8.Кеңістіктегі алатын орнын, қалпын бағалау
Науқастың төсектегі қалпы оның ауруының түріне байланысты. Науқастың қалпы белсенді, енжар және мәжбүрлі болуы мүмкін. Белсенді қалыпты науқас ауырсыну немесе жағымсыз сезімдер сезседе өзі қалағандай ауыстыра алады. Белсенді қалып жеңіл ағымды аурулардың түріне тән. Енжар қалып ауыр ағымды аурулардың түріне тән.Кейбір жағдайларда бұл қалып науқасқа ыңғайсыз болуы мүмкін (бастың түсіріліп тұруы, аяқтың қайырылып тұруы) өз бетімен қалпын әлсіздіктен немесе есін жоғалтқандықтан өзгерте алмайды. Мәжбүрлі қалыпта науқас өзінің хал-жағдайын жақсарту үшін жатады.Мысалы,бронхиалды астмада науқас төсектің жиегіне отырып, денесін алға еңкейтеді.Пневмонияда, плевритте, пневноюраксте науқастар ауырсыну сезінетін жақта жатады. Асқазаны іші ауырғанда науқастар тізелерін бүгіп жатады.
Емхана – науқастарға
медициналық көмек көрсетуге,
сонымен қатар маманданған, қажет болған жағдайда науқастарды үй жағдайында тексеруге және емдеуге арналған мекеме.Емханада қабылдауды әртүрлі дәрігерлер жүргізеді(терапевтер,хирургтер,окулистер,кардиологтер,отоларинологтар және т.б) сонымен қатар диагностикалық кабинеттер жұмыс істейді(эндоскопиялық,рентгенологиялық кабинеттер және функцияналды диагностика
кабинеті және лобаратория,физиотерапевтикалық бөлім,егу бөлімі). Емхананың негізгі жұмыс принципі- территориялды учаскелік.Емхана қызмет көрсететін территория тұрғындардың белгілі бір заңына байланысты учаскелерге бөлінеді.Оған учаскелік дәрігер және учаскелік мейірбеке бекітіледі. Учаскелік дәрігер және мейірбике берілген учаскесінің территориясында жүргізілетін барлық емдеу сақтандыру шараларының орындалуына жауапты. Бұдан басқа тұрғындарға диспансеризация жүргізуге көп мән береді.Диспансеризация- бұл тұрғындардың денсаулығына систематикалық
қадағалауды ұйымдастыру, созылмалы ауруы бар науқастарды анықтау. Емхананың учаскелік мейірбикесі дәрігерге науқасты
қабылдау кезінде көмектеседі,әртүрлі іс құжаттарды жүргізеді, лабораториялық тексеріске қажет материалдарды қалай жинау керектігін түсіндіреді, инструменталды және рентгенологиялық тексеріске қалай дайындыоу керектіген түсіндіреді, тексеріске жолдау бланктерін толтырады.Учаскелік мейірбикелерден
басқа егу шараларын орындайтын, физиотерапевтикалық кабинеттің мейірбикелері т.б.бар.Қазіргі уақытта емханаларды дәрігерге дейінгі көмек көрсету кабинеттері жұмыс істейді. Онда мейірбикелер науқастың температурасын және артериялдық қысымын өлшейді.