Егістік-зертханалық тәжірибелерде агротехникалық шаралар (тұқым себу, тыңайтқыш енгізу, арам шөптерді отау т.б.) қолмен атқарылады және негізгі тұрақты тәжірибемен қатар жүргізіледі. Олардың өздеріне сыз-басы мен тақырыбына сәйкес арнайы әдістеме даярлана-ды. Егістік-зертханалық тәжірибелер көмегімен көбіне жаңадан шығарылған минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін бағалайды. Сонымен қатар топырақтағы үрдістердің, тыңайтқыштардың және өсімдік организміндегі физиологиялық құбылыстардың өзгеруін тереңірек зерттеу-ге болады.
Егістік тәжірибені зерттелетін жағдайлар мен тәсілдердің және факторлар саны бойынша бір факторлы (жай), көп факторлы (кешенді) болып бөледі.
Бір факторлыға қандай да болмасын бір тәсілдің әсерін зерттейтін тәжірибе жатады (мысалы, тыңайтқыш түрі, мөлшері, мерзімі, тұқымды себу әдісі, топырақты жырту тереңдігі, суару тәсілі).
Дақыл өніміне бір мезгілде (уақытша) екі немесе
бірнеше тәсілдің әерін зерттейтін тәжірибені көп факторлы дейді (мысалы, тыңайтқыш мөлшері, суару саны, топырақты өңдеу тәсілдері). Мұндай тәжірибеде факторлар-ды бірлестіре қолданғанда үстеме өнім және факторлардың әсерінен алынған өнімнің арифметикалық қосындысынан артық болса, факторлардың өзара әсері басымды деп санала-ды. Мысалы, суарылған бірақ тыңайтқыш берілмеген бидай өнімі 20 ц, тыңайтқыш берілген суарылмаған бидай өнімі 10 ц, ал суару мен тыңайтқышты бірлестіре қолданғанда 40 ц өнім алынған болса, үстеме өнім басым болғаны 40
– (20+10) =10 ц. Егер жеке факторлардың арифметикалық қосындысының әсері факторларды бірлестіре қолданудың әсерінінен жоғары болса, үстеме өнімді болымсыз дейді. Мысалы, картоптың гектарынан NPK бергеннен 120 ц, көң енгізуден 110 ц, ал NPK мен көңді бірге қолданғанда 180 ц өнім жиналды. Мұнда факторлардың өзара әсері болымсыз: 180 – (120+110) = - 50 ц.
Көп факторлы тәжірибенің негізгі мақсаты жеке фактор-лар арасындағы ішкі байланысты анықтау. Сондықтан оның зертханалық және егістік зерттеулерінің бағдарламасы жан-жақты ойластырылып дайындалуы тиіс.
Егістік тәжірибені орындау мерзімінің ұзақтығына қарай
Достарыңызбен бөлісу: |