«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет74/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

(мг/1 кг топырақта)



Топ

Ұсынылатын

Қамтамасыз

Талдау әдісі



бояу түсі

етілу дәрежесі

Чириков

Мачигин

1

Қызыл

өте төмен

<20

<100

2

Қызғылт-сары

төмен

21-40

101-200

3

Сары

орташа

41-80

201-300

4

Жасыл

көтеріңкі

81-120

301-400

5

Көгілдір

жоғары

121-180

401-600

6

Көк

өте жоғары

>180

>600



46-кесте. Топырақты құрамындағы қарашірінді (гумус) мөлшеріне қарай топтастыру


(Тюрин бойынша)



Топ

Ұсынылатын

Қамтамасыз

Қосымша

Қарашірі



бояу түсі

етілу дәрежесі

басқыштаушылық

нді, %

1

Қызыл

өте төмен

1*

<0-2,0

2

Қызғылт-сары

төмен

1-2

2,1-4,0

3

Сары

орташа

1-3

4,1-6,0

4

Жасыл

көтеріңкі

1-4

6,1-8,0

5

Көгілдір

жоғары

1-5

8,0-10,0

6

Көк

өте жоғары

1-6

>10,0

* Біріккен картограмма дайындауға арналған гумус мөлшерінің шартты

белгілері




47-кесте. Топырақты қышқылдылық дәрежесі бойынша топтастыру



Топ нөмірі

Қышқылдық дәрежесі

рНН2О мәні

1

Қышқылдылығы өте жоғары

<2,0

2

Қышқылдылығы жоғары

2,1-3,5

3

Қышқылдылығы орташа

3,6-5,5

4

Қышқылдылығы әлсіз

5,6-6,9

5

Бейтарап

7,0

6

Сілтілігі әлсіз

7,1-8,0

7

Сілтілігі орташа

8,1-9,5

8

Сілтілігі жоғары

9,6-10,5

9

Сілтілігі өте жоғары

>10,5

Шаруашылық топырағының біріккен агрохимиялық картограммасын дайындауға да рұқсат етіледі. Біріккен агрохимиялық картограмма жасағанда, тек бір қоректік эле-мент (көбінесе жылжымалы фосфор) ғана боялып, қалған агрохимиялық көрсеткіштер үзік сызықтар немесе шартты белгілермен (дөңгелектер, ұшбұрыштар) өрнектеледі.


Картограмма боялғаннан кейін ішіндегі учаскелердің көлемін өлшейді де, олардың ішінен егістік жерлер, шабындықтар, бақтар және жайылымдардың үлесін анықтайды. Сонан соң шаруашылық топырақтарын қоректік элементтермен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай топтарға жіктейді.


Картограмма толық дайын болғаннан кейін оны безендіру жұмыстарына кіріседі. Ол үшін картограмманың жоғары сол жақ бұрышына шаруашылықтың аты, ауданы, облысы, топырақты зерттеу жылы мен кезеңі, ал одан төменірек кар-тограмма масштабы көрсетіледі. Төменгі оң жақ бұрышына шаруашылық топырағын тексерушілер мен оны жүргізген мекеменің аты жазылады да қолдары қойылып, мөрі басы-лады.


Егер шаруашылық топырақтары немесе олардың 90%-ға жуығы қоректік элементтердің мөлшеріне қарай бір топқа жататын болса, онда агрохимиялық картограмма жасаудың қажеті жоқ.


Шаруашылық топырақтарының агрохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруін толығырақ білу танап төлқұжатын дайындауда маңызды рөл атқарады. Танап төлқұжаты деп әрбір танапқа арналған тыңайтқыш жоспарын жасау үшін қажетті топырақтың агрохимиялық және агрономиялық көрсеткіштерін толық баяндайтын құжатты атайды.


Танап төлқұжаты әдістік (адрестік), агрохимиялық және агрономиялық (оперативтік) бөліктерден тұрады.


Әдістік бөлікте шаруашылық, аудан, облыс аттары, ау-ыспалы егіс, түрі мен типі, танап нөмірі және оның көлемі көрсетіледі.


Агрохимиялық бөлікте топырақ түрі, оның механикалық



220 221


құрамы мен эрозиялану дәрежесі, қоректік элементтердің




Бақылау сұрақтары:




мөлшері және тағы басқа агрохимиялық мәліметтер беріледі.

1.

Топыраққа қандай мақсат үшін агрохимиялық тексе-




Агрономиялық бөлік қолданылатын тыңайтқыштардың

рулер жүргізеді?







түрлері, мерзімдері, мөлшері (доза), егілетін дақыл түрі

2.

Агрохимиялық тексерулерді

жүргізу мерзімдері




және оның шығымдылығы туралы деректерден тұрады.

және оларды жүргізу масштабтары.







Танаптың төлқұжатын дайындау үшін агрохимиялық

3.

Топырақты агрохимиялық

тексеру жұмыстарын




зерттеу жорналы мен топырақ үлгісін талдау тізімінің

ұйымдастырудың ерекшеліктері.







мәліметтерін пайдаланады.




4.

Далалық зерттеу және зертханалық агрохимиялық




10.5 Агрохимиялық үзінді (очерк) дайындау

талдау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.




5.

Агрохимиялық картограммаларды жасауға қажетті







және оны пайдалану




құжаттар мен материалдар.
















6.

Топырақтарды құрамындағы қоректік элементтердің




Арохимиялық үзіндіні топырақты тексеру мен оның

жылжымалы түрлерінің мөлшерлеріне қарай топтастырудың




химиялық талдау нәтижелерінің негізінде дайындайды.

мәні неде?







Үзіндіде шаруашылықтың тұрған жері, егіс көлемі, ауы-

7.

Танап төлқұжатында қандай мәліметтер беріледі?




спалы егіс түрі, соңғы 3-5 жылда қолданылған тыңайтқыш

8.

Агрохимиялық үзінді (очерк) дайындау ерекшілігін




түрлері мен мөлшері, агротехникалық шаралар және ауыл

атаңыз.










шаруашылығы дақылдарынан алынған өнімдер туралы













толық мәліметтер келтіріледі.
















Агрохимиялық

үзінді бірнеше тараудан

тұрады.













Оның ішінде ең негізгісі – топырақтың агрохимиялық













көрсеткіштерінің өзгеруін көрсететін тарау. Бұл тарауда













шаруашылық егістігінен алынған және құрамындағы қоректік













элементтердің мөлшері анықталған топырақ үлгілерінің саны













көрсетіледі. Сонан кейін тексерілген әрбір егіс танабының













көлемі анықталып, олардын топырақтарының құрамындағы













қоректік элементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшерін













көрсететін тізім жасалады. Тізім мәліметтері шаруашылық













топырақтарының қоректік элементтермен қамтамасыз етілуі













туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
















Сондай-ақ үзіндіде қышқыл немесе сортаң жерлердің













көлемі және оларды мелиорациялау кезеңі көрсетілуі тиіс.













Агрохимиялық

үзіндінің қорытынды

тарауында













шаруашылықтың топырағының құнарлылығы бағаланып, оны тиімді пайдалану жөнінде жоспар жасалады.



222 223



11-ТАРАУ


МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ


МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Ауылшаруашылығы дақылдары үшін тыңайтқыштарды тиімді қолданудың маңызы өте зор.


Егіншілікте минералдық тыңайтқыштар көптен қолданылады және олардың өздерінің ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі өзгешеліктері мен түрлі қасиеттері бар. Олар-ды нақтылы білу – тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға көмектеседі. Осыған орай әрбір шаруашылықта егілетін дақылдың бір сортының өзіне тыңайтқыш қолдану дозасы түрліше болып келеді.


Егіс танабының топырағының құнарлылығы мен өсімдіктің қоректік заттарды пайдалану қабілетіне сәйкес жоспарланған өнім алу мақсатында түзету жасалған мине-ралды тыңайтқыштың орташа мөлшерін оның дозасы дейді.




11.1 Тыңайтқыш мөлшерін анықтау принциптері

Тыңайтқыш дозасын дұрыс анықтау – дақылдардан алы-натын өнімнің қалыптасуының басты шарты болып санала-ды.


Тыңайтқыш дозасы көптеген агротехникалық шараларды жүзеге асырумен тығыз байланысты. Ол үшін дақылдар мен олардың сорттарының биологиялық ерекшеліктерін, табиғи жағдайлар мен топырақ құнарлылығын, топырақты мелио-рациялауды, агротехникалық жағдайларды ескеру керек.


Өсімдік қоректік элементтерді өзінің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қажет етеді. Сондықтан әр өсімдікте және оның жеке мүшелерінде элементтердің мөлшері бірдей емес. Өсімдікке қанша қоректік заттар қажет болатыны


өндірілетін өнім деңгейіне байланысты, осыған орай әрбір дақыл қоректік заттарды түрлі мөлшерде қабылдайды.

Тыңайтқыштың әсер ету тиімділігі мен оның түзетін қосымша өнім көлеміне қарай ауыл шаруашылығы дақылдарын мынадай ретпен орналастыруға болады:





  • техникалық және субтропикалық;




  • картоп және көкөністер;




  • жеміс-жидектер;




  • дәнді дақылдар;




  • малазықтық дақылдар.

Техникалық дақылдар дәнді дақылдарға қарағанда қоректік заттарды анағұрлым көп пайдаланады. Мәселен, мақта өсімдігі азоттың 70%-ын, фосфордың 50%-ын шанақтанудан бастап толық гүлдегенге дейін, ал қалған бөлігін пісетін кезінде пайдаланады.


Қант қызылшасы жапырақтары мен тамыр қаулап өскен кезде азот, фосфор және калий элементтерін молырақ мөлшерде қажет етеді. Өйткені бұл кезде өсімдіктің мүшелерінде жаңа жасушалар пайда болады.


Күздік бидай барлық азот пен фосфордың төрттен үш бөлігін түптену мен гүлдеудің арасындағы мерзімде бойына сіңіреді.


Жаздық бидай өзінің өсіп-жетілуіне қажетті азот пен фосфордың 70%-ын, калийдің 90%-ын түптену мен масақтану кезеңдерінің аралығында пайдаланады.


Жүгері өсімдігі өзінің өсуінің барлық кезеңіңде фосфорды біркелкі сіңіріп отырады.


Күріш дақылы әсіресе қоректік заттарды төрт жапырақ пайда болғаннан бастап түптенгенше қажет етеді. Бұл өсімдік көктегеннен бастап толық түптенгенше азот пен фосфордың 70-90%-ын қабылдайды.


Картоп өсімдігі қоректік әлементтердің негізгі бөлігін шанақтану мен гүлдеу кезеңдерінде пайдаланады. Бұл оның жер бетіндегі мүшелерінің неғұрлым қаулап өсетін мерзіміне сәйкес келеді.


Көкөніс дақылдарының барлығы қоректік заттардың



224 225


топырақта мол болғанын қалайды. Мәселен, орамжапырақ бас жарған кезде өзінің өсіп-жетілуі кезінде қажет болатын жалпы азот, фосфор және калийдің 80%-ын пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет