Егістік тәжірибе жүргізілетін орнына, мақсатына, зерттелетін факторлар мен тәжірибенің санына, ұзақтығына, нысандардың қамтылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
мөлдек көлемі үлкендеу және варианттар саны аздау болады. Мұндай тәжірибелер көмегімен агротехникалық тәсілдердің тиімділігін тексерумен қатар, олардың шаруашылыққа жарамдылығын экономикалық жағынан бағалайды.
Тұрақты тәжірибелер зерттеу жұмыстарының мақсатына сәйкес негізгі және уақытша деп бөледі. Негізгі тәжірибелер мұқият дайындалған, әрі сарапталған бағдарлама бойын-ша көбінесе ұзақ мерзім орындалады. Олардың жүргізу әдістемесіне ерекше әрі қатаң талап қойылады.
Уақытша тұрақты тәжірибелер қосымша мәліметтер жи-нау үшін көбінесе ауыспалы егістен тыс, қысқа мерзімде орындалады. Қысқа мерзім жүргізілетін тәжірибелермен 2-3 жыл уақытта тыңайтқыш қолданудың дақыл өніміне әсерін анықтайды.
Мөлдек көлемі 5-20 шаршы метрден аспайтын егістік тәжірибелерді егістік-зертханалық тәжірибелер деп айта-ды.
Достарыңызбен бөлісу: