А. Байтұрсынов қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұғады
Байланысты: Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі2
А. Байтұрсынов қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұғады. Оған дейінгі мұғалімдер баланы өз ыңғайларына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланып, түрліше оқытатын. Сондықтан, ол оқу жүйесін бір қа-лыпқа келтіру мақсатымен, балаларды оқытуда, әріп үйретуде жеңіл болуы үшін жас ерекшеліктеріне, ой-өріс, сана-сезімдерінің қалыптасу ыңғайына қарай әліппе оқулық кітабын жазуды қолға алады. Ол үшін ең алдымен алфавиттегі әріптердің қолданылу ретін, жұмсалу орнын анықтауды мақсат етеді. Екінші орынға оқыту жүйесі мен мектеп, медресе, оқулық, т. б. Мәселелерді қояды. Шамамен 1910 жылдан бастап, араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін жайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзетуді қолға алады. 1913 жылғы «Қазақтың» № 35 санында жарияланған “Жазу мәселесі» деген мақаласында А. Байтұрсынов дауысты дыбыстарды таңбалау жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Ол өзінің айтқан пікірлерін Ғ. Мұса мырзаның айтқан пікірімен салыстыра отырып, араб графикасы негізіндегі қазақ жазуында о, у, ы, е әріптерінің қалай таңбалануы жөнінде өз концепциясын ұсынады [3; 47-48 бб.].
Араб жазуын қазақ тіліне лайықтап өзгерту үшін оған мынадай өзгерістер енгізу керек дейді.
Егер дауысты дыбыстар жуан айтылса, олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады, егер дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылады, яғни, дыбыстар үндестік заңына бағынсын деген пікірді білдіреді.
Дауысты дыбыстардың жіңішке айтылуы үшін жіңішкелік белгісі «дәйекшені» енгізу, оны сөздің алдына қою, ол қазақ тілін көп әріптіліктен құтқарады.