«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


Егістік тәжірибе жүргізуге арналған учаскені таңдау және оны дайындау



бет23/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

2.5 Егістік тәжірибе жүргізуге арналған учаскені таңдау және оны дайындау

Егістік тәжірибе жүргізуге арналған учаскенің топырақ жамылғысы біртектес болуы тиіс. Учаскенің тәжірибе жүргізуге сәйкестігін зерттеуге дейіңгі мәліметтер арқылы анықтайды.




Жер бедері тәжірибе үшін маңызды фактордың бірі.

52 53


Мөлдектер тәжірибе тік беткейлі учаскесінің әртүрлі баурай-ына орналастырылса, өсімдіктерге қажетті жағдайлардың әсерін зерттеу қиындайды. Ондай жағдайларда топырақтың беткі қабаты сумен жуылып, қолданған тыңайтқыштар жоғары орналасқан мөлдектен төменгі мөлдекке шайы-лып келуі ықтимал. Учаске жерінің бедері жүргізілетін тәжірибенің мақсаты мен зерттелетін өсімдіктің ерекшелігіне байланысты. Тәжірибе жүргізуге арналған учаске жерінің беткейі тегіс немесе бірынғай ылдилау болады (100 метр бойына 1-2,5 метрден). Су өз бетімен ағу арқылы суарыла-тын егістік тәжірибеде топырақты ылғалдандыру үшін оның ылдилығы 0,005-тен 0,01 метрге дейін болуы керек.

Тәжірибе жүргізетін учаскенің жер бедерін зерттеу жо-спарын дайындау үшін толық нивелирлеу (жер бетінің биіктік айырмасын белгілеу) жүргізіледі .


Топырақ картасына нивелир көмегімен түсірілген мәліметтерді мөлдектер мен олардың қайталауларын орнала-стыруда пайдаланады. Тәжірибе учаскесіне жер таңдағанда макрорельеф пен бірге микрорельефтерді (дөңестер, шұңқұрлар, тайыз жыралар, атыздар) есепке алынады.


Егістік тәжірибеге арналған учаске топырағы мен оның жамылғысы біртектес болуы тиіс. Учаскенің топырақ жағдайлары тәжірибе талаптарын қанағаттандыра ала ма, әлде жоқ па, соны анықтайды. Ол үшін топыраққа агрохимиялық талдау жасайды. Себебі топырақ құнарлылығы туралы мәлімет болмаса, тәжірибе нәтижелерін салыстыратын көрсеткіштер болмайды. Топырақты толық тексеріп, ше-карасын анық көрсету үшін 1:2000 масштабпен картаға түсіреді.


Тәжірибе жүргізердің алдында учаске тарихымен таны-су керек. Ол үшін танап тарихы туралы кітапты, ауыспалы егіс жоспарларын және басқа құжаттарды пайдаланады. Учаске тарихы белгісіз болса, ол жерге тәжірибе жұмысын жүргізуге болмайды. Ең кем дегенде 3-4 жыл ішінде қолданылған тыңайтқыш, себілген дақыл, топырақты өңдеу туралы мәліметтер болуы керек. Тарихы белгісіз учаскеде


жүргізілген тәжірибе нәтижелері құнды болмайды. Себебі оны шаруашылыққа ұсыну күдік тудырады және алынған мәліметтерден қорытынды шығару мүмкін емес.

Тәжірибеге арналған учаскеде қазылған ор, жыра, арық, құрылыс нысандарының орны, малдың тұрған орын, жолдардың іздері болмау керек. Олар тәжірибе нәтижелерінің дәлдігін төмендетеді.


Орман, жол, қоршау және құрылыс нысандары, егістік тәжірибеге жақын орналасса, күн жарығының түсуі мен топырақ қабатының ылғалдылығы бірдей болмайды. Сондықтан егістік тәжірибені құрылыстан, мал қораларынан, орман алқабынан 50-100 м, бөлек өскен ағаштан – 25-30 м, жолдардан – 10-20 м қашық орналастыру қажет.


Суармалы егіншілікте егістік тәжірибеге арналған учаскені дайындауда ең алдымен топырақтың беткі қабатын тегістейді. Мұндай жұмыстар мөлдектердің барлығын бір уақытта суару және бөлінген суды есепке алу мақсаты үшін жүргізіледі.


Тәжірибе учаске топырағының біртектестігін мүмкіндігінше толығырақ анықтау үшін теңестіру егістін пайдаланады. Теңестіру егісі деп тәжірибе үшін таңдап алынған учаске топырағының құнарлылығын теңестіру мақсатында дәнді дақылдарды (сұлы, арпа, жаздық бидай) жаппай себуді айтады. Егер теңестіру егісін қатарынан бірнеше жыл пайдаланса, учаске топырағының ала-құлалығы айтарлықтай азаяды. Теңестіру егісінен кейін барлау егісін себеді.


Учаске топырағының құнарлылығының өзгергіштігінің (ала-құлалығын) ерекшелігін жаппай себілген дақылдың өнімін бөлшектеп анықтауды барлау егісі дейді. Барлау егісіне топырақ құнарлылығының өзгерістеріне сезімтал және ауа-райының қолайсыз жағдайларына төзімді дақылдарды таңдайды. Көбіне арпа, сұлы, жаздық бидай, картоп, сәбіз, қызылша сияқты дақылдарды пайдаланады. Тәжірибе учаскесінің аумағы шамалы және топырағының құнарлылығының ала-құлалығы көп болған жағдайда бар-



54 55


лау егісінің мөлдек көлемі 10 шаршы метрден аспауы керек. Тағы есте сақтайтын жағдай, барлау егісінің мөлдек көлемі, егістік тәжірибе мөлдегінің көлемінен үлкен болмауы тиіс.


Өнімін бөлшектеп есептейтін барлау егісін орындау техникасы мынадай: көктемде тәжірибеге арналған уча-скеге тұқымды біркелкі етіп себеді. Сонан соң өсімдіктің вегетациялық кезеңінде мұқият бақылау жұмыстарын (фенологиялық, метеорологиялық т.б.) жүргізу керек. Ол үшін егісті шаршыларға бөледі. Егінді жинаудың алдында оның ала-құлалығын көзбен бағалайды да айырмашылықтарды жазып қояды. Мұнан кейін әр шаршыдағы өсімдіктерді орып алып өлшейді. Өнім деңгейіне қарай оларды топтастыра-ды. Сөйтіп барлау егісінің бөлшектеп есептеу мәліметтерін егістік тәжірибенің мөлдек пішінін, көлемін және оны кеңістікте орналастыру үшін пайдаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет