«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


– сурет. К.А.Тимирязев жүргізген лизиметрлік тәжірибе



бет8/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

5 – сурет. К.А.Тимирязев жүргізген лизиметрлік тәжірибе

Келтірілген суретте әрқайсысының сыйымдылығы бір текше метр цементтен істелген үш жәшік көрсетілген. Олардың кенерелері жер бетімен бірдей етіліп көмілген. Әрбір жәшіктің астына қабырғаларын кірпіштен қалап бос кеңістік салынған. Жәшіктердің алдыңғы жағынан тереңдігі екі метр, ені оған түскен адам емін-еркін жүре алатындай және жәшіктердің астындағы бос кеңістікке қолын сұға ала-тындай етіліп жерден ор қазылған. Жәшіктердің түбі де пи-рамида тәрізді воронкаланып цементтен істелген.


Воронкалардың аузында тесіктері болады, әрбір жәшік астындағы кеңістікке, жәшіктегі топырақтан аққан су сүзінділері жиналатын шыны ыдыстар қояды. Жәшіктерді тыңайтқыш берілген немесе тыңайтқыш берілмеген топырақпен толтырып зерттелетін өсімдік тұқымдарын себеді.


К.А.Тимирязев пікірінше мұндай тәжірибеде



22 23


өсімдіктердің өсуі егіс даласындағы жағдайларға үқсас келеді. Сондай-ақ жәшіктерден аққан су сүзіндісін жи-нау, оған химиялық талдау жасау көптеген тың ғылыми мәселелерді шешуге көмегін тигізеді. К.А.Тимирязев осындай лизиметрлік тәжірибе арқылы өсімдік топыраққа берілген селитраны ғана емес, сонымен қатар топырақтың табиғи құнарлылығын да пайдаланатынын көрсетті.

К.А.Тимирязев бұршақ тұқымдас өсімдіктердің астық тұқымдастарға қарағанда топыраққа өзгеше талап қоятынын, олар топырақты азотпен байытатынын агрохимиялық тәжірибемен дәлелдеді (6,7-суреттер)




6 – сурет. Селитра берілмеген (КР), селитра берілген (КРS) бұршақ (үстіңгі қатар) және сұлы (астыңғы қатар) өсімдіктері. К.А.Тимирязев


тәжірибесі


7 – сурет. Құмға өсірілген бұршақ: бактерия жұқтырылған (тақ ыдыстарда) және стерильденген


(жұп ыдыстарда). К.А.Тимирязев тәжірибесі

«Мұның барлығы бактериялардың арқасында жүзеге аса-ды, бұл өсімдіктер өз азотының бір бөлігін тамыр түрінде топырақта қалдырады», - деп қорытынды жасады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет