«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет77/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Топырақты мелиорациялау оның су, ауа және қоректік заттармен қамтамасыз ету режимін жақсартуға, оны эрозиядан қорғауға, топырақ ортасының реакциясын бейтараптауға, тыңайтқыш тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы. Мелиорацияға егістік жерлерді құрғату, суландыру, топыраққа химиялық заттар (әк, гипс, фосфогипс) беру т.б. шаралар жатады. Мелиорацияланған жерлерге минералдық тыңайтқыш қолдану – дақылдардан алынатын қосымша өнім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.


Агротехникалық жағдайлар тыңайтқыш мөлшерін белгілеуде және оны тиімді қолдануда басты фактордың бірі болып саналады. Тыңайтқыш тиімділігіне әсер ететін ең негізгі агротехникалық жағдайларға ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тұқымды себу мөлшері мен мерзімі, арамшөптермен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу шараларды жатады.
Ауыспалы егісте алғы дақылдардың ішінде әсіресе тыңайтқыш тиімділігіне таза пар мен бұршақ тұқымдас дақылдардың әсері зор. Ауыспалы егістегі көпжылдық шөптің бір гектарындағы тамыр жүйесінде 106-194 кг азот, 30-55 кг фосфор, 47-78 кг калий қорланады. Нәтижесінде көпжылдық шөптен кейін егілетін дақылға арналған азот тыңайтқышының мөлшерін 30- 50%-ға дейін азайтуға болады. Керісінше, фосфор мен калий тыңайтқыштарының мөлшерін 20-30%-ға өсіру керек. Сонымен қатар алғы дақылға берілген минералдық тыңайтқыш келесі себілетін дақыл өнімін орта есеппен 10-20%-ға арттырады.

Топырақты өңдеу жүйесін дұрыс сақтау, өсімдік



228 229


тамырының тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды мол қабылдауына әсер етеді.

Тыңайтқыш тиімділігін арттыру үшін тұқымның себу мөлшерін қатаң сақтау керек. Мәселен, бір гектар егістікте 200-250 мың жүгері балаусасы, 50-60 мың дәндік жүгері, 100-140 мың қант қызылшасы, 70-80 мың дана картоп өсімдіктері болған жағдайда олар тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды тиімді пайдаланады.


Дақылдардың суару мерзімін сақтау, егістікті арамшөптерден тазартып барып тыңайтқыш қолдану оның тиімділігін 2-3 есе жоғарылатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет