Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 19. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНДАҒЫ КЕЯБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР



бет8/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
1568787114410
§ 19. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНДАҒЫ КЕЯБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Жоғарыдағы үлгілер бойынша жіктеліп, баяндауыш болатын сөздер мен формалардын қолданылуларында арнайы айтарлықтай бір алуан ерекшеліктер бар. Олар- ға да қысқа-қысқа сипаттама берген мақүл.



  1. Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері жайында

Қазіргі қазақ тілінде жіктік жалғаудын ықшамдал- ған кейбір формалары бар және олар толық формалар- мен жарыса әдеби тілде де қоса-кабат қолданылып жүр. Ондай ықшамдалған форма мынадай екі түлғада жиі үшырайды.

Біріншіден, ондай ыкшамдау күбылысы жоғарыдағы бірінші үлгіге тән -ған формалы есімшемен байланысты Жиі кездесіп отырады. Мысалы: Мен дағы жаңа тапқан кҮйді тартңам (I. Жансүгіров); Қайнаған, қыбырла- ғ°н қала келгем, Дәметкем дәннің дәмін әр-ақ елден. (С. Мүқанов);



^ Екіншіден, осындай ықшамдалған форма екінші үлгі- !гетән -а, -е, -й формалы көсемшенің бірінші және үшін-

71


ші жақтарында да жиі кездеседі. Мысалы: Қой, әке, қой, кейіме. Адам болам, аттанам, Ауылдың бәрін үркітіп, Кайда барып баң табам (I. Жансүгіров); Әлде келіц қалдық па? деп елегізем де, қулағымды тігем, мені се- зімім алдаған боп шығады (С. Мұқанов); Алыстаң* келем, алысңа барам (Ғ. Мұстафин); Ұйымдас, қоғам болсаң, күшің кіред, Қуіиі кірсе, берекелі ісің бөлек (Б. Майлин) т. б.

Сөйтіп, жіктік жалғаудын кейбір формаларынын то- лық түрлерімен қатар, ықшамдалған түрлері де колда- нылады. Әрине, ондай ықшамдалған формалар әсіресе ауызекі сөзде және өлең сөзде жиі қолданылады. Бірақ олардьщ ықшамдалуына жіктік жалғауларының өзіне тән екпіні болмауы себеп те, негіз де болған сняқты.



  1. Жіктік жалғаудын болымсыз түрде қолданылуы

Екінші, үшінші, төртінші үлгілер бойынша жіктелетін' етістіктердіғі қай-қайсысы болса да түбірге (негізге) бо- лымсыздық форманың -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосым- шасы тікелей қосылып жіктеле береді (мысалы: бар-май- мын, бар-ма-п-пын, бар-ма-ды-м, бар-ма-са-м, бар-ма- йын т. б.)-

Бірінші үлгі бойынша жіктелетін есімшелер мен есім- дердің болымсыз формада жіктелулерінде іштей -ажы- райтын мынадай айырмашылықтар бар:

а) Есімдердің бәрінен де болымсыздык форма емес сөзі тіркесу аркылы жасалатындықтан, жіктік жалғау сол дәнекер сөзге жалғанады. Мысалы: Мен Оралбаіі емеспін, елдің жазықсыз, қылмыссыз адамымын (М. Әуезов): Мен бала емеспін, ауылдың надан қызы да емеспін (С. Мұқанов).

ә) Есімше формалардан болымсыздық формалар син- тетикалық тәсіл (-ма, -ме... жұрнағы) арқылы да, аналиі тикалық тәсіл («емес» және «жоқ» сездерінің көмегі) аи қылы да жасалатындықтан, олардың жіктелулері де с<м екі тәсілдің ерекшеліктеріне байланысты болады. Демед егер болымсыздық форма жұрнақ (синтетикалық тәсілі арқылы жасалған болса, етістік түбіріне (негізіне) әуел] болымсыздық жұрнақ (мысалы: түрма, барма т. б), одЭД кейін тиісті есімше формалары (мысалы: бармаған, 6afj мас, бармайтын т. б.) қосылады да, солардан кейін жіЧ тік жалғауының тиісті жақ косымшалары жалғанаДЧ (мысалы: бармағанбыз, бармассың, бармайтынсыңдщ т. б.); Егер болымсыздьщ форма аналитикалык тәсіл аРІ



72

қылы жасалған болса, жіктік жалғаудыц тиісті жақ қо- сьімшалары есімшенің езіне емес, дәнекер жоқ я емес сөз- деріне жалғанады, мысалы: Одан әрі шалмен көп кеңес-
кен жоқпын (С. Мұқанов); Сол сияты, түрған емеспін, ■рүрған жоқпын, түрған емеспіз, түрған жоқсыздар т. б. Әрине, емес және жоқ сөздері есімшелердін бәріне бірдей тіркесе бермейді (мысалы: барар емес, тұрмақ емес, деу- ге әбден болғанымен, барар жоқ, баратын жоқ деуге бол- майды); сонымен қатар, олардың тіркескендегі семанти- калық мағыналары да, стилистикалык ерекшеліктері де бірдей емес (мысалы: барған емеспін, мен барған жоқ- пын, бармақ емес пен бармақ жоқ дегендерді салысты- рып көріңіздер). Сондай-ақ, турмаған, түрмайтын, тур- мас деген синтетикалык формалардың да және барған емес, барған жоқ, баратын емес, барар емес деген анали- тикалық формалардың да мағыналары мен стилистика- лык талғамдары езара тең емес.

б) Жазуда да, ауызекі тілде (лебізде) де екінші үлгі бойынша жіктеліп, Өкінбеймін, аямаймын, жібімеймін деген сияқты болып келетін көсемшенің ауыспалы фор- масының орнына өкінбен, аяман, жібімен деген форма колданылады. Мысалы: Ризамын туғаныма адам болып. Өкінбен қаламын деп бір кун солып (Қ. Аманжолов); Тіпті жібімен деп-ақ едім, сай суйегімді сырқыратты (Ғ. Мұстафин); Сүйексіз қызыл тілімді жаңылдырман.

Бүл форма етістіктің жекеше түрінің болымсыз фор- масының бірінші жағының көрсеткіші ретінде ғана жұм- салады, өзге жақтарда колданылмайды. Осындағы өкін- бен, жібімен, жаңылдырман дегендердің өкінбеймін, жібімеймін, жаңылдырмаймын дегендерден оқшауланар- лықтай ешқандай да айырмашылығы жоқ, ейткені олар- Дьің қолданылу я қолданылмауына қарай, сөйлемдегі сөздердің арасында ешқандай да өзгеріс тумайды, бірақ бұл форма көтеріңкі ырғақпен, зілді үнмен айтылып, бел- гілі эмоциялық, экспрессивтік рай білдіру үшін жұмса- лады. Оны мынадай көмекші сөздермен қолданудан да аңғаруға болады. Мысалы: Бай емен, батыр емен, хан емеспін, Атақты артық туған жан емеспін (Абай); Ес біл- гелі ондай зор денелі әйелді мен кездестіріп көрген емен (С. Мүқанов) т. б.

■Сондай-ақ, бүл форма күрделі етістіктерде де, идио- ^альіқ тіркестерде де колданыла береді. Бұл жағдай осы №орманыц көне екендігіне айғақ. Мысалы: Сонда жауап °еРе алман мен бейшара, Сіздерге еркін тиер байқап қа-

73


ра (Абай); Жоц, батыр, көрмеген нәрсені үйрете алман (Ғ. Мүсірепов); Жаннан щорқып отыңа мен бас ұрмаң (Абай) т. б.

§ 20. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛМАЯТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫ

Жіктік жалғау, жалпы алғанда, жоғарыдағы үлгілер бойынша жалғанып жүмсалғанымен, оныіі қолданылу. ында сол қағидалардан ауытқитын мынадай екі түрлі жайды ескерген мақүл:

а) Сөйлемнің бастауышы (жіктеу есімдігі) айтылма- ған жағдайда жіктік жалғау әрқашан қолданылады (тү. сірілмей айтылады). Мысалы: Сорға біткен ғаиіығымсың, Неге тым кеш сермедің? (Абай); Көңілім, неге жасисыці Миым, неге ашисың? (С. Торайғыров).

Сөйлемнін бастауышы (жіктеу есімдігі) айтылғаи жағдайда жіктік жалғаудын қолданылмайтын кезі де болады. Мысалы: Мен сен емес, жас күнім жайнап тұр- ған (Абай); Мен мақтанның қүлы емес шын ащынға зорлың жоң (бүі да); Мен сынық жан жамағанмен түзе- ле алман түрленіп (бүлда); Мен сәби мейірімді ана қү- шағында; Ақ мамасын сүйемін, құшамын да (С. Торай- ғыров).

Бұл сөйлемдердегі мен сен емес, мен құлы емес, мен сынық жан, мен сәби дегендердің бәрі де есім баянда- уыштар, олардың жіктік жалғаулары қолданылмаған.

ә) Ауыспалы көсемшенің (а, е, й формалы) үшінші жағының жіктік жалғауы барлық басқа жағдайларда тү- сірілмегенмен де, сұраулық шылау тіркескенде, әдетте, қолданылмайды. Мысалы: Көмірді де өзі цаза маі (Ә. Әбішев); Біздің шахтаны ғана тексере ме екен? (бү да) деген сөйлемдерді сүраулык шылаусыз колдансак Көмірді де өзі қазады; Біздің иіақтаны ғана тексерей екен болар еді. Әрине, бүл жағдайда жіктік жалғау ев уақытта да түсірілмейді (Ол барадыол бара ма? 0і келедіол келе ме? т. б.).

§ 21. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ӨЗГЕ ЖАЛҒАУЛАРМЕН ҚАБАТТАСУЫ

Баяндауыш көптік, тәуелдік және кейбірі септік жал- ғаулы сөздерден де бола беретіндіктен, әрі жіктік жал ғау баяндауышқа тән қосымша болғандықтан, ол жал



74

ғаулар (көптік, тәуелдік, септік қосымшалары) кабаттас- қанда, есім сөзге ең алдымен көптік жалғау, одан кейін хәуелдік жалғау, ең соңында септік жалғау жалғанады да, жіктік жалғау осылардың бәрінен соң жалғанады , (мысалы: үй-лер-іміз-де-міз)
. Ал, оның нақтылы тіркесу ерекшеліктеріне келсек, олар мынадай:

а) Көптік жалғаулы сөзге де жалғана береді (біздер 0қу-шы-лар-мьіз). Бірақ жіктелетін етістік формалары- нын көпше түрінің екінші жақтарында (анайы, сыпайы хүрлерінде бірдей) көптік жалғау жіктік жалғаудан ке- йін келеді. Мысалы: Сендер бар-ың-дар, сіздер бар-ыңыз- дар; сендер барса-ң-дар, сіздер барса-ңыз-дар, сендер барған-сың-дар, сіздер барған-сыз-дар; сендер жүресің- дер; сіздер жүр-сіз-дер т. б. Етістіктерге жалғанатын көптік жалғаудың осылайша келуі оның (баяндауышы болатын етістіктің) көптік формадағы бастауышпен жақ- хасуымен (қиысуымен) байланысты.

Осы ерекшелікке орай, жіктелетін зат есімнің көпше формасының екінші жағының анайы түрінде де, сыпайы түрінде де көптік жалғау, сараландырып айтқанда, екі рет қолданылады. Мысалы: Сендер студент-сің-дер және сендер студент-тер-сің-дер; сіздер студент-сіз-дер және сіздер студент-тер-сіз-дер т. б. Осылайша екі рет қайта- ланғандағы алғашқы көптікжалғау (студент-тері) жікте- летін заттың (нәрсенің) көптігін білдірсе, соңғы, екінші рет қайталанатын көптік жалғау жіктелетін сөзді бас- тауышпен (сендер) қиыстырып тұрады (мысалы: Сен оқушысың сіз оцушысьіз және сендер оқуиіыларсыңдар, сіздер- оқушыларсыздар дегендерді салыстырыңыздар).

Е с к е р т у: Дауысты дыбысқа бітетін есім сөздерге жалғанатын көпше форманың бірінші жағының жіктік жалғауы ортақ тәуелдеудің бірінші жағының қосымша- сымен (тәуелдік жалғауымен) түрлес болады. Мысалы: біз оқуиіымыз (жіктік жалғау), біздің оқушымыз (тәуел- дік жалғау). Бұларды ажырату үшін, біріншіден, сөздің мағынасын, екіншіден, оның қызметін, демек, ондай сөз- Ден бүрын я бастауыш (біз), я анықтауыш (біздің) бар- лығын аңғару қажет, үшіншіден, жіктік жалғауға екпін түспейтінін, тәуелдік жалғауға екпін түсетінін ескеру керек.

ә) Жіктік жалғау тәуелдеулі сөзге де жалғана береді Де, жіктік жалғаудан кейін (субстантивтенгенде ғана болмаса) тәуелдік жалғау жалғанбайды. Бірақ тәуелдеу-

75


лі сөздердін жіктеулерінде біраз ерекшеліктер бар. Олар мынадай:


  1. тәуелдіктің бірінші жағынын қосымшасы косылған сөзге ешуақытта да жіктік жалғаудың бірінші жағының косымшасы қосылмайды, тек екінші жақтын жалғауы ға- на жалғанады. Мысалы:

Сен студент-ім-сің, оқушы-м-сың, сіз студент-ім-сіз, оңуіиы-м-сыз, сендер студент-ім-сің-дер, оқушы-м-сың- дар, сіздер студент-тер-іміз-сіздер, оқуиіы-лар-ымыз- сыздар.

  1. Керісінше, тәуелдіктін екінші жағынын жалғауы жалғанған сөзге еш уақытта да жіктіктін екінші жағы- ның жалғауы жалғанбайды, тек бірінші жақтын жіктік жалғауы ғана жалғанады. Мысалы:

мен студент-ің-мін, оқуіиы-ң-мын

мен студент-іңіз-бін, оқушы-ыңыз-бын

біз (дер) студент-іңіз-біз, оқуіиы-ңыз-быз

біздер студент-тер-іңіз-біз, оқуіиылар-ыңыз-быз т. б.

  1. Тәуелдіктің үшінші жағынын жалғауы жалғанған сөзге жіктіктін бірінші, екінші жақтарының жалғаулары жалғана береді. Мысалы:

мен студент-і-мін, оқушы-сы-мын

сен студент-і-сің, оңуиіы-сы-сың

біз студент-і-міз, оқушы-сы-мыз

сіз студент-і-сіз, оңуиіы-сы-сыз

біздер студент-тер-іміз, оқушы-лар-ы-мыз

сендер студент-тер-і-сіңдер, оқуиіы-лар-ы-сыңдар

сіздер студент-тер-і-сіздер, оқушы-лар-ы-сыздар

б) Сұраулық шылау (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) жік- тік жалғаудың екінші жағының жалғауынан кейін де, бұ- рын да келе береді. Бірақ бұрын келгенде сұраулык шылаудың ашық дауысты дыбысы (-а, -е), сөздін жуан я жіңішкелігіне қарай, қысаң дыбысқа (-ы, -і) айналады. Мысалы:



оқуіиы-сың-ба?оқушы-мы-сың? оқуіиы-сыз-ба?оқушы-мы-сыз? оқуиіы-лар-сыңдар ма?оЦуіиы-лар-ым-сыңдар? оңушы-лар-сыздар ма?оқушы-лар-мы-сыздар? сен бара-сың ба?сен бара-мы-сың? сіз барып-сыз ба?сіз барып-пы-сыз т. б.

в) Тәуелді сөздін бірінші және үшінші жақтарында да, сүраулык шылау (-ма, -ме) жіктік жалғаудан кейін, де, бүрын да келе береді: Мысалы:



оқушы-м-сың ба?оқушы-м-бы-сың?

76

оқушы-мыз-сыз ба?— оқуіиы-мыз-бы-сыз? оқуіиы-сы-сың ба?оқуіиы-сы-мы-сың? оңушы-лар-ы-сыңдар ма?оцуіиы-лар-ы-мы-сыңдар?

г) Атау формалардан басқа септік жалғаулы сөздер- дің ішінен, әдетте, мекендік және көлемдік мағына бере- тін жатыс және шығыс жалғаулы сөздер де баяндауыш болатыны мәлім. Ондай сөздерге, баяндауыш болғанда, жіктік жалғау жалғанады. Мысалы: біз Крошитад-тан- быз, сендер қай колхоз-дан-сыңдар?

ғ) Жіктік жалғаудың, бірінші, екінші жақтарының косымшалары, кажет болған жағдайда, жіктелетін сөзге тікелей жалғанбай, -ғана (-қана), -ақ шылауларынан кейін де келеді. Мысалы: Мен оның атқосшысы -ғанамын (С. Мұқанов); Телміріп бар өмірінде жемтік жеген., Қар- ғаның жаман-ақсың баласынан (С. Торайғыров) т. б.

Е с к е р т у: Жіктік жалғау күрделі етістіктер баян- дауыш болғанда, ең соңғы көмекші етістікке жалғанаты- ны сияқты, күрделі есімдер баяндауыш болғанда да, оның соңғы көмекші сөзіне жалғанады. Мысалы: Сендер мені осы сапарға ңимайтын сияқтанасыңдар (М. Әуезов). К,айда аттансақ та, басқарушыларымызды сайлап алып аттанатын сияқтымыз (Ғ. Мүсірепов).



§ 22. ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Жіктеу есімдіктері баяндауыш болғанда, оларға жал- ғанатын жіктік жалғау сол баяндауыштардын плеонас- .тикалық жолмен қос-қабаттасып келген көрінісі болады. 'Сол себептен жіктеу есімдігі баяндауыш болғанда, жік- тік жалғау бастауыштын жақтық мағынасына үйлеспей- ді, баяндауыштың жақтық мағынасына орайласып жал- ғанады. Мысалы: Ендігі қарыздар адам менмін (Ғ. Мү- сірепов); Бүгінгі Тобықтыда кісі болса, ол сенсің ғой Абай (М. Әуезов); Ал бұлардың ісін бітіретіндер сен- дерсіңдер (бү да) дегендердегі алғашқы сөйлемдегі бас- тауыш — адац, баяндауыш — менмін, екінші сөйлемдегі бастауыш — ол, баяндауьіш — сенсің, үшінші сөйлемдегі бастауыш — бітіретіндер де, баяндауыш — сендерсіңдер. Сөйтіп, баяндауышы есімдіктерден болған осы үш сөй- лемде де бастауыштар мен баяндауыштар грамматика- лық жақтары жағынан қиыспаған.



) Ал, сөйлемдер «Менменмін», «сенсенсің» тәріз- Ді болып ерекше құрылған жағдайда, әрине, бастауыш

77


пен баяндауыш қиысып тұратыны өз-өзінен түсінікті.

Мысалы: Бәкен бір күні кірісіп: сен кімсің? деген. Оған Раушан: менменмін, мен сегізіншінің ауылнайымын, мен кеңестің бастығымын деген (Б. Майлин).

§ 23. СӨЗДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Әдетте, белгілі бір сөзден басқа бір жаңа сөз тудыр- сақ та, басқа-басқа бірнеше сөз тудырсак, та, біз ең әуелі сол туынды сөздерге негіз болған сөздің түлға-түрпатын, демек, морфологиялық қүрылысын өзгертеміз. Мысалы, жұрнақ арқылы бір түбірден ісші, іскер, істе, іскерлік де- ген сияқты бірнеше сөз тудырсак та немесе қосарлау ар- қылы әр түбірден көзбе-көз, жүзбе-жүз, бетпе-бет сияқ- ты әлденеше сөз тудырсақ та, сөздін бастапқы түрпаты өзгереді. Сондай-ақ, екі түбірді бір-бірімен біріктіру арқылы туған бүгін, түрегел, ендігәрі, біресе (бұл күн, тұра кел, ендігіден әрі, бір ерсе) сөздерін алсақ та, олар- дың морфологиялық қүрылымы өзгеріске үшыраған. Осы сөздер не түбірге қосымша косу аркылы, не бір түбірді біріктіру арқылы — қысқасы,— солардың морфология- лық қүрылымдары өзгеру аркылы — жасалған. Олардың қай-қайсысы болса да, тіліміздің грамматикалық күры- лысына тән заңдарға лайықты күрылған. Осы сөздердін сол құрамдары олардың сыртқы формасының да, ішкі мазмұнының да әрі таянышы, әрі көрсеткіші ретінде қыз- мет етеді. Өйткені түбірге жұрнақ қосу, түбірлерді косар- лау я біріктіру тәсілдерін алсак, олар сөз тудырудың сыртқы формасы болады да, сол тәсілдер (формалар) арқылы туған жаңа сөздердін. лексикалық мағыналары сөз тудырудың мазмұны болады.

Сөйтіп, тілдің жүйесіне лайык, калыптасқан белгілі- белгілі тәсілдер бойынша сөз жасау амалдарын, әдетте, сөз тудыру тәсілі деп айтамыз.

Сөз тудыру дегеніміз — жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жинағы.

Сөз тудыру жайындағы қағидалардың бір үшығы лек- сикологиямен, бір үшығы грамматикамен ұштас болады. Өйткені сөз тудыру тәсілдері аркылы жасалған жана сөздер я жаңа үғымдарды, я белгілі-белгілі ұғымдардын әр қилы ерекшеліктерін білдіреді де жаңа лексикалык түлға (единица) ретінде қызмет етеді. Мысалы: қон, tro­uble, ңонақ, қонағуар; түт, тұтқа, тұтңыш, түтқыр деген сөздердің әрқайсысы — өз алдарына дербес лексикалын



78

түлғалар. Егер осы сөздерді лексикология тұрғысынан емес, грамматика тұрғысынан талдай бастасақ, олардың әрқайсысы белгілі сөз таптарына телулі болады. Осы се- бептен грамматика жаңа сөзді қандай тәсіл арқылы, қай жұрнак арқылы туды және қай сөз табына тән қасиетке ие болады деген сияқты мақсаттарды анықтау үшін ар- найы объект (нысана) етіп тексереді. Онан қала берді, жаңа сөздің түлға-тұрпаты қандай да болса, әйтеуір, бір өзгеріске үшырайтындыктан, сол өзгерісті қарастыру да, әрине, грамматиканын (морфологияның) міндеті болады. Сөздердің бірігуі, тіркесуі арқылы туған олардың қүрам- дарындағы компоненттер, бір жағынан, синтаксистік қа- тынастардың үлгі-нүсқалары бойынша құрылатыныи, екінші жағынан, күрделі сөздердің қызметі сөз тіркесте- рімен де азды-көпті құрылымдас болатынын ескерсек, жаңа сөз тудырудың бұл тәсілдері синтаксиспен де сы- байласып жататынын көреміз. Ендеше, туынды сөздер бұл жағынан да грамматикадан аулақтана алмайды.

Грамматикалық заңдар сияқты, жалқыдан жалпыға, нақтыдан таныкқа (абстрактілікке) қарай жинақтау, абстракциялау қасиеттері — сөз тудыру зандарына да тән, өйткені, грамматикалық өзге зандар тәрізді, сөз ту- дыру заңдары да лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді жалпы формалары мен жалпы семантикалық ерекшеліктеріне қарай топ-топқа үйірмелеп отырады. Мысалы: білгіш, көргіш, нанғыш, тапқыиі, жазғыш, бай- ңағыш деген сөздерді алайық. Бұлар — басқа-басқа тү- бірлерге -ғыш (-кыш, -кіш, -гіш) жұрнағын косу арқылы туған сөздер. Өзге жүрнақтар сияқты, бұл жұрнақ арқы- лы туған сөздер де қосымша арқылы сез тудыру тәсіліне жатады, өйткені ол — көптеген жүрнақтың біреуі ғана. Бул жүрнақ сол (білгіш) туынды сөздерді бір топқа үйірмелеуге сыртқы белгі (көрсеткіш) болып тұр. Соны- мен қатар, сол сөздердің бастапқы түбірлерінің де, сон- дай-ақ, туынды формаларының да лексикалық мағынала- Ры басқа баска бола тұрса да, осы жүрнақ (-ғыш) олар- Дың бәрін де мазмұн жағынан шумақтап, бірыңғай жалпы семантикалық реңк берген. Ол семантикалык ренк сол формадағы туынды сөздердің бәріне де бірдей ішкі жалпы мағына болады. Бұл мағына белгілі бір істі я әре- кетті істеуге бейімдікті, қабілеттілікті білдіреді. Мысалы, сөйлегіш дегеннен жалпы сөйлеуге аса бейім, сөйлеу қа- білеті бар деген мағына аңғарылады.



Ауызба-ауыз, сөзбе-сөз, қолма-ңол, бетпе-бет, қарсы-

79


ма-ңарсы деген қос сөздерді алайык. Бұл сөздер негі- зінде бір түбірді екі рет қайталау арқылы жасалған. Bi- pan; олар, тау-тау, арба-арба, бау-бау деген сияқты жалан қайталау түрінде емес, қосарланған сөздің алғашқысына -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) бөлшегін тіркеп барып қайта- лау арқылы туған. Ендеше, бұл форма да қосарлау аркы- лы сөз жасайтын негізгі тәсілге жатады және соның бір түрі ғана болып саналады. Бұл форма да (-ма, -ме...) осы сөздерді сырттай бір топқа шумақтауға белгі (көр- сеткіш) болып түр. Сонымен қатар, бүл сездердін лекси- калық мағыналары басқа-басқа бола түрса да, олардын туынды формаларының бәріне де ортақ бір жалпы семан- тикалық мағына бар. Бұл жалпы семантикалық мағына іс-әрекеттің (өзге біреуі аркылы емес) тікелей жүзеге асырылуын аңғартады.

Алдыңғы сөздерді (білгіш, көргіш...) де, соңғы сөздер- ді де (ауызба-ауыз, сөзбе-сөз...) өз алдарына топтап тұр- ған формалар сол сөздерді белгілі сөз таптарына теліп (алдыңғы сөздерді — сығі есімге, соңғы сөздерді — үстеу- ге), олардың грамматикалық сипатын да, қызметін де өз- гертіп тұр.

Қазақ тілінің сөз тудыру жүйесі үлкен-үлкен негізгі екі саладан түрады. Оғіыц бірі -—морфологиялық тәсіл де, екіншісі — синтаксистік тәсіл.

Морфологиялық тәсіл деп түбір сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін айта- мыз да, синтаксистік тәсіл деп түбір (я туығіды) сөздер- дің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі аркылы сөз тудыру тә- сілін айтамыз. Бүл екі тәсіл бір-бірімен өзара байлағіыс- ты, олардың өздеріне тән формалық та, семантикалық та құрылымдары, ерекшеліктері бар.

III т a р а у

СӨЗ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУ ТӘСІЛДЕРІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет