Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет27/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
1568787114410

өздік етіс.

!) Н е г і з г і е т і с т і н арнаулы көрсеткіші болмай- ды. Огаи әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістіктердіц де негіздері жатады. Әдетте, етістік негізі- нің субъскті мен объектіге катысы я субъекті мен объек- тініц етістік негізіне (амалға) қатысы сол негіздің бас- тапқы лексикалық семантикасына карай анықталатын- дықтан, опың семантикалық ерекшелігі, грамматикалық (сннтаксистік) кызметі туралы да арнай снпаттама беру қажет болмайды, өйткені тілдегі әрбір етістік негізі езіне лайықты формалары мен функцияларында жүмсала береді (олар оқыды, біз келдік; тақтайды шегелеп қой- дық. инені сабақтадым т. б.). Сөйтіп, негізгі етіс деп өзге етіс формаларына таянышнегіз болатын, со- лардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырьіп айқындайтын форманы — айтамыз (бар, кел, сөйле, іиөл- де, ақта, арала, ңарайла, құрсаула, оян, қуан, қүшақта, ермек ет, еңбек сіңір, эн сал, түсініп ал, сүрап қой т. б.).

  1. Ортақ етіс -с (-ыс, -іс) жүрнағы арқылы не- гізгі стіс формасынан (етістік негізінен) жасалады. Бұл жүркақ негізгі етістікке амалды (істі) кемі екі я онан да аса субъекті қатысып жүзеге асыратындықты білді-

283




ретін мән үстейді, демек, бірнеше субъектінің катыс^ арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді. Мысалы: ац. тыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс,
/сө. мек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс т. т.

Ескерту: -ла+с формаларынан біріккен қүранды -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы аркылы есім- дерден жасалған туынды етістіктер ортак етіс семантц. касын да білдіреді (ақыл-дас, араз-дас, мұң-дас, ңощ- тас, тату-лас, тіл-дес, пікір-лес, сыр-лас т. б.).

  1. Ө з г е л і к е т і с -т; -тыр, (-тір, -дыр, -дір); -қыз (-кіз, ғыз, -гіз) жұрнақтары арқылы және сол жүрнақ- тардың кабаттаса жалғануы аркылы негізгі етіс (етіс- тік негізі) формасынан жасалады. Бұл жұрнактар етіс-і тік негізінің мағынасына аыалды (істі) басқа бір бегде адам (субъекті) арқылы істелуін білдіретіндей мән үс- тейді. Әр жүрнақтың жалғану нұскалары мынадай:

а) жұрнағы кебінесе дауысты я сонор дыбыска бі- тетін негіздерге жалғанады. Мысалы: азай-т, көбей-т, көтер-т, күре-т, оңы-т, төле-т, ойна-т, жугір-т, жөнел-т, жалын-т (қорық-қорңыт, үрік-үркіт), қуан-т т. б.

ә) -тыр (-тір, -дыр, -дір) жұрнағы көбінесе катаң я сонор дыбыска біткен етістік негіздеріне жалғанады. Мысалы: ал-дыр, біл-дір, айт-тьір, кел-тір, кеп-тір, жап- тыр, сат-тыр, сеп-тір, ас-тыр, тол-тыр, қой-дыр, көн-дір, жақ-тыр, жек-тір, ңыз-дыр, без-дір т. б.

б) -қыз (-кіз, -ғыз, -гіз) жұрнағы дауыссыз дыбыска біткен етістік негіздеріне жалғанады. Мысалы: ал-ғыз, бер-гіз, аш-қыз, іш-кіз, жап-ңыз, сеп-кіз, қой-ғыз, айт- ңыз, ек-кіз, жек-кіз, біл-гіз т. б.

в) -т, -тыр, -ғыз жұрнақтарының бірінен соң бірі ка- баттасып келеді де, әркайсысы өзінше тиісті үстеме ма- ғына жамайды. Мысалы: сөйле-т-тір, сөйле-т-кіз, сөйле- т-тір-т-кіз; жи-на-т-тыр-т-қыз; ал-дыр-т-қыз, ал-ғыз-дыр- т, уял-т-қьіз; ңайна-т-тыр-т-қыз, қайна-т-қьіз т. б.

  1. Ырықсыз етіс -ыл (-іл, -л) жұрнағы арқылы жә- не етістік негізінде л дыбысы болса, -ын (-ін, -н) жүр- нағы арқылы жасалады. Бұл жұрнақ етістік негізінін ыағынасына амал ырықсыз (өздігінен) істелетіндей мән жамайды, үстейді, бірақ ол формадан амалды кім істе- гені, яғни субъектісі көрінбейді де, көбінесе логикалык объекті есебінде қызмет етеді. Мысалы: қой ңамалды; үй жиналдьі; жіп үзілді; түйін шешілді; кір жуылды', ңора тазаланды; ине сабаңталды; қар күрелді; киім

284

.,;цді; ңора тазартылды; үй майланды; хабар алын- 1дЫ т. б-

Е с к е р т у: Өнімсіз болса да, жалаң жұрнактардан куралган күрделі -лын (-лін), -ныл (-ніл) формалары к.рыксыз косымшалары есебінде кызмет етеді. Мысалы: цлма же-лін-ді; жоқ ізде-лін-ді; ат байла-ныл-ды (бай- ланды) т. б.

  1. . Өздік етіс -ын (-ін, -н) жүрнағы етістік не- сізіне жалғану арқылы жасалады. Бүл жүрнақ етістік иегізіне амалдың (істің) шарпуы я нәтнжесі оны жасау- щы субъектінің өзіне тиетінін білдіретіндей мән жамай- дьі. Мысалы: тара-н, жу-ын, ора-н, ки-ін, көр-ін, сүра-н, ойлан т. б.

Ескерту: -ла+н косымшаларынан біріккен құран- дЫ -лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жүрнағы аркылы есімдерден жасалған туынды етістіктер өздік етіс ма- ғынасыида жұмсала береді (әуре-лен, қату-лан, қаһар- лан, зәр-лен, шат-тан, мейір-лен, әл-ден, ар-лан). Сон- дай-ақ, есімдерден -ырқан (-іркен), -сын (-сін) қүранды жұрнақтары аркылы туған етістіктер де тікелей өздік етіс мәнін білдіреді (аиі-ырқан, түш-ырқан, шім-іркен; аз-сын, көп-сін, жүрек-сін, жер-сін, бәл-сін т. б.).

Қазіргі қазақ тілінде, жоғарыда әр етіс тұсында бе- ілген ескертулерден басқа да, жеке сөздермен ғана кол- данылатын (ау-дар, көр-сет...), жеке көнеленген форма- ларда кездесетін (оя-н, оя-т, уа-н, уа-т, жүба-н, жүба-т; үйре-н, үйре-т, шег-ін, қут-ыл, қүт-қар, қат-ыс, қат-ьі- нас, там-ыз...) қосымшалар ұшырайды. Сонымен катар, аса өнімді болмағанымен де, бір алуан сөздерге жалға- нып (көн-дік, бас-тық, и-лік, бу-лық) әрі ырықсыз етіс- (Тің, әрі өздік етістің мәнін білдіретін қосымшалар да ду- шарласып отырады. Сондай-ақ, тын-ық, қан-ық... де- гендердегі — ық (ік) формасы да осындай.

-ыр (-ір) қосымшасы өзгелік етіс жүрнағы делініп есептеліп жүр; оның бастапқы толық түрі -тыр (-тір) еке- нііі Абгйдыц: «Адал баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі виноват» де- геңінен, Әуезовтің: «ақыл астыр, малын әпер» дегенінен, ауызекі тілдегі «асымды іштір» мысалдан көруге бола- Ды. Бірақ қазіргі тілде осы форма өзгелік етіс көрсеткі- Ші болу қасиетінен анырылып, салт етістікке сабакты- аық монін жамайтын косымшаныц қабілетіне көшкен

285


сиякты. Мысалы: біт-ір, түс-ір, өиі-ір, жыт-ыр. өс-ір, кещ- ір. піс-ір... дегендердін семантикасында сшқандай өзгелік етіс мәні жок, тек сабактылық ренк қана бар. Етіс. формаларының кейбіреулері жарыса колданыла- тыньпі (жаз-дыр, жаз-ғыз, сөйлет-тір. сөйлет-кіз; алдыр- алғыз; жүгірт-тір, жүгірт-кіз; байла-н (дьі), байла-ныд (ды), кейбіреулері екі бірдей етіске ортақ та болып (бүо-ыл, кер-іл; жылы-н, тазала-н...) келетін себебін, ■сомымсн бірге, кейбір негіздерге етіс жұриақтары түгед косылмайтын логикасын (мысалы: айт-ын-ды; тіг-ін-ді деуге болмайды) ойластырғанда, өзге де категорнялар ■сняқты, етіс категориясының, оның формаларынын шы- ғу. даму, жетілу, калыптасу тарихы өте үзақ дәуірлерді ■бастарынан кешіргені көрінеді.

§ 91. БОЛЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗДЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ

Амал-әрекеттің болу я болмауы немесе тынуы я тын- баіі қалуы — табиғи құбылыс. Осы табиғи құбылыска катысты амал-әрекеттің жүзеге асуы я аспауы тілде (грамматикада) арнаулы формалар аркылы айтылады. Іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп аталады да, жүзеге аспауын білдіре- тін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады. Грам- матикада осы екі түр жинақталып етістіктің бо- лымдылық және болымсыздық катего- р и я с ы деп танылады.

Әдетте, етістіктің болымды түрі кәдімгі түбір, туынды жоне күрделі формалар аркылы білдірілсе, болымсыз түрі сол формаларға я негіздерге арнаулы -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар, кел, айтқыз, сөйлеттір, ойлан, ақылдас, ха- барла, айтып қой, бара бер, ... сияқты негіздер болым- ды түр болса, барма, келме, айтқызба, сөйлеттірме, ой- ланба, ақылдаспа, хабарлама, көмек көрсетпе, айтып қпйма, бара берме дегендер болымсыз түр болады. Етіс- тік негіздерінен туатын оның өзге формаларының бәрі де осы болымсыз түр қосымшасынан кенін тұрады. Мы- салы: бар-ма-у. кел-ме-у, бар-ма-ған, кел-ме-ген, бар-

ма-й кел-ме-й, бар-ма-йтын, кел-ме-йтін, бар-мсі-ғсілы. кел-ме-гелі; бар-ма-са; кел-ме-се; бар-ма-ды. кел-ме-ді; бар-ма-йынша, кел-ме-йінше, бар-ма-с, кел-ме-с т. т.

286

Айтылмакшы ойдын стнльдік талабы мен талғамьіна цараіі, күрделі (аналитикалы) етістіктсрде болымсыз- цык (-ма. -ме...) косыышасы жетекші етістікке де. кө- ^екші етістікке де немесе солардың біреуіне ғана жал- рйііып жұмсала береді: мысалы: алмай қойды. ала


қоймады, алмай қоймайды, алмай отьіра алмайды, айт- іісіғым келді, аитқым келмеді т. т.

Етістіктің есімше, көсемше, рай, шак жәнс баска формаларына айтылмақшы мағына реңкіне, стиль та- „іабына қарай болымсыздық мән білдіретін емес, жоқ сөздері де қолданыла береді. Мысалы: көрген сксспін, і;өрген жоқпын; білмейді емес; көрмей емес, көріп істе- ді; естіген жоқ сдім; барғаным жоқ; барғамыз жоқ.

§ 92. ҚИМЫЛ АТАУЫ —-

Айт, ал, бер, бар тәрізді түбір етістіктер дс, ақта, қурметге, айтңыз, білдір сиякты туынды етістіктер дег соидай-ақ ңурмет қыл, еңбек ет, алып кел, жаза сал де- гендерге ұқсас күрдслі етістіктер де етістіктіи негізі делініп танылатыны айқын. Осындай негіздерге — у жұрнағы жалғанғаннан кейінгі туатын форма амалдың. (кимылдыи) атауы есебінде кызмет етеді. Сол себептен бұл форма кнмыл атауы деп аталады. Мысалы: ал-у, бсір-у, көн-у, ңаз-у, қурметте-у, айтңыз-у, алып кел-у, жығылып кал-у, еңбек ет-у, ән сал-у, опьіқ же-у, бас-көз бол-у т. т.

Қнмыл атауы істіц я әрекеттің нақтылы процесін біл- дірмей, тек оның атауы ретінде кызмет ететіндіктен, он- да шактык ұғым болмайды. Осы себептен етістікке тэн арнаулы грамматикалык формалар, яғни есімше, көсем- ше, рай, шак, жақ формалары кимыл атауына тікелей жалғанбайды. Кнмыл атауы семантикасы жағынан да, түрленуі (формалары) жағынан да етістіктен гері зат есімге жакыи. Сол себептен қимыл атауына, колданылу ыңғайына қарай, есімдерге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғана береді, бірақ оған еш уакытта да жіктік жалғауының косыышасы жалғанбайды. Мысалы: сендердің бүгін келулерің қажет; бұл кісі сөйлеудің, отыру-тұрудын мән-жайын жақсы біледі, мына киноны көрулеріңізге болады т. б.

Қн.вдыл атауына -лы; -сыз; -лық; -іиылық; -ыиі; -дай тәрізді елгезек жұрнактар қосылып, туынды есімдер 'Касала беррді. Мысалы: Жазулы, бійлаулы; айтушы,

287




естуіиі; жалғаулық, орауыіи, түйреуііи; айтудай-ақ айт- ты т. б.

Етістік негізінен — у
жұрнағы арқылы туған кейбір формалар қимыл атауы ретінде жумсауларымен қатар, субстантивтеніп, адьектнвтеніп зат я сын есімдер ката- рына көшкен. Бұл құбылыс- кнмыл атауыпың есімге жақындығыиың айғагы. Мысалы: бүрау, жамау, құрау, көсеу, тісеу (тай), жазу, оқу, тоқу (токтама), түзу (жол), кебу (отын), жібу, жабу т. т. Кимыл атауы, сөй- леу талабыяа лайық тністі жүрнактар мен жалғаулар қосылып түрленуіпе орай өзге де негізгі және көмекші (шылау) сездермен тіркесуіие карай, сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенін күрамына да еие береді.

§ 93. АМАЛДЫҢ ӨТУ СИПАТЫ

Етістік иегізі жалаң болса да, күрделі болса да (бар, кел, айтыс, көмектес, қызмет ет, көмск кәрсет...), амал- әрексттік тек аты есебінде ғана қызмет етеді. Олар нақтылы колдану үстінде амалдың кашан, қалай, қайтіп. кандай тәсілдер арқьілы жүзеге асатынын, демек, амал- дын алуан түрлі грамматнкалық мәндерін білдіре ал- майды. Ондай грамматикалық мағыналар, әдетте, нақ- тылы лебіз (речь) үстінде етістік негізіне үстелетін әр қнлы арнаулы грамматикалық формалар аркылы бері- леді. Қазақ тіліндегі осындай әрі үйреншікті, әрі қыз- меті аса мол грамматикалық формалардыц бір саласъі а налитикалық форма нттар.

Аналішікалық форманттар етістік негізіне жалғанып, сган амалдын бағыты-мақсаты, мезгілі-мезеті, ыцғайы- орайы, тыңғылықтылығы-тпянактылығы, үстіртіндігі- шалағайлығы, шегі-шамасы, жедеқабылдығы, қарбалас- тығы, лажы-мүмкіндігі, шуғыл-тосындағы, үздік-созды- ғы сиякты сппаттарын білдіретін немесе амалдың алдын я аяғын, асығыстығын я жайбаракаттығын, кайтала- нуын я жиілігін, үдеуін я бәсецдеуін, сылбырлығын я ширақтығын, келтелігін я созалацдығын... бағдарлата- тын реңктер үстейді. Аналптикалық етістіктердің бонла- рындағы осындап грамматикалық мән-мағыиалар амал- дың өту я жүзеге асу жолындағы (процесіндегі) бола- тын, үшырасатын әр қилы сыр-сішаттарын білдіреді. Ал аналитикалық форманттар (морфемалар) сол грам- матнкалық мән-мағыналардың морфологиялық көрсет-

288

кіштері есебінде кызмет атқарады. Тіліміздін етістік формалары жүйесіндегі өзіпе лайық ерекше мазмүны мен арнаулы морфемалары (көрсеткіштері) бар грам- латикалық күбылыс амалдың өту сипаты категориясы ден аталады

Амалдыц өту сипаты категориясынын көрсеткіштері сіінтетикалық тәсіл аркылы да, аналитикалық формант- тар аркылы да жасалады. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын көрсеткіштерге мына жүрнақтар жатады:

  1. -ла (-ле, -дсі, -дс, -та, -те) жұрнағы өзі жалғана- тьін етістік түбірінің я негізініц лексикалық (негізгі) мағынасына амалдың үсті-үстіне еселеніп, жиілеу сипа- тын білдіретіндей реңк қосылады. Мысалы: бақ-ыла, ңама-ла, қу-ала, қорға-ла, жаныш-та, саба-ла, твпе-ле, түйре-ле, үйке-ле, түр-ле т. б. Сондай-ак казіргі кезде осы түбірлерден жасалып, көнеленіп калған кейбір етіс- тіктер бар (іиалқа-ла, уқа-ла, уа-ла).

  2. -қыла, (-кіле, -ғыла, -гіле) жүрнағы жалғанған етістік негізінін лексикалық мағынасына амалдын (іс- тін) жиі-жиі немесе тым жедел еселеніп, қайталану си- патын білдіретін реңк жамайды. Мысалы: ат-қыла, жул- қыла, теп-кіле, кес-кіле, түрт-кіле, шап-қыла, соз-ғыла, үр-гіле т. б.

  3. -мала (-мелс, -бала, -беле, -пала, -пеле) косым- шасы да езі жалғанған етістік негізінің лексикалық ма- ғынасына амалдың қайталану сипатын үстегенімен, оныц әлсіз я снрек өтетінін білдіретін реңк жамайды. Мысалы: қаз-бала, бастыр-мала, үсте-меле, сау-мала, көтср-меле, тер-меле, тіз-беле, итер-меле, қақ-пала т. б.

  4. -ғышта (-қыиіта, -кіште, -гіште) жүрнағы өзі жал- ғанган етістік негізінін. лексикалық мағынасына амал- дың қайталану сипаты мардымсыз екенін білдіретін реңк үстейді. Мысалы: ал-ғышта, бар-ғышта, кел-гіште, айт-қышта т. б. Бүл жүрнақ етістіктің негізі дауыстыға бітсе және сонғы буында «ғ» я «г» дыбысы болса, -ыіита (-іште) түрінде қолданылады (қорға-Ситсі, ңара-шта, молығ-ыиіта).

  5. -ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре) жұрнағы өзі 'Калғапған етістік негізініц лексикалық мағынасына змалдың (Істің) үдей түсуін аңғартатын ренк қоса- Дьі. Мысалы: ал-ыңқыра, бар-ыңқыра, көр-іңкіре, оқың- Щра, түсін-іңкіре, байқа-ңқыра, ес-іңкіре, бер-іңкі- Ре т. б.

*0—622

289


  1. -ымсыра (-імсіре, -мсыра, -мсіре) жүрнағы өзі жалғанған етістік негізінін лексикалық мағынасына сод амалдың толымсыз екенін білдіретін мән жамайды. Мысалы: жыла-мсыра, күл-імсіре.

Ескерту: Осы аталған жұрнактардыц ішінен тек -ла (-ле) ғана болмаса, өзгелерінің бәрі де күранды (күрделі) қосымшалар (-қы+ла, -ма+ла, -ғыіи + та, -ың+қы+ра, -ым + сы+ра).

Жоғарыда айтқандай синтетикалык, формалардың •әркайсысы амалдың өзгеше әр түрлі снпатын білдіреді.

Амалдың ету сипаты категориясының екінші түрі — аналнтикалық түрі тілімізде әбден орнығып калыптас-| қан аналнтикалық форманттар арқылы жасалады. Ондай аналитикалық форманттар тілімізде аса көп. Со- лардың кейбір негізгі түрлері мыналар: -п таста, -п жі- бер, -а қой, -а кет, -а қал, -п ал, -п бер, -п отыр, -а түс, -ған бол, -ғалы отыр, -ғалы жатыр, -п кеп жібер, -п кеп цал т. б. («Аналитикалық форманы» қараңыз).

Аналитикалық форманттар сан жағынан қаншалық- ты мол әрқилы болса, олардың мағыналары да, сол фор- манттардың ерекшелігіне карай, соншалықты бай және ■әр алуан болады. Аналитикалық форманттар тарихні тұрғыдан үш түрлі нұсқадан шыкқан.

Бірінші нұсқа (модель). Көсемшенің -ып (-in, -п) және -а (-е, -й) жүрнақтары мен толымды көмекші етіс- тіктерден кұралатын форманттар.

Бұл топқа қатысты негізгі форманттар етістіктің бастапкы жай тіркесінен, демек, екі компонентті күрде- лі етістіктерден (мысалы: алып қайт; қайтып кел; алып кет; алып соқ т. б.) қалыптаскан. Ондай тіркестердін екінші компоненттерінің кейбіреулері бірте-бірте кемек- ші етістік категориясына көшіп, аналитикалык форма құрау нәтижесінде пайда болған. Бұл нүсқа бойынша қалыптасқан қазіргі (алып қой, алып қал, ала көр, ала қой т. т.) аналитикалық форманттарды бағдарлауға әрі көрнекті, әрі қолайлы (жеңіл) болу үшін, төменде оныи екі үлгісі (модель) де бір негізге (айт) жалғанып, жа- рыстырыла беріледі; тиісті форманттар етістік негізінен де, әдейі алынған өткен шақ жүрнағынан да, екі жағЫ- нан бірдей сызықша арқылы бөлініп көрсетіледі; әр Ү^' гінің түсында берілген (жоқ) деген белгі айт етістігінеН бұл модель жасалмайтынын анғартады.

290

айт-а ал-ды
айт-ып ал-ды
чйт-ып бақ-ты
айт-ып бер-ді
айт-ып жөнел-ді
айт-ып қарады
айт-ып қал-ды
айт-ып көр-ді
айт-ып қой-ды
айт-ып сал-ды
айт-ып таста-ды
айт-ып шық-ты
айт-а тұр (-са екен)
айт-а бер-ді
айт-а жөнел-ді


айт-а баста-ды айт-а қал-ды айт-а көр-се екен айт-а қой-ды айт-а сал-ды айт-а түсті айт-а шық-ты айт-а біл-ді айт-ып жат-ты айт-ып жүр-ді айт-ып отыр-ды айт-ып түр-ды айт-а (жазда-ды) айт-а жат-ты айт-а жүр-ді айт-а отыр-ды

Бұл аналитикалық етістіктердік негізгі лексикалық магыналары тек айт
негізімен байланысты біреу-ак, бол- ғанымен. ол негізге (айт) жалғанған әрбір формант (-ыіі ал; -а ал; -ып бақ т. б.) өзінше басқа-басқа семан- тнкалық реңктер жамаған. Мысалы, «айтып алды» мен «айта алды» және «айтып берді» мен «айта берді» деген- дердің семантикаларын салыстырсақ, алғашқы екеуі мағыналары жағынан каншалықты жакын болғанымен, бір-бірінен ерекшеленетіні сияқты, соңғы екеуінің де се- мантіікасы бір-бірінен өзгешеленеді.

Мысалы, «айтып алды» дегеннен субъекті, басканы қоя тұрып, әуелі өз қамы үшін, немесе өзгеге көшпей тү- рып, әуелі осы (айт) әрекетті жүзеге асырып алғандық (өткен шақ) мәні мегзелсе, айта алды дегеннен субъек- ті осы амалды (айт) жүзеге асыра алғаны, демек, оның мүмкіндігі болғаны аңғарылады. Сондай-ақ, айтып бер- ді дегеннен субъект бұл әрекетті өз үшін емес, басқа (бөгде) біреу үшін істегенін білдірерліктей реңк бағдар- ланса, айта берді дегеннен субъект осы амалды (айт) мүдірмей жүзеге асыра бергені байқалады. Егер етістік Негізі осы төрт тіркесте де біреу-ақ (айт) екенін және тертеуі де өткен шак формасында түрғанын ескерсек, °л төрт форманы бір-бірінен семантикалық жағынан ІеРекшелендіріп, ажыратып тұрғандар: -ып ал; -а ал; -ып




бер; -а бер форманттары: демек, сол төрт аналитикалык етістікті сараландырып тұрған аналитикалық көрсет- кіштер осы форманттар болады. Бұл төрт формант, жо- ғарыдағы басқа да аналитикалық форманттар сияқты, амалдың өту жолында (процесінде) болатын әр килы сипаттарды білдіретін арнаулы морфемалар (косымша- лар) есебінде кызмет етеді. Оның бер жағында, сол ана- литикалық формалар да, олардың негіздері мен фор- манттары да түрлері жағынан болсын, мағыналары жа~ ғынан болсын әбден қалыптасып, күнделікті сейлеу тілінде жапа-тармағай жүмсала беретін дағдылы доне- керлер болғандықтан, етістіктің грамматикалык кұры- лысының жүйесінен ездеріне лайык сыбаға-үлесін, оры- нын алатын негізгі грамматикалық категорияныіі бірі болып саналады.

Осы модель бойынша, яғни кесемшенің жұрнағы (-ыіт..., -а...) мен кемекші етістік негізінен қүралып ка- лыптасқан екі компонентті аналитикалық морфемалар- дың үлгісі мен және сондай екі компонентті форманттар- дан күрделене күралған терт және алты компонентті (Компонент саны төрт және алты) аналитикалық мор- фемалар да бар. Мысалы: Ол жылап ңоя берді, Қолым- ды қағып кеп жіберді, Мал басьі жыл санап көбейіп ке- ле жатты
дегендердегі (сол ретімен алғанда) -п қой + а бер; -ыпке-пжібер; -in кел+е жат форманттары, осында жөрсетілгендей, екі-екі аналитикалық морфемалардан қосылып қүралған күрделі форманттар. Өйткені бұлар да мағына жағынан екі компонентті (-п сал; -а қал) форманттар сияқты, тұтасып, жалпы бір семантиканы білдіретін бір бүтін тұлға есебінде қызмет етеді. Сөйтіп, осындай күрделенген аналитикалык керсеткіштерге: -ып қой+а бер (ді); -ып сал+а бер (ді); -ып ке+п жібер (ді); -ып ке+п ңал (ды); -ып ке+п бер (ді); -ып кет+ in бар-а жат (ты) форманттары жатады.

Жалаң және күрделі етістік негіздерінен туатын ана- литикалық форманы (айтып бер; ңызмет ете көр) ана- лнтикалық етістік деп те атауға болады. Өйткені осы аналитикалық етістік бүйрык райдың екінші жақ түрін- де түрса, күрделі етістік негіз ретінде қызмет етеді. Сол себептен оған, қажетіне қарай, парадигмалык форма- лардың қай-қайсысы болса да тікелей еркін қосыла бе- реді. Мысалы:

292

айтып бер (қызмет ет)




-ді

-се (екен)

-ген (болса...)

-етін (діктен...)

-ер (ме екен...)
-мек (иіығар...)


-in (пе еді...)

-гелі (жүр...)
-гениіе (күте түр)
-гей еді (дағы...)


Аналитикалық етістікке (негізге) тек бұл керсетілген парадигмалық формалар ғана емес, аналитикалық фор- манттардың өздері де бірінен соң бірі, қажетіне карай, бірнешеуі тіркесе береді. Бұл жүйенің ірге тасы да тіркес- тегі компоненттердің орындарына байланысты. Өйткені тек бұл кұбылыста ғана емес, қазақ тілінің грамма- тикалық құрылысында сөздің орнының, оның реті мен тәртібінін заңы ерекше екенін әрі жетекші, әрі кемекші болатынын, етістіктердің тіркестегі орындары ауысуы- на қарай мағыналары мен қызметтерінің езгеретінін де көруге болады (мысалы: қойып қалды жзне қалып қой- ды, бере тұр жзне тура бер, сала қой жзне цоя сал
т. б. салыстырыңыз).

Сонымен, аналитикалық етістіктің негіз есебінде қыз- мет ету кабілеті жоғарыдағыдай парадигмалық форма- лардың қосымшаларын кабылдау аясында ғана қалып қоймайды, ол негіз қажетінше, екінші, үшінші... анали- тнкалық форманттарды қабылдап, екінші, үшінші... ана- литикалық негіз де бола алады. Демек, бірінші аналн- тикалық негізге аналитикалық форманттар, жалаң негізге жалғанатын принцип бойынша, бірінен сон бірі, Қажетінше, кезектесіп тіркесе береді. Мысалы: қүла-п кет+е жазда-п бар-ып ңал-ды-м деген аналитикалық етістікті алсақ, жалаң негізге (құла) бірінен соң бірі: •п кет (бірінші), -е жазда (екінші), -п бар (үшінші), 'Ып қал (төртінші) форманттары, олардан кейін еткен Шақ жүрнағы (-ды) және жіктік жалғауы (-м) косыл- ған. Оның бер жағында, парадигмалық формалар бірін- Иі аналитикалық негізге де (құлап кет-ті-м), екінші аналитикалық негізге де (құлап кете жазда+ды+м), іҮШінші аналитикалық негізге де (құлап кете жаздап Ъар-ады екенмін), керегінше, жалғана береді.

293


Екінші нұсқа (модель). Де етістігініц қатысымеп құ. ралған форманттар.

Бұл форманттардыц шығып калыптасуына да «де>. етістігініц тілде ұзак замандар бойы тынбай, жііі колда. нылуы, солардың нәтижесінде орнықкан оның мейлінцд кең өрісі мен нағыз абстракты мағынасы әрі негіз, әр себеп болған. Осы ерекшеліктеріне орай, «де» етістігініғ дәнекерлігі арқасында калыптаскан аналитикалык фор манттардыц мағыналары аса абстракты, формалары өт< күрделі, қызметтері тым төтенше болып келеді.

Бұл нұсқа бойынша қалыптасқан аналитикалық фор манттардың тур-түрінің бәріне -айын де (-ейін, де; -йьи де; -йін де)
деген екі компонентті негіз түп казық бол ға.м да, олардыц өзге турлерінің бәрі де осы туп қазық тан тарамдалып өрбіген.

Бұл форманттардың кұрамдарында «де» етістігінй қай түрі, қандайлыкты дәрежеде түрақты компонент бо латынын және әр форманттың мағынасы мен қызмет кандан екенін темендегі үлгіден көруге болады (олаі сызыкша арқылы бөлініп отырған да, соңында, жақшг ішінде тіркестіруге болатын сөздер әдейі көрсетілген)

  1. жел басыл-айын де-ді (білем) жел басыл-айын де-п-ті

жел басыл-айын де-п еді (пе?)

жел басыл-айын де-п келеді (екен)

жел басыл-айын де-й ме? (екен; қалай?)

жел басыл-айын де-гелі тұр (еді; екен)

жел басьіл-айын де-ген еді (екен; көрінеді; болар

шығар; сияқты, секілді, тәрізді)

  1. Ол Москваға жүр-ейін де-п тұр (еді; екен)

Ол Москваға жүр-ейін де-п отыр (еді; екен)

Ол Москваға жүр-ейін де-п жатыр (еді; екен)

Ол Москваға жүр-ейін де-п жүр (еді; екен)

Бұл жоғарыдағы бірінші топтағы мысалдардьщ кай қайсысында болсын етістік негізіне -айын де форманть езінің компоненттерінің әуелгі мағыналарын, мысалЫ «мен келейін» (айтайын, ойланайын...) деп айттым» де- гендегі сиякты тура мағынасын жамап тұрған жок, олардагы екі компонентті — айын де форманты идиома- лаиған тұтас бір күрделі морфема (көрсеткіш) есебінд* кызмет етіп, одан кейін қосылған компоненттер сол тү- рақты форманттың үстіне әр қилы саралайтын реңктер жамап, оның формасын күрделендіре түсіп тұр. ЖалпЫ алғанда, бұл формантар желдін басылуға бет алғандз'

294

fbi я басылуға бет түзеп саябырлай бастағандағы белгілі $р кезеңін (белесін) білдіреді. Ал негізгі (тұрақты) формантқа үстелген жеті түрлі қосымша форма оған сараланған жеті түрлі реңк (мән) жамайды, демек, сон,- ғы қосымша формалардың әрқайсысы «басылуға жа- кындағандағы белестің (кезеңнің)» әр қилы мезетін анғартады. Мысалы, -айын деп келеді (жел басылайын деп келеді) тынуға бет түзеген амалдың даму каркыны мардымды екенін, бірак әлі тынбағанын білдірсе, -йын депті форманты амалдың дамуға бет алғанын, бірақ оның үдеу дәрежесі мардымсыз екенін бағдарлатады.

Ал екінші топтағы мысалдарда тұрақты -ейін де фор- мантының үстіне -п түр, -п отыр, -п жатыр, -п жүр фор- манттары үстеліп, олардыц әрқайсысы өзді-езіне тән ренктерін жамап, аналитикалық күрделі форманттар қүрап түр. Сейте тұра, бұл күрделі форманттар, негізгі (жетекші) етістікке жалғанғанда, субъектінін амалды жүзеге асыруға кіріскенін немесе сол амалды жүзеге асырудың қамында екенін, бірақ сол қам амалды орын- дау жолындағы, анығырак айтқанда, оның алдындағы бір мезетті бағдарлатады («Тұр», «жатыр», «жүр», «отыр» етістіктері деген тадырыпты қараңыз).

Жоғарыдағы аналитикалық форманттарды семанти- калык ынғайына қарай басқа жалаң және курделі етіс- тік негіздеріне жалғай беруге болады (ол Қарағандыға аттанайын деп түр. Ол ертерек бара берейін деп отыр; ат болдырып қалайын деп келеді; Күн суытайын деп ба- рады). Бірақ етістік негізі ауысканымен, күрделенгені- мен, аталған аналитикалык форманттардың езді-өзіне лайық грамматнкалык семантикасы өзгермей, әуелгі қалпында қалады да отырады. Бұл жағдай көрсетілген форманттардың мазмұндары мен формалары тұракты екенін, кызметтері қалыпты екенін дәлелдейді. Ал жал- пы алғанда, бұл форманттар амалдың я әрекеттің жү- зеге асу процесіндегі белгілі бір кезеңін немесе белесін Және сол белестің әр қилы шама-мезетін білдіреді.

Аыалдың белгілі кезеңін білдіретін бұл форманттар, эдеттс, амалдың ету сипаты форманттарынан кейін, бі- Рақ амалдың мезгілге қатысты форманттарынан бұрын ’Үрады. Демек, бір негізге әлденеше аналитикалык фор- ^ант тіркесетіндей жағдайда, тікелей негізге тете амал- Дьің өту сипаты форманттары (жүр-іп кет-е ал-май қал- №ын деген екен т. б.) жатады.

Үшінші нусқа (модель). Есімше, көсемше (кейбір тү-

295




рініа), рай жұрнактары мен толымсыз еді, екен кеіиек- ші етістіктерінен жасалатын форманттар.

Бұл форманттардың элементтері тым арғы замандар- да, шамамен алғанда, ер (қазіргі е) етістігі жетекшілік қызметінен де, дербес баяндауыш болу қабілетінен де айырылмай, әрі жетекші, әрі көмекші болып жүрген шақтарында ақ кұрала басталса керғк. Еді, екен кемек шілері дербес баяндауыш болыл түрған кездерде қазір гі осы аналнтикалық форманттардың бірінші компонент терініц көрсеткіштері, демек, есімше, көсемше, рай ко сымшалары ездерінің осы күнгі семантикалары мен қыз меттерінде емес, етістіктен есім тудыратын функцияла рын атқарған болуға тиіс те, тек субъекті қызметтерінде жұмсалған болса керек. Өйткені -қан еді-м, -ып еді+м, қысы кел + іп еді...
тәрізді форманттардың алғашқы бел- гілері қазіргі айтқан менмін; айтқан мен едім дегендер- дің орындарына айтқан мендурмын; айтқан мендүр еді мен деген тәрізді нұсқалар жұмсалган кездерден де әл- деқайда бүрын шыкқанға үк.сайды...

Бүл нұсқа бойынша қалыптасқан форманттар да тө- менде екі бағанада сызықшамен бөлініп беріледі.

  1. айт-қан еді-ң 1) айт-ңан екен-сің

айт-атын еді-ң айт-атын екен-сің

айт-ар еді-ң айт-ар екен-сің

айт-пақ еді-ң айт-һақ екен-сің

  1. айт-ып еді-ң 2) айт-ып па екен-сің

  2. айт-саң еді-ң 3) айт-са + ң екен

айт-са игі еді-ң айт-саң игі екен

айт-щй еді-ң айт-қай екен-сің

айт-қы+ң кел-іп еді айт-қы + ң келіп

айт-қы + ң кел-се еді пе екен

айт-қы+ң кел-е+ді екен айт-қы+ң келсе екен

Ескерту: Еді. екен көмекшілері жатыр, жур, отыр, тур етістіктерімен және баяндауыш болатын есімдер- мен тіркескенде де, оларға өткен шақ мәнін үстейді.

Бүл екі бағанадағы аналитикалық етістіктердің лек- сикалық ыағыналары айт етістігінің аясынан шықпай- ды. Бірақ әр формант (-қан, еді; -атын еді; -ар еді; -пак, еді; -ып еді; -са еді; -са игі еді; -қай еді; -қы + сы кел-іп еді; -қы + сы кел + се еді; -қан екен; -атын екен; -ар екеН', -пақ екен; -ып па екен; -а + ды екен; -са екен; -са игі екеН; -қай екен; -қы + сы кел-іп пе екен; -ңьі + сы кел-е+ді ек-

296

ен: -қы + сы кел-се екен... сол негізде амалдын өту сипатын білдіретін әр түрлі мағына, реңк жамайды. Мы- салы: айт-қан еді мен айт-қан екен дегендердіц ексуі

де өткеи шак мәнін білдіреді. Солай бола тұра, екеуінің арасында мағыналық реңк барлығы күмәнсыз Демек, айт+қан еді тіркесі болған әрекетті (айту әрекетін) басы-қасында болғандай анық айқын етіп хабарласа, айщан екен формасы басы-қасында болмаған, көзбен көрмеген, тек біреу аркылы білген (естіген) я кейін ға- на канық (естіп, оқып...) болған іс-оқиғаны (айту, орекетін) хабарлайды. Осындай айырмашылык скі бағанадағы форманттардың бәрінен де байкалып отыра- ды; олардыц бір-бірінен азды-көпті семантикалык ерек- шеліктері барлығы анғарылады. Ал ол ерекшелік, әрпне, компоненттердіц өзгешеліктерін саралап көрсететін фор- манттардың айырмашылықтарына байланысты. Өйткені ол форманттардын араларындағы анырмашылык тек екі компоненттілердін жіктерінде ғана емес (айт-пақ екен; айт-ар екен) күрделенген көп компоненттілердің жіктерінде де (-са игі екен; -қы + сы кел-се игі екен) бар. Олардыц осындай жалпы сипаттары да, жалкы си- паттары да бұл форманттарды бірінші және екінші нұс- қалар бойынша жасалатын форманттардан баскаша- ландырып тұрады.

Еді, екен көмекшілері катысатын аналитикалык фор- манттардың бірінші және екінші модель (айт-а сал; айт- ып қой...) форманттарынан тек компоненттеріиің фор- малары (есімше, көсемше, рай қосымшалары) мен мағыналары (өткен шақты білдіруі) жағынан ғана емес, етістік негізіне тіркескенде алатын орындары мен реті жағынан да айырмашылығы бар. Мысалы, бірінші мо- дель бойынша жасалатын формалар етістіктің аналнти- калық негізі (күрделі етістік негізі) есебінде қолданы- лып, оған басқа парадигмалык формалар косыла беретіндіктен (айтып салды; айтып сал-са; айтып сал- айын...), әдетте, олардан кейін екінші модель формант- тары, олардан кейін үшінші нұсқа форманттары тұрады, демек, бір негізге екі я үш модельдің форманттары қа- баттаса, жарыса тіркесерліктей болса, әуелі бірінші модель морфемалары (форманттары), олардан кейін екінші модель көрсеткіштері (форманттары), олардан Кейін үшінші модель көрсеткіштері (форманттары) жал- ғанады. Мысалы: айт-а қой -айын деген еді, айт-ып крй-а Маз-да-ган еді, айт-а ал-ма-ған екен; айт-а ал-май-қал-

297


ған екен; айтып ал-ған еді; айт-ып ал-а ал-ма-ған екец т. б.) Сондай-ақ, бірінші модель көрсеткіштері бірінің үстіне бірі тіркесе берсе (айт-ып жібер-е қой), үшінші модель морфемалары бірінен кейін бірі жалғанбайды, тек бір-ақ рет және өзге модель форманттарынан соң жалғанады (айт-ып жібер-е қой-ған еді; айт-ып жібер-е жазда-ған екен). Ал, бұл ерекшеліктер үшінші нүсқаға тән форманттарды баяндауыш болуға икемдеп түрады, оларға баяндауыш болу «кәсібін» теліп, сөйлемді аяқ- тауға жетектеп отырады.

Сөйтіп, үшінші нүсқа форманттары, әдетте, етістік негізіне сәт-мезетке қатысты немесе шактық реңктерді білдіруге бейімдейтіндей мән жамайды («Толымсыз кө- мекші етістіктер», «Рай категориясы», «Шақ категория- сы» деген тақырыптарды қараңыз).

Амалдың өту процесі әрқашан белгілі бір мезет-мер- зімге (тұска) және сатылы қалыпқа байланысты бола- ды. Демек, амал белгілі тұсга басталады, белгілі бір мезетте жүріп жатады, белгілі бір кезде аякталады. Амалдың өту сипатының осы процесі қимылдың өту фазасы деп те аталады. Қимылдың ету процесін осы 'тұрғыдан қарағанда, оны кимылдың басталуы, жүріп жатуы және аяқталуы деген үш кезеңге бөліп қарауға болады.

Мысалы, айта бастады, шаба жөнелді десек, іс-әре- кет, қимылдың, амалдың өту процесінін жаңадан бас- талғаны ацғарылады. Егер айтып жатыр, өсіп келеді десек. кимылдың, амалдың жасалу үстінде екенін, бас- талған амалдың аякталмай, жасалып жатканы бай- қалады. Ал, айтып болды, жазып бітті десек, қпмылдыц өту процесінің аяқталғаны білінеді.

Амал-қимылдың өту процесінін басталу кезеңін (фа- засын) білдіруге баста, жөнел, бер сияқты толымды көмекші етістіктердің кесемшенің -an, -п жұрнақтары- мен бірлсстікте айтылған -а баста (аііта бастады), -а жөнел (шаба женелді), -п сала бер (кулімдеп сала бер- ді), -п қоя бер (жылап қоя берді) сияқты аналнтикалык форманттар қатысады.

Амал-кимылдың өту процесінің жасалу үстінде еке- нін, жасалып жатқан кезеңін (фазасын) білдіруде бар, кел, түр, отыр, жатыр сияқты амалдың күй-жайын білдіретін етістіктердің көсемшенің -а, -п жүрнактары- мен бірлестікте айтылған -а жат (бара жатыр), -п бар (кетіп барады), -п кел (өсіп келеді), -п келе жат (кі-

298

pin келе жатыр) сияқты аналитикалық форманттар ка- гьісады.

Амал-қимылдың өту процесінің аяқталу кезенін (фа- засын) жасауға біт, бол, кеш, қал, шық сияқты толым- ды көмекші етістіктердің көсемшенің -п жұрнағымен бірлікте айтылған -п біт (жазып бітті), -п бол (айтып болды), -п кет (пісіп кетті), -п қал (күіііп қалды), -п іиық (санап шықты) сияқты аналитикалык. форманттар катысады.

Жалпы алғанда, амалдың өту сипаты категориясы — етістіктің грамматикалық категорияларынын кайсысы- на болса да тікелей катысты, бәрімен де байланысты категория. Сол себепті оныц жасалу тәсіліне, онын ана- ліітикалык форманттарыныи күрамына етістіктің грам- матикалық категорияларынын көрсеткіштері түгелдей катысады деуге болады. Мысалы, амалдың өту процесі- нің мезет-мерзімі, сатылы қалпын білдіру максатында айтылатын аналитпкалық форманттар, атап айтканда: -ып отыр (оқып отыр), -п бара жатыр (құлап бара жа- тыр) форманттары тікелей көсемше мен шақ категория- сьша байланысты (осы шақ) айтылса, -а көр (айта көр), -а қал (бола қал) форманттары бұйрық рай кате- гориясымен тікелей байланысты айтылып түр. Егер -ған >болса (антқан болса), -р болса (айтар болса) десек, бі- ріншіден, есімше категориясымен байланысты антылса, екіншіден, шартты рай категориясымен тікелей катыс- ты. Міне, осылайша амалдың өту сипаты категориясы- ның қай формантын алып қарасаңыз да, етістіктің белгілі бір немесе бірнеше категориясына қатысты айты- лады да, әр түрлі грамматикалық категориялар көр- сеткіштері аркылы жасалады. Осы күрделі сан-салалы, көп тармакты ерекшеліктер амалдың өту сипаты кате- гориясыныц негізгі белгілерінің бірі болып таиылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет