Ағын сулар уақытша және тұрақты болады



бет3/3
Дата16.01.2022
өлшемі24,08 Kb.
#112371
1   2   3
Байланысты:
23-26
билет ЭРТ 19-1, ЭРТ19-2 2022 за фераль, билет ЭРТ 19-1, ЭРТ19-2 2022 за фераль
Сарқырама – судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Тым қатты және борпылдақ жыныс қабаттары кезектесе қалыптасқан өңірлермен өтетін өзендер бойында пайда болады. Жиегі үнемі шайылу салдарынан Сарқырама өзен ағысын бойлай жоғары шегіне береді. Су бірнеше кертпештен каскад құрып құлауы мүмкін. Дүние жүзіндегі ірі Сарқырама: Оңтүстік Америкадағы Анхель (биікт. 1054 м), Африкадағы Тугела (биікт. 933 м) және Виктория (биікт. 120 м). Қазақстанда Алтай, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы тауларының өзендерінде кездеседі.[1] Су бірнеше кертпештен қатарынан сарқырама легін құрай (каскад) құлауы мүмкін
Сарқырамалар көбінесе көлдің тік тауларға құятын өзенінің жоғарғы ағысында қалыптасады.[1] Ландшафттық орналасуына байланысты көптеген сарқырамалар аз үлес қосатын аймақ қоректенетін тау жыныстарының үстінде пайда болады, сондықтан олар эфемерлі болуы мүмкін және тек дауыл кезінде немесе қардың еруі кезінде ағуы мүмкін. Төменгі ағысқа қарай сарқырама соғұрлым көпжылдық бола алады. Сарқырамалардың ені мен тереңдігі кең болуы мүмкін.

Өзен арналары төзімді болған кезде тау жынысы, эрозия баяу жүреді және су шөгінділерінің тасқа тигізетін әсері басым, ал төменгі ағысында эрозия тез жүреді.[1][3] Су ағыны сарқыраманың шетінде жылдамдығын арттырған кезде, егер төсек сынған болса немесе басқаша тозуға ұшыраса, өзен арнасынан материалды жұлып алуы мүмкін

26.Флювиалды морфогенез. Өзен террастарының пайда болуы және морфологиясы және түрлері.



Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Олардың əрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің мүсіншісі дейді. Ағын сулардың əрекеті алдымен сумен шайылуынан, шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды шоғырлап жинақтауынан құралады. Сонымен, ағынды сулар əрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік (латынша fluvіus – ағын, тасқын) процес- тер деп атайды.

Ағын сулар уақытша және тұрақты болады.
Тасқын кезінде өзендегі сулар арнаға симай, өзен аңғарының түбіне жайылыады. Тасқын кезінде су астына кететін өзен аңғарының түбі – жайылма деп аталады. Жайылма беті аллювийлі жыныстардан тұрады.
Терраса деп - өзен аңғарының беткейіндегі көлдер мен теңіздердің жағасындағы, тау беткейіндегі сатылынып орналасқан горизонталь жер бедерін айтады.

Террасалар (лат. terra – жер, фр. terras) – өзен аңғарларының бір жағында немесе екі жағында ондаған немесе жүздеген ки- лометрге созылған, саты тəрізді орналасқан үлкенді-кішілі алаң- дар. Олар ағын судың шаю жəне аллювийлік материалының тұндыру нəтижесінде қалыптасқан. Жалпы айтқанда терраса- лар өзеннің бұрынғы жайылмалары, бұл өзеннің бұрынғы кезде жоғары деңгейінде аққанын көрсетеді.
Террасалар пайда болуының келесі себебі - климат ауыт- қуына жəне оған сəйкес жауын-шашынның молаюына байла- нысты. Өзен ағысының күші судың массасына тəуелді екені белгілі. Егер өзен алабында климат ылғалданса, өзеннің суы көбейіп оның эрозиялық шаю мүмкіншілігі арта түседі. Бұрын қалыптасқан өзеннің шаю күші мен шайылуға ұшыраған тау жыныстарының кедергі күші арасындағы тепе-теңдік бұзыла- ды. Өзеннің режиміне сəйкес жаңадан тепе-теңдік бойлық қимасын жасау үшін өзен өзінің аңғар түбін тереңдете түседі.

Нəтижесінде бұрынғы жайылма судың ықпалынан шығып, аңғардың жағалау алаңшасына айналады. Су ағынының та- сымалдауы жəне оның эрозиялық мүмкіншілігі өзеннің су шығынымен салыстырғанда жылдамырақ өседі, сондықтан тереңдік эрозияның қарқындылығы өзен ағысының бағытына қарай ұлғая береді. Өзеннің құйылыс сағасында тереңдік эрозия эрозиялық базистің деңгейімен шектеледі, сондықтан эрозияның ең жоғарғы шегі өзеннің орта бөлігінде байқалады. Бұл жағдайда керме (хорда) типті терраса пайда болады (О. Леонтьев, 1988.)

Əдетте террасалардың ең биігі – ең көнесі, ең төменгісі – ең жасы болып табылады. Оларды есептеу төменнен жоғары қарай, яғни жайылмадан жоғары 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші жайылма үсті терраса деп нөмірлейді.
Қалыптасу тегіне (генезисіне) қарай террасалар аңғарлық (долинные) жəне жергілікті (локальные) террасаларға бөлінеді.

Аңғарлық террасалар (долинные террасы) климаттың ға- сырлар бойы ауытқуларына (жауын-шашынның көбеюі, мұз басу кезеңдері) немесе тектоникалық қозғалыстарға байланы- сты. Өзен ағыны өтетін аймақтың тектоникалық көтерілуі сол жердің еңістігінің ұлғаюына əкеліп соғады да, өзеннің түпкі эро- зиясы соған бейімделіп, күшею қабілетіне иемденеді. Өзен өзінің аңғарын тереңдете түседі, оның бұрынғы жайылмасы бірте-бірте кемерден биік жайылма үсті террасасына айналады. Осыған бай- ланысты аңғарлық террасалар əр аймақтың палеографиялық жағдайларын, яғни өзеннің ағып өткен аумағының даму тари- хын бейнелейді.

Жергілікті террасалар (локальные террасы). Ол көп жерге таралмай, жергілікті құбылыстар, яғни жақпарлы көтерілу (бло- ковое поднятие) жылжыма (оползень) нəтижесінде пайда болады.
Өздерінің құрылған тау жыныстарына немесе геологиялық құрылысына байланысты террассалар – мүсіндік (эрозиялық), аккумуляциялық жəне аралас болып бөлінеді.

Мүсіндік немесе эрозиялық террасалар – түгел түпкі тау жы- ныстарынан тұрады. Мұндай құрылым өзеннің бастапқы даму кезеңіне сəйкес тектони-калық қозғалыстар толассыз жоғары көтерілуінен бедердің көтеріле дамуын жəне аллювийдің шөкпегенін көрсетеді. Аллювий шөгілгеннің өзінде-ақ тек жұқа қабатты ірі кесек түйірлі арна материалынан тұратын болады.

Аккумуляциялық террасалар өзеннің алювийлік шөгінді- лерінен құралады да, оның іргетасы өзен деңгейінен төмен жата- ды, яғни ол жер бетіне шықпайды. Мұндай өзен тау жыныстарын терең тілімдеп, жайылмасы толық түзеліп, аллювий шөгіндісі қалың болғанын, ендеше өзен даму жолында толық оралымнан (циклден) өткендігін дəлелдейді.

Аралас террасалардың

іргетасы түпкі тау жыны- старынан, ал кертпештің жоғарғы жағы мен тер- расаның үсті аллювийлік материалдан құралады. Тер- расаның осындай құры- лымы өзеннің оралымды (циклді) дамуындағы ал- ғашқы кезінде эрозия арта түсіп, кейін аккумуляция əрекеті басым болғанын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет