«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет28/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Тыңайтқыштар формаларымен орындалатын егістік тәжірибелер жоғары дәлдікті, ұқыптылықты, учаске топырағының біртекті болуын және фонды дұрыс таңдауды талап етеді. Мысалы, азот тыңайтқыштарының формаларын зерттегенде ең алдымен учаскеде өсірілетін дақылға қажетті азот мөлшері анықталған болуы тиіс, тек сонан кейін ғана азот тыңайтқыштарының формаларының тиімділігін зерттеу керек.

Жалпы тыңайтқыштардың формаларымен жүргізілетін тәжірибелерде бақылау варианты ретінде тыңайтқышсыз вариант немесе фон қолданылады. Минералды тыңайтқыштардың жаңа формаларын зерттеу үшін стан-дартты тыңайтқыштар үшінші бақылау варианты есебінде



68 69


қолданылады. Бұл жағдай тәжірибедегі өсірілетін өсімдіктің берілген тыңайтқыш құрамындағы қоректік элементтерді сіңіру өзгерістері мен сезімталдық деңгейін анықтауға көмектеседі.

Тыңайтқыштардың формаларын зерттеуге арналған егістік тәжірибе үшін ықшамдалған сызба ретінде мыналар-ды келтіруге болады.


Азот тыңайтқышының әртүрлі формаларының әсерін анықтауға арналған сызба:

1. Фон – фосфор мен калий тыңайтқыштары


2. Фон + NH4NO3;

3. Фон + (NH4)2SO4; 4. Фон + NH4Сl;


5. Фон + CO(NH2)2
Калий тыңайтқыштарының формаларының әсерін анықтауға арналған сызба:



  1. Фон – азот пен фосфор тыңайтқыштары




  1. Фон + К2SO4;

  2. Фон + КСl;




  1. Фон + 40%-дық калий тұзы



Фосфор тыңайтқыштарының формаларының әсерін анықтауға арналған сызба:



  1. Фон – азот пен калий тыңайтқыштары




  1. Фон + жай суперфосфат;




  1. Фон + қос суперфосфат;




  1. Фон + фторсызданған фосфат

Азот тыңайтқыштарының формаларының өсімдікке әсерін зерттегенде фон ретінде РК қолдану жеткіліксіз. Өйткені бірінші жылы азот тыңайтқыштарының формаларының тиімділігінің арасындағы айырмашылық көбінесе шамалы болады. Ал келесі жылдары оларды жүйелі түрде жыл сайын қолданғанда тыңайтқыштардың физиологиялық реакциясының әсерінен тиімділік арасындағы айырмашылық артады. Сондықтан сызбада таза бақылау варианты (тыңайтқышсыз) болғаны дұрыс. Сонымен қатар учаске топырағы жан-жақты зерттелмеген


жағдайда да таза бақылау вариантын енгізу керек. Жоғарыда келтірілген сызбаларда қоректік заттардың са-

лым мөлшері (доза) бірдей болуы тиіс.


Жаңа және кешенді минералды тыңайтқыштармен егістік тәжірибе жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда, үшінші бақылау варианты ретінде стандартты тыңайтқыш қолданылады. Бұл жағдай өсірілетін дақылдың берілген тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды сіңіру өзгерістерін және сезімталдық деңгейін анықтауға көмектеседі.


А.В.Соколов күрделі немесе кешенді тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеуге арналған егістік тәжірибе үшін мына-дай сызба ұсынады:





  1. Тыңайтқышсыз немесе фон




  1. Күрделі тыңайтқыш




  1. Біржақты стандартты тыңайтқыштар қоспасының эквивалентті мөлшері

  2. Күрделі тыңайтқыш + қоректік заттардың бірқалыпты салым мөлшеріне арналған біржақты стандартты тыңайтқыш

  3. Бірқалыпты салым мөлшеріне арналған бір жақты стандартты тыңайтқыштар

Концентрлі және жай тыңайтқыштардың салыстырмалы тиімділігін анықтауға арналған сызба:

  1. Бақылау (тыңайтқышсыз)




  1. NPK (жай тыңайтқыштар қоспасы: аммиак селитрасы, жай суперфосфат және калий хлориді)

  2. NPK (концентрлі тыңайтқыштар қоспасы: мочевина, қос суперфосфат және калий хлориді)

  3. Мочевина + РК (жай суперфосфат және калий хлоридінің қоспасы)

  4. Қос суперфосфат + NK (аммиак селитрасы мен калий хлоридінің қоспасы)

Осы сызба варианттарын топырақ ерітіндісінің жоғары концентрациясына сезімтал көкөніс дақылдарымен жүргізілетін тәжірибеде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет