«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


Минералдық тыңайтқыштар мөлшерін анықтау әдістері



бет78/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

11.2 Минералдық тыңайтқыштар мөлшерін анықтау әдістері

Ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған минералдық тыңайтқыштар мөлшерін белгілеу тыңайту жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Өйткені өсімдіктің тыңайтқышқа сезімталдығы тұрақты емес және ол бір-бірімен өзара байланысты факторларға тәуелді.


Жеке ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған тыңайтқыш мөлшерін егістік тәжірибелер мен топырақты агрохимиялық талдау нәтижелерін пайдалану және баланстық-есептеу әдістерді қолдану арқылы анықтайды.




11.2.1 Егістік тәжірибелер нәтижелерін пайдалану негізінде тыңайтқыштар мөлшерін анықтау

Егістік тәжірибелердің нәтижелерін пайдалану тыңайтқыш мөлшерін анықтауда жиірек қолданылады. Өйткені дақыл өніміне факторлардың тигізетін әсерінің деңгейін тек қана егістік тәжірибе жағдайында байқауға мүмкіндік туады. Егістік тәжірибе жағдайында ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тұқымды себу мөлшері мен мерзімі, өсімдіктің тыңайтқыш түрі мен дозасына реакциясы, сондай-ақ осы факторлардың жиынтығының


өнім қалыптасудағы әсерін жан-жақты зерттеуге болады. Тыңайтқыштармен жүргізілген егістік тәжірибелердің

мәліметтері жинақталып, ғылыми-зерттеу мекемелері қорытындылайды да әрбір аймақ топырағында өсірілетін дақылдар үшін тыңайтқышты қолдану жөнінде ұсыныс дайындайды. Аймақтың шаруашылықтары ұсынысты өзгеріссіз немесе өздерінің жағдайларының ерекшеліктеріне қарай түзетулер енгізу арқылы пайдаланады. Азот тыңайтқышының дозасына түзету алғы дақыл мен жоспарланған өнім мөлшеріне қарай, фосфор мен калий тыңайтқыштарының дозасына түзету топырақтағы жылжымалы Р2О5 мен алмаспалы К2О шамасы мен жоспарланған өнім деңгейіне сәйкес жасалады (48-кесте).


Егістік тәжірибелер нәижелерін пайдалану арқылы тыңайтқыш нормасын анықтаудың артықшылығы олардың нәтижелерін математикалық жолмен өңдеуге және түрлі көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтауға болады. Көбінесе егістік тәжірибелер нәтижелерін топырақ пен өсімдік құрамындағы элементтердің, тыңайтқыш нормасы мен өнім деңгейінің араларындағы байланыстарды анықтауда пайдаланады. Бұл көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтау ұсынылған тыңайтқыш мөлшерін ғылыми жағынан негіздеуге көмектеседі. Тыңайтқыш нормасын анықтауда қысқа мерзімде жүргізілген егістік тәжірибелердің нәтижелерін пайдалануға болмайды.

230 231






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет