«аграрлық технологиялар» кафедрасы



бет7/26
Дата30.03.2020
өлшемі6,45 Mb.
#61060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz
mustafaev auylsharuashylyk (1)

Қызылорда 2019ж.
6. ДӘРІСТІК КЕШЕНІ
1. ДӘРІС

Тақырыбы: Қазақстан республикасында мелиоративтік егіншілік жағдайы және келешегі
Дәрістің мақсаты: Қазақстан республикасының жер ресурстары, пайдалану проблемаларымен таныстыру.

Пәннің мақсаты мен міндеттері, оларды шешу жолдары. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері, оларға қысқаша сипаттама жасау.

Түйінді сөздер: мелиорация, суару жүйесі, эрозия, ғаныштау.

Дәріс жоспары:

1. ҚР жер ресурстары, пайдалану жағдайлары

2. Мелиоративтік егіншіліктің мақсаты мен міндеттері

3. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері


1. Қазақстан республикасы жер қоры бойынша әлемде 9 орынды алады. Жалпы жер көлемі 272,5 млн. гектар. Осы жердің 6 пайызы ғана мемлекет қарамағында, ал 94 пайызы фермерлер, шаруа қожалықтары және басқа ұжымдарда. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлер – 222,4 млн.га, оның ішінде егістік жерлер – 24 млн.га. (1 кесте). 1990 жылмен салыстырған-да егістік жерлердің көлемі 9 млн. гектарға азайды. Оның себебі тың жерлерді игереміз, гектарды көбейтеміз деп жерлерді жыртып тастадық. Ол жерлер эрозияға ұшырап құнарлылығын жоғалтты. Осындай жағдайларға байланысты көп жерлер егістік көлемінен шығып қалды Оның үстіне, егістік жерлердің ішінде 4,3 млн. гектар жер әртүрлі дәрежеде тұзданған, ол жерлер мелиоративтік жақсарту шараларын керек етеді.

Суару жүйелерінің істен шығуына, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайларының нашарлауына байланысты 2,3 млн. гектар суармалы жердің бар болғаны 1,3 млн. гектары ғана суарылады. 468 мың гектар жерге орнатылған әртүрлі кәріздер жұмыс істемейді, соның әсерінен суармалы жерлер тұзданып егін егуге жарамай жатыр.


1-кесте. Қазақстан республикасының пайдаланылатын жерлер құрылымы

Жер категориялары

Көлемі, га

%

Ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлер, соның ішінде:

222,4

81,7

Егістік жерлер

24,0

8,8

Көпжылдық екпе ағаштар

0,2

0,1

Тыңайтылған жерлер

7,2

2,6

Шабындықтар

6,0

2,2

Жайылымдықтар

185,0

68,0

Басқа пайдаланатын жерлер

50,1

18,3

Жалпы жер көлемі

272,5

100,0


2. Мелиоративтік егіншіліктің мақсаты мен міндеттері.

Мелиоративтік егіншілік – екі пәннің құрылымынан құралған – мелиорация және егіншілік. Мелиорация – латынның «жақсарту» деген мағына беретін сөзінен шыққан. Осыған байланысты – мелиоративтік егіншілік табиғаттың қолайсыз жағдайларын белгілі өндіріс қажетіне қарай жақсартуға бағытталған егіншілік жұмыстарын біріктіреді.



Мелиоративтік егіншіліктің негізгі мақсаты: қолайсыз жерлерді қайтадан өңдеуге дайындау, мелиорацияланған және суармалы жерлерді ауылшаруашылығына тиімді пайдалану жолдарын зерттеп, анықтау.

Осы мақсатқа байланысты мелиоративтік егіншілікте мынадай міндеттер қойылады:

1. Табиғи жағдайларына байланысты қолайсыз жаңа жерлерді игеріп, ол жерлерге аз шығын жұмсап жоғары өнім алу жолдарын қарастыру;

2. Мелиорацияланған жерлердің құнарлылығын ұдайы арттыру;

3. Мелиорацияланған, сурмалы жерлерде еңбек өнімділігін арттыру, жаңа кең ауқымды техникалар пайдалану;

4. Қолайлы ауыспалы егіс енгізу, егіс көлемінің құрылымын дұрыс анықтау;

5. Су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, топырақтың тұздануын, батпақтануын болдырмау, эрозияға ұшыратпау;

6. Мелиорацияланған жерлерге пайданы көп беретін дақылдар және өнімділігі жоғары сорттар мен гибридтер егу.


3. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері. Жерді мелиорациялаудың түрлері өте көп, қандай жерлерде жақсарту жұмыстары жүрсе соның барлығын мелиорациялаудың түрлеріне жатқыза беруге болады. Мелиоративтік егіншілікке байланысты жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері.


Жерді мелиорациялау

мелиорациялау пайдалану





ауылшаруашылық






техникалық






ғаныштау










әктеу



топырақтың су-ауа режимін реттеу





мәдени-техникалыққ




эрозиямен күрес






Құмды тоқтату

тоқтату




фитомелио- рация

рация

















суару

құрғату

суландыру

Келтірілген сүлбеге байланысты әрбір мелиорациялау түрлеріне сипаттама беру, жүргізілетін іс-шараларды анықтап, талқылау керек.


Бақылау сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлер көлемі?

2. Жер ресурстарын пайдалануда қандай қиындықтар бар?

3. Мелиоративтік егіншіліктің негізгі міндеттері?

4. Жерді мелиорациялаудың қажеттілігі, қандай түрлері бар?

5.Топырақтың су, ауа режимдерін реттеудің қажеттілігі, қандай жолдармен реттейміз?

6. Фитомелиорация жөнінде түсінік, ерекшеліктері?

Әдебиеттер:

1. ҚР Ауыл шаруашылығы жерлері жөнінде деректер. Егеменді Қазақстан, 13 желтоқсан 2011 ж.

2. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



Дәріс №2

Тақырыбы: Мелиоративтік егіншіліктің агроэкологиялық негіздері
Дәрістің мақсаты: Мелиоративтік егіншіліктің қоршаған ортаға әсері, зиянды жақтарымен күресу жолдарын талқылау. Жарамсыз қалған жерлерді баптап іске қосу, оның жолдарымен таныстыру. Орман мелиорациясының егіншілікке тигізетін әсерін анықтау.

Түйінді сөздер: экология, рекультивация, орман мелиорациясы.

Дәріс жоспары:

1. Мелиоративтік егіншіліктің қоршаған ортаға экологиялық әсері және ортаны қорғау

2. Жерлерді рекультивациялау, оның жолдары

3. Орман мелиорациясы және оның егіншілікке тигізетін әсері


1. Қазақстанның жер көлемі көп болғанымен жер жүзінде экологиялық жағдайы нашар өңірлердің біріне жатады. Ядерлық сынақтар және басқа себептерге қосымша мелиоративтік егіншілік жағдайында да экологияны нашарлататын себептер бар.

Оларға мыналар жатады:

1. Мелиорацияланған жерлердің құнарлылығы төмен болуына байланыс-ты көп мөлшерде минералдық және органикалық тыңайтқыштар беруге тура келеді. Минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін, уақтысын, әдісін дұрыс есеппен бермесек, қоршаған ортаға зиянды әсері күшейе түседі;

2. Арамшөптермен, зиянкестермен күресуде гербицид пен пестицидтер беріледі, олардың улы заттар екенін ескеріп дұрыс пайдалану қажет;

3. Суармалы жерлерде дақылдардың суару режимін дұрыс анықтап, пайдалану қажет. Топырақтың тұздануына, ирригациялық эрозияға ұшырау-ына жол бермеу керек;

4. Жел және су эрозиясын болдырмау шараларын жүргізу қажет;

5. Топырақ өңдеудегі механикаландырылған шараларды азайту, мини-малды, нөлдік технологияларға көшу.



2. Жерлерді рекультивациялау, оның жолдары. Табиғат немесе адам әсерінен көптеген жерлер шаруашылық іске жарамсыз болып, қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізеді. Мұндай жерлердің топырақ құрамы, гидрологиялық жүргісі бұзылуы мүмкін. Осындай жерлердің қатарына топырақ, қоқым, өндірістік қалдықтар төккен жерлер және канал бойындағы үйме топырақтар жатады. Жер рекультивациясының екі түрі болады: техникалық және биологиялық.

Техникалық рекультивация деп жарамсыз жерлердің беткі қабатын тегістеуді айтады. Қажет болған жағдайда ол жерлерде суару немесе құрғату мелиорациясы жүргізіледі.

Биологиялық рекультивация деп топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру үшін (топырақтың жоғарғы қабатын) жүргізілетін агроорман шараларын айтады. Осы жөнделген жерлерге әртүрлі өсімдіктер, ағаш отырғызбалары егіледі немесе демалыс орнына айналдырады.

Мұндай жерлерге рекультивация жасау үшін алдымен табиғат қорғау және жер пайдалану мекемелері өкілдері ол жерлерді кейін пайдалануға бола ма, болмай ма соны анықтауы керек. Жарайтын болса ғана жұмыс жүргізіледі.

Ірі карьерлерді тегістеп болған соң бетіне жабылғы ретінде құнарлы топырақ тасылып, ауылшаруашылық өсімдіктерін егеді. Алғашқы кезде біржылдық өсімдіктерді егу керек. Үш жылдан соң барып қалған өсімдіктерді егуге болады. Өте терең карьерлерді балық өсіруге пайдаланған жөн. Құнарлы құм және құмдақ жерлерге ағаш отырғызған тиімді.

3. Орман мелиорациясы және оның егіншілікке тигізетін әсері. Орман мелиоративтік жүйесі деп ауылшаруашылығында пайдаланатын жүйелі түрде егілетін екпе ағаштар, бұта алқаптарын атайды. Ауылшаруашылығына ауа райының кейбір қолайсыз жағдайларының тигізетін зиянына қарсы күресте орман мелиорациясының маңызы ерекше. Ол әсіресе егістік жердің микроклиматын жақсартып, құрғақшылықтың зиянды әсерін азайтады, егістіктегі еріген қар суын сақтай отырып топырақтың ылғалдылығын көтереді. Екпе ағаштардың, тал мен бұталардың эрозиялық процестерді тоқтатудағы маңызы өте зор екенін ұмытуға болмайды. Жоғарыда айтқандай құрғақшылық жылдары екпе ағаштардың, тал, бұталардың егістік алқаптың өнімінің төмендемеуіне әсерін ылғал сақтау, қар тоқтату арқылы тигізеді.

Мысалға, Қазақ орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының (Мұқанов Б.М.) мәліметі бойынша орман жолақтарының әсерінен дәнді дақылдардың өнімділігі 4,1 пайыздан 92 пайызға дейін, ал көкбалауса жүгерінің өнімділігі 14-74 пайызға жоғарылаған.

Осы ғылыми зерттеу институтының мәліметтері бойынша екпе ағаштар жолақтарының ара қашықтықтары 250 метрден 550 метрге дейін, ал көлденең отырғызылған екпелердің арақашықтықтары 1000-2000 метр болады.

Екпе ағаштар, біріншіден, маңайындағы микроклиматты жақсартады. Микроклимат деп шағын көлемдегі аймақтың климаттық көрсеткіштерін айтады: ауа ылғалдылығы, температурасы, қысымы және т.б. Жоғары өнім алуға микроклиматтың әсері зор.

Егістік жерлерді көмкере отырғызылған екпе ағаштар сол жерлердің микроклиматын жақсартуға әсерін тигізеді. Мұндай екпе отырғызбалар жел жылдамдығын азайтады. Топырақтан ылғалдың булануын реттеп төмендетеді, жел эрозиясын және танаптағы қарлардың басқа жаққа ұшып кетуіне жол бермейді.

Екпе ағаш отырғызылған танаптардың жаз айларындағы топырағының бетіндегі температурасын ағаш отырғызылмаған жерге қарағанда 5-60-қа төмендетеді, ал салқын күндері 4-50С жоғарылатады. Сонымен қатар ауа ылғалдылығы да 9-11 пайызға көтеріліп немесе екінші жағдайда 3-7 пайызға төмендейді. Мұндай жер бетіндегі ауа құрылысы өсімдіктердің өсіп-өнуіне жақсы әсерін тигізеді. Екпе ағаштардың топырақ ылғалдылығына әсерін егістік жерлерде қыста жауған қарды толық ұстап қалу, ылғалдылықтың буланып ұшуын азайту, жел әсерін төмендету арқылы білдіреді. Бұл әсер екпе ағаш отырғызу конструкциясына байланысты. Ең жақсы әсерді 3-4 қатар торлы желдеткіш түрінде отырғызылған ағаштар береді.

Суармалы жерлерде отырғызылған екпе ағаштар жерасты суы деңгейінің көтерілуіне жол бермейді. Осының арқасында топырақтың жоғарғы қабатындағы тұз төменгі қабатқа ауысып, оның құнарлылығы жоғарылайды. Ағаш екпелер топырақтағы азотты бактериялардың тіршілігін жылдамдату арқасында нитратты азотты 18-25 пайызға дейін көбейтеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Мелиоративтік егіншіліктің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері?

2. Экологияға зиянды әсерлерімен күресу жолдары?

3. Жерді рекультивациялау дегеніміз не? Қандай міндеттері бар?

4. Жерді рекультивациялаудың қандай түрлері бар, оларға сипаттама бер?

5. Орман мелиорациясы дегеніміз не, егіншілікке қандай әсерлері бар?

6. Орман жолақтарының ара қашықтықтары қандай болуы керек?

7. Орман мелиорациясының дақылдар өнімділігіне әсерін талқылап, себептерін дәлелде?



Әдебиеттер:

1. Зубаиров О.З., Тілеуқұлов А.Т. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010ж.

2. Муканов Б.М. Научные основы формирования агролесоландшафтов в равнинных условиях Казахстана, Алматы, 2002 ж.


Дәріс №3

Тақырыбы: Суару мелиорациясының биологиялық және агротехникалық негіздері
Дәрістің мақсаты: Өсімдіктердің өніп-өсуіне керекті факторларымен танысу, олардың атқаратын қызметтерін анықтау және реттеу жолдары. Топырақтың су тепе-теңдігі, реттеу жолдарын талқылау. Сулардың топырақ-тағы микробиологиялық үрдістерге, микроклиматқа және өсімдіктің өнімділігі мен сапасына әсерлерімен таныстыру.

Түйінді сөздер: факторлар, су тепе-теңдігі, микробиологиялық үрдістер, микроклимат.

Дәріс жоспары:

1. Өсімдіктердің өніп-өсуіне керекті негізгі факторлар

2. Топырақтың су режимі және оны реттеу жолдары

3. Суарудың қоршаған ортаға, өсімдіктерге әсері


1. Өсімдіктің тіршілігі мен өнімділігін қамтамасыз ету үшін бес негізгі фактор керек.

Олар: Жарық, жылу, су, ауа және қоректік заттар.

Жарық пен жылу космостық факторлар, ал қалған үшеуі – су, қоректі заттар және ауа, топырақтан (жерден) алынатын факторлар қатарына жатады. Осыған байланысты агрономдардың алдына қойылатын негізгі мақсат – ауыл шаруашылығы дақылдарының аталған факторларға қажеттілігін жан-жақты зерттеу нәтижесінде олармен жеткілікті түрде өсімдіктерді қамтамасыз етудің тиімді жолдарын анықтау болып табылады.



Жарық. Өсімдіктердің биомассасын құрайтын органикалық заттардың 90-95 пайызы фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болады, ал минералды элементтермен қоректендірудің салдарынан өнімнің құрғақ массасының тек 5-10 пайызы ғана түзіледі. Сондықтан өнімді тұрақты түрде арттыру дегеніміз – топырақтан алынатын факторларды реттеп отырумен қатар фотосинтез процесін керекті бағытта жүргізуді мұқият іске асырып отыру.

Егістікте дақылдардың жарық жүргісін реттеу оптималды тұқым себу мөлшерін, себу тәсілін қолдану арқылы өсімдіктердің кеңістікте дұрыс, біркелкі орналастыру нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен қатар себу бағытын дұрыс таңдап алу.



Жылу. Өсімдіктердің өсіп-дамуына белгілі мөлшерде жылу керек. Маңызды физиологиялық үрдістер – фотосинтез, тыныс алу, транспирация-ның қарқынды жүруі өсімдік пен қоршаған ауаның температурасына байланысты. Температураның белгілі мөлшерге дейін жоғарылауы аталған процестердің жүру пәрменділігін арттырады, бірақ одан әрі көбейгенде өсімдіктің әдеттегі тіршілігі бұзылады.

Су (ылғал). Өсімдік тіршілігі факторларының арасында тұтыну мөл-шеріне байланысты су бірінші орынды алады.

Өсімдікке су бірінші күндерінде-ақ қажет болады. Тұқым өну үрдісі сусыз жүрмейді, ол үшін тұқым белгілі бір мөлшерде суды өзіне сіңіруі керек. Өсімдік тіршілігіндегі маңызды үрдістер клетканың өсуі мен бөлінуі, фотосинтез, тыныс алу белгілі бір тургорлық жағдайда, яғни клеткада жеткілікті мөлшерде су болғанда ғана қалыпты түрде жүзеге асады.

Өсімдіктерге қажетті судың басым көпшілігі (95 пайыз артығы) олардың жапырақтары арқылы буланып, ұшып кетеді (транспирация).

Ылғал топырақтың әртүрлі қасиеттерін, ауа, жылу және қоректік заттарды өзгертуге көп әсерін тигізеді.

Топырақ ылғалдылығы көптеген агротехникалық шараларға (жер жырту, себу ж.б.) байланысты және дақылдың өнімділігі мен сапасына тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан бұл жұмыстарға топырақ физикалық пісіп-жетілгенде ғана кіріскен жөн.

Қазақстанның құрғақшылық жағдайында өсімдік тіршілігіне керекті факторлардың ең маңызыдысы ылғал болып келеді. Онымен дер кезінде және жеткілікті мөлшерде егісті қамтамасыз ету, егіншіліктің кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі болып саналады.



Ауа. Топырақ ауасы өсімдік тіршілігіне керекті факторлардың қатарына жатады. Ол белгілі төрт газдың қосындысынан құралады, олар: азот, оттегі, аргон және көмірқышқыл газы.

Топырақ ауасын құрайтын төрт газдың үшеуінің маңызы өте зор. Оттегі топырақта өсімдік тамырының, микроорганизмдердің дем алуына және химиялық процестердің жүруіне бірден-бір керекті элемент. Оттегі жетіспегенде, топырақта қалпына келтіру процестері күшейіп, өсімдікте зиянды шала тотыққан қоспалар көбейеді (мысалы, NH3, H2S).

Топырақтағы көмірқышқыл газының мөлшері жердің және атмосфераның жылу тепе-теңдігіне әсер ететінін айту керек. Бұл газдың қатысуымен фотосинтез процесі жүретінін білеміз.

Азот өсімдік өмірінде зор міндет атқарады, ол протоплазма құру үшін өте қажет. Дегенмен өсімдіктер азотты тікелей сіңіре алмайтынын білеміз, тек бұршақ тұқымдас өсімдіктер түйнекті бактериялардың көмегімен ауадағы біраз азотты органикалық түріне дейін жеткізе алады.



Қоректік заттар. Өсімдіктерге органикалық заттарды түзу үшін ауадағы көміртегінің қос тотығы мен судан алатын сутегі және оттегінен басқа топырақтан алатын біраз элементтер керек. Олардың ішіндегі ең маңыздыларына азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір және күкірт жатады. Оларды микроэлементтер деп атайды.

2. Топырақтың су режимі және оны реттеу жолдары. Топырақтың су жүргісі (режимі) – ылғалдың топыраққа келіп енуі, онда қозғалуы, шығын-дануы (жұмсалуы) және судың физикалық қасиеттерінің өзгеру процес-терінің жиынтығы.

Өсімдіктерге су өте көп мөлшерде керек. Тамыры арқылы алынған судың олар аз ғана (0,15-0,20 пайыз, кей-кезде бұдан сәл жоғары) бөлігін сіңіреді. Қалған анағұрлым көп бөлігі өсімдіктердің жапырағы және басқа органдарынан буланып ұшып кетеді. Бұл процесті транспирация деп атайды. Белгілі бір аумақтан барлық шығын болған судың көлемін осы жерден алынған өнімге бөлгенде, шығатын өлшемді транспирациялық коэффициент дейді.

Транспирацияның арқасында топырақтағы ылғал өсімдік тамырына еніп, одан оның сабақтарына, бұтақтарына, жемісіне және жапырақтарына тарайды, әрі қарай буланып атмосфераға кетеді. Транспирация салдарынан шығын болған суды пайдасыз деуге болмайды. Өйткені транспирация процесінің барысында сумен бірге қоректік заттар өсімдікке еніп, оның дұрыс қоректенуін қамтамасыз етеді.

Топыраққа су атмосфералық жауын-шашын түрінде, жер асты сулары-нан, атмосферадағы су буының конденсациялануынан (сұйық түрге айналуы-нан), егінді суару кезінде келіп түседі.

Табиғи жағдайда, әсіресе Қазақстан Республикасында жер бетіне келіп түсетін ылғал мөлшері өсімдіктердің жалпы су пайдалануынан аз болады, сондықтан осы жетіспейтін ылғал мөлшерін қосымша беруіміз керек.

Бұл агротехникалық шараны суару арқылы орындаймыз.

Топырақтың су режимін немесе су тепе-теңдігін формула арқылы анықтаймыз.

Топыраққа кіріс болатын ылғалдардың түрі:



  • жауын (Ж), топырақ құрамындағы ылғал (W), жер асты ыза суы (Г), маусымдық суару норма (М), шық (Ш).


Кіріс = Ж+W+Г+М+Ш;

Топырақтан шығын болатын ылғалдардың түрі:



  • өсімдік бойынан ылғалдың булануы (Т), топырақ бетінен ылғалдың булануы (Б), топыраққа сіңбей ағып кеткен су мөлшері (А), топырақтың төменгі қабатына сіңіп кеткен су (С).

Шығын = Т+ Б+А+С;
Сонымен, топырақтың су тепе-теңдігі (балансы) формуласы төмендегі-дей болады:

Ж+W+Г+М+Ш = Т+Б+А+С, мәндері жоғарыда келтірілген.
Егерде кіріс (суарусыз М) пен шығын тең болса, ондай жағдай өсімдіктердің өніп-өсуіне қолайлы, ал кіріс шығыннан аз болса онда суару арқылы теңестіреміз. Егерде шығыннан кіріс көп болса, құрғату мелиорациялары жүргізіледі.

Топырақтың су режимін реттеу жолдары:

1. Суару;

2. Құрғату;

3. Агротехникалық шаралар: қар тоқтату, орман жолақтарын егу, дақылдарды жал жасап егу, сыдыра жырту, мульчирование жасау.



3. Суарудың қоршаған ортаға, өсімдіктерге әсері. Агрономның міндеті суарудың пайдалы әсерін арттырып, өсіріліп отырған дақылдан мол табыс алу болып табылады. Ол үшін төмендегі мәселелерді білген жөн.

Суарудың топыраққа әсері. Ылғалдану нәтижесінде топырақтың жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі артып, температуралық режимі жақсарады. Яғни, күн қатты ысыған кезде ылғал топырақ құрғақ топыраққа қарағанда салқынырақ, ал түнде жылырақ болады. Нәтижесінде, суармалы топырақтың температуралық және жылу режимдері ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-жетілуіне физиологиялық тұрғыдан қолайлы болады екен.

Суару топырақ ылғалдылығын жақсарта келе микробиологиялық үрдістерге жақсы әсерін тигізеді. Топырақ құрамында микробиологиялық үрдістер неғұрлым жақсы жүрсе, солғұрлым топырақ құнарлылығы артатыны бізге белгілі.

Топырақ ылғалдылығы оның еркін су сиымдылығынан 50-90 пайыз аралығында болғанда микробиологиялық үрдістер жақсы жүреді, микроорганизмдердің жұмысы жақсарады.

Суарудың микроклиматқа әсері. Микроклимат деп, танаппен шектес жатқан атмосфераның төменгі 1,5-2 метр қабатының физикалық жағдайын айтады. Егер ауа температурасы 30 градустан жоғарылап, ал алғалдылығы 30 пайыздан төмендесе, фотосинтез үрдісі уақытша немесе мүлдем тоқталады. Мұндай жағдай суарылмайтын егістіктерде жиі кездеседі және сол жерлердегі егін түсімділігінің ұдайы төмен болуы басты себептерінің бірі болып табылады.

Егістікті суару барысында тек топырақ қана ылғалданып қоймай, жерге жанасқан ауа қабаты температурасы төмендеп, ылғалдылығы артатыны белгілі. Мұның нәтижесінде фотосинтез үрдісінің ұзақтылығы және дақылдың өнімділігі суарылмайтын егістікке қарағанда 30-40 пайызға ұлғаяды.



Суарудың ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігіне және сапасына әсері. Мезгілімен және қажетті мөлшерде суарғанда топырақтағы су, ауа, қоректік және т.б. режимдер жақсарып, ауыл шаруашылық дақылдары түсімділігі артады.

Кей жағдайда, әсіресе құнарлылығы төмен топырақтарда, суару жиілігі артқан сайын, өнім сапасының төмендеуі кездеседі. Т.Атақұловтың Зайсан ауданында жүргізген ғылыми жұмыстары деректері бойынша топырақ ылғалдылығы артқан сайын өнім көбейеді де, ал бидайдың сапасы (белок, клейковина) төмендейтіні дәлелденді. Мұндай жағдайлар қант қазылшасында, барлық көкөніс, бақша дақылдарында байқалады. Суармалы жерлерде өнімнің сапасын жақсарту үшін тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану керек.

Жалпы, суармалы дақыл өнімділігі суарылмайтындарға қарағанда 2-10 есе жоғары, соның есебінен бір гектардан жиналатын белок пен клейковина мөлшері әлдеқайда көбейеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Өсімдіктің өніп-өсуіне керекті негізгі факторлар

2. Топырақ ылғалының өсімдікке әсері?

3. Топырақтың су тепе-теңдігі (балансы)?

4. Топырақтың су режимін реттеу жолдары?

5. Суарудың топыраққа, микробиологиялық үрдістерге әсері?

6. Суарудың микроклиматқа, өнімділікке әсері?

Әдебиеттер:

1. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, Алматы, 2005 ж.

2. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.

Дәріс №4

Тақырыбы: Ауылшаруашылық дақылдарының суару режимі
Дәрістің мақсаты: Суару режимі жөнінде түсінік, оның топырақ және климаттық жағдайларға байланыстылығы. Суару режимін анықтау жолдары-мен таныстыру. Пайдалану жолдары. Дақылдардың суару мерзімін анықтау, олардың сипаттамасымен таныстыру.

Түйінді сөздер: суару режимі, суару нормасы, еркін су сиымдылық, маусымдық суару нормасы, технологиялық карта.

Дәріс жоспары:

1. Ауылшаруашылық дақылдарының суару режимі жөнінде түсінік

2. Суару режимін анықтау жолдары

3. Суару мерзімін анықтау тәсілдері



1. Ауылшаруашылық дақылдарының суару режимі жөнінде түсінік

Суару режимі деп, суару мерзімін, санын және нормасын айтады. Басқа сөзбен айтқанда, белгілі бір дақылдың суару режимі – сол дақылды неше рет, қандай мерзімде және қандай нормамен суару қажет екендігін білдіреді. Мысалы, Алматы облысында жүгерінің суару режимін анықтайық:

1. 01.06. 500, м3/га;

2. 25.06. 600, м3/га;

3. 15.07. 700, м3/га.

Саны, мерзімі, нормасы, ал маусымдық норма = 1800 м3/га.

Өндіріске енгізілетін суару режиміне төмендегідей талаптар қойылады:

- Ауыл шаруашылық дақылының биологиялық ерекшеліктерін және агротехникалық шараларын ескере отырып, оларды қажетті су мөлшерімен вегетация кезеңінде қамтамасыз ету керектігі;

- Топырақты нашарлатпай, керісінше оның су, ауа, қоректік, жылу және тұз режимдерін өсімдік талаптарына сәйкес өзара үйлесімдігін қамтамасыз ету қажеттілігі;

- Судың танапқа шамадан тыс беріліп, топырақ сортаңдануына, тұздануына және эрозияға ұшырауына жол бермей, оның құнарлылығын арттыру мүмкіндігін туғызу керектігі;

- Сушыларды, суару техникасын тиімді пайдалана отырып, әр текше метр суға шаққанда ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігін арттыру қажеттілігі.

Суару нормасы. Суару нормасы деп, 1 гектар суармалы егістікті, бір рет суарғанда берілетін су мөлшерін айтады.

Басқа сөзбен айтқанда, суару нормасына топырақ ылғалдылығының төменгі (β0) деңгейінен (суаруды қажет ететін ылғалдылық) жоғары (βесс) деңгейіне (топырақтың еркін су сыйымдылығы) көтеру үшін қажетті су мөлшері сәйкес келеді.

Суару нормасын мына формуламен (А.Н.Костяков) анықтауға болады:

m ═ 100·α·Н·(βесс – β0)·К, м3/га
мұндағы: К – суару барысында болатын булануды және су ысырабын ескеретін коэффициент (1,10-1,30)

βесс – топырақтың еркін су сыйымдылығы, %,

β0 – топырақтың төменгі, суарар алдындағы ылғалдылығы, %.

Маусымдық суару нормасы. Вегетация бойында бір гектар егістікті суаруға жұмсалатын су мөлшерін маусымдық суару нормасы деп атайды.

Басқаша айтқанда, маусымдық суару нормасы (М) өсімдіктің маусымдық су тұтынуы (Е) мен судың табиғи жолмен (жауын-шашын, топырақ ылғалы және жер асты ыза суы) келу мөлшері айырмасына тең:



М ═ Е – [К·Ж + (Wб – Wс) + Г], м3/га
мұндағы: Е – маусымдық су тұтыну, м3/га; К – вегетация кезіндегі жауын-шашын пайдалану коэффициенті (0,6-0,8); Ж – вегетация кезіндегі жауын-шашын мөлшері, м3/га; Wб және Wс – ерте көктемде және вегетация соңында анықталған топырақ ылғалының қоры, м3/га; Г – жер асты ыза суы.

2. Суару режимін анықтау жолдары

1. Топырақтағы судың тепе-теңдігі әдісі.

Бұл әдіс танаптың су тепе-теңдік теңдеуін анықтауға негізделген. Ғалымдар ұсынған әртүрлі формулалар арқылы топыраққа келетін және шығын болатын суды есептеу арқылы анықталады. Ең дұрысы сол аймақтың топырағында, ауа райы жағдайында танаптық тәжірибелер жасап анықтаған дұрыс болады.

Тәжірибе жүргізу мысалы: Төрт нұсқа бойынша, топырақ ылғалдылығын әртүрлі деңгейде ұстап, суару жұмыстарын жүргізу.



Б

60

70

80

60

70

80

Б

80

Б

60

70

2. Салыстырмалы әдіс – метеорология мәліметтері арқылы;

3. Графоаналитикалық әдіс – есептеулер арқылы

3. Суару мерзімін анықтау тәсілдері

Суару мерзімдерін төмендегідей тәсілдермен анықтайды:

1. Өсімдік өркені сыртқы белгілері (морфологиялық) бойынша. Бұл тәсіл өсімдік жапырақтары топырақ ылғалдылығы жеткіліксіз болған кезде, түрінің өзгере бастауына негізделген, ғылыми деректер бойынша өсімдік клеткасындағы физиологиялық үрдістер, жапырақ солар алдында, бірнеше күн бұрын баяулайды екен;

2. Өсімдіктің суды аса қажетсіну фазаларына сәйкес. Осы тәсілмен күздік бидайдың суару мерзімін анықтағанда, оны түптену, масақтанудың бас кезінде және дән толу фазаларында суару қажет болады;

Суармалы егістікте өсірілетін негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының су пайдалану жөніндегі жауапты фазалары төмендегідей:

- күздік бидай – түптену, масақтану және дән толтыру, барлығы 3 рет суарылады;

- жүгері – сабақтану, шашақтанудан 8-10 күн бұрын, гүлдеу, дән байлау және оның сүттену, барлығы 4-5 рет суарылады.

3. Өсімдіктің физиологиялық көрсеткіштері бойынша. Суару мерзім-дерін мынадай физиологиялық көрсеткіштер бойынша белгілеуге болады: клетка шырыны концентрациясы; клетканың су сору қабілеті;

4. Технологиялық карта бойынша. Әрбір дақылды өндіріп-өсіру үшін технологиялық карта жасалынады. Сол картада суару мерзімдері де көрсетіледі;

5. Топырақтың ылғалдылығы бойынша. Бұл тәсіл бойынша суаруды топырақ ылғалдылығы белгілі бір шамаға дейін төмендегенде бастайды. Топырақтың осындай ылғалдылығын оптималды ылғалдылықтың төменгі шегі немесе суаруды қажет ететін ылғалдылық деп атайды. Оның шамасы әрбір дақыл үшін, топырақ қасиетін ескере отырып, ғылыми тәжірибелер арқылы анықталады. Топырақ ылғалдылығын анықтау мәселелерін практика-лық сабақта өтеміз.


Бақылау сұрақтары:

1. Суару режимі дегеніміз не, ол қандай факторларға байланысты?

2. Суару нормасы, маусымдық суару нормасы дегенімізді қалай түсіне-сіз, анықтау формулалары?

3. Суару режимін қандай әдістермен анықтаймыз?

4. Суару мерзімін анықтау тәсілдері, оларға сипаттама беру.

Әдебиеттер:

1. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауылшаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.

2. Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

Дәріс №5

Тақырыбы: Суару тәсілдері, оларға агромелиоративтік сипаттама
Дәрістің мақсаты: Суару тәсілдерімен танысу, оларға сипаттама беру, кемшіліктері мен артықшылықтары. Суару тәсілдерін ауыл шаруашылық дақылдарға пайдалану. Суды үнемдеу технологиялары. Жер бетін тегістеудің маңызы. Танапта суды тарату әдістерімен таныстыру.

Түйінді сөздер: беткейлетіп суару, серпінді, инъекциялық, дискретті, тамшылатып.

Дәріс жоспары:

1. Топырақтың жоғарғы қабаты арқылы беткейлетіп суару, оның түрлері

2. Жаңбырлатып суару, оның түрлері, ерекшеліктері

3. Жаңа суару тәсілдері (серпінді, иньекциялық, дискретті)

4. Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару.

5. Тамшылатып суару

6. Танаптарды суаруға әзірлеуді ұйымдастыру

7. Танапта суды тарату техникасы


1. Суару тәсілі деп, суды өсімдіктердің тамырлары орналасқан топырақ қабатына жеткеріп, сіңіру әдістерін айтамыз.

Суару тәсілдері:

а) топырақтың жоғарғы қабаты арқылы беткейлеп суару;

ә) жаңбырлатып суару;

б) топырақтың төменгі қабаты арқылы суару;



в) тамшылатып суару.

Осы суару тәсілдеріне сипаттама берейік:

Беткейлеп суару. Бұл тәсіл үш түрге бөлінеді:

а) Тақталап суару – бұл тәсіл бойынша суды арнайы дайындалған, ені 3,6-20 м, тақталарға жайып суарады. Осы тәсілмен бидай, шөп және басқа тар қатарлап егілетін дақылдар суарылады.

ә) Қарық арқылы суару – бұл тәсілде суды 0,60-1,20 м жүйектер аралығында болатын қарықтар (борозды) арқылы тарату. Бұл тәсілмен жүгері, мақта, қант қызылшасы және т.б. кең қатарлап егілетін дақылдар суарылады.

Қарық арқылы тұтас немесе тар қатарлап егілетін дақылдарды да (бидай, жоңышқа т.б.) суаруға болады. Ол үшін алдымен аралары 0,8-0,9 м болатын қарықтар тартылады. Артынша тұқым себіледі. Мұндай қарықтар себілетін қарықтар деп аталады. Үнемді болу үшін сеялканың алдыңғы бел ағашына қарық тартқыштарды орнатуға болады. Тұқым себу кезінде бұл қарықтар аздап тегістеліп қалады, сонда да қарықтар ізі сақталады. Бірінші су берілгенде, су ескі қарық ізін табады да, сол арқылы еңістікпен біркелкі сіңеді. Кейбір жағдайда осындай қарықтарды тұқым себу аяқталғаннан кейін де тарта беруге болады. Бұл қарықтар себілетін қарықтар деп аталады.

б) Шектеп (атыздап немесе палдап) суару – бұл тәсілмен негізінен күріш дақылы суарылады.

2. Жаңбырлатып суару – су танапқа жаңбыр түрінде беріледі. Бұл тәсіл үш түрге бөлінеді:

а) Кәдімгі жаңбырлату – жаңбырлатудың бұл түрі бойынша әрбір 7-10 күн аралығында жаңбырлатқыш машиналармен суаруды 200-500 м3/га норма-сымен жүргізеді;

ә) Импульсті жаңбырлату – жаңбырлатудың бұл түрі бойынша суаруды 30-100 м3/га тең нормамен күнделікті 13-18 сағат аралығында жүргізеді;

б) Аэрозольды жаңбырлату – жаңбырлатудың бұл түрі негізінен ауа ылғалдылығының өте жоғары болуын қалайтын дақылдар үшін ұсынылған. Ол үшін суды егістікке жоғары қысыммен ауаға атқылатып тұман, яғни су тозаңы түрінде береді.

3. Жаңа суару тәсілдері. Серпінді суару бау-бақшаға қолданылады. Су тиісті аппаратпен («Роса-3») белгілі бір мезгілде атқылап ағып тұрады. Әр ағыс секундына 25-27 литр су шашады да, саптама 10 градусқа бұрылады. Бұл аппараттарға суды су сорғыш арқылы жоғары қысыммен береді. Суарылатын дақылдар мен топырақ құрамына байланысты серпінді аппарат-тарының конструкциялары әртүрлі болып келеді.

Инъекциялық суару тәсілі. Бұл жүйе бойынша арнайы дайындалған су (ішінде тыңайтқышы, микроэлементтері бар) өсімдік тамырының биология-лық ынталы нүктесіне ине арқылы беріледі. Өсімдік өзіне қажетті суды ғана пайдаланады, ал топырақ беті әрдайым құрғақ күйде қалады. Соның салдары-нан топырақтың ауа режімі сақталып, арамшөптердің дамуына жол берілмейді.

4. Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару. Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару тәсілі топырақ құрамындағы заттардың капилляр түтіктер арқылы астыңғы бөліктен жоғарыға шығу қабілетіне негізделген. Топырақтың 40-60 см тереңдіктегі қабатына жіберілген су үстіңгі қабаттың капилляр түтікшелеріне дейін ылғалдандырады.

Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару кезінде су жеткізу үшін әртүрлі қондырғылар пайдаланылады: арнайы машиналармен әр 1-1,5 метр-ден кейін 40-50 см тереңдікте жасалатын ұзындығы 100 м міндетпелер (кротовиналар), 40-45 см тереңдікте тасталатын ұсақ саңылаулы құбырлар, су өтпейтін күйдірілген саздан, полиэтиленнен жасалған құбырларды (40-50 см тереңдікте әр 1,5-2 м сайын) ұштастыра жалғау, 50-60 см тереңдікте шлак, қиыршық тас, ұсақ тас толтырылған (су жүретін ұсақ саңылаулы) жіңішке траншеялар қазу.



5. Тамшылатып суару. Тамшылатып суару дегеніміз, тазартылған суды арнайы тамшылатқыш қондырғылар арқылы топыраққа тамшылар (тамшы соңынан тамшы) беріліп, сіңіріледі. Полиэтилен құбырлары арқылы су қысыммен беріледі де, топыраққа тамшылатқыштар арқылы түседі.

Берілетін су мөлшерінің аз болуына (0,9-1,0 л/сағ) байланысты топырақ-қа сіңген су тек өсімдік тамырлары кең тараған қабаттарын ғана ылғалданды-рады, ал алма бақтарды суарғанда олардың аралықтары ылғалданбайды.

Осыған байланысты, өсімдік тамырлары жоғарғы қабатта орналасады, әсіресе тамшылатқыштар орналасқан жерде көп болады. Өсімдік тамырлары көп орналасқан жеріне тікелей ерітіліп берілген тыңайтқыштар жақсы пайдаланылады.

Құбырлардағы тамшылатқыштар саны, ара қашықтығы сол жер топырағы құрамына және суарылатын дақыл түріне байланысты.

Тамшылатып суарудың басқа суару тәсілдеріне қарағандағы артықшы-лықтары: су 1,5-2,5 есе үнемделеді; топырақ эрозиясы мүлдем болмайды; топырақтағы ауа және су ара қатынасы қолайлы деңгейде сақталады; жүйек аралық өңдеу азаяды; жер асты суы көтерілмейді; арамшөптер азаяды. Ал басты кемшіліктері: басқа суару әдістеріне қарағанда 1,5-2 есе қымбат тұрады; күтіп-баптау жұмыстары өте мұқият жүргізілуі және су өте таза болуы керек.

6. Танаптарды суаруға әзірлеуді ұйымдастыру. Суарылатын жер-лердің беті жақсы тегістелген болуы керке. Бұл тек қана сушы еңбегі өнімділігін, суару сапасын ғана арттыра қоймайды, сонымен бірге басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарын сапалы жүргізуге әрі жерді мелиорация-лауды жақсартуға да қажет.

Суармалы егіншілік тәжірибесінде жерді тегістеудің екі түрі белгілі: құрылыстық (күрделі) тегістеу және пайдалану үшін (өтпелі) тегістеу.

Күрделі тегістеу жаппай немесе іріктеп жүргізілуі мүмкін. Оның міндеті – ауыл шаруашылығы дақылдарын дұрыс суару үшін, суды біркелкі тарату үшін жердің табиғи бедерін тегістеп, жақсарту. Күрделі тегістеу жұмысы суландыру жүйелерін салу немесе қайта жасау үстінде атқарылады.

Тегістеу кезінде топырақ құнарлылығын жоғалтпаудың тағы бір тәсілі – топырақтың үстіңгі қабатын сақтау болып табылады. Мұндайда топырақтың жыртылатын қыртысы (15 см дейін) алдын-ала қыршылып алынады да, учаске толық тегістеліп болған соң, ол қайтадан жабылып тасталады. Топы-рақтың жоғарғы қабатын сақтай отырып, тегістеу жеделдетілген тәсілмен жүргізіледі.

Пайдаланылатын жерді тегістегенде екі түрлі жұмыс атқарылады, топы-рақ жыртылып, суармалы алқап беті тегістеледі. Пайдалану үшін (өтпелі) тегістеуді жыл сайын жасау керек. Ол үшін кең алқапты тегістегіштер пайдаланылады немесе мала-тегістегіш пайдалануға болады.

7. Танапта суды тарату техникасы. Суарылатын танапқа суды біркелкі таратып, топыраққа сіңіру үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады.

1. Көп тараған кәдімгі әдіс. Бұл әдіс бойынша су уақытша арықтан оқ арыққа, одан барып қарыққа түседі де қарықпен жылжып отырып топыраққа сіңеді. Бұл әдісті пайдаланғанда қарықтардың (жүйектердің) басын армиро-вание (нығыздау) жасау керек. Ол үшін жерден ойып алынған шым немесе полиэтилен пленкаларын пайдалануға болады.

2. Уақытша арықтан немесе оқ арықтан суды қарыққа өткеру үшін труб-калар мен сифондар пайдаланылады.

3. Полиэтиленнен, капроннан, темірден жасалынған құбырлар (трубо-проводтар) арқылы суды тарату. Бұл жағдайда құбырлар оқ арық міндетін атқарып, арнайы жасалған тетіктер арқылы су қарыққа түседі.

4. Суды дискреттік (үзіп-үзіп) әдіспен тарату.

5. Суды ППА-165 түрлес суару машиналары арқылы тарату.


Бақылау сұрақтары:

1. Суару тәсілдерінің қандай түрлері бар?

2. Беткейлеп суару, оның түрлеріне сипаттама беріңіз?

3. Жаңбырлатып суарудың ерекшеліктері?

4. Жаңбырлатып суарудың түрлері?

5. Жаңа суару түрлеріне сипаттама?

6. Топырақтың төменгі қабаты арқылы суарудың ерекшеліктері?

7. Тамшылатып суару, оның ерекшеліктері

8. Жердің бетін тегістеу мақсаттары, оның орындалу түрлері?

9. Танапта суды таратудың қандай әдістері бар?



Әдебиеттер:

1. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауылшаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003.

2. Зубаиров О.З., Тілеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010.


Дәріс №6

Тақырыбы: Суару жұмыстарын механикаландыру технологиясы
Дәрістің мақсаты: жаңбырлатқыш машиналар және қондырғылармен таныстыру. Олармен суару жұмыстарын ұйымдастыру. Агрономдар үшін суарудың сапасын тексеру жолдары. Әр бір жаңбырлатқыш машиналардың суару технологиясымен таныстыру, есептер жүргізу.

Түйінді сөздер: жаңбырлату, ағынды, суару нормасы, қондырғылар, бъев.

Дәріс жоспары:

1. Жаңбырлатқыш машиналардың жіктелуі

2. Қысқа ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдастыру

3. Орта ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдастыру

4. Алыс ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдастыру
1. Жаңбырлатқыш машиналардың жіктелуі. Жаңбырлату құралдары жаңбырлатқыш машиналар және жаңбырлатқыш қондырғылар болып екіге бөлінеді. Өздігінен қозғалатын жаңбырлатқыш құралдарды жаңбырлатқыш машиналар деп атайды. Бұл мақсатта механика және электр энергиясын немесе су тасымалдау құбырындағы қысым пайдаланылады. Жаңбырлатқыш қондырғыларды танаптарда, қолмен немесе арнайы механизмдер көмегімен жылжытады.

1. Қысқа ағынды агрегаттар мен машиналар:

Уақытша оқарық немесе тұрақты канал бойымен ерсілі-қарсылы жылжи отырып жаңбырлататын агрегаттар мен кең алымды машиналар (ДДА-100М; ДДА-100МА; ЭДМФ Кубань) жатады.

2. Орташа ағынды жаңбырлатқыш машиналар:

а) Бір орнында (аялдама) тұрып жаңбырлататын кең алымды машиналар («Волжанка» ДКШ-64; ДМФ-120 «Днепр»; ДКГ-80 «Ока»).

3. Алыс ағынды машиналар:

Бір орнында тұрып, жоғары қысыммен суды алысқа атқылайтын айнал-малы аппаратты машиналар (ДДН-70, ДДН-100).

2. Қысқа ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдас-тыру. ДДА-100МА. Бұл жаңбырлатқыш агрегаты биіктігі 2,5-3 м аспайтын ауыл шаруашылық дақылдарын және көкөністерді суаруға арналған.

Бұл агрегат еңістігі 0,003 дейінгі бағытта, әрбір 120 метр сайын тартылған уақытша немесе тұрақты оқарықтар бойымен ерсілі-қарсылы жылжып суарады.

Агрегат жұмысына қолайлы жағдай туғызу мақсатымен және суару барысында 100-300 метрлік бъефтерге (бөліктерге) арнайы су бөгейтін қалақшалар көмегімен бөліп отырады. Осылайша агрегат әр бъефке қарасты жерді жеке-жеке, сол бъеф бойымен ерсілі-қарсылы жүріп суарады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін темір қалақшаның орнына брезенттен істелінген жылжымалы су бөгегішті пайдалануға болады.

Бір жерде ерсілі-қарсылы жүріп суару санын формула арқылы анықтайды:



n = , рет;

m – суару нормасы, м3/га; h – бір жүріп өткенде себілетін су мөлшері, мм; h ═ 7 мм.

Бұл агрегат көмегімен суды қарықтарға да таратуға болады. Ол үшін дефлекторлы жаңбырлатқыш орнына арнайы түтіктер бекітіледі. Бұл түтіктердің ұзындықтары 2-3,5 м болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет