3-тарау
ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ ӨСІМДІК
ҚОРЕКТЕНУІ МЕН ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ
ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН
ЗЕРТТЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Вегетациялық латынның «vegetatio» деген сөзінен шыққан, яғни өсу, өсіп жетілу деген ұғымды білдіреді.
Вегетациялық тәжірибелер арнаулы бөлмелерде, үйшіктерде, ыдыстарда жүргізіледі және өсімдік шаруашылығы, өсімдіктер физиологиясы, егіншілік, агро-химия және экология тағы басқа ауыл шаруашылық са-лаларында жиі қолданылады. Агрохимияда вегетациялық тәжірибе көмегімен өсімдіктердің қоректену ерекшеліктері, тыңайтқыштар құрамындағы жекелеген қоректік элементтердің рөлі, сіңімділігі және олардың реттелуі мен топырақ құнарлылығының өзгеруін анықтайды. Соның негізінде жеке факторлардың немесе олардың жиынтығының дақыл өнімі мен сапасына әсерін білуге болады. Сондықтан, вегетациялық тәжірибе өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеудің алғашқы сатысы болып са-налады (24-сурет).
24-сурет. Вегетациялық үйшік (жалпы көрінісі)
Вегетациялық тәжірибенің өзіне тән ерекшеліктері бар:
табиғи жағдайда өсімдік қоректік заттарды топырақтың жыртылатын және одан терең қабаттарынан пайдаланса, вегетациялық тәжірибеде ондай мүмкіндік жоқ;
вегетациялық тәжірибеде өсімдік үшін қажетті ылғалдылық, температура, жарық сияқты факторларды реттеуге болады. Сондықтан қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының әсері сезілмейді;
егістік тәжірибемен салыстырғанда бұл әдіс көмегімен өсімдікке жеке оқшауланған фактордың әсерін толық анықтауға және талдауға болады;
вегетациялық тәжірибе – сыртқы орта жағдайына өсімдік реакциясын байқаудың ең қолайлы тәсілі;
вегетациялық тәсіл негізінде өсімдікті қалыпты қоректендіру үшін элементтерді қандай қосылыс түрінде қолдану керектігін айқындайды;
өсімдіктердің, тыңайтқыштардың және топырақтың өзара әрекеттесу үрдісінің ерекшеліктерін зерттеуде вегетациялық тәжірибенің маңызы зор;
тек вегетациялық тәсіл көмегімен ғана өсімдіктердің тіршілігі мен қоректенуі үшін микроэлементтердің рөлін анықтауға болады;
вегетациялық тәсіл өсімдіктің әртүрлі өсіп-жетілу кезеңінде қоректік элементтерді қаншылықты қажет ететіндігін анықтауға мүмкіндік береді;
вегетациялық тәжірибе жағдайында тыңайтқышты белгіленген әдіс бойынша дәлме-дәл енгізуге болса, ал оны егістік тәжірибеде жүзеге асыру өте қиын;
дистилденген суға немесе құнарсыз кварц құмға қажетті мөлшерде қоректік заттарды енгізе отырып, өсімдіктердің иондардың қандай түрін қабылдайтынын дәл анықтауға бо-лады;
вегетациялық тәжірибе жүргізгенде байқалатын ау-рулар мен зиянкестерді дер кезінде жойып отыруға толық мүмкіндік бар;
вегетациялық тәжірибе жағдайында алынған деректер
бойынша кейбір кемшіліктерді тез арада анықтауға және талдауға болады.
Бірақ вегетациялық тәжірибелердің қорытындыларын ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей пайдалануға бол-майды. Себебі бұл әдіс қолданылатын жүйенің сапалық қасиеттерін ашуға ғана мүмкіндік береді.
Вегетациялық тәжірибе жүргізгенде өсімдікті саз балшықтан, металдан, шыныдан немесе пластмасса-дан жасалған ыдыстырда өсіреді (25, 26-суреттер). Оның тіршілік ортасы ретінде дистилденген суды, қоректік зат-
тар қосылған шайынды кварц құмын немесе топырақты
|
|
пайдалануға болады.
|
| Достарыңызбен бөлісу: |