«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


- сурет. Мөлдек ауданын және қайталау санын өсіруге сәйкес тәжірибе қателігі мәнінің өзгеруі



бет20/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

13- сурет. Мөлдек ауданын және қайталау санын өсіруге сәйкес тәжірибе қателігі мәнінің өзгеруі


(Ремер мәліметі). Мөлдек ауданы – 25 – 250 м2
2.4 Егістік тәжірибе сапасына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар

Егіс тәжірибесінің зерттеу жұмысының нәтижелі болуы оның әдістемелік талаптарының орындалуына тікелей бай-ланысты. Олар мыналар:





  1. Тәжірибенің репрезентативтілігі немесе сәйкестігі.




  1. Салыстырмалықтың болуы және жалғыз ғана өзгешілік принципін сақтау.

  2. Тәжірибе мәліметтерінің мәнінің тиянақты, әрі дәл бо-

луы.




  1. Тәжірибе қорытындысының дұрыстығы.




  1. Тәжірибені құжаттау.



Репрезентативтілік – тәжірибені жүргізудегі жағдайлар сол аймақтың ауа-райына, топырағына, агротехникасына сәйкес болуын білдіретін сапалық көрсеткіш. Агротехника-сы мен аймағының біріңғай ұқсас, сәйкес болу талабы егіс тәжірибесін жүргізгенде түрліше орындалады. Бұл талап-ты ескермейтін жағдайлар да болады. Мысалы, өндірісте шығарылған жаңа минералды тыңайтқыштардың мөлшері шамалы болса, сәйкестікті сақтау міндетті емес. Cәйкестік талабы ауыспалы егістің тыңайтқыш қолдану жүйесін зерт-теуде ұқыпты турде орындалуы тиіс. Топырақ құнарлылығы төмен танапта, дақылдар алмасудың негізі сақталмаған егіс алқаптарында тыңайтқыш қолдануды зерттеу тәжірибесінің нәтижесі төмен болады. Сондықтан да тәжірибе жүргізудің алдында учаске топырағына жан-жақты агрохимиялық тал-дау жасау керек.

Тыңайтқыштармен тәжірибе жүргізуде фонды дұрыс таңдау керек, яғни тәжірибе үйлесімді фон жағдайында орындалуы тиіс. Себебі фон тыңайтқыш тиімділігіне әсер ететін көрсеткіш болып саналады. Кейде тәжірибені екі не-месе бірнеше фонда орындауға тура келеді (көңсіз, көңмен және т.б.). Сондай-ақ тәжірибе жүргізу үшін фонның жарам-ды болуы да сәйкестікке жатады.


Тәжірибе жүргізуде алғы дақылға үлкен көңіл



48 49


бөлу керек. Дұрыс таңдалған алғы дақыл тәжірибенің қорытындысына оң ықпал етеді. Сонымен қатар тәжірибені сол аймақта аудандыстырылған дақыл сортымен орындаған жөн. Сол сияқты тәжірибе жүргізілетін өсімдікті дұрыс таңдаудың маңызы зор. Мысалы, еру қабілеті әртүрлі фос-фор тыңайтқыштарының жаңа түрін зерттегенде тамыр-дан бөлінетін шырынның еріткіштік қасиеті тым жоғары өсімдікті пайдалануға болмайды немесе физиологиялық қышқылдығы бірдей емес азот тыңайтқыштары үшін орта реакциясының өзгеруіне өте сезімтал дақылды пайдалану ке-рек. Тәжірибені биологиялық ерекшеліктері әртүрлі бірнеше өсімдіктермен жүргізгенде агротехникалық сәйкестікті сақтауға назар аударған жөн (топырақты өңдеу, тұқымды себу мерзімі, себу мөлшері, арам шөптермен күрес т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет