«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет22/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Өрескел қателік егістік тәжірибеге қойған талаптар-ды дұрыс орындамағандықтан немесе шала көзқарас пен салақтықтың салдарынан пайда болады. Мысалы, тәжірибе жүргізушінің ұқыпсыздығынан бір мөлдекке қатарынан бірнеше рет тыңайтқыш енгізілуі, өнімін өлшегенде варианттардың мөлдегін ауыстырып алуы, өнімнің салмағын күнделік дәптерде дұрыс көрсетпеуі себеп болады. Мұндай қателікті түзету немесе орнын толтыру мүмкін емес. Тек қана қайталауларды, мөлдектерді немесе егістік тәжірибені толығымен жарамсыз ету керек. Тәжірибенің дәлелденген қорытындысы мен математикалық жолмен өңдеуге арналған мәліметтердің ішінен тек қана жүйелі өрескел қателіктері жоғын пайдаланады.

Тағы бір ескеретін жәй тәжірибе жұмысында кез кел-ген есепке сенуге болмайды, агротехникалық тәсіл арқылы мақұлданған мәліметтер ғана қателіктерден аулақ болуға мүмкіндік тұғызады.


Жалпы егістік тәжірибе дәлдігін анықтау үшін оның мәліметтерін (нәтижелерін) вариациялық статистика-ны қолдану арқылы математикалық жолмен өңдейді. Мұнда тұрақты және негізгі ұзақ мерзімді тәжірибелердің дәлдіктері, өндіріс жағдайында орындалатын қысқа мерзімді және топырақты алдын ала тексеру үшін жүргізілген барлау (рекогносцировка) егісінің дәлдіктерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болуы тиіс.


Тәжірибе дұрыстығы мен дәлдігі бір-бірімен тығыз байланысты. Дұрыстық көрсеткіші егістік тәжірибенің бағдарламадағы міндеттерді орындауға толық сәйкес және оның нәтижелерінің маңызы зор екенін білдіреді.


Жүргізілген тәжірибенің дұрыстығына баға беру үшін оның мәліметтеріне агрономиялық талдау жасайды. Атап айтқанда, бағдарламада көрсетілген зерттеудің міндеті мен мақсатын, әдістемені, сызба элементтерін, зерттеу барысын-да жиналған мәліметтерді, өнімді есептеудің нәтижелерін және кеңістікте егістік тәжірибені орналастыру техника-сын мұқият тексеру керек. Егер егістік тәжірибе әдістемелік жағынан дұрыс орындалған болса, оның мәліметтерін математикалық жолмен өңдеп, кездейсоқ қателік мәні мен тәжірибе дәлдігінің деңгейін анықтайды. Мәліметтерді математикалық (статистикалық) өңдеу, кездейсоқ ауытқудың шегін және варианттардың орташа өнімдерінің арасындағы айырмашылықты ажырату үшін қажет.

Тәжірибенің нәтижелерін өндіріске ендіру немесе оны кең көлемде қайталап жүргізу, толық әрі дұрыс құжаттауды қажет етеді. Әрбір егістік тәжірибенің өзінің алғашқы құжаты


– күнделігі болуы тиіс. Күнделікке егістікте күн сайын орындалған жұмыстар (топырақты өңдеу, тәжірибе учаскесін бөлу, тыңайттқыш енгізу, өсімдіктерді күту, өсімдіктердің өсу кезеңдерін белгілеу, агротехникалық жұмыстар, өсімдік пен топырақ үлгілерін алу т.б.) хронологиялық ретпен тіркеліп отырады.


Тәжірибе жорналы – басты құрама құжат. Әрбір тәжірибеге жеке жорнал арнау керек. Жорналға негізінен зертханада орындалатын агрохимиялық зерттеу жұмыстарының мәліметтері (өсімдік пен топырақты талдау) жазылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет