«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет33/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Ауа температурасы өсімдіктер мен топырақты мекендейтін микроорганизмдердің тіршілігіндегі қажетті фактордың бірі. Өсімдіктің жылуға қоятын талабы өте өзгермелі. Қолайлы температура тұрақты болса, өсімдіктің өсіп-жетілуіне жағдай жасалғаны болып саналады. Өсімдіктің жылумен қамтамасыз етілуіне сипаттама беру үшін айлық пен онкүндік жылудың орташа шамасын, жы-луы жоғары немесе төмен тәуліктің орташа жылылығының қосындысын және белсенді, әрі тиімді жылу көрсеткіштерін пайдаланады.

Ауа температурасының режимі арқылы ауа райын бағалайды.




Жауын-шашын өсімдіктер өніміне үлкен әсер етеді. Ол топырақ қабатындағы ылғалдың негізгі көзі болып сана-лады. Жауын-шашынның жиынтығын миллиметр өлшемі арқылы белгілейді. Атмосфера ылғалдылығы жөніндегі мәліметті сол аймақта орналасқан метеорологиялық станса-дан алуға болады.


Өсімдіктердің зақымдалуын байқау. Метеорологиялық қолайсыз жағдайлардың әсерінен тәжірибе өсімдіктері зақымдануы мүмкін. Байқау жұмысын жүргізгенде өсімдіктің қандай мүшелері неден зақымдалғанын көзбен шамалайды.

Егер мөлдектегі өсімдіктің жиілігі мен биіктігі бірқалыпты, тамырларын өте жақсы жайған, зақымдалған және жойылған өсімдік жоққа жақын, арамшөптері өте аз болса, егістік өте жақсы (5 балл) күйде деп бағаланады.


Өсімдіктің жиілігі бірдей емес, тамырлары орташа



82 83


шоғырланған, арамшөппен шамалы ластанған, аздап ауруға шалдыққан және шамалы зиянкестерден зардап шеккені байқалса егіс жақсы күйде (4 балл) болғаны.

Өсімдіктің жиілігі біркелкі емес, биіктігі мен тамырларының шоғырлануы орташа, зиянкестерден шамалы зардап шеккен, арамшөптермен ластануы қанағаттанарлық егістіктің күйі орташа (3 балл) деп бағаланады.


Егер егін сирек, әрі ала-құла, кескінсіз, бойының биіктігі аласа, көп ластанған, зиянкестердің немесе ауа-райының қолайсыздығынан едәуір зақымданған болса нашар егіс (2 балл) деп бағаланады.


Егіс өте сирек, жиілігі біркелкі емес, тұқым толық көктеп шықпаған, өте күшті ластанған және зақымданған болса өте нашар (1 балл) баға беріледі.


Егіс нашар немесе өте нашар күйде болса, оның неден болғанын толығырақ көрсету керек.


Күздік дақылдардың қыстап шығуға даярлану үрдісін си-паттау үшін күзде оның өсуі тоқтаған кезде тексереді.


Оның мерзімін ауаның орташа тәулік тмепературасы арқылы анықтайды. Егер температура бес тәулік бойы бес градустан төмен түспесе, онда егістікті тексеріп шығады. Ал онкүндікте бес градустан асатын болса, күзгі тексеруді екінші рет жүргізеді. Дақыл тұқымының топырақтағы орналасқан тереңдігін, түптену деңгейін, тамыр жүйесінің жағдайын, өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңдерін, оның биіктігін, жиілігін, арамшөптің таралу дәрежесін, өсімдіктерге зяинкестер мен аурулардың әсерін, метеорологиялық жағдайдың қолайсыз болуынан зақымданғанын, жойылған өсімдіктерді, егістің жалпы жағдайын анықтайды. Күздік дақыл тұқымының өнуін анықтау үшін 50×50 см көлемде 12 см тереңдіктен топырақ алып дәндерді санайды. Сонан кейін көктегендері мен өнбегендерін пайыз арқылы көрсетеді.


Тамыр жүйесінің қандай дәрежеде екендігін екінші реттегі қосымша тамырлардың сандары арқылы сипаттай-ды. Егер екінші ретті қосымша тамырларының саны бестен асатын болса, тамырлануы жақсы деуге болады. өсімдіктің


қысқы жағдайын тексеру үшін биологиялық бақылау әдісі бойынша учаскенің төрт жерінен өсімдіктерді сындырмай, қардан тазартады да байқағанын есепке алады.

Күздік дақылдардың қыстан шыққанына сипаттаманы толық беруді қар кеткен соң он күннен кейін жүргізеді. Ол үшін өсімдіктің биіктігін, жиілігін, жалпы күйін, зақымдалған дақылдың санын т.б. анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет