Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет28/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
1568787114410

§ 94 ЕСІМШЕЛЕР

Бір алуан жұрнақтар етістік негізіне жалғанып, олардан етістік қасиеті де, есім қасиеті де бар есімше Деп аталатын жаңа категория тудырады.

Есімге де, етістікке де телі бұл категорияға тән фор- Малар (есімшелер) колданылу ыңғайына карай көптік, 1 тәуелдік, ссптік, жіктік жалғауларында жумсалып, сөй- Демніц барлық мүшелері де бола алады. Мысалы: Біз-

299


дің білетіндеріміз — осылар; Құлақ есіткенді к»з көре- ді; Аптылар сөз айтылады; Біз ертен киноға бармақпыз; Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп деген сөй’ лсмдерді алсак, олардағы: біл-етін-дер-іміз — бастауыщ, есіт-кен-ді — толықтауыш, айтыл-ар — анықтауыш, бар- мақ-пыз — баяндауыш болып тұр. Ал, ал-ар-ман-ға, бер- ер-мен ге деген есімшелерге жұрнак (-ман, -мен), одан кейін барыс септіктің косымшасы жалғанып, то- лықтауыш болып тұр. Бұдан есімшелерге (білетін, есіт- кен, айтылар, бармақ, аларман, берермен) көптік, тә- уелдік, септік, жіктік жалғаулары мен жұрнақ косылуы нәтпжесінде олардың колданылу аясы кенейіп, синтак- систік кызметтерінің өрісі ұлғаятыны және осы ерекше- лік казак тіліндегі есімшелерге үйреншікті екені анық көрінеді. Оның бер жағында, есімшелердің бұл ерекше- лігі олардың (есімшелердің) әуелгі теркіні қимыл атаулары болып, бүрын осындай қызметтерді атк.ара« тын машықтары кейінгі кездерде де бойларында сақта- лып калғанын атай кеткен жен. Бірак есімшелер кимыл атауынан алған әдет-машықтарын бойларында сактау- мен қатар, етістікке тән қасиеттерін де ұмытпаған. Яғни есімшелер, амал-әрекет атауы болуымен байланысты, әрі жиі, әрі ұзақзамандар бойы баяндауыш та болып жүм салуы нәтижесінде бірте бірте шақтық мағынаны білдіру қаспетіне де ие болған. Сөйтіп, бастапқы қимыл атауына тән формалар, осы айтылғандай, әрі есім кабілетін бо- йыпа сақтап, әрі етістіктің семантикасы мен шақты біл- діру касиетін иеленіп, қазіргідей өз алдына дербес есім- ше категорнясы болып калыптасқан.

Сонымен, көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулар- да түрленіп, сөйлемде барлық мүше бола алатын морфо- логиялық және синтаксистік сипаттары бар (бүл жа- ғынан есімдерге ұқсас), амал-эрекеттің атауы болу, се- мантикасы мен шақтық үғымды білдіру қабілеттері де бар (бүл жағынан етістіктерге ұксас) телі формалар есімшелер категориясы деп аталады.

Есімшелерге үйреншікті сипат болып қалыптасқан субстантивтік (әрекетті істеушінін, аты болу), атрибут- тык (заттың әрекеттену белгісі болу), преднкаттық (ба- яндауыш болу) қызметтер бұл формалардың жалпы грамматикалық (категориялық) та, жалқы грамматика- лык. (шақты білдіруі) та мағыналарынан туған. БіраК есімшелер осы функцняларды амал-әрекет түрінде емес, қимылдың белгісі я сипаты түрінде көрсетеді, өйткені,

300

эдсттс, субъектінің қимылын білдіретін етістіктер (ал- ды, алады: берді, береді
т. б.) есімшеге айналғанда (мысалы: алған, алар, алатын т. т.), сол субъектінің қи- мылына емес, онын, белгісіне кешеді. Дегенмен, сейлемде к.андай кызмет атқарса да, есімшелер өздерінің негізгі сипатынан — шақтық мәнді білдіру қабілетінен айы- рылмайды. Осы сипатына орай, есімшелер категорнясы есімдер тобына емес, етістіктер тобында қаралады. Ен- деше, есімшелер етістікке жіктелу сипатына карап жат- дызылмайды (өйткені қазак тілінде баяндауыш болған сөздердің бәрі де жіктеледі), шақ сипаты болатынды- ғына карай жаткызылады және есімшелерді таптастыр- ғанда, олардыц осы сипаты негізге алынады.

Осы айтылған қасиетіне қарай, есімше формалары өткен шақ есімше, осы шақ есімше, келер шақ есімше болып үш салаға бөлінеді.

  1. Есімшенің өткен шақ түрі етістік негізіне -ған (-ген -кан, -кен) жүрнағы мен -атын (-етін) жұрнағы жалға- ну арқылы жасалады.

а) -ған жұрнағы арқылы жасалған форма, сөйлемніц кай орнында калай түрлендіріліп жұмсалса да және құ- рылымы жалаң я күрделі түрде колданылса да, дәйім өткен шақ мәнін білдіреді Мысалы: Мен ол кісіні талай көргенмін, талай әңгімелескенмін; Жазылған хат, оқыл- ған кітап көп-ақ, бірақ солардың бәрі де есте қалмаған екен; Қөп жасаған білмейді, көп көрген біледі; Жылтьі- рағанның бәрі алтьін бола бермейді т. б. Бұл мысалдар- да, түрленіп те, түрленбей де қолданылуына қарай, өт- кен шақ есімшеден болған бастауыштар да, анықтауыш- тар да, баяндауыштар да бар, бірақ солардыц бәрінеп де өткен шак мәні аңғарылады.

Бұл форма косарланып та жұмсала береді. Мысалы: кврген-білген, келген-кеткен, көрмеген-білмеген т. б.

Өткен шақ есімшеден мынадай жұрнақтар арқылы туыцды сөздер жасалады:

  1. -ша, -ше: алғанша, келгениіе, айтқаніиа, кеткениіс...

  2. -дык, -дік (-тық, -тік): оқығандық, білгендік, көр- гендік, көрмегендік, жазғандықтан т. б.

  3. -дай (-дей): айтқандай, білгендей, көргендей...

  4. -сы (-сі): оқығансы, білгенсі, көргенсі, айтқансы...

Ескерту: -аған (-еген) қосымшасы қазак тілінде

Шактық мәннен айырылып, сын есім тудыратын жұр- иақка айналып кеткен (алаған, береген, жатаған, қа- 6аған, сүзеген, тебеген, ңашаған т. б.).

301


Әдетте, өткен шак есімше формасына «екен, еді, бол» көмекші етістіктері, «білем, шығар» (модаль) сөздері және «тәрізді, сияқты, секілді» шылаулары тіркесіп аса жиі колданылады. Бұл дәнекерлердің әрқайсысы есім- шеге өзінше әр қилы қосымша модальдік ренк, шақтық мән үстейді. Мысальг Үйықтаған боло қалды; кслген екен; айтңан еді; барған шығар; естіген білем т. б.

ә) -атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы аркылы жаса- латын есімшенік қай мезгілді білдіруі контекске байла- нысты, өйткені оның қай шакты білдіруі айналасындағы сөздерге қарай ауысып отырады. Бірак бұл форада, әдет- те, бұрынғы я ертерек кезде болған амал-әрекетті ка- зіргідей етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін кебірек қолданылады да, осы шақ пен келер шақта бо- латын әрекетті білдіру үшін сирек жүмсалады. Оның бұл ауыспалы сипаты жүрнақтың күрделілігінен туған сияқты, мысалы, еткен шақтық мән жұрнактын қүра- мындағы әуелгі -ған (тұр+ган) белшегінен тнген енші болса, осы шақтық мән әуелгі -а (-е, -й) жүрнағы мен тұр етістігінен қалған болса керек. Ал -атын жүрнағы- ның келер шақтық мәні (баратын жүмысым бар; жөнел- тетін жолауіиыларым бар) сөз тіркестерінің аукымьтнан пайда болатын ерекшелік тәрізді. Мысалы: біздср уа- қыт-уақыт жиналатынбыз да, әлеуметтік жай, әдебиет мәселелері жөнінде пікір алысатынбыз, тіпті, кейде қат- ты таласатынбыз... сияқты тексте, әрине, еткен бір кез- дерде болған іс-әрекет жайында сез болып отырғаны айкын. Сонымен қатар, ол формадан еткен уакыттарда болған іс-әрекет бір жолғы қүбылыс емес, үнемі болып отырған, әдетке айналған, дағдылы машық болған амал- эрекет екені де бағдарланады. Осыдан бұл форманың, контекстке карай, бірде осы шақ, бірде келер шақ мә- нін білдіру касиеті калыптаскан. Өйткені Қолым тимей- ді, күнделікті істейтін ісім, атап айтқанда, беретік саба- ғым, үй-үйге кіріп, газеттен оқитын хабарым, арнай өт- кізетін әңгімелерім бар деген сияқты текстен. әрнне, дағдылы, үздік-создық тындырылып отыруға тиісті іс- әрекет аңғарылады. Ал ол баратынға ұқсайды, баратын сияқты дегендерді барғанға уқсайды, барған шығар тә- різді тіркестермен салғастырсақ, олардың алғашқылз- рынан келер шақ нышаны, соңғыларынан еткен шақ мә- ні айқын аңғарылады Сондай-ак, баратындай, келетін- дей дегендерді барарлықтай, келерліктей формалары- мен салыстырсақ, бүл мағьша онан да айқындала түсе-

302

ді. Сонымен, -агын (-етін), -йтын (-йтін) формалы есім- діе өткен кезде болған іс-әрекетті шүбәсыз етіп сурет- геу үшін кебірек қолданылса да, әредік күнделікті әдет- ке айналып істеле беретін қазіргі істі де, болашақта істелуге тиісті істі білдіру үшін де жұмсалады.

Баратын сияқты, баратын болар, баратын білем, ба- ратын болып отыр, баратын еді
деген тіркестерден -атын формалы есімшеніц мағынасына тіркескен дәнекерлер зркасында әр түрлі күмәндылық, айғақтылык, болжал- дық тәрізді реңктер жамалады.

  1. Есімшенің осы шак түрі, жоғарыда айтылғандай, контекске қарай -атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы ар- қылы жасалады. Бірақ бұл осы шақтың мағынасы сей- лесіп отырған кезді дәл атамайды,— дағдыға, әдетке айналған, үйреншікті болған, жалпы жүзеге асып оты- ратын я істеліп жататын әрекетті білдіреді. Осы себеп- тен бұл форма жалпы осы шақ есімшесі деп аталады. Мысалы, Сенің алғаның да, алатының да, аларың да ылғи алғыс дегендегі алғаның — өткен шақ, алаты- ның — осы шақ, аларың — келер шақ екені күмәнсыз. Дегенмен, есімшенің осы шағының мағынасы да, қыз- ыеті де сол есімшелердің езге шақ формаларымен, етіс- тіктің өзге формаларымен үнемі қарым-қатынасқа түсу, олармен тығыз байланысу нэтижесінде қалыптас- қанын ескерген жен.

-атын (-етін, -йтын, -йтін) формасы қай шақты біл- дірсе де, қажетінше, кептік, тәуелдік, септік, жіктік жал- ғауларын қабылдап, жұмсала береді. Мысалы: Түсін- бейтіндер, әдетте, оқымайды, тыңдамайды. Сенің түсінбейтінің де осындай қылығыңнан; Келетінімді бі- леді, күтетін болар т. б.

-атын формалы есімшеге -дай (-дей, -тай, -тей), -дық- тан жұрнақтары қосылып, туынды сөздер жасала бере- ді. Мысалы: айтатындай, баратындай, көретіндей; ба- ратындықтан, келетіндіктен, оқитындықтан т. б.

  1. Есімшенің келер шақ түрі етістік негізіне -ар (-ер,. -р) жұрнағы мен -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жүр- нағы жалғану арқылы жасалады.

а) -ар жұрнағы арқылы жасалатын есімше сейлемде Қай орында, қандай мүше болып қолданылса да, семан- тика жағынан үнемі келер шақ мағынасын білдіреді. Бі- Рақ бұл форманың қолданылу ерісі, есімшенің езге (ет- Кен шақ) формаларына қарағанда тар. Мысалы, -ар фор- Малы есімше анықтауыш қызметінде аз жұмсалады

303




да, көбінесе баяндауыш ретінде қолданылады; сондай-ақ, бұл форма тұрлаусыз мүше бола алады, бірак өзге есім- шелерге қарағанда, әлдеқайда сирек жұмсалады (болым- сыз түрі -бар-ма-с, кел-ме-с, айт-па-с, біт-пе-с, жаз-ба-с, үз-бе-с).
Бүл есімше тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те колданыла береді, бірақ оған еш уақытта көптік жал- ғауы қосылмайды. Мысалы: Қайіта кірер есікті қатты жаппа; Айырылар дос ердің артқы қасын сұрайды; Бер- местің асы піспес; Көрмес түйені көрмес т. б.

Бұл есімшенің болымды және болымсыз түрі кайта- ланып жұмсала береді де, түрлену ерекшелігіне орай, сөйлемде әр килы мүше бола алады. Мысалы: айтар- айтпастан, келер-келместен (тек пысықтауыш қана болады); болар-болмас бірдеме жиналыпты (анықта- уыш), келер-келмесі мәлімсіз (бастауыш) т. б.

Келер шақ көсемше екен, еді, емес дәнекерлерімен жэне -ақ шылауымен де жұмсала береді. Ондайда, әри- не, есімшеге күдік, сенім, шарт, болжал тәрізді косым- ша мағыналар жамалады (келер ме екен, айтар ма екен; барар еді, келер-ақ, айтар-ақ; келер емес, айтар емес т. т.).

Бұл формадан -дай (-дей, -тай, -тей), -лық (-лік...) жұрнақтары арқылы жаңа сөздер туады. Мыеалы: жы- лардай, ренжірдей (аз); көрместей, білместей (көп) т. б.

ә) -мақ (-мек...) жұрнағы арқылы жасалатыи есімше амал-әрекеттің алдағы уақытта жүзеге асуы анық, айкын (сенімді) екенін білдіреді. Мысалы: Тоты қүс түсті көбе- лек, жаз сайларда гулемек, Бәйшеиіек солмақ, күйре- мек. Олар осында келмек, біз оларды күтпекпіз т. б.

Бұл есімшеге -шы (-ші) формасы қосылып та жұмсала береді. Ондайда есімше амал-әрекетті білдірмегенімен, жүзеге асу үмітін нығайта, күшейте түседі (мен айтпац- шымын; олар жүрмекші). -мақ (-мек) формалы есімше әредік қана септеліп, тәуелденіп жүмсалғаны болмаса, негізінде аз түрленеді (Алмақтың бермегі болады).

-Мақ жүрнағы етістік негізінің болымсыз түріне қо- сылмайды. Сол себептен есімшеге (емес, жоқ) дәнекер- лері тіркесіп қана болымсыздық мағына білдіреді (кел- мек еілес, кел демек бар, кет демек жоқ).

Ескерту: 1. -мақ (-мек...) формасы арқылы туған есімшелерден зат есімге айналып кегкен сөздер аса көп (қуймақ, піспек. ілмек, шақпақ, соқпақ, қыспаң т. б.)-

  1. Қазіргі қазақ тіліндегі (алу, жазу), -ушы (сөй- леуші, өтінуші), -аған (-еген), -ашақ (келешек, бола•

304

іиақ), -мыс (турмыс, болмыс, жазмыш, алдамыш), -ман (аларман, берермен), -ды (-ді...) формалары ерте кезде есімше жүрнақтары болған. Бірақ бүлардың ішінен тек -ды (-ді) формасы ғана (бар-ды-м, кел-ді-м, оқы-ды-қ, айт-ты-қ...) бірыңғай таза өткен шақтың көрсеткішіне айналған; өзге формалар шақтық мәнді білдіре алмай- тындықтан, есім жұриактарына айналып кеткен.

§ 95. КӨСЕМШЕЛЕР

Етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдік және бас- ка мәндерді білдіретін ерекше формалар көсемшелер категориясы деп аталады^

Көсемшелер етістіктің' жалаң және күрделі негіздері- не, қимыл атауларына, есімшелерге, рай формаларына, көсемшелердің өздеріне басқа ешбір дәнекерсіз-ақ еркін тіркесіп, олардың белгілерін, сипаттарын білдіреді де, сөйлемде көбінесе динамикалы адвербиал (етістіктен болған пысықтауыш) болып қызмет аткарады. Көсемше- лердің осы касиеті оларды етістіктің өзге формаларыиан (категорияларынан) ерекшелендіріп отыратын негізгі жалпы грамматикалық (категориялық) сипаты болады. Мысалы: Ол күліп сөйледі; күле сөйледі; күліп (күле) •сөйлесті; күле (күліп) сөйлескенше; күліп. (күле) сөй- лескендей; күліп (күле) сөйлесе ме екен; күле сөйлесіп отырды т. б.

Мұнымен қатар, көсемшелердің барлық түрлері де бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола береді, бірақ олардын ішінен тек жіктелетін түрлері (-ып, -іп, -п; -а, -е, -й) ғана басыцқы сөйлемнің баяндауышы болады. Мы- салы: Жаңбыр жауып, жер көгерді; біз келмей, сен ор- ныңнан қозғалма; Күн суытңалы, үй де суыды; Сен кел- гениіе, біз үйде боламыз; Біз бүл кітапты оцыппыз; Қазір- үйге қайтамыз т. б. '

Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, Морфологиялық жағынан түрленбейді, демек, көптік, тә- Уелдік, септік қосымшалары қосылмайды, тек әредік ка- на жіктеледі, пысықтауыш және баяндауыш қана бола- Ды. Көсемшелер тек етістік негіздерімен, олардан өрбіген етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен, субстантив- тік, адъективтік қызмет атқармайды, тек пысықтауыш, баяндауыш болады және күрделі етістік компоненттерініц Күрамында негізгі я жетекші сыңар есебінде кызмет етеді.

305




Осыған орай, көсемшелердің әбден қалыптасқан дагдылы кызметі етістіктің белгісін білдіру болады. Рас, үстеулер де етістіктің белгісін білдіреді, бірақ үстеулер ол белгіні сөздін лексикалық семантикасы (ертең, бүгін, кеиіе, бу~ рын, кейін, соңыра,...)
арқылы білдірсе, көсемшелер ол үшін ездерінің қосымшаларын дәнекер етеді жэне көсем- шелердің осы семантикасында сәл де болса, шақтық мән я онын иышанасы болады. Қесемшенін шақтык қасиеті оның пысыктауыштық қызметінде көмескі де болуы мүм- кін, бірақ баяндауыш болғанда, шактык мәні айқын кө- рінеді. Мысалы: мен барып сөйлесейін; мен бара сөй- лесейін; мен баратынмын деген сөйлемдердегі бар етіс- тігінен туган көсемшелердің мағыналарын салыстырып керіңіздер.

Сонымен, кесемшенін жалпы грамматикалық (кате- гориялык) кызметі етістік айналасына байлаулы болса, мағынасы етістікке катысты белгімен байланысты бо- лады. Осы себептен де көсемшелер етістіктің негізгі бір

категориясы саналады. -

Бұл категорияның арнаулы формалары бар. Олар мыиалар: 1) -ып, -іп, -п; 2) -а, -е; -й (бұл екеуі жіктеле- леді); 3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі; 4) -ғанша, -генше, -қанша; -кенше (бұлар жіктелмейді).

Жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне орай, шакқа катысына қарай, кесемшелерге темендегідей қысқаша сипаттама беріледі.

  1. Өткен шақ көсемше етістік негізіне -ып (-іп, -п), -ғалы (-гелі, -қалы, -келі), -ғанша (-генше, -қанша, кен- ше) жүрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Өткен шақ көсемшенің бірінші түрінің мағынасы да, кызметі де орасан кеп. Олардың кейбір негізгі сыр-си- пат^ары мынадай:

Б^л форма дара түрде де (айтып; көріп), қайталанып та (айтып-айтып, көріп-көріп), қосарланып та (келіп-ке- тіп, көріп-біліп), бірінен соң бірі тізіліп те (мен бәрін көріп, біліп, түсініп, байыптап &аырмын), аналктика- лық етістіктің жетекші компоненттері ретінде де (айтып жібер; сүрініп кетіп жүрме) және жіктеліп те (айтыппын; көріпсің) жүмсала беред^ Осындай ситуацияларда кө- семше, біріншіден, сөйлемде амалдың белгіеін, бейнесін, мезгілін, тәсілін, себебін жәие баска сипатын білдіретін дара я күрделі пысықтауыш болады (мысалы: Мен ин- ститутқа оқуды аңсап келіп түстім; Ол мектепті жумыс істей жүріп бітірді; Олар кино көрейін деп. кетті; Ad-

306

fbin-айтып шаршадың т. б.)‘, екіншіден, бағыныңқы сөй- лемнің де, басынкы сөйлемнің де баяндауышы болады (мыеалы: Үйдегі шам сөніп, қараңгы түсіпті; Қозы f/іаңырап, бузау мөңіреп, қорсі у-шу болды; Біз келсек, сендер кетіп ңалыпсыңдар т. б.); үшіншіден, күрделі (аналитикалық) етіетіктің жетекші компоненті болып к,ызмет етеді (мысалы: Шөлдеп кеттім; Үйыңтап қала оюаздады; айқайлап жіберді т. б.); тертіншіден, бүл фор- ма жедел бірінен соң бірі, бірімен-бірі жалғаса, бірімен- бірі жарыса-қабаттаса істелген бірнеше амалдын. не бейнесін, не бірнеше амалдың езін білдіретін бірыңғай мүше бола береді (мысалы: мен ерте түрып, жуынып, тамақ іиііп, гсізет-журналдарды қарап шыгып, киініп жумысқа кеттім).

Көсемшелер, жоғарыда айтылғандай, мезгіл мәнін шақ категориясыидай толық білдірмегенімен, оиыц бір нышанын контексте білдіре алады. Осы соңғы қаснет ке- семшелердің өзге формаларынан гөрі -ып (-іп, -п) форма- лы түрінде айқын білінеді. Мысалы: «мен барыппын, сіз барыпсыз, ол барыпты» дегендердің бәрінде де өткен шақмәнібар. Рас, бүлардағы еткен шақтын. айқын білі- нуіне жіктік жалғауы ерекше қызмет етіп тұрғаны дау- сыз. Бірақ Кар жауып, үй суыды деген қүрмалас сөй- лемнің бағыныңқысындағы жіктелмей тұрған баяида- уыштан да өткен шақ мәні анық байқалады. Ал көріп келдім; естіп келді дегендердегі пысықтауыштардын (көріп, естіп) семантикаларынан еткен шақ мәні күң- гірттеу аңғарылады. Сондай-ақ, айтып жібер, біліп қой, оқып шьщ... тәрізді аналитикалы етістіктердегі жетекші (айтып, біліп, оқып) компоненттерден де еткен шақ ма- гынасы емес, амалдың (істін, әрекеттін) тиянақтылығы,. іыңғылықтығы тәрізді реңк қана сезіледі. Сөйтіп, көсем- Шенің бүл -ып, (-іп, -п) түрінін осы семантикалық сипаты оны өткен шақ форма деп атауға негіз бола алады.

Ал көсемшенің -ғалы (-гелі, -қалы, -келі) және -ған- Ша (-генше, -қанша, -кенше) жүрнақтарыныц шақтық мәні контексте қолданылу ыңғайына карай, бірде өткен Шақ, бірде келер шақ реңкіне кешіп отырады. Мысалы, Сізбен танысқалы көп болган сияқты, көріспегелі көп Уақыт өтті дегендегі танысқалы, көріспегелі көссмшеле- Рінен анысқаннан бері», «көріспегеннен бері» деген ма- ғына түсініледі. Сондай-ақ, Демальісты үйде өткізген- toe. саяхатңсі кетсем-ші дегендегі өткізгенше көсемшесі

S07


-«■өткізгеннен көрі» деген мағынаны білдіреді. Бұл мағы- налар, әрине, өткен шақ реңкінде қолданылған. Өйткені өткен іске өкінгендікті бағдарлатады. Сөйтіп, -ғалы (-ге- лі.„), -ғанша (-генше...) журнақты көсемшелері контекст ыңғайына карай, өткен шак мәнін білдіретіндіктен, ауыспалы өткен шақ деп аталады.

  1. Осы шақ көсемше. Бұл формаға -а (-е, -й) жұрна- гы арқылы жасалатын көсемше жатады.

Бұл көсемшенщ де мағынасы мен кызметі өте көп. Оның негізгі сипаты төмендегідей:

Көсемшенің жалаң түрі (айта, сөйлей, келе), қосар- ланған түрі (айта-айта, сөйлей-сөйлей, көре-біле, жата- жастана), күрделенген түрі (айта келе; көре сала) етіс- тік негіздерімен, олардың туынды формаларымен жа- тырқамай тіркесіп, еркін жүмсала береді. Осындай тіркестердегі бүл көсемше мынадай қызметтер атқа- рады:

Біріншіден, -ып формалы көсемше сияқты амалдыц белгісін, мезгілін, тәсілін, максатын, себебін, баска амал- мен жарыстырыла я жол-жөнекей (бірақ негізгі амалдан бүрын) істелу сипаттарын білдіреді. (Мысалы: Ол әрі сөйлей, dpi жүгірё жөнелді; Мен етпеттей жығылдым; Мен жүре келе көп нәрсеге түсіндім т. б. Лл түс ауа, кеш бата, ай туа, таң ата, ел жата, ел орынға отыра, ыстық түсе... тәрізді күрделенген формалар мезгілді біл- діреді);

Екіншіден, құрмаластың бағыныңкысында, жалан және жай сөйлемдер де баяндауыш болады (Қүс үша- ды; бүзау мөңірейді; жастар ән салады, би билейді т. т.). үшіншіден, көбінесе аналитикалық етістіктің жетекші компоненті болады (айта сал; бере тұр; ала қой; қүлай кетті; жығыла жаздады).

Көсемшеніц бүл түрі, әдетте, ауыспалы осы шак формасы деп аталады. Қолданылу ыңғайына карай, бүл форма контексте осы шақ мәнін де, келер шақ мәнін де білдіреді.

Екі кісі алма-кезек жен сүрасатындай жағдайда (мы- салы:—Қайдан келесің?үйден келемін т. б.), белгі- лі бір окиға я күбылыстың қазіргі жайын суреттегенде (мысалы: совхоз шаруашылығы өсіп келеді, мал сань да, егін көлемі де көбейіп барады), адамзаттың дәйім атқаратын үйреншікті іс-әрекетін, ғаламзатка тән табиғғ кимыл-қозғалысты атағанда, айтқанда, көрсеткенде ocfc форма колданылады да, осы шақ мәнінде қабылданадЫ

308

Діысальг. мүғалім бала оңытады; егініиі егінмен шүғыл- дакады; шофер машина жүргізеді; ақын елең іиығара- ды, балық суда өмір сүреді; торғай шырылдайды; сиыр цөңірейді; қүс үиіады т. б.

Дегенмен, бүл форманың осы шақ мәнінен гөрі келер ціақтық мәні басымырақ.

3 Келер шақ көсемше. Бұл форма -а (-е, -й), -ғалы (-гелі), -ғанша (-генше...) жүрнақтары арқылы жасала- ды. Бірақ осы үш косымша да көсемшенің өткен шақ (-ғалы; -ғанша) және осы шақ (-а) түрлерін жасауға катысатындықтан, оларды ауыспалы келер шақ деп атауға әбден болады. Ал бұл жұрнақтардың ауыспалы келер шақ мәнін жасаудағы кызметі (теменде) тек баян- дауышпен байланысты қаралады:

а) -а (-е, -й) жүрнағы арқылы жасалған кесемше кө- бінссе алдағы уақытта жүзеге аспақшы амал-әрекетті білдіреді. Бірак сол келер шак үғымы нақты емес, жал- пы ғана аталады, өйткені оны нактыландырү кажет бол- са, әдетте, мезгіл мәнді сөздер (көбінесе үстеулер) кон- гекске енгізіліп отырады. Сондықтан бұл форманың келер шақтык мәнді білдіруі де көбіғіесе контекске бай- ланысты болады. Мысалы: Біз алдағы каникулда да егін, жинауға барамыз, сөГітіп, әлеуметтік іске болыса- ныз.

о) -ғалы (-гелі...) жұрнағы етістік негізіне жалғанып, контекске қарай, келер шақ мәнін де білдіреді және сол келер шақтык мән баяндауыш арқылы аталатын (тын- ған) амалдан кейін жүзеге асырылмақшы ниетті білді- ретіндіктен, әдетте, сөйлемде мақсат пысықтауыш бо- лады Мысалы: Мен сізді әдейі көргелі, сізбен танысқа- лы Ждне ақылдасқалы келдім.

б) -ғанша (-генше...) жүрнағы да етістік негізіне жал- ғанып, контекске қарай, оған келер шак мәнін жамайды. Бұл форма күрмалас сейлемнің тек бағыныңқысынып баяндауышы болады да, басыңқы сейлемде аталатын не- гізгі амалдан кейінгі (тындырылмакшы) іс-әрекетті біл- Діреді, демек, бүл форма арқылы белгілі шекке дейін жү- зеге асырылмақшы амал аталады және, әдетге, одан бү! Рын басқа бір амал жүзеге асады. Мысалы: Хош сау бол, ей ағалар, біз келгениіе; Таз таранғанша, той тарқайды, Уәдеңе берік бол, енді айналып көргенше т .6. ^

Тілімізде Етістік негізіне -майынша (-мейінше, -ба- йынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше) жүрнағы қосылу арқылы көсемшенің ерекше бір түрі жасалады. Бүл жүр-

309




нақтынтарихы (этимологиясы) да, мағынасы мен қызме- ті де әлі тексерілмегендіктен, грамматикалық формалар- дың тізімінен тыс калып келді. Бұл жұрнак -ма+йын-ь ша элементтерінен кұралды ма, болмаса, басқа элемент- терден бірікті ме,— ол сыры мәлімсіз, бірақ әрі кече, әрі құранды форма екені күмәнсыз (мүмкін, -ғанша форма- сының болымсыз түрі болуға ықтимал). Осы жұрнак ар- қылы: алмайынша, бермейінше, жазбайынша, төзбейініие
; айтпайынша, бітпейіниіе... тәрізді көсемшелер тіпті көп жасалады да, жиі қолданылады. Мысалы: ойламайынша, сөз сөйлеме; ойлап алмайынша, ләм деме. Ойды жүзе- ге асырмайынша, тынбайық; хабар жетпейініие, қоз- ғалма т. б. Сондай-ак, айтпастан, бітпестен дегендсрдегі -пастан (-пестен...) формасын көсемшеге телу жайында пікір туып жүр. Егер бұл форманы көсемшеге телу керек болса, -айтқандай, біткендей; айтардай, бітердей; айтқан- дықтан, біткендіктен; айтатындай, бітетіндей; айтарлық- тай, бітерліктей дегендердегі: -қандай, -ардай, -қандық- -тан, -атындай, -арлықтай формаларын да көсемшелерге телу кажет болады. Ендеше, бүл формаларды арнайы тексермейінше, осы категорняға жатқыза қою орынсыз сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет