«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


-сурет. Өсімдікті ағатын ерітіндіде өсіру әдісі (сызба)



бет43/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

31-сурет. Өсімдікті ағатын ерітіндіде өсіру әдісі (сызба)

Сыйымдылығы 16-20 литрлік шыны ыдыстан құм толтырылған түбі тесік екі ыдысқа түтік (сифон) арқылы қоректік ерітінді үздіксіз құйылып тұрады. Ерітінді жылдамдығын реттеу арқылы концентрациясы мен реакция-сы тұрақты құмдағы қоспаны толық жаңартуға болады. Құм салынған ыдыстағы ерітіндіні қысқыш бекітілген түтікпен өсімдігі бар ыдысқа тамшылатып қояды. Субстрат ретінде Гельригель немесе Кноптың концентрациясы әлсіз қоректік қоспаларын пайдалану ұсынылады.




3.5 Дақылды оқшауландырып қоректендіру әдісі

П.Р.Селезкин ұсынған және Д.Н.Прянишников зартхана-сында И.С.Шулов жетілдірген оқшауландырып қоректендіру әдісін екі немесе бірнеше қоректік тұздардың өзара әрекеттесуін және олардың әрекеттесуінің өсімдіктің өсіп дамуына тигізетін әсерін зерттеу үшін қолданады. Мысалы,



114 115


қоректік қоспадан калий тұзын оқшаулап, оның өсімдікпен әрекеттесу ерекшілігі мен физиологиялық реакциясын анықтауға болады. Оқшауландырып қоректендіру өсімдікті бір уақытта екі қоректік субстратта өсіруге негізделген. Ол үшін диаметрі кіші ыдысты көлемі үлкен ыдыстың ішіне ор-наластырады да оларға тиісті қоректік қоспаларды құяды. Сонан соң өсімдік көшетінің тамырының бір бұрымын ішкі, екінші бұрымын сыртқы ыдыстағы қоректік қоспалармен қоректенетіндей етіп орналастырады (32-сурет).


Оқшауландырып қоректендіру әдісін Д.Н.Прянишников зертханасында өсімдіктің қоректік элементтерді сіңіру ерекшеліктерін зерттеуде кеңінен қолданған (10-кесте).


Кесте мәліметтері калий тұздарының, әсіресе, күкірт қышқыл калий қосылысының, өсімдіктің фосфорит құрамындағы фосфорды қабылдауын жоғарлататынын көрсетеді. Бұл калий тұздарының физиологиялық қышқылдылығы әсерінен болып отыр.




32-сурет. Өсімдікті оқшауландырып қоректендіру әдісі (сызба)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет