Ген
Нәруыз (құрылымдық немесе фермент) Белгі Тұқым қуалайтын патологияның жалпы механизмдерін түсінеді
''ген-фермент-белгі' гипотезасының мәнін түсіндіреді.
Қазіргі тұжырымдамаларға сәйкес, хромосомалар тұқым қуалайтын ақпараттың негізгі тасымалдаушысы болып табылады (геном-хромосомалардың жиынтығы)
Шын мәнінде, организмнің барлық тұқым қуалайтын ақпараттары (генотип) оның формаларында (фенотип, ауру) тек организм дамуы болып жатқан қоршаған орта жағдайымен өзара әрекеттескенде ғана көрініс беруі мүмкін.
Қорытынды: аурудың, патологиялық процестің дамуы, 3 фактордың өзара әсерлесуіне байланысты: генотип – фенотип - сыртқы орта.
Генотиптің тұқымқуалайтын ақауы белгілі бір ақуыздың (фенотиптің) бұзылған биосинтезіне әкеледі, ол кейбір биохимиялық, физиологиялық немесе морфологиялық белгілерде көрінеді. Осыған байланысты Бидл мен Татум «ген-фермент-биохимиялық белгі» гипотезасын тұжырымдады.
Алайда морфологиялық белгілер деңгейінде «ген- белгі» біркелкі сәйкестігінің болу ықтималдығы өте аз. Мұның себебі ДНҚ –да кодтайтын және үнсіз (ақпараттты тасымалдамайтын) гендердің арнайы орналасуында.