Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 5. ГРАММАТИКАЛЫҚ ҮҒЫМДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК



бет2/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
1568787114410
§ 5. ГРАММАТИКАЛЫҚ ҮҒЫМДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Тілдің грамматикалық қүрылысын тануда да, оның. негізгі мэселелерін анықтауда да әрі таяныш, әрі ныса- на түтатын негізгі грамматикалық үғымдар бар. Бүл үғымдарды ажыратпайынша тілдің грамматикалық қү- рьуіысының сыр-сипатын түсіну де, анықтау да қиын бси лады.



12

Грамматикалық қүрылысқа қатысы бар негізгі үғым- дар мыналар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория.

§ 6. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА

ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМА

Тілдегі әрбір сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалгіы грамматикалық мағынасы оның түлға-түрпатына байланысты (мысалы: су, сушы, сусын, суат, суғар т. б.). Бірақ, солай бола түрса да, ол мағы- налар сөз бен сөздің, сөздер мен сөздердің ара қаты- настарынан жақсы аңғарылады. Мысалы, Той болса, тон киелік, жүр, баралың! Бірімізді біріміз аударальщ (Абай) деген сөйлемдердегі киелік, баральщ, аударалық деген сөздердің әрқайсысының өздеріне тән нақтылы лексикалық мағынасы бар. Олар — киіну, бару, аудару әрекеттерін білдіреді. Сонымен қатар, олардың сол лек- сикалық мағыналарымен жарыса жүретін, үшеуінің де бойынан табылатын — ортақ жалпы мағыналары бар. Ол мағыналар мыналар: біріншіден, бүл етістіктердің 'үшеуі де алдағы уақытта істелінбекші әрекетті білдіре- ді; екіншіден, үшеуінде де тыңдаушьілар (оқушылар) іске жүмылуға шақырылып түр; үшіншіден, сөйлеуші (автор) өзін де, өзгелерді де (тыңдаушыларды) бір үдай бірінші жаққа топтап, «бәріміз (біз) киелік, бара- лың, аударалық» деп түтас қамти айтып отыр; төртін- шіден, ол әрекетті істеу көп адамға, арналып (мысалы, біз баральщ көптік мағынада) айтылып түр, бесіншіден, осы шақыру есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік т. б.) арқылы емес, етістіктер арқылы айтылып түр; алтынщыдан, ол етістіктерде сабақтылық, салттық үғымдарымен байланысты грамматикалық мағыналар бар; жетіншіден, бүл сөздер осы сөйлемдерде баянда- уыш болып қызмет атқарып түр т. б.

Бүл аталған жалпы грамматикалық мағыналар сол түлғада жүмсалатын етістіктердің барлығында да бола- ды. Мысалы, сол мағыналар. Кел, балалар, оңылың! Оқығанды көңілге ьщыласпен тоңыльщ! (Ы. Алтынса- рин), деген сөйл£мдердегі оқылық, тоқылың дегендерде Де, сондай-ақ, келелік, тыңдалық, отыралық, жазалық, сөйлелік деген сияқты сөздерде де бар.

Қалтаң бүтін болса, ақшаң түгіл шақиіаң да түсіп ңалмайды (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдердегі қалтаң,

13


ақіиаң, шақшаң деген үш сөздің нақтылы лексикалық мағыналарымен (қалта, ақша, шақша) қатар, граммати- калық мағыналары да бар: бүл үш сөздің үшеуі де зат- тың атын білдіреді, демек, грамматика тілімен айтқан- да, зат есімдер. Сонымен қатар, осы есімдер арқылы аталатын заттар (ңалта, ақиіа, иіаңша) екінші жақтағы (тараптағы) адамға меншікті я телулі екені аңғарыла- ды, үшеуі де сөйлемде бастауыш болып түр. Міне, осы аталған мағыналар грамматикалық мағыналар болады.

с-Сонымен, көздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырвіп, сол лексикалық мағынаны айңындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен ңарым- қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміғЬ)

Грамматикалық мағына сөздің түрленуі аркылы да, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқы- лы да айтылады. Бірнеше мысал келтірейік:



Бетім барда,
бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық (Абай) деген сөйлемдердегі бетім және бетіме, кім және кімі сөздері өзара түбірлес; олардың түлғаларында үқсастық та, айырмашылық та бар. Өйткені бетім және бетіме, кім және кімі сөздері- нің грамматикалық мағыналарында да, грамматикалық формаларында да ерекшеліктер бар.

Қонақ бір күн қонса — қүт; екі күн қонса,— жүт (мақал). Ауылдың салтында ауылға жақындаған жо- лаушының ақырын жүретін әдеті бар ғой (С. Мүқанов). Тентек ояз әмірінен астамырақ әділет, ар әмірі де бар (М. Әуезов). Өкпелерің орынды, жігіттер, ескі көшке ермей қалып, жаңа көшті бастай алмай, әрі-сәріге сал- ғаным рас (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдерді қонақ жә- не қонса, ауылдың және ауылға, әмірінен және әмірі, көшке және көшті сөздерінің өзара негіздері бір бол- ғанымен, қосымшалары да, грамматикалық мағынала- ры да бір-бірінен, әрине, өзгешерек. , Сөйтіп, бүл мы- салдардың барлығында грамматикалық мағыналар бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары (морфоло- гиялық түрлері) арқылы айтылып түр.

Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, нақ, дәл т. б. сияқты күшейткіш сөздер. Мысалы: өте жақсы, тым



жүпыны, аса қадірлі, дәл өзі деген сөз тіркестерінде өте, тым, аса, дәл деген сөздер жақсы, жүпыны, қа- дірлі, өзі дегендердің мәнін күшейте түсетін граммати-

и/

калык мағына үстеп түр. Дәл осындай мағынаны сап-са- ры, қып-қызыл, қап-қара
дегендей can, қып, қап сияқты күшейткіш буындар ақылы да беруге болады. Бірақ мүндайда көмекші сөз жетекші сөздің алдында айты- лады.

Грамматикалық мағына негізгі сөздерге шылау сөз- дердін селбесуі арқылы да туады. Мысалы: Қүрым- байдын ол не үшін келгенін де сезді (Б. Майлин); Олар шеше алмаған мәселені шешу сіз үшін өте қиын (0. Әбішев) деген сөйлемдердегі үшін шылауы өзде- рінен бүрынғы сөздерге (не, сіз) қосымша граммати- калық мағына үстеп, оларды кейінгі сөздерге жалғас- тыруға дәнекер болып түр. Бүдан үшін шылауының мағынасы дәлме-дәл болмағанымен, барыс септіктің ма- ғынасына жақын екенін байқауға болады.

Кәсіп іздеген қайықшылар ол діңгектегі жүмырт- қаны қайьщ-қайық қып тасып шығарса да, тауыса ал- майды (С. Мүқанов) деген сөйлемдегі қайықиіылар жә- не қайық-қайық сөздерінің бастапқы түбірі де, нақты- лы лексикалық мағынасы да бір. Бірақ сол сөздердің формалары мен грамматикалық мағыналары басқа-бас- қа. Ең алдымен, қайықиіылар деген сөзге жалғанған -шы косымшасы мен соңғы -лар қосымшасын сөз етпей-ақ, екі рет қайталанған қайық-қайьщ деген түрін алсақ, сол түбір әлденеше қайықпен (я көп қайықпен) әлде- неше рет тасып шығарса дегендегі мағынамен пара-пар мағынаны білдіреді. Сауыншылар шелек-шелек сүтті қолдасып әкеле жатыр (Ғ. Мүсірепов); Адам дегеннің жүрегі тарау-тарау, еспе-еспе, бабы көп (F. Сланов) деген сөйлемдердегі шелек-шелек, төбе-төбе, тарау-та- рау, еспе-еспе деген қосарланған сөздердің мағынала- ры мен формалары да жоғарыда айтылғандай.

Сөйтіп, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану тәсілі де тиісті грамматикалық мағыналардың сыртқы грамма- тикалык формасы ретінде жүмсалады.

Өзіне тән нақтылы лексикалық та, дербес грамма- тикалық та мағынасы бар бір алуан сөздер белгілі бір тіркестерде негізгі сөзге тек қана грамматикалық ма- ғына жамайтын дәнекер сөздер ретінде жүмсалады. Мысалы: Көңілге шек-шүбәлы ой алмаймын, Сонда да оны ойлап қоя алмаймын, Ақылдың жетпегені арман емес, Қүмарсыз қүр мүлгуге тоя алмаймын (Абай) сөйлемдеріндегі алғашқы алмаймын деген сөздің ойлап Цоя алмаймын, мүлгуге тоя алмаймын дегендердегі

15


алмаймын дегеннен сыртқы тұлға жағынан, демек, тү- бірі мен қосымшалары жағынан, ешқандай да айырма- сы жоқ. Бірақ ой алмаймын деген тіркестегі алмаймын сөзі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын да, грамматикалық дербестігін де толық сақтап түрса (кө- ңілге шүбәлы ой алма), соңғы тіркестегі алмаймын сө- зінің бастапқы лексикалық мағынасы солғындап кет- кен. Грамматикалық абстракцияның нәтижесінде бұл сөз әуелгі мағынадан айрылып, өзінен бүрынғы етістік арқылы айтылатын істің жүзеге асуға мүмкіншілігі бар- лығын я жоқтығын білдіретіндей ғана көмекшілік қыз- мет атқару дәрежесіне кешкен. К,алада да, далада да, осының лаңьінан қүтыла алмай қойдым (Ғ. Мүстафин) деген сөйлемдегі қой және ал етістіктерінің мағынала- ры мен қызметтерін салыстырып көрініздер.

Сөйтіп, етістіктердің бір-бірімен селбесіп тіркесуле- рінен құралатын күрделі және аналитикалық етістік- тердің мағыналары да грамматикалық мағына тудыру- дың белгілі бір саласы делініп танылып, көмекші етіс- тіктер сол грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалар ретінде қаралады.



Алдарындағы қабақта киіз үй, тас үйлердің, кең қоралардың төңірегін алып, көктемнің көк берен теңі- зіне еркін жүзген ақтылы қойлар жатыр (Ғ. Сланов) дегендегі киіз үй, тас үй деген әрбір екі сездің тіркесі арқылы да грамматикалық мағыналар беріліп түр. Өйт- кені бүл тіркестерде екі зат есім, ешбір қосымша фор- маларсыз-ақ, бір-бірімен тіркесіп, үйлердің қандай (не нәрседен жасалған) екенін білдіріп түр. Ондай тіркес әр түрлі үш я төрт зат есімнен де қүрала береді. Мы- салы: Ол адал бсщанға түйе жүн шекпені мен қам- шысын іле салды да, көрпе қабаттала төселген биік орынға барып отырды (Ғ. Мүсірепов); Қалаға кіре бе- рісте айналасы қоршаулы үршық бас темір бағаналар тур (Ғ. Мустафин) деген мысалдардағы түйе жүн шек- пен, үршық бас темір бағаналар деген тіркестер үш я төрт зат есімнен қүралады. Бүл және олардан бүрынғы мысалдардағы тіркестер өзге (мысалы, индоевропалық) тілдерде белгілі грамматикалық қосымшалар аркылы берілетін грамматикалық мағыналарды білдіріп тұр.

Сөздердің сейлемдердегі орны олардың мағыналары мен қызметтеріне үлкен әсер етеді. Оны мына мысал- дардан байқауға болады. Мысалы: Жақсы жол — елге



16

жора (М. Әуезов); Мәжіліс жақсы өтті, жаңа пікірлер айтылды (Ғ. Мұстафин) деген сейлемдердегі жақсы сөзі (сын есім) бірінде зат есімнен бұрын түрса (жақ- сы жол), екіншісінде — етістіктен бүрын (жақсы өтті) түр. Бұдан, қапдай сөз табымен тіркесуіне қарай, сын есімнің кызметі өзгеретінін аңғарамыз. Ашығырақ*айт- сак, алғашқы сөйлемде жақсы сөзі анықтауыш қызме- тін, екінші сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Сондай-ақ, қысқы үкідей аппақ болып, үзақ күндер үзақ жортып көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді (F. Мүсірепов) де- гендегі үзақ күндер, үзақ жортып деген тіркестерде ал- ғашқы үзақ (үзақ күндер)—анықтауыш та, кейінгісі (үзақ жортып)— пысықтауыш.

Сонымен, белгілі жағдайда (тіркесте, сейлемде) сөз- дердің орындарының ауысуларына қарай, олардың. грамматикалық мағыналары мен қызметтері өзгереді; сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі де белгілі грам- матикалық тәсілдердің бірі болып саналады.

Дауыс ырғағы да грамматикалық мағынаны білді- ретін грамматикалық тәсіл ретінде қызмет етеді. Өйтке- ні кейбір тіркестердегі сездердің қызметін ажыратуға тек дауыс ырғағы (интонация) ғана бірден-бір дәнекер болады. Мысалы, Бұлмуғалім Әлім еді де, ол дәрігер Әлім еді деген сейлемдерді дәл осы қалпында екі үшты түсінуге болады. Егер осы сейлемдердегі бүл, ол сез- дерінен кейін кідіріс жасап айтсақ, екеуі де сол сейлем- дердің бастауыштары болады да, мүғалім, дәрігер сөз- дері Әлім еді деген баяндауыштардың анықтауыштары болады. Ал, егер кідірісті бүлмүғалім, олдәрігер 'деген тіркестерден кейін жасасақ, муғалім, дәрігер сез- дері бастауыш болады да, бүл, ол сөздеірі мүғалім, дә- рігер деген бастауыштардың анықтауышы болады. Осы себептен, сызықшаны мағына ажырататын белгі ре- тінде — дауыс ырғағының (кідірістің) жазу тіліндегі шартты белгісі ретінде қолданып жүрміз.

Сонымен, тіліміздің грамматикалық күрылысы жү- йелі, сала-салз^ грдмматикалық құбылыстардан қүра- лады. Ал, сонйай әрбір грамматнкалық қүбылыстың екі жағы боладу”: біріншісі — сол қүбылыстың белгілі

үғымды ^т^ірікт.і (бірдемені) білдіретін ішкі жағы, демек, ^ааііүНы,,-яғни грамматикалык мағынасы, екін- шісі сол - Кіазмұнды, яғни грамматикалық мағынаны (грамматикалТьж; үғымды %хү(у(!яікті) қрлай я не арқы-

17


лы білдіретін сыртқы жағы, демек — грамматикалық тэсілі.

Грамматикалық кұбылыстың өзіне тән грамматика- лық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін граммати- калыд тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық ма- ғына — грамматикалық күбылыстың (сөздің я оның бөлшегінің) м а з м ү н ы болса, грамматикалық тәсіл сол мазмүнды білдіретін формасы.

Міне, сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер граммати- калық формалар деп аталады. Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, олардың потенциалдық мүмкіншіліктері бай да, икемді де. Ол керегінше синте- тикалық тәсілдерді де, аналитикалық тәсілдерді де пай- даланады.

Қандай гарматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық формасы болады, керісінше, қандай бір грамматикалық форма болса да, оның өзіне тән грамматикалык мағынасы болады. Грамматикалық ма- ғынасы жоқ грамматикалық форма болмайды, грамма- тнкалық формасы жоқ грамматикалық мағына болмай- ды. Тілдегі сөздердің грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формаларының бірлігінен және солар- дың жинағынан тілдің грамматикалық күрылысы туады.



§ 7. ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Грамматикалық категория ретінде қаралатын я та- «ылатын грамматикалық құбылыстың өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасы және ол мағынаны білдіре- тін дербес грамматикалық формасы болуҒа тиіс. Мыса- лы, тәуелдеу категориясының қазақ тілінде және басқа түрік тілдерінде өзіне тән жалпы граі^матикалық ма- ғынасы және сол мағынаны білдіретін өзіне лайық грам- матикалық формасы бар.

Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөз- дерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамкатикалык мағынамен байланысты болады.1 Жалпы грамматика- лық категориялар ішінара морфологиялык. категориялар және сиңтаксистік категориялар болып екі салаға бөлі- неді. Осыған орай, грамматиканың морфология атты тарауы морфологиялық категорияларды тексереді де,

18

синтаксис атты тарауы синтаксистік категорияларды тексереді.

Морфологиялық категориялар деп жеке сөздердің езгерілуі (түрленуі) арқылы туатын жалпы граммати- калық мағыналарды айтамыз. Мысалы, Құлпыртып ән салайық түрден түрге: Бастайьщ ілгері адым өрден-өрге (И. Байзақов) деген сөйлемдердегі әр сөз белгілі-бел- гілі морфологиялық формалар арқылы бір-бірімен қа- рым-қатынасқа түсіп, тиісті грамматикалық мағыналар- ды білдіріп түр. Олар мыналар: бірінші сөйлемдегі

қүлпыртып сөзі әуелі — т (қүлпырт), одан кейін -ып (қүлпыртып) формалары арқылы екі түрлі морфоло- гиялық өзгеріске үшырап барып, салайық сөзімен тір- кесіп, екі түрлі грамматикалық мағына білдіріп түр. Ол әуелі өзгелік етіс мағынасын, одан дейін — көсем- шенің негізгі істі айкындап түратын түрінің беретін мағынасын білдіреді; екінші сөйлемдегі ілгері сөзі бас- тайьщ сөзімен тіркесіп, негізгі істі айқындайтын мағы- наны аңғартады, бірінші және екінші сөйлемдердегі ән- ді, адамды сөздері табыс септіктің -ді (-ды) формасы арқылы, салайық, бастайык, сөздерімен қатынасқа тү- сіп (тіркесіп), оларды іспен тікелей байланыстыратын мағына береді; түрге, өрге сөздері барыс септіктің -ге формасы арқылы қулпыртып салайық, ілгері бастайық 'сөздерімен қатынасып (тіркесіп), бет алыс — бағытқа меңзейтін мағынаны көрсетеді, түрден, өрден сөздері -ден формасы арқылы өздерінен кейінгі түрге, өрге сөздерімен қарым-қатынасқа түсіп (тіркесіп), істің я амалдың бір орыннан (я дәрежеден) екінші орынға (дә- режеге) кешетінін білдіріп түр.

Жар қабаща иін тіресе салынған сарайлар, мастер- скойлар, складтар, көмір атжалдары, барактар, үзын- ұзын мойындар үлкен қаланың бір шетіне •уқсайды (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдегі сарайлар, мастерской- лар, складтар, атжалдар, барактар, мойындар деген сөздерді сарай, мастерской, склад, атжал, барак, мойын сөздерімен салыстырсақ, әрине, олардың сыртқы мор- фологиялық формаларынан көптік мағына және жеке я даралық мағына аңғарылады.

СөйтіпД^сөйлемдегі сөздер өзара бір-бірімен қарым- қатынасқа түсудің нәтижесінде, әр түрлі морфология- лық өзгерістерге үшырап та, оған үшырамай-ақ әр түрлі синтаксистік тәсілдер арқылы да өзара байланы- сады; осындай грамматикалық қүбылыстардың арқасын-



19


да сөз тұлғаларынын түрленулеріне, тіркесу тәсілдері- ніц құбылуларына қарай, ол сөздерге әр түрлі грам- матикалық мағыналар үстеліп, әр қилы грамматикалық қызмет атқару қабілеті пайда боладьі. Ол грамматика- лық мағыналар мен грамматикалық формалар сөйлем- дерде қолданылатын сөздердің бойындағы жалпы қа- снеттері ретінде көрініп отырады. Осы себептен де грам- матикалық мағыналар мен грамматикалык формалар әрқашан жалпы гр^амматикалық қүбылыс делініп есеп- теледуМүндай жалпы грамматикалық мағына мен жал- пы грамматйкалық форма тұтас бір грамматикалық құ- былыстың әрі өзара бірі мен бірі тығыз байланысты екі жағы ретінде, әрі сол екеуінің бірлігі ретінде қара- лады. Міне, осындай бір тұтас грамматикалық құбы- лыс әдетте грамматикалық
категория деп есептеледі. Дсмек, тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсі- лі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.

І_Келіңіз, менде қызық кітаптар, газет-журналдар бор, бірге отырып оқиық,(Ъ. Майлин); Мүсәпірге тиген ат ұиіқыр, менің атым. ұиіқалақ (С. Муқанов); Адамды ба- ғындырудың асылыеңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек (С. Мүқанов); Мен шаруа бащан момын адам- мын (С. Мұқанов); Міне, енді сіз үйіңіздесіз (Ғ. Мүсі- репов) деген сейлемдердегі сөздер грамматика заңы бо- йынша қүрылған. Бұл сездердін, кейбіреулеріне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне сеп- тік, кейбіреулеріне жіктік жалғауы жалғанып тұр да, солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да керіктеніп, жатық айтылып тұр. Бұл төрт түрлі жалғау тек осы сөйлемдерде ғана емес, өзге сөйлемдерде де үне- мі қолданылып, әрқайсысы ез орнында белгілі мағына- лар үстеп, сөздердін. қызметтерін сараландырып отыра- ды. Демек, төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өздеріне тән грамматикалық мағыналары және сол ма- ғыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдарына категория деп та- нылып, әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көп- теу, тәуелдеу, жіктеу категориясы. делініп есептеледі., Сөздерге, әдетте, жалғаулардан өзге жүрнақтар да қосылып, өздерінің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеп, әрі олардың тұлғала- рын өзгертіп, әр қилы баска категориялар тудырып оты- рады. Мысалы: Милиционер орта бойлы, көселеу, үл-

50

кендеу келген сарғылт көзді ақ сары жігіт екен (С. Сей фуллин) деген сөйлемдегі бойлы, көселеу, үлкендеу, сарғылт, көзді, келген, екен сездерінің әрқайсысына тиісті қосымшалар қосылып қолданылған. Бірақ бұл қосымшалардың бәрі де — жүрнақтар: бойлы, көзді де- гендердегі -лы (-ді) жүрнағы есімдерді сын есімге ай- налдырып түрса, көселеу, үлкендеу, сарғылт сөздерін- дегі -деу (-леу), -ғылт жүрнақтары сапалық сын есім- дерді жай шырай формасынан салыстырмалы шырай формасына түсіріп тұр; ал, келген, екен дегендердегі -ген (-кен) жүриағы кел, е етістіктерінен есімшеніц ет- кен шақ формасын тудырып тұр.

Тілден тыс ешқандай грамматикалық құбылыс бол- майтыны сияқты, тілдегі сөздерден тыс грамматикалық категориялар да өмір сүре алмақ емес. Өйткені сөздің езі болмаған жағдайда ол сөздің мағынасы туралы да, өзгерісі туралы да сөз болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, жалғанатын негіз болмаса, қосымшалардың бір де бі- реуі өздігінен түрып ешқандай мағына да бере алмай- тыны, онын. қызмет атқару қабілеті де болмайтыны бы- лай түрсын, өздері де болмас еді. Солай болса, грамма- тикалық категориялар тілде топ-топқа белініп, белгілі грамматикалық сөз таптарына тән, оларға телулі бо- лады.

Қазақ тіліндегі сөздер өздерінін, лексикалық мағы- налары жағынан болсын, грамматикалық мағыналары мен өзге сипаттары жағынан болсын, белгілі-белгілі грамматикалық топтарға бөлінеді. Тіліміздегі сөздерді зат есім, сын есім, сан есім, етістік деген сияқты топ- тарға бөліп, топтардың әрқайсысынын. ерекшеліктері- ле қарай, тиісті грамматикалық сипаттамалар беру де олардыд әрқайсысына тән грамматикалық категория- ларды ашудан, анықтаудан туған. Сөздерді, граммати- калық сипаттарына, ең алдымен, олардың грамматика- лық категорияларына қарап, топ-топқа бөліп граммати- калық сөз таптары деп танып жүрміз.

Мысалы, сын есім деп аталатын негізгі сөз табына тән сөздердің жалпы грамматикалық мағынасы заттың сипатын (түрін, көлемін, түсін, сапасын т. б.) білдіреді. Сол жалпы грамматикалық мағыналарына орай, сын есімдерде бір сынды екінші сынға салыстырып, оларды өзара бір-бірінен ажырататын шырай формалары бар. Мысалы, сары деген сыннан сап-сары, сарырақ, сары- лау, сарғыш, сарғылт, тым (аса, өте, тіпті) сары деген



23


тәрізді формалар туады. Осы формалар сын есімнін, ка- тегориялық сипаты да, көрсеткіші де болып саналады. Сол сияқты, сан есім деп аталатын сез табына қатысты сөздер грамматикалық мағынасы жағынан жалпы сан- дық ұғымды білдірсе, олардын. өзге сөздерде жоқ, өзде- ріне ғана тән реттік түсінікті ажырататын арнаулы ка- теогриялық формасы бар (сегіз
сегізінші, отызотызыншы т. б.).

Сөз таптарынын,, олардын, грамматикалық катего- рияларыньщ өзара қарым-қатынастарынан тіліміздің грамматикалық ерекшеліктері туады, ал сол ерекшелік- терден онын. грамматикалык құрылысына тән алуан түрлі грамматикалық құбылыстардьщ бірлігі қүра- лады.

Грамматикалық категориялардың өресі мен өрісі бір- келкі болмайды. Кейбір категориялар тым жалпы, әрі өрісті, әрі қарымды болса, кейбір категориялардын. өрі- сі тайыз, қарымы аз, тіпті жалқы да бола береді. Мы- салы, тым жалпы категория деп сөз таптары категория- сын, қосымшалар категориясын алсақ, олардың, әрқай- сысын іштей саралап, әлденеше ірілі-ұсақты жалқы категорияларға бөлуге болады. Айтайық, сөз таптары ка- тегориясын жалпы ерекшеліктеріне карай, әуелі есімдер категориясы, етістіктер категориясы, көмекші сөздер категориясы деп топтасақ, одан әрі есімдер категория- сын зат есім категориясы, сын есім, сан есім категория- сы деген сияқты жіктерге бөлумен тынбай, олардың, әрқайсысын тағы да әрі қарай саралап отырамыз. Мы- салы, есімдіктер категориясын жіктеу есімдігі, сілтеу, сұрау, топтау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктер деп, одан әрі бір ғана жіктеу есімдіктерін тағы да даралан- дырып, жақ категориясын анықтаймыз. Сол сиякты, қосымшалар категориясын әуелі жалғау категориясы және жұрнақ категориясы деп жіктеп, одан әрі жалғау- ларды, жоғарыдағыдай, көптік жалғау, тәуелдік жал- ға\, септік жалғау, жіктік жалғау категориялары деп бөлеміз. Жұрнақтарды әуелі сөз тудыратын және сөз түрлендіретін категорияларға, одан әрі іштей жеке сөз таптарына тели бөліп, олардын. өзара жіктері мен сыр- сипаттарын ашамыз.

Грамматикалық категория сөздін, негізгі (лексика- j лық) мағынасына тек жанамалай ілесіп қана я жары- сып қана отырмайды, ол екеуі бірі мен бірі іштей үла-



сып, езара бір-біріне ықпалдарын да тигізіп. тығыз қа- рым-катынасқа түседі. Сол себептен бір сөздін, бойынан бірнеше категорияны табуға болады.

II т a р а у



СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҢ ҢҰРАМЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ч. /



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет