2,9-Қабылдау бөлімінде қарау, антропометрияны жүргізу.
Науқасты госпитализация жасау алдында оны қабылдау бөлімінен өтеді. Оған науқаста госпиталицияға арналған құжат және амбулаториялық картасы қажет. Кейбір қиын жағдайларда науқастарды жедел жәрдем машинасымен алып келеді, кейде науқас өзін нашар сезініп стационарға емделуге келеді.
Әр науқастың стационарға түскеннен кейін ауру тарихы жүргізіледі. Ол науқастың маңызды құжаты болып табылады. Қабылдау бөлімінде ауру тарихының басты беті толтырылады. Мұнда аты-жөні, мекен жайы, туылған күні, және паспортының сериясымен номері, мамандығы, жұмыс орны, жұмыс және үй телефондары, сол кездегі түскен уақытын, алдында қойылған диагнозы жазылады. Егер науқас нашар қалде болса онда тіркеуді Бірінші науқасты стационарға жеткізген адамның айтуы бойынша жазылады. Ауру тарихынан басқа да госпитализация журналы толтырылады.
Қабылдау бөлімінде науқастың температурасы өлшенеді терісін және шашын ұқыптап қарап шығады. Өйткені науқаста педикулез болуы мүмкін. Алған нәтижелерді ауру тарихына енгізеді. Қабылдау бөлімінің келесі сатысы науқасыты дәрігердің қарап шыруы. Дәрігер дәл диагноз қою мақсатында өзіне көмекке хирург, гинеколог, невропотолог дәрігерлерін шақырып алады. Керек жағдайда зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіледі.
Науқасты қарап шыққан нан кейін дәрігер ауру тарихын науқас диагнозын ттүскен уақыттағы отделениесін (бөлімшесін жазады, және қалай тасымалданғанын жазады.
Егер дәрігердің қарауынан кейін стационар да емделуінің қажеті жоқ болса, онда науқас керекті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқасты үйіне жібереді. Мұндай науқастарды арнайы журналдарда тіркеуге алады.
Науқас стационарға түскеннен кейін оның антропометриялық өлшеуден өткізеді. (грекше anthropos-адам, metreo-өлшейімін). Антропометрияға науқастың кеудесін таздың көлденең және тігінен өлшемдерін алу, жатады. Әр науқастың бойының өлшемі отырған және тұрған қалыпта өлшеніп, жазылады. Және оның дене салмағыда жазылады. Ауыр халдегі науқастар арнайы медициналық таразыларда өлшенеді. Науқастың бойымен салмағын білу кейбір аурулардың диагнозын қоюға үлкен рөл атқарады. Мысалы: семіздік, алментарлық дистрофия (көп тамақтанбағандықтан арықтау). Ал кеуде қуысын өлшеу науқастың өкпе сыймдылығын анықтауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |