Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының 20 ғ-дың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы


Біз араб алфавиті негізінде өз әліпбиімізді жасадық



бет7/9
Дата18.02.2022
өлшемі28,53 Kb.
#132311
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі2

Біз араб алфавиті негізінде өз әліпбиімізді жасадық. Сол секілді, араб харпін жазба машиналарына қолайландыру әдістерін де жетілдіріп жатырмыз. Соңғы жылдары тіпті, машинаға араб және орыс қарпін қатар енгізуге де қол жеткізілді. Түркі халықтарының 90 % ежелден араб шрифін қолданып келеді, және осы шрифт жүйесі негізіндегі жазу мәдениетін қалыптастырған. Жазба мәдениет ұғымына шрифт пен оны қолданумен байланыстының бәрі кіреді. Жазба мәдениеті қалыптасқан халықтарға шрифт жүйесін басқамен ауыстыру – оңай іс емес. Бір жүйеден екіншісіне сатылай өткеннің өзінде көп уақыт, құралдар мен күшті қажет етеді. Әсіресе, жазу мен оқуды параллельді екі жазу бойынша ұйымдастыру, параллельді баспаларды шығару қажет болады. Мұндай мәдени және материалдық мүмкіндікті қазақ халқы ғана емес, түркі халықтарының бірде бірі иеленіп отырған жоқ. Жаңа алфавитке өту үлкен қаржы, күш-қуат пен еңбекті талап етеді. Академиялық жұмыстарды жүзеге асыру, баспаханаларды жарақтандыру, параллельді баспа жұмыстарын игеретін ұстаздарды даярлау, т. б. – мұның барлығы 9-10 он күннің немесе 9-10 миллионның шаруасы емес. Сол себепті, харіпті өзгерту біз үшін ірі қоғамдық-экономикалық маңызы бар, үлкен жауапкершілікті талап ететін мәселе болып табылады. Халық, соның ішінде, сауаттылар жаңа алфавитке көшудің артықшылықтары мен пайдасы айқын көрініп тұрған жағдайда ғана бұл бастаманы қолдайтындығы сөзсіз. Керісінше, жаңа алфавиттің салыстырмалы түрде еш артықшылығы жоқ. Араб харпін латын әріптерімен өзгерту мәселесі көптеген ғалымдардың екі алфавитті салыстыра зерттеуге мәжбүрледі. Менің келтіретін дәйектерім жеке пікірім емес, осы мәселені зерттеген көпшіліктің зерттеулерінің нәтижесі болып табылады.
Екі шрифті салыстыруда және оның қажеттілігі мен маңыздылығын айқындауда төмендегілер негізге алынуы керек:

  1. Тілдің негізгі элементтерін бейнелеу дәрежесі;

  2. Баспа және қолжазба мәтіннің оқылу тездігі;

  3. Тез жазылуы және оқылуы;

  4. Типографиялық техникаларға қолайлылығы;

  5. Сауат ашу ісіндегі тиімділігі;

  6. Баспа және қолжазба мәтіннің сыртқы әсемдігі мен көз гигиеналылығы деп, осы критерийлер бойынша жеке-жеке салыстырмалы талдау жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет