Сыныбы: 1 «А»
Пәні: Ана тілі
Сынып жетекшісі: мусабаева
Сабақтың тақырыбы: «Әнші» төлдер. Бөрте лақ.
37, 38– жаттығулар.
Сабақтың мақсаттары:
І. Білімділік: Оқушылардың жіңішке дауысты дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру. Сөздердің ішіндегі жіңішке дауысты дыбыстарды таба білуге және мәнерлеп оқуға үйрету. Төрт түлік жайлы түсініктерін тереңдету.
ІІ.Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, дұрыс дыбыстау, сауатты оқу және көркем жазу дағдыларын дамыту.
ІІІ.Тәрбиелік: Адамгершілігі мол, білімді азамат болуға және адал,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ- жауап, түсіндіру, баяндау, сәйкестендіру.
Көрнекілік: Суреттер, сызбалар, «Сәйкестендіру» қағаза, ережелер,
қима- қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, музыка, математика, еңбекке баулу, дүниетану.
Сабақтың жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
ә) Психологиялық жаттығу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а) «Төлдер» өлеңін жатқа сұрау, 36-жаттығу 39-бет;
ә) Білімді жан- жақты тексеру:
1. Төрт түлік, Мал атасы;
2. Сызбамен жұмыс;
3. Ережелерді жатқа сұрау.
Сергіту сәті
ІІІ.Жаңа сабақ:
а) Оқулықпен жұмыс;
ә) Дәптермен жұмыс.
ІV. Сабақты бекіту:
Сурет бойынша жұмыс.
Сергіту сәті
V. Сабақты қорыту:
а) Сұрақ- жауап;
ә) Сәйкестендіру.
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Бағалау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу;
ә) Психологиялық жаттығу.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң,
Кайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
ІІ.Үй тапсырмасымен тексеру: «Төлдер» өлеңін оқушылардан жатқа сұрау, 36-жаттығу 39-беттегі жаңылтпашты дәптерге көшіріп жазып келу.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Төрт түлік, Мал атасы;
Оқушылар төрт түлік, олардың төлдері, мал атасы туралы түсінгендерін айту.
-Төрт түлікті атаңыз? (түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)
-Төрт түліктің төлдерін атаңыз? (түйе- бота, жылқы- құлын, сиыр- бұзау, қой- қозы, ешкі- лақ)
-Мал атасын атаңыздар?
Қой атасы- Шопаната,
Жылқы атасы- Қамбарата,
Ешкі иесі- Сексеката,
Түйе атасы- Ойсылқара,
Сиыр иесі- Зеңгібаба.
Сызбамен жұмыс;
Дыбыстар, олардың түрлері туралы.
Ережелерді жатқа сұрау.
Өткен сабақтарды еске түсіріп, ереже айту.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
ІІІ. Жаңа сабақ: «Әнші» төлдер, Бөрте лақ. 37, 38– жаттығулар.
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру және мақсатын түсіндіру.
а) Оқулықпен жұмыс:
-Өлеңдерді мәнерлеп оқып беру;
-Мазмұнын түсіндіру;
-Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту.
«Әнші» төлдер Бөрте лақ
«Мәә- мәә» деген әні бар, Шөре- шөре, лағым,
Жібек тоны- сәні бар: Тентек болма, шырағым.
Қошақаным момақан Секектеме, деміңді ал,
Сүйкімді бір жануар. Селтеңдемей құлағың.
/І.Жансүгіров/
«Мөө-мөө» деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Мөңірегіш бұзауым-
Маған үйір жануар.
ә) Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
-------------------------------------------------------------------------------------
37−жаттығу (40 бет)
Сөздерді дауыстап оқып, көшіріп жазыңдар.
Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.
Қой, ешкі, серке, қозы, түйе, тоқты, теке, саулық.
ІV. Сабақты бекіту:
Сурет бойынша жұмыс: Тақтаға ілінген төрт түліктің төлдеріне сипаттама жасау, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды табу.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
V. Сабақты қорыту:
а) Сұрақ- жауап.
1. Төр түлікті атаңыз?
2. Төрт түліктің төлдерін атаңыз?
3.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
4.Дыбыстар қаншаға бөлінеді?
5.Жуан дауысты дыбыстарды ата?
6.Жіңішке дауысталарды ата?
ә) Сәйкестендіру.
Бұзау Түйе Пұшайт, пұшайт!
Қозы Ешкі Қырау, қырау!
Бота Сиыр Шөре, шөре!
Құлын Қой Көс, көс!
Лақ Жылқы Аухау, аухау!
VІ. Үйге тапсырма: «Әнші төлдер» мәнерлеп оқу, « Бөрте лақ» жаттау. 38- жаттығу 41бет
VІІ. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды мадақтап, оларды қима қағаздар арқылы бағалау «5»- қызыл түс, «4»-жасыл түс, «3»- сары түс.
№55 орта мектеп
Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 1 «А»
Сынып жетекшісі: Абдразакова Лаура Райсқызы
2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |