Агрономия кафедрасы



бет4/6
Дата19.02.2017
өлшемі3,66 Mb.
#10870
1   2   3   4   5   6


Рет№

Тақырып, тапсырма, жұмыс түрлері

Сағат саны


Әдебиеттер

Есеп нысаны

Тапсыру мерзімі, апта

1

Өсімдік құрылысы. Ядро. Гүлді өсімдіктер. Фотосинтез процессі. Тургорі және плазмолиз.

2

НӘ-1


Әнгімелесу

4

2

Топырақ құрамы, негізгі қасиеттері мен классификациясы. Топырақ бонитировкасы.

2

НӘ-6

Әнгімелесу

5,6

3

Агрометеорология. Атмосфера және оның элементтері.

2

НӘ-3

Әнгімелесу

7

4

Егіншіліктін негізгі заңдары.

2

НӘ-4

Реферат тыңдау

8

5

Арамшөптер және олармен күрес. Олардың топтары.

2


НӘ-2


Жазбаша

жұмыс


8

6

Топырақ өндудің ғылыми негізі. Технологиялық операциялар, тайыз өңдеу жүйелері.

2

НӘ-5,6,7,8

ӘН-17


Әнгіме

9

7

Ауыспалы егіс туралы түсінік. Жерді мелиорациялау жұмысы

2

НӘ-4

ӘН-10,11


Әнгіме

8

8

Танапты мал азығын өндіру және табиғи жабындықтар мен жайылымдар

4

НӘ-7,8

ӘН-10,11


Жазбаша

жұмыс


10

9

Табиғи жабындықтар мен жайылымдардың өңдеп, өнімін арттыру шаралары

4

НӘ-16

ӘН-7,8,10



Реферат тыңдау

11

10

Белгілі мал азықтық дақылдарды интенсивті технологиялармен өсіру

2

НӘ-6,7,8,9

ӘН-17


Әнгіме

12

11

Мал азықтың дақылдардың-тұқым шаруашылығының жолға қою

2

НӘ-7,8

ӘН-9,10,11



Жазбаша жұмыс

13




Барлығы:

10













Жұмыстардың басқа түрі
















Дәріске дайындық

7,5













Тәжрибе сабағына дайындың

15













Зертхана сабағына дайындық

15













Бақылау жұмыстарға дайындық

18,5













Шектеу – бақылау жұмысына дайындық

4













Барлығы сағат саны

60









Бағдарламаны құрастырған а.ш.ғ.к. профессор К.Ш.Оразбаев


____._____. 200_ж. ____________________


Агрономия кафедрасында қаралған және ұсынылған

хаттама ___.____200_ ж. №___


Кафедра меңгерушісі Б.Ж.Баимбаев
БЕКІТІМІН

Құжыраның меңгерушісі

Б. Баимбаев



« » 20 ж.

Ботаника және агрономия негіздерімен мал азығын өндіру пәні бойынша оқу-эдістемелік картасы 2010-2011 оқу жылына

Мамандық

Студент саны

Библиография (автор, аты, шығару жылы)

Шығару түрі

Акпарат жеткізу түрі

Саны

Жүйеде болуы

Ескерту

Тақ

сем.


Жұп сем.

кітапх

анада


гооқұжыра

1 Оқулық, оқу нұсқаулары, электрондық оку шығармалары

050801-Агрономия







Негізгі

























Агрономия негіздері –Серикпаев. Ақмола

баспа




35



















Ботаника – Андреев М. Колос, 1997

баспа




15



















Почвоведение – Ганжара Н.Ф. М,2001

баспа




20



















Земледелие – Баздырев Г.И. Колос, 2000

баспа




20



















Кормопроизводство –Можаев Н.И. А-А, 1986

баспа




40



















Агрономия – Н.Н. Третьяков. М., 2001

баспа




10



















Қосымша




























Растениеводство Т.П. Вавилов, 1998

баспа







-
















Растениеводство. Н.И. Можаев, 1996

баспа







-
















Физиологии растений Н.Н. Третьяков, М.2004

баспа

























Қортынды



























Барлығы




















Құрастырған: профессор Оразбаев К.Ш.

  1. Дәріс тақырыбы:

2.1 «Мал азығын өндіру» - ғылыми пән, мал азығын өндірудегі жоғары өнім алу үшін теориялық және практикалық әдістерді дамытатын ілім.

Мақсаты: Студенттерді мал азығын өндіру жұмыстарыменен, проблемаларымен, теориялық және практикалық жаңа әдістермен таныстыру. Пәннің негізгі мақсаты.

Жоспары: 1. Қазіргі мал азығын өндіру жағдайы.

2. Мал азығын өндірудің шешу жолдары.

3.Мал азығын өндіру саласындағы ғылым және өндіріс жетістіктері.

Республикамызда мал шаруашылығын қарқынды жэне тұрақты дамытуда әр шаруашылықта мал азығының жеткілікті қорын жасаудың, оның сапасын арттырудың мәні өте зор. Осы мәселелерді шешуде табиғи жабындықтар мен жайылымдықтардың және егістікте өндіретін мал азығының өнімдері мен сапасын арттыру ерекше орын алады.

Мал азығының қорын нығайтуда, әсіресе оның сапасын көтеруде егісте мал азығын өндіру саласының маңызы үлкен. Қазіргі кезде республикада негізгі мал азығына белокқа бай бұршақ тұқымдас (жоңышқа...пішендемеге (арпа, сүлы, жүгері - себіледі.

Еліміздегі табиғи шабындықтар мен жайылымдардың қазіргі жағдайы келешек сұраныстарға өнімі жағынан болсын, сапасы жағынан болсын жеткіліксіз. Мысалы, мал азығында белоктың керекті мөлшерден төмен болуы көбінесе табиғи шабындық пен жайылымнан алынатын мал азығында байқалады. Жыл сайын табиғи шабындық пен жайылымнан орта есеппен 10 млн тонна пішен жиналады. Бірақ, оның сапасының орташа болғандығынан (0,40-0,44 аықтық өлшем және 1 кг пішенге 40-45 г қорытылған протеин) қысқы мал азығын протеинмен толық қамтамасыз етпейді. Егемендік жолына түскен Қазақстанның еңбеккерлері республиканың азық-түлік бағдарламасын өздері шешулері тиіс, ең бірінші: мал өнімдерін өндіруді одан әрі арттыру, дамыту. Елдің экономикасы мен әлеуметтік және саяси саласындағы дағдарыстың жағдайында бұл проблема барған сайын күшейіп түсуде. «Қазақстан жез көлемі бойынша - дүние жүзінде 7-ші орында түр 222 млн/км2. Қазақстан республикасының мал азығын өндіру туралы 2007-2010 жылдары - жоспарына» сәйкес, 2010 жылы - мал шаруашылығының өнім көлемі мынадай болуға тиіс: сүт - 6.134 мың тонна, ет - 960 мың тонна, жүмыртқа - 3366 млн; Ірі қара малдың саны - 65030 мың, шошқа- 1502 мың, қой мен ешкі - 19580 мың, жылқы -1401, түйе 139,7 мың, құс - 30.661,7 мың бас.

Осы көрсетілген - мал азық көлемін алу үшін - 33750 мың т. өсімдік азығы, 3713 мың тонна қорытылған пртеин, пішен -14733 мың тонна, пішендеме -5.907 мың т, сүрлем - 28159 мың тоннаға, тамыржемістілер - 9415 мың т, жасыл конейлер - 54957 мың т және конц. Азық - >6808 мың тонна. Алға қойылған жұмыс өте қиын.

Мал азығын дайындау (өндіру) пәнінің өзіндік - Зерттеу пәні бар -ол мал азықтық өсімдіктер, арнайы мақсаты бар - ол мал азықтық өсімдіктердің өнімділігі мен сапасын жақсарту. Мал азығын өндіру пәнінің зерттеу әдісі бар - ол мал азықтық дақылдарды бағалау әдісі. Мал азығын өндіру пәні -ботаника мен өсімдіктердің биохимиясы мен физиологиясы, өсімдік шаруашылығы, егіншілік, агрохимия, өсімдік қорғау - пәндерімен тығыз байланысты.

Мал азықтық өсімдіктерді зерттегенде - өсімдік шаруашылығында қолданатын әдістер

- лабораториялық, вегетациялық, лад - далалық, далалық, өндірісті - әдістер қолданылады.. Мысалы,

Мал өнімділігі нашар. Мысалы, 1990 жылы - әр сиырдан орта есеппен 2364 кг сүт сауылды, қазіргі уақытта - 2000 кг, ал Ресейде - 2341 кг. Австрияда -4429кг. Австралияда - 4582 кг. Италияда - 4724, Францияда 5434 кг, Японияда 6257кг, Германияда -6630, АҚШ - 7483кг, Израильда -9105 кг сүт сауылады, яғни 3-4,5 есе көп, басқаша айтқанда - 1 сиырдың орнына 4-5 сиыр асыраймыз. Сондықтан мал шаруашылығын қамтамасыз епту Республиканың азық қорының жинақтлған таңдаулары көрсеткеніндей, ол негізінен үш құрамынан -егісте (43-45%), жайылымда (42-45%) және шалғында (9-10%) азық өндіруден тұрады. Бұдан азықтың 1-2% ғана басқа өсімдік емес азықтар үлесіне тиеді.

Халықты тамақпен қамтамасыз етуде мынадай нормалар белгіленген: Бір адамға тәулігіне - орташа 3000-3200 ккал энергия, ал ауыр жұмыскерлерге - 5-6 мың ккал және 80-100 г белок, оның ішінде - 60% - 50-60 г мал өнімділігінен. Жылдық мұқтаждығы - ет 80-100 кг, сүт - 460-540 кг, жұмыртқа - 330-365 дана, көкөніс - 164 кг, қант - 40-44 кг, нан (тамақтары) -100-123 кг.

Қаз. Респ. Агенствосының айтуы бойынша 1992 ж салыстырғанда

Еттің шығыны 49% қысқартылған (потребление)

Сүттің шығыны 33% қысқартылған (потребление)

Жүмыртқа шығыны 64% қысқартылған (потребление)

Картоп шығыны 30% қысқартылған (потребление)

Қант шығыны 48% қысқартылған (потребление)

Көкөніс шығыны 57% қысқартылған (потребление)

Қостанай облысында 2009 жылы: Ірі қара мал - 545 мың бас, оның ішінде сиыр - 264 мың бас; шошқа - 293 мың; қой, ешкі - 317 мың; жылқы - 77 мың; құс - 4.116 мың (усл. Гол. - 733 мың бас).

Керекті мл азығы: пішен -936 тиын тг, пішендеме - 173 мың тг, сүрлем - 222 мың тг, конц - 713 мың тг, барлығы - 870 мың тг азықтық өлшем (к.ед.). Облысымызда: 435.7 мың га - егістікте; 285 мың га,720 - жем-шөптік дақылдар; табиғи шабындық - 135 мың га; табиғи жайылым - 4,5 мың га. Мал азығын өндіруге =5,3 млн га жер бөлінген. Басқаша айтқанда бір адамға

- 2,4 га егістік; 120 га - жайылым; 0,5 га - шабындық келеді. Дүние жүзінде мұндай көрсеткіштер жоқ!

«Мал азығын өндіру» - пәнінің дамуында 5 кезеңді бөлуге болады:


  1. Алғашқы дэуірдегі жайылым дэуірі.

  2. Жаз жайылым, - қыста азық дайындаған

  3. Капитализм дамыған кезеңі, яғни - мал азығын өндіру - тауарға айналды.

  4. Мамандырылған, концентрацияландырылған - шаруаіпылық жаңа мал азық түрлері

  1. Энергосақтау, өндіріс экологиясы - селекция корм кр, новые технологии. «Мал азығын өндіру» пэнінің шешу жолдары

а) Себу көлемінің құрамын жіне ауыспалы егіс

б) Өсімдік өнімін арттыру

в) Аралық себу

г) Жаңа технология - қолдану.



Агрономия ғалымдары

Қазіргі кезеңде Қазаңстанның жалпы ішкі өнімі көле-міндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі айтарлықтай (8,1-8,7%). Ал ауыл шаруашылығы адам тіршілігіне қажетті азың-түлік өндіреді, мал шаруашылығын мал азығымен жэне өнеркөсіпті шикізатпен ңамтамасыз етеді. Ауыл шаруашы-лығы негізін жасыл өсімдіктер құрайды, сондықтан) олар ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы болып табылады. Өйткені өсімдіктер күн сәулесінің қуатын пайдаланып, топырақ пен ауадағы органикалық емес заттардан органикалық заттар (көмірсулары, ақсыл, май, дәрумен және баса) түзеді. Адамзаттың азық-түлікке пайдаланатын өсімдік өнімдері ұдайы өндіріліп отыруға тиіс, себебі ауыл шаруашылығы өнімдері ұзақ уақыт сақтауды көтермейді, бұзылып пістен шығады. Осыған сәйкес аграрлық өнеркәсіп кешенінің басты бір саласы - өсімдік шаруашылығы жоғарыда аталған міндеттерді ойдағыдай шешуде үлкен маңызға ие болады.

Осімдік шаруашылығы өзіне сала ретінде шалғьшдық, орман, жеміс-жидек, көкөніс жөне басңа шаруашылықтарды біріктіреді, ал ғылыми пән ретінде дәнді, майлы, мал азықтың, талшықты дақылдарды, тамыр-түйнек жемістерді, т.б. оқытады.

Өсімдік шаруашылығьшың ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде өнеркәсіп өндірісінен ерекшеліктері бар: басты ерекшелігі - маусымдылық өсімдіктер жылдың жылы, аязсыз кезеңінде ғана өсіп-жетіліп жаңа өнім береді; қоршаған орта факторларьша байланыстылығы (жылу, ауа, қоректік заттар, ылғал, күн сәулесі) және дақылдардың өсіру технологиясына тәуелділігі.

Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа бір саласы - мал шаруашылығымен тығыз байланысты: өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығын мал азығымен қамтамасыз етсе, өз кезегінде мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына органикалық тыңайтңыштар (көң, т.б.) береді, ал соңғысы әсірілетін дақылдардан мол өнім алуға, топырақ құнарлығын арттыруға мүмкіндік жасайды.

Агрономияның, оның ішінде өсімдік шаруашылығының туу және даму тарихы бар және ол жалпы адамзат прогресімен байланысты. Оның ең көне тарихи жерлері - Қытай, Үнді, Мысыр елдері. ТМД-да бұдан 4-5 мың жыл бұрын қазіргі Украина жерінде, ал Қазақстанда 12-14 ғасырларда дами бастады.

Жер шарында ауыл шаруашылығы өсімдіктері бір млрд. гектардан астам егістік жерлерде өсіріледі, оның ең көбі –дәнді (астық және бұршақ,) дақылдар 750млн.га, 440млн.га майлы дақылдар (күнбағыс, майлы зығыр, майбұршақ, қыша т.т.), 30 млн.га-дан астам талшықты дақылдар (мақта өсім-дігі, талшықты зығыр, т.б.), 18 млн.га картоп, 3,5 млн.г шамасында қант қызылшасы, т.б.

Қазақстанда 2011 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 18,2 млн.га болса, оның ішінде дәнді дақылдар 14,2 млн.га (оның 10,8 млн.га еліміздің басты дақылы - бидай) жерге, майлы дақылдар 349,5 мың га (оның ішінде күнбағыс - 255,4 мыңга),мақта өсімдігі 184,7 мыңға, картоп 162,0 мыңға, қант қызылшасы 19,7 мың га егістік алқаптарда өсірілді. Мал азықтық дақылдар 2,6 млн.га егістікке орналастырылды.

Дәнді дақылдардың егістік құрылымында еліміздің басты азық-түліктік астық дақылы - бидайдың үлесі 80% -дан жоғары. Одан кейінгі орында арпа (16% -дан астам), әрі қарай сұлы, тары, жүгері, т.б. орналасқан.

Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру артып келеді. Бұл бағытта астық өндірісінің рөлі ерек-ше. 1999-2001 жылдарда орта есеппен жыл сайын 13,9 млн. тонна астық өндірілді немесе 1996-1998 жылдарғы орташа көрсеткіштен 39% жоғары. Аталған кезеңдерде дәнді дақыл­дардың астық; өнімі әр гектардан 6,9 ц-ден 11,5 ц-ге дейін артты. Осындай көрініс маңызды ауыл шаруашылығы өнімдері -күнбағыс, шикі мақта, картоп, қант қызылшасы, көкөніс, т.б. өндіру бойынша да байқалды (1 -кесте)

1-кесте. Қазақстанда негізгі ауылшаруашьшық дақылдарының өнші мен жалпы түсмі




Өнімі орта есеппен

Жалпы түсімі орта есеппен

1996-1998 жылдарда, ц/га

1999-2001 жылдарда, ц/га

Соңғы 3 жылда алдынғыға қарағанда % есебымен

1996-1998 жылдарда, мы4 тонна

1999-2001 жылдарда6 мы4 тонна

Соңғы 3 жылда алдынғыға қарағанда % есебімен

Астық,

оның ішінде

бидай

Шитті мақта



Қант қызылшасы

Күнбағыс


Картоп

6,9

6,6


16,9

121,3


3,0

83,0


103,7

67,7



11,5

11,2


19,7

166,7


5,0

115,7


151,3

114,0


166,7

169,7


116,6

137,4


166,7

139,4


145,9

168,4


10003,6

7126,5


180,7

231,2


67,3

1463,9


912,3

222,8


13908,5

11008,5


317,8

283,2


119,3

1859,9


1538,1

437,1


139,0

154,5


175,9

122,5


177,3

127,0


168,6

196,2


Keлтірілген деректер қаншалықты қомақты болғанымен, біздің елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде келелі мәселелер жеткілікті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан халқына Жолдауына" (2002) сәйкес жасалған Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында өсімдік шаруашылығы саласы бойынша бәсекеге қабілетті өсімдік шаруашылығы өнімдерін ұлғайту, қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат базасының өсуі және мал шаруашылығьшың жемшөп базасьш нығайту көзделген. Бұл міндеттерді шешудің жолдары ретінде егіс алқаптарының қүрылымьш оңтайландыру, түқым шаруашылыгын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету, химияландыру, өсімдіктерді қорғау және басқа шаралар қарастырылған.

Аталған міндеттер мен шепгу жолдары өздігінен орындалмайды. Әрбір диқан, ауыл шаруашылығы мамандары, оның ішінде орта буын агрономдары білгірлікпен, ғылым мен өндірістік тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырьш, ауыл шаруашылығы дақылдарын қарынды өсіру технологияларын әрбір ірі шаруашылықтарда, шаруа қожалықтарында қолданғандары дұрыс.

Аграрлық өнеркәсіп кешенінің алдында тұрған ауқымды мәселелерді шешуде агрономия ғылымының рөлі зор.

Агрономия саласындағы басты бағыт - өсірілетін дақылдардың қоршаған орта факторларына қоятын талаптарын оқьш-үйрену жөне физиологияльщ тепе-теңдік пен факторлардың айырбасқа жатпайтындығы туралы заңы (суды ауамен, жарықты сумен, қоректік заттарды жылу-мен, т.т.), минимум, оптимум және басқа (заңдар негізінде барынша жетілдірілген өсіру технологиясын жасау.

Агрономия негіздері пәнінің негізгі міндеттерінің бірі -аграрлық колледж студенттеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын қарқынды өсіру технологияларын жасап, өндірісте қолдануды үйрету болып табылады, ал ол мынадай элементтерден (агрошаралардан) тұрады: дақылдың ауыспалы егістегі орны, топырақ өңдеу жүйесі, тыңайтқш қолдану, тұқымды себуге (отырғызуға) дайындау, себу жұмыстары (мерзімі, мөлшері, тәсілі, тұқымның топыраққа сіңіру тереңцігі), егістікті күтіп-баптау жэне егінді жинау.

Афономия ғылымдарьшьщ дамуында шетел ғалым-дары К.А.Тимирязев, И.А.Стебут, Д.Н.Прянишников, Н.И.Вавилов, И.В.Якушкин, П.Лукьяненко, Н.Н.Кулеипов, Н.А.Майсурян, И.Г.Стронаның, т.б. ғылыми еңбек-терінің маңызы зор.

Агрономия ғылымьшьщ дамуьша үлес қосқан Қазақ-стан ғалымдарьшьщ ңатарына В.П.Кузьмин, К.Бабаев, А.И.Бараев, И.С.Сүлейменов, М.К.Сүлейменов, Р.А.Ора-залиев, В.А.Кудрявцев, Н.И.Можаев, Н.Г.Щепетков, т.б. жатқызуға болады.

Қазіргі күнде агрономия ғылымдарын дамытуға В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ (Алматы), А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ (Шортанды) және басқа ғылыми-зерттеу мекемелері, аграрлық университеттер, оның ішінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ АУ (Астана) елеулі үлес қосуда.

Агрономия негіздері пәні физика, химия, биотехнология, энтомология, фитопатология, механизация, экономика, менеджмент, маркетинг және басқа көптеген пәндермен тығыз байланысты.

Агрономия негіздері пәнін оқып үйрену үшін аграрлық колледждердің "4412.002 - шаруа (фермер) қо-жалығын ұйымдастыру және жүргізу", "4402.002 - ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандықтарына арналған "Агрономия" типтік бағдарламасына сәйкес мынадай екі бөлімге бөлінген: I бөлім - агрономияның жалпы сұрақтары; II бөлім - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясы, басқаша айтқанда нақты өсімдік шаруашылығы.

Агрономияның жалпы сұрақтары ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тіршілік жағдайларын, агрометеорологиялық және топырақтану негіздерін, тыщайтқыш жүйесін, арамшөптер, зиянкестер, аурулар және оларға қарсы күрес шараларын, ауыспалы егістер мен топырақ өңдеу, тұқымтану негіздерін, т.б. қамтиды.

Нақты өсімдік шаруашылығы бөлімін оқып-үйрену ыңғайлы болу үшін ауыл шаруашылыгы дақылдарынан алынатын өнімді пайдалану сипатына қарай төмендегідей топтарға жіктеу ұсынылады: дәнді дақылдар, дәнді бұршақ дақылдары, тамыр-түйнек жемістер, бакшалық, майлы дақылдар, мал азықтық шөптер мен аз тараған мал азықтық өсімдіктер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқулыққа "Шабындықтар мен жайылымдар" және "Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағдарламалау негіздері" тараулары енгізілген

2.2 БОТАНИКА МЕН ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Жасыл өсімдіктер әлемі жылына 450 миллиард тоннадай органикалық зат түзеді. Сыртқы құрылысы бойынша айырмашылығы, мөлшері, тіршілік ұзақтығы жөне өмір жағдайы, олардың органикалық зат түзу сапасы бойынша жер шарында кездесетін 300 мың өсімдік түрінің ішінде адам баласы қазіргі уақытта 23 мың шамасындағы түрлерін қолданады, ал олардың 1500 түрі –мәдени өсімдіктер. Барлық өсімдіктерді екі үлкен топқа бөлуге болады:

1. Ағаштар және бұталар, олардың жер бетіндегі мүшелері (бұтақ,баған) тіршілік әрекетін бірнеше жыл бойы сақтайды.

2. Шөптесін өсімдіктер: олардың жер бетіндегі мүшелері (сабақ) бір жыл бойы тіршілік етеді.


Егістікте өсірілетін өсімдіктерді шөптесін өсімдіктер қатарына жатқызады. Тіршілік ұзақтығы

бойынша олар біржылдың, екіжылдық және көпжылдық болып ажыратылады.



Жасуша және оның құрылысы. Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Бір жасушалылар (бактериялар, қарапайымдылар, балдырлар) тек жалғыз жасушадан, ал көп жасушалылар (көпшілік жасыл өсімдіктер мен жануарлар) негізінен бірнеше мыңдаған жасушадан тұрады. Жасуша барлық тірі ағзаларға тән тіршіліктік қасиеттерге ие: зат және энергия алмасу, өсу, көбею, негізгі ұрпақтың белгілерін беру, қозғалу, сыртқы ортаның әсерлерін сезіну.

Жасуша қызметі оның құрамындағы әр түрлі органсиидтарына (ядро, пластидтер, хромосомдар, жасуша мембранасы, митохондрийлар, эндоплазматикалық ретикулум, ваку олд ер және т. б.) негіздел ген. Жасуша өте күрделі құрамды болады. Өсімдіктер жасушасының пішіні мен мөлшері олардың атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Қазіргі кездегі және өткен геологиялық дәуірлерде өмір сүрген ағзаларда жасушаның басты екі типі белгілі: прокариотты (бактериялар мен көк, жасыл балдырлар) жэне эукариотты түрлерін (өсімдіктер мен жануарлар, саңырауқүлақтар) ажыратады.

Прокариотты жасушалардьщ ішкі құрамында мембрана, хромосомдар мен органоидтар болмайды.

Эукариотты жасушалардьщ құрылымы ішкі мембраналары арқылы өзара әp түрлі компоненттерге бөлінеді. Эукариотты жасушалар үш топқа бөлінеді: өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар жасушасы.

Пішініне қарай жасушалардың екі түрі ажыратылады: 1)паренхималық, 2)прозенхималың.

Паренхималың жасушалар изодиаметрлі, яғни жасуша қабырғалары бір-бірімен шамалас, ал прозенхималық жасушалардың ұзындығы екіншісінен бірнеше есе артық үші сүйір.

Өсімдік жасушасының негізі көмірсулардан құралған катты қабықшадан, протопласт және жасуша шырышы мен толтырылған вакуольдан тұрады. Протопласт құрамына цитоплазма, рибосомдар, лисозом, Гольджи аппараты және т.б. кіреді (1-сурет).



ядро қабықшасы ядрошық

1 -сурет. Өсімдік жасушасының құрылысы

Вегетативтік органдар (мүшелер). Өсімдіктердің барлық вегетативтік мүшелері - тамыр, сабақ және жапырақ тұқым ұрығында ертеден ұрық ретінде салынады.

Тамыр — жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің бірі. Өсімдік тіршілігін,п тамырдың атқаратын негізгі қызметтері мыналар: бастысы - топырақтан суды және әр түрлі қоректі заттарды сіңіріп, оларды сабаққа және жапыраққа жеткізуі; тамыр үгілмейтін өте берік мүш болғандықтан, өсімдікті субстратқа бекітеді; тамырда әр түрлі заттар (органикалық қышқылдар, амиі қышқылдары, ферменттер, пигментгер, дәрумендер, гармондар, алколоидтар және т.б.) синтезделеді тамыр жасушасында зат алмасуға қатысатын барлық қоспалар бөлініп шығады; топырақтағы кездесетіі әр түрлі ағзалармен өсімдікті байланыстырады; қорлық заттарды (қызылша, сәбіз, т.б тамыржемістерде) жинақтайды. Сонымен қатар тамыр көптеген өсімдіктердің вегетативтік көбен мүшесі болып табылады. Тамырдың құрылысы басқа вегетативтік органдарға қарағанда біршама қарапайым болып келеді. Оның ұшында ұлпалардың жіктелуі өте ерте бөліну аймағында басталады. Бастам жасушалардың өзінде плерома мен периблеманы бөліп түратын перицикл жақсы байқалады. Плеромадг флоэма элементхгерінің негізі қалыптасып жатқандығы байқалады. Тамырдың өсуінің алғашқы сатысында меристемалардың түраңқы ұлпаларға айналуындағы жүйелілікті, оларды әр түрлі деңгейде бірнеше рет көлденең кесінділер жасап қарау арқылы байқауға болады. Бұл кесінділерден ризодерманы, алғашқы қабықты, өткізгіш ұлпалар жүйесі ажыратылады.

Сабақ - вегетативтік мүше, ол өркеннің білігі. Сабақтың атқаратын қызметтері: өсімдік денесін жоғары көтеріп, жапырақ пен тамырдың арасьшдағы байланысты қамтамасыз ету; жапырақ тақтасында түзілген органикалық заттарды төменгі ағыс жолымен тамырға, ал тамырдан қабылданған су мен минералдық түздар ерітін-ділерін жоғары ағыс жолымен жапыраққа өткізіп отыру болып табылады.

Сабақ - өсімдіктегі ассимиляциялық процестің жүруін қамтамасыз ететін негізгі мүше. Морфологиялың қүрылысына, қоршаған ортаға бейімділігіне жэне кеңіотікте орналасуына қарай сабак бірнеше топқа бөлінеді: І.Тік өсетін сабақтар (жүгері, күнбағыс, т.б.)-2. Жатаған, жерге төселе өсетін сабақтар (қияр ж&не т.б.). З.Өрмелеп, жоғары қарай тік өрмелеп өсетін өсімдіктер сабағы (жүзім). 4. Сабақгары жіңішке нәзік, шырмалып ұзын өсетін өсімдіктер (шырмауық). 5.Қысқарған сабақ (бақ-бақ).

Өсімдіктердің сабақтары көлденең қимасының пішініне қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:


  1. Жүмыр сабақ (көлденең қимасының пішіні дөңге-лек келген ағаштар мен бүта тектестерге тән).

  2. Үш қырлы сабақ (қияр тұқымдас өсімдіктердің өкілдеріне тән).

  3. Төрт қырлы сабақ (ерін гүлділер тұқымдас өсімдіктердің өкілдеріне тән).

  4. Көп қырлы сабаң (кактустарға тән).

Жапырақ - өркеннің құрамды бөлігі, ассимиляциялық мүше ретінде, негізінен фотосинтез, булану жөне тыныс алу қызметтерін атқарады. Жасыл жапырақтың негізгі бөлігіне оның тақтасы жатады. Жапырақтың төменгі сабақпен тұтасқан бөлігін оның негізі деп атайды. Көп жағдайда жапырақ негізі мен тақтасы аралығында жұмыр немесе жартылай жұмыр, сабақ тектес сағағы қалыптасады. Жапырақ сағағы су мен минералды заттарды оның тақтасына және ондағы пластикалың заттарды кері біліктік мүшелерге тасымалдауды қамтамасыз етеді. Егер сағақта бір жапырақта (тасы болса, онда жай, ал бірнешеу болса, күрделі жапырақтар деп атайды. Күрделі жапырақтың ортақ білігі рахис (грек, қырат) деп аталады.

Жапырақ тақталарының жиегіндегі иректері әр түрлі болып келеді: үшкір тіс, ара тіс, жүмыр, ойыс жиекті, бүтін жапыраңтар, сонымен қатар тілік бөлімді жапы-рақтар болады.

Жапырақ тақтасындағы өткізгіш шоқтардың орналасу тәртібін жүйкелену дейді. Жүйкенің {құрамында өткізгіш шоқтың флоэма және ксилема элементтері болады. Бұл жердегі өткізгіш шоқтар топырақтан қабылданған суды және ондағы түрлі минерал түздарды жапырақтың паренхималық жасушаларьша жеткізеді. Жапырақтағы фотосинтез үрдісі кезінде пайда болатын органикалың заттарды 6acқa мүшелерге таратады, жапырақ тақтасының паренхимасына мықтылық қасиет береді, жапырақты жыртылыш кетуден сақтайды.

Өркен - бойьнда сабақ жапырақ және бүршік орналасқан өсімдіктің негізгі мүшесі. Өркеннің барлық құрамды бөліктері біртұтас түзуші ұлпа жиынтығынан пайда болады. Өркеннің арқаулық бөлігі - сабақ. Оның жапырақ шыққан жерін буын, ал екі буын арасын буынаралықтар деп атайды. Өркеннің бұтақтану тәсілі әр түрлі. Табиғатта бұтақтың мынадай түрлерін ажыратады: айырлы немесе дихотомиялы, моноподилі, симподилі және жалған дихотомиялы.

Көптеген шөп, бұта өсімдіктерінің буынаралықтарының мөлшеріне қарай қысқарған және үзар буынаралықты өркендер ажыратылады. Өркеннің жер асты түрлеуінің нәтижесінде тамырсаб, түйнек, пиязшық, түйнек-пиязшық және столон (жатаған сабақ) пайда болады. Өркеннің жер бетіндь түрлеуіне мүртшалар, столондар, клазодий, филлокладий жөне тікендер жатады.



Гүл - жабық тұқымды өсімдіктердегі түрі өзгерген, бұтақтанбайтын, көбеюге қажетті жыныс мүшелер бар қысқарған өркен. Гүлде спора да, гамета да түзіледі және жыныстық үрдіс жүреді. Демек, тозаңдау мен ұрықтану үрдістерінен кейін гүлде жеміс және ұрықты тұқым пайда болады. Жеміс - гүлдің ұрықтануынан кейін дамитын, тұқымды қорғайтын және оны тарататын мүше. Жеміс -жабық тұқымды өсімдіктердің ең басты ерекшелігі.

Фотосинтез - үрдісі жүрген кезде өсімдік жапырақтарында әр түрлі органикалық заттар түзіледі: крахмал, қант, амин қышқылдары, ақуыздар, органикалық қышқылдар және т.б.

Тыныс алу - күрделі органикалық заттардың тотығып, ең қарапайым қосылыстарға ыдырауы, бұл үрдіс оттегің сіңіріп, энергия мен С02 (көміртегі) болып шығады. Аэробты тыныс алу жағдайында бастапқы тыныс алу толығымен көмірқышқыл газ бен суға дейін тотығады:

СН„+60 >6СО + 6НО+2867КДж

Бакылау сұрақтары:



  1. Эукариотты және прокариотты жасушалар деп кандай жасушаларды айтамыз?

  2. Протопласт құрамынан қандай жасушалар жатады?

  3. Тамыр өсімдік тіршілігінде қандай қызметтер атқарады?

  4. Өркен дегеніміз не?

  5. Сабақ өсімдік тіршілігінде қандай қызмет атқарады?

  6. Өсімдік жапырағы қайдан өсіп шығады?

  7. Тозаңдану мен ұрықтану нәтижесінде өсімдіктерде не пайда болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет