23.Ағынды судың қызметі. Су ағындарының жалпы заңдылықтары. "Эрозия негізі", "тепе-теңдік профилі"ұғымдарының анықтамасы.
Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Олардың əрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің мүсіншісі дейді. Ағын сулардың əрекеті алдымен сумен шайылуынан, шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды шоғырлап жинақтауынан құралады. Сонымен, ағынды сулар əрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік (латынша fluvіus – ағын, тасқын) процес- тер деп атайды.
Ағын сулар уақытша және тұрақты болады.
Ағынды сулар — атмосфералық сулар мен жауын-шашын, оған еріген және жаңбыр сулары, сондай-ақ су қоймаларына өндірістік кәсіпорындар мен елді мекендер аумағынан кәріз жүйесі немесе ауырлық арқылы ағызылатын, адам қызметінің нәтижесінде қасиеттері нашарлаған жасыл екпелер мен көшелерді суарудан алынған сулар жатады.
Ағынды суларды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:
Уақытша ағын сулар əрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер – жылғалар (атыздар). Олар делювийлік бет- кейлер бойымен жайылып аққан су кішігірім бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. Жылғалардың тереңдігі мардымсыз: 3-30 см-ден аспайды, ені де тереңдігімен бірдей. Эрозиялық жылғалар бір нөсердің кезінде немесе көктемгі қар тез ерігенде пайда бо- луы ықтимал. Ағын тоқтағаннан кейін жылғалар өздерінің морфологиясын жоғалтып жайпақтала береді. Жылғалардың тереңдігі мен морфологиялық бейнесі беткейлерді құрған тау жыныстар құрамына жəне беткейлерден аққан судың мөлшеріне байланысты. Əдетте жылғалар бір-бірінен бірнеше метр алшақ орналасып тармақталған жылғаларды құрайды.
Өзен ағысы өзінің ағу барысында арна айналасындағы тау жыны- старын бұзып, ағызып əкетіп, жаңа өзен арнасын қалыптастырады, яғни арна эрозиясын түзеді. эрозия – тау жыныстарының су ағындары əсерінен шайылуы . Бұл процесс үш түрлі əрекеттер нəтижесінде жүзеге асуы ықтимал:
1)турбуленттік ағыс кезінде су ауытқып, теңселіп, құйынша араласып ағады. Соның салдарынан ағыс бойында көтеру күшін туғызады, осы тасқын күш арна түбінен топырақ бөлшектерін қозғап, айырып алып, ағыс бойымен төмен ағызып əкетеді;
2) эрозия ағысы арна түбінде тікелей динамикалық əсер ету нəтижесінде жүзеге асады. Ол тау жыныстары түйірлерінің өзен түбімен домалана тасымалдануына, сөйтіп олардың өзен ар- насының түбіне жəне жиегіне соққылана, тырмалана, үйкелене жəне қажала орнын ауыстырып ағуына байланысты;
3) эрозия судың құрамы мен температурасына қарай хи- миялық ыдырауына (еру, сілтілену жəне т.б.) байланысты.
Осы процестер судың үдемелі ағуының нəтижесінде пайда болады.
Өзендер мен жылғалар суы құйылатын су қоймасының (өзен, көл, теңіз, мұхит) деңгейі эрозия базисі деп аталады. Еділ өзенінің эрозия базисі – Каспий теңізінің деңгейі, Іле өзені үшін – Балхаш көлінің деңгейі, Енисей, Обь, Лена, Сібір өзендерінің эрозия базисі – Солтүстік мұзды мұхит, ал Кама өзені үшін – Еділ өзенінің деңгейі. Негізгі эрозия базисімен қатар жергілікті немесе аралық эрозия базистері болады. Олар – арнаның бойлық қимасындағы кез келген нүкте немесе аңғар бойындағы су құламалары, көлшіктер жəне т.б. Ең ақыры шөл мен шөлейт аймақтарда ешқандай су қоймасына құймайтын “соқыр” ернеу- мен бітетін биік таулардан сарқырап ағып шығатын (Шу, Тарим, Талас) өзендер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |