Сабақтың тақырыбы: Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәлімет. Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі363,08 Kb.
#30461
түріСабақ
Маңғысау облысы, Бейнеу ауданы,

Сам орта мектебінің химия,биология


пәні мұғалімі

Қалимаш Қонақбаева

Қатысатын категория: химия пәні

Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәлімет.

Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары

Сабақтың тақырыбы: Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәлімет.

Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тыңайтқыштар –азот, фосфор, калий тыңайтқыштары туралы және олардың тірі ағзадағы маңызы туралы мәлімет беру, бұрынғы білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: шәкірттердің ой-өрісін, білімге деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Тыңайтқыштардың үлгілері, кестелер, интерактивті тақта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Биология, география, математика, әдебиет

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, ойын

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

Президенттің жолдауы,

Халықтың бірлік қолдауы.

Мұнайлы өлкем өркендеп,

Дәулетті заман орнады.

Техниканы дамытып,

Білімдар болып өсейік.

Игеріп мұнай өлкесін,

Дамыған елге көшейік- өлең шумақтарын айту мен бастаймыз.


  • Балалар, бүгінгі сабағымыз – саяхат сабағы деп аталады. Саяхат

барысында мынадай аялдамаларға тоқтаймыз:

1-аялдама “Зеректер елі”

2 - аялдама “Білімқұмарлар елі”

3 - аялдама “Қызықты химия елі”

4 - аялдама “Атамекенде”


Сабағымыздың ұраны: Бәрін білгім келеді.
1аялдама- “Зеректер елінде”. Үй жұмысын пысықтау.

1 деңгей сұрақтары:


  • Фосфордың периодтық жүйедегі орнына сәйкес сипаттама беріңіздер?

  • Фосфор атомының құрылысын жазып түсіндіріңіздер?

  • Фосфордың қандай тотығу дәрежелерін білесіңіздер?

2 деңгей сұрақтары:

  • Қазақстанда қандай фосфорит кен орындары бар?

  • Фосфордың қандай аллотропиялық түрөзгерістері бар?

  • Лабораторияда фосфор қышқылын қалай аламыз? Реакция теңдеулерін жазып көрсетіңіздер.

3 деңгей сұрақтары:

  • Фосфат ионға сапалық реакция (қосылысты атаңыз)

  • Табиғи фосфаттар қалай өңделеді және қандай минералдық тыңайтқыш алынады?

  • Фосфор қышқылының сатылап диссоциациялану теңдеуін жазыңыздар?

2 аялдама- “Білімқұмарлар елінде” Жаңа сабақты түсіндіріп, балалардың қызығушылықтарын ояту.

  • Оқушылар, осы жұмбақты шешсеңіздер, жаңа сабағымыздың

тақырыбы ашылады.

Жұмбақты шешу.

Өсімдікке нәр беріп, қуат болған

Өнімі артып, егістің қырман толған.

Бұл қандай зат: қанындай өсімдіктің,

Беретуғын химиктер жасап қолдан

- Тыңайтқыштар

- Дұрыс балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – тыңайтқыштар деп аталады. Ол жайлы қысқаша мәлімет берелік.

Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары
а) Тыңайтқыштарды жіктеу


Тыңайтқыштар



Шығу тегіне қарай

Қоректік элементтің болуына қарай

Агрегаттық күйіне қарай



Бейорганикалық, органикалық

Азотты, фосфорлы, калийлі

Сұйық, қатты



Азот тыңайтқыштары




Минералдық

Органикалық



Қатты

Сұйық

Мал қиы, құс саңғырығы, жасыл өсімдіктер шіріндісі, қорда



Селитра, мочевина

Аммиак суы



Фосфор тыңайтқыштары



Суда еритіндер

Суда нашар еритіндер

Суда ерімейтіндер



Жай суперфосфат, қос суперфосфат, аммофос, нитрофос

Преципитат

Фосфорит ұны




Калий тыңайтқыштары




Жай

Кешенді



Калий хлориді, калий сульфаты, өсімдік күлі

Калий селитрасы, калий фрсфаты, аммофос


ә) Тыңайтқыштардың маңызы

Тыңайтқыштардың тірі ағзалардағы маңызын түсіндіру.



б) Қазақстандағы тыңайтқыш өндірісі туралы мәліметтер.

Қазақстанда өндірілетін тыңайтқыш түрлері және Ә.Б. Бектұровтың жасаған жұмыстары туралы түсінік беру.


3 аялдама- “Қызықты химия елінде” жаңа сабақты бекіту

1-тапсырма: Жапырақтарға әр түрлі химиялық формулалар жазылған. Формула жазылған жапырақшаларды кестенің ұяшықтарына қоямыз.



2-тапсырма: Есептер шығару

1 есеп. Құрамында 58% кальций фосфаты бар 50 кг сүйекте қанша кг фосфор бар екенін есептеңіздер.

2-есеп. Адам денесіндегі фосфордың мөлшері 1 % . Өз денелеріңіздегі фосфордың массасын есептеңіздер.

3-есеп. Азот қышқылындағы азоттың массасын есептеңіздер.

4-есеп. Құрамында 98% - дық аммоний нитраты бар 1тонна аммиак селитрасын алу үшін неше тонна аммиак және 55 % -дық азот қышқылынан қанша қажет екенін есептеңіздер.

3-тапсырма: Лездемелік сұрақтар.


  1. Өсімдік тіршілігіне қажетті элементтерді атаңыздар?

  2. Қоректік элемент деген не?

  3. Негізгі тыңайтқыштарды жіктеп, атаңыздар?

  4. Маңызды азот тыңайтқыштарын атап, маңызын айтыңыздар?

5. Фосфор, калий тыңайтқыштарының сапалы өнім алудағы маңызын түсіндіріңіздер?

4 аялдама- “Атамекенде” . Сабақты қорытындылау,оқушыларды бағалау.

  • Оқушылар, осы сабақтан алған білімімізді болашақта, еліміздің

дамыған 30 елінің қатарына ену үшін қолданайық. Өзіміздің Отанымызға деген құрметімізді «Атамекен» әнін орындау арқылы білдірейік.

«Атамекен» әнін сынып болып орындау.



Үй жұмысы -&.20. есеп – 6.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет