Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 35. ҚОСАРЛАМА СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



бет9/28
Дата09.04.2020
өлшемі2,43 Mb.
#62039
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Қазіргі-қазақ-тілі-Ысқақов

§ 35. ҚОСАРЛАМА СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қосарлама сөздер мағыналық ерекшеліктеріне^карай екі салаға бөлінеді:

а) мағыналы компоненттерден күралған қосарлама сөздер;


б) мағынасыз компоненттерден кұралған косарлама сөздер.

а) Компоненттері мағыналы қосарлама сөздер
Бұл қосарлама сөздердіц құрамдарындағы компо-ненттерінің екеуінде де өзді-өзіне лайыкты дербес мағы-налары болады. Бірак олар іштей мағыналары бір-бірі-не қарама-қарсы (антоннмдес) сыңарлардан, бірімен-бірі мәндес (синонимдес) сыңарлардан, мағыналары бір-біріне ұштас. (коррелятивтес) сыңарлардан құралған

  1. о л ы п үш топқа бөлінеді.

    1. Қарама-қарсы (антонимдес.) сыңарлардан құрал-ған қосарлама сөз жинақтау, топтау үғымын білдіреді. Ондай компоненттер біріне-бірі жетекші, я көмекші бола алмайды, екеуініц де қызметі бір-бірімен тең болады. Мысалы: Шаиіырай уиіып, жан-жаңқа безіпбара жат-ңан үлкенді-кіиіілі үйрек, ңаздар да көрінеді (М. Әуе-зов); Оның аиітылы-тоқтылы болса да асырайтын пан-&іоны бар екен (Ғ. Мүсірепов); Ол өткір әзіл күлкісін де отырғандарға оңды-солды кезек-кезек айтып отыр (М. Әуезов).




    1. Мәндес сыңарлардан косарланған сөздер мағына-лары бір-біріне жақын сыңарлардан қүралады да, топ-тау, жинақтау ұғымдарын білдіреді. Мысалы: зәре-ғүут, дос-жар, ашу-ыза, жылға-жыра, қауіп-ңатер, ес-түс, уа-йым-қайғы, түк-түс, мінез-ңұлық, кескін-кейіп, дене-тул-ға, сауық-сайран, шәк-шүбә, тәлім-тзрбие, иіс-қоңыс, жыртың-шоқпыт, өсім-өнім сияқты қосарлама зат есім-дерді, шаршап-іиалдығып, өкіріп-бақырып, ойланып-тол-ғанып, жата-жастана, жығыла-сүріне, жазбай-жаңыл-яай, пісіп-қатқан, арыған-талған, ңақтыққан-соқтыққан сиякты қосарлама етістік формаларының мағыналары жақын, синонимдес сыңарлардан қүралған.

Бірақ қосарлама сөздердің бәрі де топтау, жинактау ұғьшдарын білдіргенімен, олардың әрқайсысының ма-ғынасында компоненттерінің ерекшеліктеріне қарай, өзі-не тән әр алуан субъективтік, экспрессивтік, эмоциялық өзгешеліктер болады. Мысалы, мына мысалдардағы қо-сарлама сөздердің мағыналарын топшылап көріңіздер: Сонау Тарбағатайға жапа-жалғыз бару, арып-аиіып, шаршап-иіалдығу, қауіп-қатер кеиіу, мал алып қайту оңай демеңіз (М. Әуезов).




    1. Үштас (коррелиятивтес) мәнді сыңарлардан косар-ланған сөздер бір-біріне өз ара қарымдас, үқсас. үғым-Дарды білдіретін дара сөздерден құралады. Бүл сөздер Де тым жалпыланған, аса^жпнақталған үғымдарды біл-

118 119


діреді. Мысалы: аяң-қол, өкпе-бауыр, ыдыс-аяқ, шаң-топан, аға-іні, әке-шеше, ағайын-туған, етек-жең. қазан-оиіақ, ңол-қанат, соңа-сайман, төсек-орын, өнер-білім тағы басқалар коррелятивтес (ұштас, қарымдас) сез-дерден құралған.
Осындағы ыдыс-аяқ деген сөзді алсақ, ол ұғымның ішіне шынаяқ та, кесе де, табақ та, тегене де, пышақ та, шанышкы да, қасық та, ожау да, кәкпір де, шелек те, шәугім де — қысқасы — ас-суға қатысты аспаптардың бәрі де енеді. Сондай-ақ, ағайын-туған деген ұғым әке, шеше, апа, қарындас, аға, іні, нағашы, жиен тағысын та-ғы үрім-бұтакты тегіс қамтиды. Қос сөздердін бұл түр-лерінде де әр килы стилистикалық реңк, эмодиялық әсер жасайтын қабілеттер болады.
ә) Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер
Компонентінің не біреуі, не екеуі де жеке-дара қол-данылмайтын, мағынасы түсініксіз немесе некен-саяқтап қана қолданылатын күрамнан жасалатын қосарлама сөздер екі түрлі болады: бірінші түрі — бір сыңары ғана түсініксіз сездер, екіншісі — екі сыңары да түсініксіз сездер.
Бір сыңары түсініксіз қосарлама сездерге мыналар жатады: айңай-сүрен, арың-тұраң, азын-аулақ, азын-шо-ғын, айып-анжы, әуре-сарсаң, бала-шаға, борыш-қарыш, емін-еркін, жаман-жәутік, жүн-жүрқа, жай-жапсар, жар-лы-жақпай, жөн-жосың, жүдеу-жадау, жоқ-жітік, жеңіл-желпі, өрен-жаран, жігіт-желең, көл-көсір, көйлек-көн-шек, кедей-кепіиік, көрші-крлаң, киіз-кепшік,' киім-ке-шек, кіші-гірім т. б.
Олардың ішінде бірінші сыңарлары түсініксіз косар-лама сөздер де (көр-жер, опыр-топыр, тай-талас, ұлан-байтақ, иіардақ-шадыр, ыбыр-сыбыр, ығын-иіығын), екі сыңары да бірдей түсініксіз (абыр-сабыр, ағыл-тегіл, ал-ба-жүлба, алай-түлей, астан-кестен, анда-санда, алда-жалда, әлем-тапырың, әлем-жәлем, әңкі-тәңкі, быт-шыт, бұрқан-тарқан, далдың-дүлдың, егіл-тегіл, ығай-сығай, иқы-жиңы, іри-тіри) сөздер де бар.
Бұл топка тән түсініксіз сыңарлардың кейбіреулерін-де тіпті ешқандай да мағына жок болса, кейбіреулерінде әлдеқандай күңгірт я кейде азды-көпті аңғарарлықтай мағына барлығы сезіліп түрады. Мысалы: анда-санда. кәкір-іиүкір, қым-қуыт, ығы-жығы, әңкі-тәңкі сияқтылар-дың сыңарларының бірде-біреуінен де жеке тұрғанда еш-
қандай мағына аңғарылмайды. Ал, ым-жым, ың-жың, ты-рым-тырақай, ту-талақсій, алба-жалба, ұйпа-тұйпа деген-дердің кейбір сыңарларынан азды-көпті мағынаның ны-ціаны білінеді. Ол нышан я белгі сол сыңарларды қазіргі тілімізде я жеке-дара жұмсалатын сөзбен, я қосарланып,


  1. қайталанып қолданылатын сыңарлармен салғастырған-да айқындала түседі. Мысалы, ым-жым дегендегі бірінші сыңарды ым қаңты (ымдасты) деген сезге, екіншісін жы-мыр я жымқыр деген сөздерге (сырткы дыбыстық жағы-нан да, ішкі мағыналық жағынан да) салыстырып, оның төркінін де, мағынасын да анықтауға болады. Ал, ты-рым-тыраңай, ту-талақай дегендердің екінші сыңарларын тырақайлап қашты, талақай, талау сияқты формалар-мен ұштастырып қарастыруға болады (екеуінің де со-ңындағы -қай формасын салыстырыңыз). Алба-жалба, үйпа-түйпа дегендердегі жалба формасын жалба-жұлба, жалба-жалба сөздерімен, үйпа дегенді ұйпалақ, ұйпа-лау сөздерімен байланыстыруға әбден болғандай.

Екі сыңарының да мағынасы жоқ қосарлама сөздер-дің кейбір компоненттері бір ғана сөздің емес, бірнеше сөздің құрамынан кездесіп отырады. Мысалы: анда-сан-да, оқта-санда, оқта-текте, оқтын-оқтын дегендердегі санда формасы алғашқы екі сөзде, оқта (оқтын) фор-масы соңғы үш сөзде қатысып тұр. Ал, ың-жың дегендегі ың формасын ың-шың, ыңырсу, ыңырану сөздеріменуса-лыстыруға болатыны сияқты, ым-жым дегеннің екінші сыңарын жым-жырт, жым-жылас дегендердің құрамы-'нан, ал тым-тырыс дегеннің сыңарын тымырсық, тымы-райған дегендерден табуға болады.


Қос сөздердің қазіргі кезде түсініксіз болып немесе мағынасы жоқ сияқтанып көрінген сыңарлары мынадай екі түрлі жолмен пайда болған:
Біріншіден, әуел-баста дербес мағынасы бар белгілі бір сөз екі рет қайталанып, бірте-бірте оның я бірінші, я екінші компоненті бастапқы өз мағынасын біржолата жоғалтумен (делексикаланумен) бірге, дыбыстық жағы-нан да тйісті өзгеріске ұшыраудың нәтижесінде өзіне тән Дербестігінен айрылып, тек өзгермейтін компонентке қо-сақталып жұмсалатын косалқы я қосақтама мүше ре-тінде ғана калыптасқан.
Екіншіден, әуел-баста дербес мағыналары бар басқа-басқа екі түрлі сөз ұдайы қосарланып жүмсала-жұмсала *Үріп, бірте-бірте бірде бір сыңары, бірде екеуі де бір-

120 121


дей ез мағынасын я біржолата, я жартылаи жоғалтып (делексикаланып), бастапқы өз дербестігінен айрылып, не тек мағыналы компонентке, не бір-біріне косарлана^ тын қосалқы сыцар ретінде ғана жұмсалатын болып қа-



лыптасқан.
Идиомалану, лексикалану, грамматикалаиу процео тері _ кос сөздерге де тән қасиет. Қос сөздердегі бұл процестер практикада әрі унемі, әрі жиі қолданудың нә-тижесінде кенінгі замандарда пайда болғанжұбылыстар. Мысалы, жүген-қүрық, ер-тоқым, бет-жүз; ауыз-мұрын, қас-ңабақ, ес-түс деген тәрізді қос сөздер идиомаланып, жүген-қурық тигізбеу, ер-тоқымын бауырына алу, бет-жүзге қарамау, аузы-мұрны қисаймау, қас-қабаққа қа-рау, ес-түсін білмеу сияқты аса күрделі сөздерге айнал-ған. Ақай жок;, тоқай жоқ (ақай-тоқайға карамау), әйт жоқ, үйт жоқ (өйт-уйт ж ок), Әй дер әже жоң та, қой дер қожа жоқ дегендермен катар, естір-естіместен, келер-келместен, келген-кеткен., жатпай-тұрмай, бекер-босқа, бос-текке сияқты қос сөздерде де лекснкалану, грамма-калану процестері барлығы даусыз.
Әуелде компоненттері басқа сөз табына тән болғаны-мен, бірте-бірте лексикалану арқасында, кос сөддердің кейбір формалары өзге сөз табына ауысатыны да бай-қалады. Мысалы, қысы-жазы, күні-түні, ертелі-кеиіті де-ген есімдер, бара-бара, сөйлей-сөйлей, кие-жара, баса-кектей, жатпай-тұрмай, іиіпей-жемей с і і я қ т ы етістік фор-малары қазір үстеу сөздерге айналған.
Тарихи шыгу төркінін, калыптасу заңдарын топшы-лағанда, кос сөздер мынадай үш түрлі жолмен дами-дами келіп, үлкен бір арнаға сайған:


  1. Қайталама қос сөздер айтылатып ойға әр килы экспресснялық, эмоциялық және басқа косымша (мыса-лы, үлғайту, бәсеңдету, жинақтау, топтау т. б.) мән беру мақсатымен әуелде (тым ерте замандарда) белгілі бір сөзді екі рет қайталап колдану машығынан пайда бол-ған. Ал, сөздің ықшамдала келіп, бір буын түрінде қай-талануы, сондай-ақ, сөздің я дауысты дыбысыныц (жарң-жұрқ, жалба-жұлба), я дауыссыз дыбысының алмасып (үйпа-тұйпа, үй-мүй, иіай-пай) қайталануы кейінгі за-мандарда қалыптасқан формалар.




  1. Қосарлама кос сөздер мынадай екі түрлі жолмегі дамып, калыптасқан тәрізді:

а) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны белгілі бір төл сөзге өзге бір рудың я тайпаның тіліндегі пара-пар
122
я мәндес сөзді немесе көршілес, айлас-күйлес отырған я бүрынғы-соңды белгілі карым-қатынаста болған баска халықтардың (олардың шығу төркіндері бір я баска шарт емес) тілдеріндегі балама (эквнвалент) сөзді жа-рыстыра, қосарлап қолдану машығынан туып қалыптас-кан. Бірақ бұлардың ішінен кейбіреулерінің жеке, я екі компоненті іәуелгі өз мағынасын не солғындатып, не бір жола оны жоғалтып (делексикаланып), тек косарлама сөздің құрамында ғана қолданылатын көне формаға ай-налған. Бүл процесте, әрине, тністі фонетикалық құбы-лыстардың да өзінше маңызы болғаны күмәнсыз. Бұл процестерді бағдарлау үшін, мысалы, бала-іиаға, жора-жолдас, некен-саяқ, жүдеу-жадау, жылау-сықтау, арық-түрақ, ем-дом, тоқты-торым, әуре-сарсаң, дау-шар, емін-еркін, үйлі-баранды, талан-тараж, бақ-талай, шөп-іиа-лам, ыбыр-жыбыр, ырым-жырым, көз-қарақ, ым-жым, ың-жың, ығы-жығы, оқта-текте, анда-санда дегендерді және аман-есен., сау-саламат, ас-ауқат, іс-әрекет, қару-жарақ, қүрал-сайман, заң-зәкүн, машина-сайман, соқа-сайман дегендерді салыстырыңыздар.
ә) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің, айқындауыш мүшелердің логика-лық, формалык, интонациялық райға қарай, бірте-бірте орын жағынан да өзара орайласып, бір-бірімен үнемі жұпталып айтылып, жүпталып қолданылуына сәйкес, бірде күрделі, бір бүтін, түрақты сөз ретінде, бірде бір-бірінен ажырасатын бірыңғай мүшелер ретінде жұмсалу машығынан калыптасқан. Практикада әрі байлаулы, әрі еркін қолданылатын осындай қасиет екі жағы да мағы-налңі қосарлама сөздерге тән. Сондықтан ондай қосар-лама сөздердің компоненттері тым ауыспалы болады, де-мек бірде олар (қажет болған жағдайда) кос сөз құрамында қолданылса (мысалы, сау-саламат, аман-есен, эке-іиеиіе, апа-қарындас, қару-жарақ, іс-эрекет т. б.), бірде олар бір-бірінен ажырап дербес, жеке-дара сө^ ретінде бірыңғай мүше тізбегінде өз алдына мүше ре-тінде колданыла береді. (Саумысың, саламатпысың? Әкеңе, шешеңе сәлем айт. Еңбек дегеніміз іс істеу, әрекет жасау деген сөз т. б.) Қос сөздердің екі сыңары Да бірдей бірыңғай, демек, бір ғана сөз табына тән сөз-Дерден құралатын себебінің бір негізі олардың бірын-ғай мүшелермен үштастығында да болуға тиіс.



I

§ 36. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР


(аббревиатура)
Қазіргі тіліміздегі күрделі сөздердің белгілі бір то-бы — қыскарған сөздер. Күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі кыскартылып, әрі біріктіріліп жүм-салу жолы Октябрь революциясынан кейінгі дәуірде орыс тілінің әсерінен келіп туды деуге болады.
Революциядан кейін мазмұны жағынан да, түрі жа-ғынан да жаңа әр алуан әлеуметтік, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер пайда болғаны мәлім. Сол үйымдар мен мекемелердін аттары, әдетте, бірнеше сөз аркылы (су-реттеме жодмен) аталатын болды. Орыс тілінің игі ық-палына орай, қазақ тілінің де сөйлеу, ж азу дағдысында жиі қолданылатын ондай суреттеме атауларды әрі кыс-қартып жазу дәстүрі туды. Осының нәтижесінде кыс-карған сөздер әдеби тілдің жазбаш а түрінде күрделі сөздердің белгілі бір түрі болып қалыптасты. Мысалы, ССР Одағы Советтік Социалистик Республикалар одағы, Обком облыстық комитет, ауьілсовет ауыл-дьщ совет т. б. Міне, осы сияқты күрделі атаулар жазу тілімізде де, соның ықпалымен сөйлеу тілімізде де бір-де толық, бірде кыскартылып қолданылады. Осындай кысқарған сөздер тіл ғылымында аббревиатура деп ата-лады. Олар — ҚазССР, АҚШ , обком, колхоз, совхоз, облсовет, ауылсовет, партбилет, партком, партбюро, ҚазМПУ, ҚАЗМ И сияқты сөздер.
Мұндай сөздер үш түрлі жолмен қысқарған.

    1. Орыс тілінде де, қазақ тілінде де құрамындағы сөздерінің толық түрінің де, қысқарған түрінің де тірке-су реттері бірыңғай келетін сөздер,, мысалы:

КазССР (Қ азақ Советтік Социалистік Республика-сы), ҚазМ И ( Қазақ медицинальщ институт), ҚазТАГ ( Қазақстан телеграф агенттігі), Обком (облыстық коми-тет), Облсовет (облыстъщ совет).


  1. К азақ тілінің өзіне тән сөз тіркесу заңына лайык қыскартылып жүрген сөздер: ККПҚазақстан Қомму-нистік Партиясы.




  1. Орыс тіліндегі сөз тіркесу заңына лайық кысқа-рып, казак жұртшылығына түсінікті болып енген сөздер: ССРО, СОКП, ЧТЗ, ХТЗ, АЗТМ , колхоз, совхоз т. б.

Күрделі атау сөздер мынадай төрт түрлі жолмен қыс-карады:


1. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір жеке

  1. ө зд ін . тек баскы дыбыстарынан ғана қыскарып бірігеді (ССРО, АҚШ ).




      1. Күрделі атаулардың күрамындағы бірінші сөздің. баскы буынынан және соңғы сөздердің баскы дыбыста-рьінан қысқарып бірігеді (ҚазССР, ҚазМ И).

      2. Күрделі атаулардың кұрамындағы әрбір сөздін басқы буындарынан ғана кысқарып бірігеді (партком, обком, колхоз, совхоз).




    1. Күрделі атаулардың кұрамындағы алғашқы сөздің

басқы буыннан және соңғы сөздің түбір күйінде айты-луьгаан күралады (партбилет, партбюро, пединститут).


Қыскарған сөздердің айтылуы жазылуындай бола бермейді.
Басқы дыбыстардан қыскарған сөздер бірыңғай бас

әріппен бір сөз ретінде қосылып жазылады. Мысалы:



ССРО, СОКП, АҚШ , чтз, хтз.
Бірінші сөздің баскы буынынан және соңғы сөздер-дін баскы дыбыстарынан кысқарған сөздер араларына ешқандай белгілер койылмай, алғашкы буынның бірін-ші дыбысы және соңғы сөздерден алынған әрбір жеке дыбыс бас әріппен (бірге) жазылады (ҚазССР, ҚазМ И).
Әр сөздің басқы буындарынан кыскарған сөздер де, алғашқы сөздің буыны мен соңғы тұтас сөзден бірігіп кысқарған сөздер де, араларына ешкандай белгілер ко-йылмай, бірыңғай кіші әріппен бірге жазылады (парт-ком, колхоз, компартия, партбюро, пединститут, комсо-мол).
* * *
Қысқарған сөздердің қатарына шартты таңбалар да жатады. Бірақ бүлар жоғарыдағы күрделі атаулардай емес, тек ж азу жүзінде қолданылатын белгілер ретінде ғана жұмсалады: Мысалы:
см сантиметр; мм миллиметр; га гектар; тм текше-метр; т тонна; кв киловатт; т. б.— тағы бас-Қалар; т. с.— тағы сондайлар; т. г.— тағы тағылар.

124



Екінші бөлім
СӨЗ ТАПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МОРФОЛОГИЯЛЫҢ ҢҰРЫЛЫМЫ


§ 37. СӨЗ ТАПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ ТУРАЛЫ
Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әрі тілдің кұрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Мысалы, бастауыш, орта, жоғары мектеп-терде тілді оқытудыц негізгі түйіндері, сайып келгенде, сөз таптарына, солардың айналасына шоқталады; сон-дай-ак, тілдің грамматикалық құрылысына байланысты көптеген мәселелерді алсақ, оларды сөз таптарына бай-ланыстырмай зерттеу де, шешу де мүмкін емес. Солай болса, сөз таптары жайындағы мәселелер тілдің грам-матикалық кұрылысының, сөздің грамматикалық құры-лымының әрі кіндік қазығы, әр негізгі арқауы сияқты мәселелер. Шынында, тереңірек үңілсек, сөз табы грам-матиканың көптеген түйіндерін шешетін арқау ғана емес, оны (грамматиканы) лексикамен байланыстыра-тын да негізгі баспалдақ сияқты. Сөздің морфология-лық күрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын (түбірін, негізін, қосымшаларын) талдаумен ғана тын-байды, оның бүкіл грамматикалық жүйееін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерт-тейді. Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, алды-алдына талдау грамматиканын негізгі өзегі, ең түйінді, ең басты мәселесі.


  1. азақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық (формальдік) белгілеріне қарай, ең ал-дымен, үш үлкен топқа бөлінеді. Олар — атаушы сөз-дер, көмекші сөздер және одағай сөздер.

А т а у ш ы с ө з д е р , өздеріне тән дербес мағынала-ры болатындықтан, коммуннкацияға негіз^болып, кон-текстен тыс та, контексте де қажетіне қарай қолданылз
126

береді; олар сөйлемде грамматнканың заңы бойынша түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, өз алдына мүше бола алады; ол сөздерден қалыптасқан белгілі тәсілдер бойынша жаңа сөздер тудыруға да болады. Сөйтіп, атаушы сөздер дегеніміз — өздеріне тән лекснкалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай, үстеріне әр қнлы косымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен әр алуан карым-қатысқа түсе алатын дербес сөздер.





  1. ө чм е к ш і с ө з д е р , мағыналық дербестігі бол-майтындықтан, тек контексте атаушы сөздермен селбе-сіп кана жұмсалады да, өз алдына дербес сөз ретінде қолданылмайды. Осыған сәйкес, олар сөйлемде өз ал-дына мүше бола алмайды, тек атаушы сөз арқылы жа-салған мүшенің құрамына енеді де, сол мүшелерді өз ара жалғастыруға дәнекер болады; көмекші сөздерден негізінде жаңа сөздер жасалмайды. Сонымен, кемекші сездер дегеніміз — өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған, лексикалық мағыналарынан гері грамма-тикалық мағыналары басым болу себебінен көбінесе әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп, әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.

О д а ғ а й с ө з д е р деп ешқандай да ақиқат үғым-дарды білдірмейтін, тек адамның әр алуан көңіл күйі мен әр килы сезім райларын білдіру үшін қолданылатын (бірақ олардың атаулары есебінде жүмсалмайтын)- сөз-дерді айтамыз. Одағайлар шығу тегі мен қалыптасу та-бнғатының ерекшелігіне қарай, өзге сөздермен ешқан-дай да грамматикалық қарым-қатынасқа түспейді. Сол себептен одағайлар белгілі бір сөйлемдерге қабаттасып жұмсалатын жа>рыспа сөйлемдер ретінде жұмсалғанда-рымен, бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайды.


Бұл аталған үш топ сөздер өзара бір-бірімен жіті . байланысты. Мысалы, көмекші сөздер мен одағай сөз-дер үнемі дерлік атаушы сөздерден нәр алып, корланып отырады. Бұған — атаушы сөздерден туған шылау сөз-дер мен одағай сөздердің тарихы куә. Мысалы, бәрекел-ді, әттегенай, тәйірай,' ойпырмай, мәссаған тәрізді одағайларды, сондай-ақ, дегенмен, болмаса, сондықтан, өйткені, ендеше, біресе, бірде, шейіін, туралы, сияқты, Ңарай, гөрі тәрізді көмекші сөздерді алсақ, осылардың бәрінің де түпкі төркіндері — атаушы сөздер. Сонымен Қатар, өзді-өздеріне тән ерекше сыр-снпаттары бар бұл ҮШ топтың өзді-өзіне іштей сара-сара топтарға бөлінеді.
127

Атаушы сөздер — осы үш топтың ішіндегі әрі ең көбі де, әрі ең негізгі үйтқысы және тіліміздің бүкіл сөз бай-лығынын барлық шұрайы да, негізі де болып табылады. Атаушы сөздерді, ерекшеліктері ыен снпаттарынын бір-біріне жақын белгілеріне карай, іштей бірнеше лексика-грамматикалық топтарға бөлуге болады. Мысалы, олар-ды, ең алдымен, есімдер және етістіктер деген екі са-лаға бөлуге әбден болады. Бірақ есімдер де іштей бірдей емес. Мысалы, зат есім, сын ееім, сан есім, есімдіктер шінара ұқсас, үстеу сөздер мен еліктеу сөздер өзара бір-біріне жакын. Осыған орай, шартты түрде, есімдер-дің алғашқы тобын атаушы есім деп, соңғы тобын үстеу-ші есім деген екі салаға жіктеуге болады. Ал, етістіктер өз алдына бір топ. Атаушы сөздерді осылайша үш топка бөлу, әрине, белгілі бір принципке сүйенуден шыкқан. Ол принцип бойынша жіктегенде, бұл сездердін мате-риалдық (заттык) мағыналары таяныш етілмейді, топ-тобына тән қатегориялық семантика сүйеніш етіледі. Ал. осы принципке сүйене отырып бағдарласақ, атаушь есімдер заттық үғымдардың және ойша зат ретінде тұс-палданатын түсініктердің аттарын, сондай-ак, заттарға тән әр алуан тұрақты белгілер жайындағы түсініктер-дің аттарын білдіреді. Үстеуші есімдер әр килы іс-әре-кеттің (амалдың) белгілерін және белгінің белгілерін білдіреді. Етістіктер амал-кимыл (процесс) ретінде қа; былданатын әр алуан іс-әрекеттің, қилы-қилы көріністе-рінін аттарын білдіреді.
Сейтіп, атаушы сөздердің аталған уш тобының бір-бірінен ажырайтындай айкын-айқын шектері бар. Бірак олардың шекаралары жабык емес, өйткейі тілдің даму процесінде (қолданылу дағдысында) есімдерден етістік-терге, керісінше, етістіктерден есімдерге сөздер ауысып' отырады; есімдердің өздері де іштей ауысып, мысалы, кейбір сөздер зат есімнен сын есімге, керісінше, сын есімнен зат есімге, өзге есімдерден (сын есімнен) есім-дікке, үстеуге, сондай-ақ, етістіктерден есімдерге көшіп отырады.
Көмекші сөздер де, ерекшеліктеріне қарай, іштей жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер деп аталатын топтарға бөлінеді. Сондай-ақ, одағай сөздер өзінше іш-тей тністі жіктерге бөлінеді. («Одағай сездер» деген та-қырыпты қараңы з). Бірақ одағайлардың саны аз, се мантикалық және морфологияльіқ ерекшелігі бірыңғай
болып келетіндіктен, іштей бөлу мәселесі соншалыкты кнын соқпайды.
Тілдегі барлық сөздерді грамматикалық жағынан топтастырғанда, екі түрлі нысана «темір қазық» («шам-‘ шырақ») болуға тиіс.
Біріншіден, барлық сөздер, күллі сөз таптары тілдің сөздік құрамына енеді. Қай сөз табына енсе де, сөздер-дін лексикалық жағы ескерілуге тиіс. Ал, сөздердің лек-сикалык жағын ескеру деген сөз — олардың семантика-лық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Олай болса, әрбір сөз табына енетін сездер лексикалық тұрғыдан каралып талдануы қажет.
Екіншіден, барлық сездерді белгілі-белгілі грамма-тикалык сөз таптарына телу, олардың езді-ездеріне тән түрлену, өзгеру жүйесін, сөйлем мүшесі болу кабілетін, өзге сөздермен тіркесу ерекшелігін анықтап, жан-жақты снпаттама беру мәселелері—• тікелей грамматикада қа-ралатын мәселелер. Ендеше, қанша сөз табы болып, оларға қанша сөз енсе де, барлығының грамматикалық жақтары ескерілуі қажет. Ал, сөздердін, сөз таптарының грамматнкалық жақтарын ескеру деген сөз — олардың грамматикалық сипаттарын аныктау дегенмен бірдей. Солай болса, әрбір сөз табы және оларға енетін жеке сөздер грамматикалық тұрғыдан да қаралып талдануы f қажет.
Сөйтіп, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) жақтары да бірдей ескерілуі керек.
Тіл-тілдегі сөздердің семантикалык (лексикалык) жактарында жалпылық та, ұқсастық та, тіпті пара-пар-лық та бола береді, өйткені сөздің семантнкасы ойлау категорнясымен тікелей байланысты болады; ойлау қа-білеті арқасында ақиқат өмірдегі кұбылыстардың бәрі Де адамның ойлау елегінен өтіп қабылданады. Ал, тілдің грамматикалық құрылысын алсақ, оның сипаты бұлай емес. Жүйелері басқа-басқа тілдер былай тұрсын, шық-Қан төркіні бір, туыстас тілдердің өздерінің де грамма-тикалық құрылыстарында өздеріне ғана тән, өзгеде жоқ, еРекшеліктері бола береді. Мысалы, казақ тілі мен үй-ғьір тілі туыстас тілдер бола тұрса да, әрқайсысының ®3ДІ-өзіне ғана тән айырым ерекшеліктері бар. Сол се-


  1. бептен де бұл екі тіл бір тіл болмай, біреуі — қазақ тілі, бфеуі ұйғыр тілі болып калыптасқан. Ол екеуінің ара-

128


сындағы фонетикалык, лексикалық ерекшеліктер былай тұрсын, грамматикалық айырмашылықтардын, өздері де айтарлықтай. Мысалы, қазақ тіліндегі сын есімде өзіне тән шырай категориясынын арнаулы -лау (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) формасы бар, сол форма ұйғыр тіліндегі сын есімде жоқ. Сондықтан мұны есепке алмасқа бол-майды. Сондай-ақ, -рақ (-рек, -ырақ, -ірек) формасы үй-ғыр тілінде (сол снякты, татар, түрікмен тілдерінде де) тек сын есімге ғана емес, етістіктің көсемше түрлеріне де жалғана беретін қосымша болса, осы форма (-рақ, -рек...) қазақ тілінде тек сын есімге ғана тән категория-лық көрсеткіш (форма) есебінде қызмет ететінін ескер-меске шара жоқ. Ендрше, сөздерді таптастыру жөнінде барлық тілдерге бірдей, жапа-тармағай қолданыла қо-йылатын бір «жалпылама», универсалдық принцип бол-масқа тиіс, өйткені тіл-тілдің бәрінде бірдей дәлме-дәл келетін бірыңғай грамматикалық белгілер де (форма-лар да) болуы мүмкін емес.
Әдетте, сөз табы деп жалгіы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып ке-летін сөздердің тобын айтамыз. Ендеше, сөз табының мазмүны осындағы лексика-грамматикалық деген қос сөз арқылы айтылған екі компоненттің бірлігінен күра-лады. Бірақ мұндағы бірінші бөліктің мазмұнынан таза лексикалық семантнканы ғана емес, грамматикалық,се-мантнканы, яғни заттық, амалдық, сапалық, сандық... Де-ген тәрізді тым жалпы мағынаны білдіретін семантика-ны кабылдау керек. Грамматикалық семантика деген үғымға сөздің материалдық я лексикалық мағынасы емес, заттын атын, заттың амал-ісін, заттың сапалық, сандық я басқа (қатыстық) белгілерін, амал мен бел-гініц белгілерін және басқа да солар сияқты материал-дық ерекшеліктерді білдіретін семантика-грамматика-лық мағыналар енеді. Бүдан, әрине, сөздін. лексикалық мағынасы тіпті ескерусіз калады екен деген түсінік ту-масқа тиіс. Өйткені дербес лексикалық мағынасы бар сөз белгілі бір сөз табына енеді де, оған әрі таяныш есе-бінде қызмет етеді. Егер де мүндай байланыс болмаса, жалпы лекснка мен грамматикада ешқандай қатынас-тар да болмаған болар еді.
Ал, қос сөздің екінші бөлігінің («грамматикалыК* деген компонентінің) мазмүнына*белгілі бір сөзге тәв грамматикалық категориялардың және олардың жаса-лу, түрлену формаларының мағыналары енеді. Бүл ар8'
дағы грамматикалык. мағына деген ұғымға белгілі бір сөздій жаңадан сөз тудыру, сөз түрлендіру, сөз байла-ныстыру жүйелерінің мағыналары мен формалары, де-мек, бүкіл морфологнялық белгілері (сыр-снпаттары) және сол сөздің сейлемдегі қызметтері, өзге сөздермен тіркесу қабілеттері, демек, бүкіл синтаксистік белгілері (сыр-сипаттары) енеді. Қысқасы, сөздің лексика-грам-матикалық белгілері деген термин белгілі бір сөзге, сөз табына тон бүкіл лексикалық (семантикалык) морфоло-гиялық және сннтакснстік сыр-сипаттарды түгел қам-тиды.

Сөз табының лексикалық (семантнкалык), грамма-тикалык (морфологиялық және синтаксистік) белгіле-рін дүрыс ашу үшін, осы аталған семантикалық, морфо-логиялык және синтаксистік белгілердің үшеуін де бір-дей түгел қамту қажет. Өйткені, егер осы үш белгініц үшеуі де тегіс қамтылса, сездің мазмүны да, материал-дық (морфологиялық) формасы да, синтаксистік функ-цнясы да түгел ескеріледі.


Дегенмен, сөздердің бәрінен бірдей осы үш белгі теп-тегіс табыла бермейді, ендеше, кейбір сөз таптары үшін белгілі бір принципті негізгі етіп алып, өзгелерін я қос-шы (көмекші) принцип етіп, я болмаса, тіпті қолданбай-ақ қоюға да әбден болады. Мысалы, одағай сөздерді анықтау үиіін морфологиялық белгіні іздеп жатудың ка-жеттігі де болманды. Сол сияқты, шылау сөздерді анық-тау үшін, тек олардыц семантикасын және сөзбен, сөй-леммен тіркесу ерекшеліктерін ғана негізге алмаса, олардан арнаулы морфологиялық формалар іздеудің қа-жеті жоқ. Сондай-ақ, үстеу сөздер мен еліктеу сөздерді анықтауға олардың семантикасы мен синтаксистік функ-циялары ғана тірек болады, морфологнялық белгі тек қостаушы ретінде ғана қаралады. Сөйтіп,г кейбір сөз та-бын анықтау үшін, үш белгінің (прннциптің) үшеуін де бірдей қолдануға болса, кейбір сөз таптары үшін я екі белгіні ғана, я бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал, егер бір ғана белгіні таяныш етерліктей болса, ондайда тек семантикалық белгі ғана тірек болуға тиіс. Олай болатын себебі — сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі — оның семантикасы.
Қазақ тілінде тым ерте замандардан бері қарай әрі есім, әрі етістік мауынасында колданылатын омошім
.сөздер бар. Ондай омонимдер лексика-семантикалық ^ақтан қарағанда, бір негізден шыққандығы аңғарылып

130

131


тұратын сөздер болса да, грамматикалық жақтан бір сы-нары есім, бір сыңары етістік болып келеді. Бұлардың катарына, мысалы, той, көиі, тоң тәрізді түбір омонимдер мен қызық, қанық, тынық, кіріс тәрізді туынды омоним-дерді жатқызуға болады. Мысалы, «Қаратаудың басынан көш келеді. Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» (\а-лық өлеңі) дегендеп көш сөзі де, көиікен сөзі ре, «Тойғс барсаң, тойып бар» (макал) дегендегі тойға сөзі де, то-йып сөзі де, сол сиякты, қызық, қанық, тартыс тәрізді ту-ынды омоннмдер де — әрі есім, әрі етістік болып колда-нылатын сөздер. Мұндай омоннмдерден жаңа туынды сөздер, басқа туынды формалар жасайтындай жағдай-да, олардың есім сыңарлары есімдерше, етістік сыцарла-ры етістіктерше түрленіп, (мысалы: көшші, көш басын-да, тойшы той басында; көшкен, көіиер, көиісе; тойған, тойып, тойса т. б.) соларға тән категориялық формаларды иелене кетеді. Сондыктан сөздерді таптастырғанда, мұн-дай омоннмдердің есім сыңарлары есімдерге, етістік сыңарлары етістіктерге жатқызылып, сол сөз таптары-ның аяларында каралуы керек.
Сонымен қатар, тілімізде мағыналары әр түрлі сөз-дердің ішінде бір мағынасына қарасаң, зат есім, екінші мағынасына қарасаң, сын есім болып келетін сөздер де жоқ емес. Мысалы, жарық деген сөз, «Бөлмеге жарық түсті» дегенде зат есім болса, жарық бөлме, жарың ай дегендерде, сын есім болады. Сондай-ақ, тең деген оөз әрі зат есім (мысалы: буылған тең, туйеге артыгған тең), әрі сын есім ретінде (мысалы: тең қурбы; тең пра-волы; ол екеуі бір-біріне тец) жұмсалады. Сөздерді тап-тастырғанда, тілдегі мұндай кұбылыстар да ескерілуі қажет.
Тілдің даму барысында сөздің мағыналык шеңбері кеңеюмен байланысты, грамматнкалық -дабиғаты мен қызметі де өзгереді. Осындан процестіқ_нәтижесінде кей-бір сөздер бір сөз табынан басқа бір сөз табына ауыса-ды. Мұндай жағдайда ол сөздің бұрынғьг мағынасы мен грамматикалық кызметінін. үстіне жаңа мағына мен жана грамматикалық қызмет үстеледі. Мысалы: Хасеннің ба-сынан қалпағы ушып тусті. Каратаудың басынан көш келеді. Жумысты басынан осылай уйымдастырУ ксрек еді деген үш сейлемде де түбірледі дд, қосымшалары да бірдей басынан деген сез бар. Бірақ осы үш сөздің ма-ғынасы да, қызметі де бірдей' емес. Бірінші сөйлемдеп басынан деген сөз өзінің бастапқы лексикалык (мате-
риалдық) мағынасында колданылып, сөйлемде өз алды-Иа мүше болып тұрса, екінші сөйлемдегі басынан сөзі бастапкы лексикалық мағығіасын сәл солғьшдатып, сөй-лемнің дербес мүшесі бола алмай, өзінен бұрынғы ілік жалғаулы Қаратаудың деген сөзбен селбесіп барып, күрделі мүшенін күрамына еніп тұр. Демек, екінші сөй-лемдегі басынан сөзі негізгі зат есімнен көмекші есімге айналған. Ал үшінші сөйлемдегі басынан сөзі мағына жағынан да, кызмет жағынан да ауысып, тіпті баска сөз табына (үстеуге) көшкен. Өйткені бүл соңғы сөй-лемдегі басынан. деген сөз әуелден (әуел-бастан, ал-ғашкыдан) деген мағына беріп, ңайдан? деген сүра\ ға жауап бермей, қаіианнан? деген сүрауға жауап беретін болып, ең әуелі мазмүны жағынан, содан кейін кызметі жағынан ауысып, біржолата үстеу категориясына көш-кен. Әрине, бүгл сөз үстеуге бірден көшпеген, бірте-бір-те дамып, бастапқы шығыс септік жалғауының форма-сында көнеленіп барып калыптасқан. Соңғы үстеу сөз езінің әуелгі төркініне тек сыртқы жамылышы жағынан ғана ұқсас көрінгені болмаса, семантикалық мағынасы мен синтаксистік снпаты жағынан бастапқы төркінінен біржолата қол үзген. Дәл осы сияқты ерекшелікті «Бул ауылдың адамдары шетінен шебер. Бул сөзді сен маған басында неге айтпадың» дегендерден де байқауға бола-^ды. Сондаи-ак, кейін, соң, әрі бірге, бірден, бірде, жатқа тәрізді сөздердің мағыналары мен қызметтерінен де осындаи сырлар аңғарылады. Сездерді таптастырғаида, осы айтылғандай, кейбір сездердің, олардың формала-рының ауысуы, саралануы сияқты жағдайлар да еске-рілуі керек.

Сөйтіп, қазіргі қазақ тіліндегі барлық сөздер ең әуе-лі атаушы свздер, көмекші с ө зд е р және




  1. д а ғ а й с ө з д е р деген үш топқа бөлінсе, ол топтар лекснка-грамматнкалық жақтарынан сараланып, ішіна-ра тағы да топ-топтарға бөлінеді. Мысалы, атаушы сездер әуелі ес імд ер және етістіктер деген топ-тарға бөлінсе, есімдердің өздері іштей а т а у ш ы е с і м - Дер және ү с т е ш у і е с і м д е р болып жіктеледі. Ал, атаушы есімдер іштей зат есім, сын есім, сан есім, есім-Дік деген сөз таптарына сараланса, үстеуші есімдер ■Штей үстеу сөздер мен еліктеу сөздерге бөлінеді.

Сонымен, жоғарыдағылардың бәрін жинақтай кел-t!!eHAe, қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 топка б®лінеді:


132 133


1.

Зат есім

6.

Үстеу сөз

2.

Сын есім

7.

Еліктеу сөз

3.

Сан есім

8.

Көмекші (шылау) сөз

4.

Есімдік

9.

Одағай

5.

Етістік








Сөз топтары мен таптарының схемасы

IV т a р а у


ЗАТ ЕСІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет