Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл



бет2/5
Дата11.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#157753
1   2   3   4   5
Байланысты:
стенд

Ғабит Махмұтұлы
Мүсірепов



120 жыл

Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген.
1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;
1927 – 1928 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы қызметінде;
1928 – 1932 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметінде;
1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі қызметінде;
1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор қызметінде;
1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде;
1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметінде;
1938 –1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;
1956 – 1957 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;
1956 – 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;
1964 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы болып;
1959–1985 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған.


120 жыл

Ғабиден Мұстафин



Ғабиден Мұстафин 29 қараша 1902 жылҚарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауының етегінде дүниеге келген  – 20 қантар 1985 жылАлматыда дүниеден өтті. Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.
Арғын тайпасы Қуандық руы Мұрат бөлімінен шыққан. Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқиды. Сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебін бітірген (1916). 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеді. Түскен шағымдарды негізге ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуға үйренді. Жазушылыққа ұмтылысы да осы кезеңдерден басталды.
1925 – 1964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы, “Қарағанды пролетариаты” (қазіргі “Орталық Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан “Қызыл ту” газетінің, “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі “Сәрсен мен Боқаш” (1927) “Жыл құсы” альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы “Ер Шойын” (1929) деген атпен шықты.
1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған “Өмір не өлім” атты тұңғыш романы жарияланды. Ғабиден Мұстафин дәуір шындығы мен өндіріс адамдарын суреттеуде едәуір табыстарға жетті. Соғыс жылдарында “Құлаған құз”, “Алынған кек”, “Басқа пәле тілден”, “Айғақ” (1942), “Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Керуен” секілді шағын туындылары өмірге келді (“Жиырма бес”, 1953).
Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен “Шығанақ” повесін жазды. “Миллионер” повесін (1948), “Қарағанды” (1952), “Дауылдан кейін” ('1960), “Көз көрген” (1963) романдарын жазды. 



1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Сандықтас қонысында дүниге келген, сол жерде 1874 жылы дүниеден өтеді. Көрнекті ақын, жырау, сатирик, ағартушы, қоғам қайраткері, тарихшы. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.


Орта жүз құрамындағы найман тайпасының Қаракерей сыбан руынан шыққан.
Шығармалары: «Еспенбет» дастаны
Өлеңдері: «Айтқызбасымды айтқыздың», «Ақындық туралы», «Зар заман» толғауы, «Зар заман» толғауы, «Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге», «Ақтанға», «Сүлейменге», «Атаны бала алдады», «Ақтанға», «Аягөз», «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», «Ақжайлау мен Сандықтас», т.б
Сырғалынды күң қылып,
Солқылдақты жүн қылып,
Күніңді тұман түн қылып,
Қыл мойынға тақалтып,
Шабақтай жемге қақалтып,
Көмейіңе салар қармақты...
Жібек жалын жайнатып,
Ортекедей ойнатып,
Қабырғаңды сөгілтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Әлі-ақ шауып алады
Түйең менен жылқыңды.
Егін себер жерді алып,
Бұрынғысы өтірік,
Шыныменен енді алып,
Кетірер кәпір сыйқыңды.
Шығармалары түгелге жуық қамтылған көлемді басылымы – белгілі ғалым Қ.Әмірәлиевтің құрастыруымен және көлемді зерттеу мақаласымен қоса, 1991 жылы "Замана сазы (өлеңдер мен Дастандар)" деген атпен "Жазушы" баспасынан шықты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет