Аурулардың тұқым қуалауының теорияларын түсіндіреді.
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізгі ережелері (Т. Морган ж/е т.б., 1911)
Гендер хромосомалардағы белгілі бір локустарда сызықтық тәртіпте орналасады. Аллельді гендер гомологиялық хромосомалардың бірдей локусында орналасады.
Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу тобын құрайды және негізінен бірге тұқым қуалайды ; тіркесу топтарының саны хромосомалардың гаплоидты жиынына тең болады.
Гомологиялық хромосомалар арасында кроссинговер пайда болуы мүмкін, ол гендік тіркесуді үзеді.