Өсімдіктін жиілігін оның вегетативтік даму кезеңдерінде екі рет анықтайды. Бірінші рет егін көктегенде, екінші дақылды жинар алдында жүргізеді. Ол үшін әр мөлдекте төрт жерден егіннің екі аралас қатарын қазықпен белгілеп, ондағы өсімдіктерді санайды. Сол төртеуінің қосындысы бір
шаршы метрге тең болады. Өсімдіктерді санауға арналған алаңды мөлдекте қиғаш бағытта орналастырады. Мұнда қатар аралығы 15 см өсімдіктің ұзындығы 83,3 см ені қатарын алады (2×15×83,3=2500 см2).
Өсімдіктің жиілігі мен себу мөлшері белгілі болған жағдайда тұқымның далалық шығымдылығы мына формула арқылы анықталады:
А = (В×100):С
мұнда, А – тұқымның далалық шығымы, %;
В - өсімдік жиілігі; С – себу мөлшері, млн.дана.
Отамалы дақылдың жиілігін мөлдектің төрт жеріндегі ұялардың өсімдіктерін санау арқылы анықтайды. Мұнда бір мөлдектегі ұялардың саны 100 болуы керек.
Өсімдіктің биіктігі оның негізгі даму кезеңдерінде өлшенеді: астық дақылдарының түптену кезеңінің басын-да, сабақтанудың басында, масақтануда, толық пісуінде; жүгеріні үш және жеті жапырағында, шашақтану мен дәннің толық пісу кезеңінде; дәнді бұршақ дақылдары мен қарақұмықты, картопты тармақталғанда, шанақталғанда, гүлденгенде, толық піскенде анықтайды.
Топырақ пен егістіктің арамшөптермен ластануын
анықтау тәжірибе учаскесіне толық сипаттама беру үшін қажет. Арамшөптердің түрін, санын, орналасуын көзбен ша-малап анықтайды. Тәжірибе учаскесінің арамшөптермен ла-стану дәрежесіне сипаттама жасау үшін төрт балды шкаланы пайдаланады: 1 балл - арамшөптері бірен-саран болғанда, 2 балл – арамшөп егістің төрттен бірін ластанғанда, 3 балл – арамшөппен мәдени өсімдік саны бірдей болғанда, 4 балл
– арамшөптің саны мәдени өсімдік санынан көп болғанда беріледі.
Энтомологиялық және фитопатологиялық байқаулар
жүргізу зиянкестермен, аурулармен қарсы күресу ша-раларын жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл аталған
байқауларды орындауда нақтылы мерзімін анықтайтын күнтізбе дайындаған өте тиімді болады. Өсімдіктің зиянке-стер мен аурулардан зақымданғанын 5 баллдық шкаламен бағалайды: зардап шеккен өсімдік жоқ – 0 балл; өсімдіктің 10%-ына жуығы зақымданды – 1 балл; өсімдіктің 10-25%-ы зақымданды – 2 балл; өсімдіктің 25-50%-ы зақымданды – 3 балл; өсімдіктің 50-75%-ы зақымданды – 4 балл; өсімдіктің 75%-дан көбі зақымданды – 5 балл.
Достарыңызбен бөлісу: |