2.3 Егістік тәжірибе әдістемесінде кездесетін негізгі ұғымдар
Егістік тәжірибе жүргізу жұмысында ең жауапты мәселе оның әдістемесін дайындау. Әдістеме қажетті мәліметтердің сапалы болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Егістік тәжірибе арнайы даярланған сызба бойынша са-лынады. Сызба – белгілі варианттардың жиынтығы. Сызба зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты анықталады. Мысалы, тыңайтқыштармен жүргізілетін тәжірибелерде – олардың түрлері, мөлшері, мерзімі, беру әдісі және т.б.
Тәжірибенің сызбасын құрастырғанда әдістемелік талаптардың ең маңыздысының бірі – зерттелетін фактордың жеке бөліну принципін сақтау, яғни зерттелуге тиісті фактор бөлекше болып, басқа жағдайлар бірдей болуы тиіс.
Тәжірибенің ең қарапайым сызбасы екі варианттан тұрады:
тыңайтқышсыз
тыңайтқышпен.
Тәжірибе жүргізгенде барлық зерттелетін факторлар үшін егілетін өсімдіктерге ортақ жағдай жасаудың және зерттелетін әдіске сезімтал тәжірибелік дақылды дұрыс таңдаудың да мәні зор.
Бір немесе бірнеше мөлдекте өсімдіктерді өсіру тәсілдерінің жиынтығын тәжірибе варианты дейді. Вари-ант тәжірибе сызбасының құрамдас бөлігі болып саналады. Зерттелетін факторлардың нәтижелерін салыстыратын ва-риантты тәжірибе сызбасының бақылау (стандарт) вари-анты деп атайды. Варианттарды тәжірибе учаскесіндегі мөлдектерге дайындалған жоспар бойынша орналыстырады.
Тәжірибе учаскесінің көлемі мен пішіні бірдей тікбұрышты құрамдас бөлігін мөлдек дейді.
Әрбір варианттың аттас мөлдектірінің санын тәжірибенің кеңістіктегі қайталануы дейді. Тәжірибе учаскесінің топырағының құнарлылығының біркелкі болмауы, өсімдіктердің жекеленген биологиялық айырмашылықтары,
олардың зақымдануы, ауруға шалдығуы т.б. жағдайлар тәжірибенің қайталануын талап етеді. Әрбір варианттың нақтылы өнімін анықтау үшін тәжірибе учаскесіндегі мөлдектер бірнеше рет қайталанылады. Өйткені бірнеше рет қайталанған мөлдектерден анықталған орташа көрсеткіш жеке мөлдек мәліметіне қарағанда сенімді, әрі дәлірек бо-лады. Варианттың қайталау санын көбейткенде тәжірибе зерттеуінде қателік кемиді (13- сурет).
Егістік тәжірибенің өзін бірнеше жыл бойы жүргізу мерзіммен қайталануы болып саналады. Бұдан тәжірибе қорытындысы сенімді болып шығады және зерттеудегі тәсілдердің тиімділігі туралы қосымша мәліметтер алынады.
Тәжірибенің мерзімдік қайталануы көбінесе тыңайтқыштардың кейіңгі әсерін анықтау үшін және ауы-спалы егістің тыңайтқыш қолдану жүйесін зерттеуде пайда-ланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |