Ағын сулар уақытша және тұрақты болады



бет2/3
Дата16.01.2022
өлшемі24,08 Kb.
#112371
1   2   3
Байланысты:
23-26

Тепе-теңдік профилі — арнаның ұзына бойы профилі. Ол ағын судың арнаны ұзақ уақыт шаюы мен тасымалдарды қайта шөктіру әсерінен пайда болады. Тепе-теңдік профилінің әрбір нүктесінде судың шаю күші арнаны түзген жыныстардың шайылуға беріктігімен бірдейге болады. Төменгі агысында шығыны көбейіп отыратын өзендер мен тасқындардағы тепе-теңдік профилі ойысы төмен қараған көлбеуі қисық болып көрінеді. Аңғардың бас жағында бұл көлбеу түйе тайлы болып келеді де, ал таулы облыстарда вертикальды жағдайға дейін барады; саға маңында ол горизонтальға жақындайды. Булану, сіңу әсерінен төменгі ағысында шығыны азаятын езендердің профилі дөңес болады. Іс жүзінде тепетеңдік профиліне өзендердің кейбіреуі ғана әрбір аумағында жете алады, себебі тектоникалық қозғалыс пен басқа да жер қабығындағы процестер оны бұзып тұрады.
Қосымша.Тұрақты су ағындарының үздіксіз ағуы нәтижесінде рельефтің түрлі теріс формаларын қалыптастырады. Өзеннің әрекетінен пайда болған рельефтің теріс формасы - өзен аңғары деп аталады. Олардың тереңдігі жазықта 3-5метрден 50-100метрге, тауларда 100-200—1000-2000 метрге дейін, ені ондаған метрден бірнеше км.-ге дейін жетеді. Аңғардың мынадай морфологиялық элементтері болады: түбі, беткейлері, тальвегі, жайылмасы, террасалары, ескі арналары. (тальвег- арнаның ең терең жерін қосатын сызық)
Аңғар түбі қалыптасып үлгермеген жерлерде, тауларда өзен бір арнамен ағады. Ескі жағалардың кей жері биік әрі тік, ал кей жері аласа көлбеу болып келеді. Аңғарлардың ені су тасқындарының көлеміне байланысты. Тасқын өзен арнасын одан әрі тереңдете алмайтын деңгейді эрозиялық базис деп атайды. Өзен арнасын тереңдету процесі торқтаған соң, жағалық эрозия күшейеді. Осы процесс нәтижесінде өзен бойында тепе- теңдік бойлық аңғарлар қалыптастырады. Бойлық аңғарлар енді келеді және ұзына бойы морфологиялық жағынан біркелкі болады. Тау жотасын жарып өтетін аңғарларды көлденең аңғарлар деп атайды. Көлденең кесіндісінің даму кезеңінде, аңғар өтетін жердің геологиялық құрлысына, экзогендік күштерге т.б. байланысты. Аңғарлардың каньон, шатқал, жәшік (трепеция, астау, трог) тәрізді түрлері болады. Рельеф жасаушы ойыс геологиялық құрылымдарда (грабен, синклиналь) пайда болған аңғарларды тектоникалық аңғарлар деп атайды.Сарқырамалар - өзен арнасындағы су құлап ағатын тік кемер. Биіктен құлап аққан су өзеннің түбін тереңдетіп, шұңқыр етеді. Сарқырамаларды 3 типке бөледі. Өзен арнасы - өзен аңғарының су ағып жататын терең өзегі. Өзеннің төменгі ағысында арнаынң ені 10-ған метрден бірнеше км.-ге дейін жетеді. Өзен суы молайған сайын аонаның тереңдігінен гөрі ені кеңейе бастайды. Тау өзендерінде арнаның түбі тастақ болады, шоңғалды келеді, жағасында ірі малта тастар көп кездеседі. Арнаың түбі мен жағалары су тасқынының эрозиялық әрекетіне байланысты өзгеріп отырады. Арнада су түзу ақпайды, ирек арна жасап ағады, арна үздіксіз бұрылады немесе меандрланады. Меандр немесе айналма деп -- өзен суының циркуляциясы иінін, бұрылысын айтады. Ескі арна – меандрлы өзендер арнасында кездесетін орақ тәріздес, кейде батпақты болып келетін көлдер. Арнаның айналасында өзен аңғарының түбі орналасады. Тасқын кезінде өзендегі сулар арнаға симай, өзен аңғарының түбіне жайылыады. Тасқын кезінде су астына кететін өзен аңғарының түбі – жайылма деп аталады. Жайылма беті аллювийлі жыныстардан тұрады.
24. Геоморфологиядағы зерттеу объектісі, міндеттері және әдістері.

Геоморфология (гр. gе – жер, mоrрhе – пішін, logos – білу, тану) – бедердің құрылысын, жаралуын, даму тарихын жəне қазіргі динамикалык жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, гео- морфология зерттеуінің негізгі нысаны – бедер (француз тілінде relіev – дөңестілік) – құрлық беті жəне мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) жəне сыртқы (экзогендік) үдерістер əсер етеді. Эндогендік үдерістер- ге тектоникалық құбылыстар, жер сілкіну, жанартау əрекеті, тау жаралу жəне т.б. жатады. Экзогендік процестерге тау жы- ныстарының үгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам əрекетінің əсері жатады, ол күн жылуынан қуат алады. Сон- дықтан бедер пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамын, қасиетін жəне оларға əсер ететін үдерістерді анық білу қажет.

Эндогендік күштердің əсерінен жердің бір тұсы көтеріліп, тау мен қыраттар түзіледі, ал екінші тұсында төмен майысып, ойпат- тар пайда болады. Экзогендік күштер тауды бұзып шаяды, ой- патты жерлерді борпылдақ материалмен толықтырып тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы əрекет жасайды жəне олар əр жерде, əр қарқында ұдайы жүріп жатады. Нəтижесінде, осы екі күштердің өзара қатынасы əсерінен жер бетінде пайда болған қазіргі бедер пішіндерінің алуан түрін көреміз. Бедер пішіндері- нің қай бағытта дамуы (көтеріле дамуы немесе керісінше, төмендей дамуы) – мұның бəрі сол жер қыртысының қасиетіне байланысты.

Геоморфологиялық зерттеуінің негізгі мақсаты – жер беде- рінің морфография, морфометрия жəне генезисін белгілеумен қатар, оның жасын анықтау. Ал геологияда тау жыныстарының жасы жалпы геологиялық карталардың негізгі мазмұны болып саналады.

Бедердің морфологиялық жəне морфоме- триялық сипаттамасын, оның генезисін, жасын жəне даму та- рихын анықтау – геоморфология зерттеулерінің негізгі мақсаты .
жер бедерінің ең ірі пішіндері – планетарлық мега- жəне макропішіндер, ал кейбір жағдайда бедердің мезопішіндері де өздерінің генезисі жағынан эндо- гендік пішіндерге жатады. Ауқымы жағынан майда келген микропішіндер көбінесе экзогендік бедер пішіндеріне жатады. Эндогендік жəне экзогендік үдерістер бедердің қалыптасуын- да өзара тығыз байланысты. Əдетте эндогендік үдерістерден қалыптасқан ірі бедер пішіндерінен экзогендік үдерістер арқылы одан əрі күрделеніп, жаңадан мезопішіндер жəне микропішіндер құрылады немесе, керісінше, жер бетіндегі кедір-бұдырларды тегістеп, жазықтандырады.

Геоморфологияның негізгі нысаны – жер бетінің қазіргі бедері мен оның даму тарихы. Жер бетінің бедері – ол әртүрлі пішіндердің жиынтығы, ол таулар, жазықтар, қыртаттар мен шатқалдар, төбелер т.б. Оларға үнемі табиғаттағы сыртқы (экзогендік) және ішкі (эндогендік) күштер әсерлерін тигізіп отырады, сондықтан бедер пішіндерін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамы мен қасиеттерін және оған әсер ететін геологиялық процестерді біліп алып, зерттеу қажет.Геоморфологияның негізгі міндеті – рельефтің географиялық компоненттерінің бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы, рельеф өзі ғана өзгеріп қоймай ол табиғатқа, оның дамуына да әсер етеді. Жер қыртысы атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан геоморфология геология, тектоника, климатология, геоботаника, топырақтану т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.Геоморфология “жалпы” және “региональдық” болып екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология – рельефтің пайда болуы мен даму заңдылықтарын барлық геоморфологиялық комплекс тұрғысынан кең көлемде қарайды. Региональдық геоморфология – нақты аймақтар бедерін құрлықтың, мұхиттың т.б. рельефтің құрлымын зерттейді.
25.Флювиалды формалардың бойлық профилінің эволюциясы.    Сарқырамалардың пайда болуы; олардың түрлері.

Ағынды сулар əрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік (латынша fluvіus – ағын, тасқын) процес- тер деп атайды. 

Бұл процесс нәтижесінде баурай беті аласарады. Өсімдік жабыны бұзылып, сол жерде баурайлық ағын сызықша ағынға айналады. Сызықша ағын әсерінен уақытша ағындардан жылғалар қалыптасады. Пайда болған рельефтің жаңа формасын эрозионды борозда деп атайды. Бороздалардың тереңдігі 3см-30см. Дейін, ендері тереңдіктеріне тең немесе аздап артық, көлденең қималары жәшік тәрізді және V формасы болады.

Көп уақыт өткен соң бороздалар өздерінен өздері жарылып, ағын су әсерінен баурайы тереңдеп, ені артып эрозионды шұңқырларға айналады. Олардың тереңдігі 1-2 м, ені 2-2,5 м.дейін жетеді. Баурайлары тік, көлденең қимасы көбінесе V тәрізді болып келеді. Осындай шұңқырлардың суы жеткілікті болғанда олар тереңдеп, ені артып, жыра деп аталатын рельеф формасына айналады.

Жыра сайға айналады. Оның ені 30 метр, терңдігі 5- 10 метрге дейін жетеді. Бетіне шөккен материал пролювий деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет