2.6 Егістік тәжірибені орналастыру
Мөлдектің пішіні, бағыты мен көлемі, варианттардың кеңістікте қайталанулары, мөлдектер мен қайталануларды орналастыру жүйелері, өнімді есептеу әдісі, егістік тәжірибені мерзімінде ұйымдастыру оның әдістемесінің құрамдас бөліктері болып саналады. Егістік тәжірибе әдістемесін дайындау үшін оның әрбір құрамдас бөліктері зерттеудің дәлдігін арттырудағы рөлін анықтайды.
Егістік тәжірибе әдістемесінің құрамдас бөліктерін тиімді үйлестірудің басты міндеті – мүмкіндігінше са-лыстырылатын варианттар топырақтарының бастапқы құнарлылықтарының арасындағы айырмашылықты азайту.
Мөлдек көлемі. Егістік тәжірибе учаскесін, пішіні мен көлемі бірдей тікбұрышты учаскеге бөлуді мөлдек дейді. Мөлдектерге белгілі жоспар бойынша дайындалған тәжірибе сызбасының варианттары орналастырылады. Мөлдектің көлемі негізінен егістік тәжірибенің мақсаты мен өзгешелігіне, топырақ құнарлылығына, қолданылатын агротехникаға және зерттелетін мәселеге байланысты бола-
ды. Әрбір мөлдектің көлемін екіге бөледі: тәжірибелік және есептік. Мөлдектің тәжірибелік көлеміне бір зерттелетін вариантты орналастырады. Дақылдың өнімін анықтайтын мөлдек көлемін есептік дейді. Оның көлемі тәжірибелік көлемнен кішірек болады (14-сурет).
Жалпы зерттеу әдістемесінің заңдылығы бойынша, бір шаршы метр көлемінде өсімдік саны неғұрлым көп болса, соғұрлым мөлдек көлемі кіші болып, тәжірибе дәлдегінің көрсеткіші жоғары болады.
Мөлдектің көлемі зерттеуге арналған мәселеге, тәжірибе дәлдігіне, қойылатын талапқа, топырақ құнарлылығының деңгейіне, агротехникаға, пайдаланылатын ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдардың түрлеріне және өсірілетін дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Ғылыми мекемелерінің ұсынылған мәліметтері бойынша мөлдек көлемі 50-100 м2 (арпа, сұлы, бидай), 100-200 м2 (от-амалы дақылдар) болуы тиіс.
Жеміс ағаштары және көкөніс дақылдарымен жүргізілетін егістік тәжірибелердің мөлдектерінің көлемінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мұнда әр өсімдіктің орналасқан көлемі егістік тәжірибенің қателігіне елеулі әсер етпейді. Мысалы, бір мөлдекте 6 немесе 10 жеміс ағашы отырғызылады, ал бұта тектес жидектерді бір мөлдекке 10 немесе 20 түптен өсіреді. Жеміс пен көкөніс дақылдарының мөлдектерінің көлемі аса үлкен болмай, тек агротехникалық жұмыстарды қалыпты орындауға мүмкіндік болса жеткілікті.
|
1-ші мөлдек
|
2-ші мөлдек
|
|
|
1 м
|
6 м
|
2 м
|
|
В
|
|
С
|
Е
|
|
|
1,25 м
|
|
|
|
b
|
c
|
c1
|
e
|
|
|
алқап
|
|
алқап
|
алқап
|
|
|
|
|
қорғаныш
|
12,5 м
|
қорғаныш
|
қорғаныш
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
a
|
d
|
d1
|
f
|
|
15 м
|
A
|
|
қорғаныш
|
|
|
алқап
|
|
|
8 м
|
D
|
|
F
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |