЦРЗ 03.02.2020 ж. клиникалық хаттамасына сәйкес "Коронавирустық инфекция-2019-nCoV" түріне ерекше тоқталынды.
ҚР аумағындағы эпидемиологиялық жағдай жағдайына сәйкес қазіргі уақытта алаңдаушылық себебі жоқ. ҚР Үкіметі облыста коронавирусты жұқтыру жағдайлары анықталған кезде алдын алу іс-шараларын жүргізу және уақытылы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылданды.