Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ грамматикасының мәселелері



Дата08.11.2023
өлшемі12,6 Kb.
#190161
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы


Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ грамматикасының мәселелері.
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.
Ұлттың ұлы ұстазы, рухани көсемі-Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы мол, сан салалы. Ол-тілші, әлебиеттанушы ғалым, ұстаз, өткір тілмен, сүбелі сөзбен сананы оятқан, көсемсөзші, ел үшін күрескен ердің сойы.
Әр халықтың дербес білім беру жүйесі болу керек. Әлемдік тарихта дербес білім беру жүйесінен айырылу кейбір ұлттың, мемлекеттің жойылуына себеп болады. Оған тарих куә. Елдің болашағы,оның оқу жүйесіне тікелей байланысты. Сондықтан Байтұрсынұлы: "Әуелі, біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек.Не десек, болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі"-деген еді.
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ морфологиясының негізін қалаушы. Ол өзінің шығармашылық мұрасының басым бөлігі-лингвистикалық еңбектері. Бұлар тіл деңгейлерінің жалпы бәріне қатысты болып келеді, тақырыбы жағынан да өте әр тарап. Оның лингвистикалық ізденулері «Тіл – құрал», «Әліпби» сияқты арнайы еңбектерімен ғана шектелмейді. Ахмет Байтұрсынұлының "Тіл-құрал" атты еңбегін әлемдік лингвистика деңгейіндегі еңбек ретінде ерекше бағалауға болады.
Ахмет Байтұрсынұлының бай шығармашылық мұрасының басым бөлігі – лингвистикалық еңбектері. Бұлар тіл деңгейлерінің жалпы бәріне қатысты болып келеді, тақырыбы жағынан да өте әр тарап. Оның лингвистикалық ізденулері «Тіл – құрал», «Әліпби» сияқты арнайы еңбектерімен ғана шектелмейді. Ғалымның түрлі тіл мәселесіне қатысты өзіндік пайымдаулары, теориялық тұжырымдары бұлардың сыртында көсемсөз түріндегі жазғандарынан да, сондай-ақ «Әдебиет танытқыштан» да үнемі кездесіп отырады. Қазақ тілінің фонологиялық жүйесі, грамматикалық құрылысы жөніндегі негізгі зерттеулерін былай қойғанда, оның назарынан әдеби тіл, тіл мәдениеті, этнолингвистика, прагматикалық (функционалды) грамматика, «оқыту ғылымы» (методика) мәселелері де еш уақыт тыс қалған емес, ол артына бұлар жөнінде де бірсыпыра құнды бағдарламалық пікір қалдырды.
Қазақ тілі грамматикалық құрылысының ана тілімізде зерттеліп жарық көруі ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады.Оның бастауы – 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет Байтұрсынов жазған оқулық. Қазақ тілі туралы ғылымды қалыптастыруды А. Байтұрсынов тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін фонетика, жазу жүйесін зерттейтін графика мен орфография, морфологиясы мен синтаксистік құрылысын зерттейтін грамматика салаларын айқындаудан бастады.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде, Қазан төңкерісінен кейінгі халықты жаппай сауаттандыру мақсатына орай негізгі жұмыс практикалық деңгейде жүргізілгендіктен, морфологияның да мәселесі осы тұрғыдан қызу қолға алынып, алғашқы әліппелер, бастауыш мектептерге арналған бағдарламалар жазылып, басылып шыға бастады. Осы тұста қазақ халқының саясиәлеуметтік, қоғамдық өміріне белсене араласқан А. Байтұрсынұлының тіл біліміндегі еңбегі де айрықша болды. Ғалымның қазақ тілі заңдылығына икемдеп реформалаған араб жазуы, қазақ балаларына арнап жазған сауат ашу әліппесі, (Байтұрсынұлы А. Оқу құралы. Орынбор, 1912) қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулығы (Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Орынбор, 1914 жыл және кейінгі басылымдары) қазақ мәдениеті үшін маңызды жаңа белес еді. А. Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» аталған 3 бөлімнен тұратын оқулығының морфологияға арналған бөлімі алғаш рет 1914 жылы, фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, синтаксиске арналған бөлімі 1916 жылы жарық көріп, кейіннен әрқайсысы 6-7 реттен толықтырып қайта басылып отырған.
А. Байтұрсыновтың лингвистикалық ой-пікірлері «Тіл – құралдарының» қайқайсы сында болса да бар. Солардың ішіндегі ең толығырақ түрі – 1918 жылы Ташкентте жарық көрген екі жылдық «Тіл – құрал» мен осының 1920 жылы Қызылордада қайталанып басылғандары.
А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алған қазақ тіл білімінің сөз құрамы, сөздерді таптастыру, сөз таптарының лексика-грамматикалық табиғаты секілді мәселелерінің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеле басталуы қазақтың ұлттық мамандарының өсіп-жетілуімен тікелей байланысты болды.
Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлының "Бастауыш мектеп"-деген еңбегінде сөздерді топқа бөлудің жалпы тіл біліміндегі сонау Платон, Аристотель еңбектерінен бастау алатын дәстүрлі қалпы көрінеді. Тіл бөлшектерін логикалық ілім негізінде топтастырушы Платон сөздерді есім және етістік деп бөлсе, осы бағытты жалғастырушы Аристотель өзінің «Риторикасында» сөздерді есім, етістік, жалғаулық деп үш топқа бөледі. А. .Байтұрсынұлы да қазақ тіліндегі сөздерді әуелі атауыш сөздер, шылау сөздер, одағай деп үлкен үш топқа бөледі.
«Тіл құралы» еңбегінің «Сөз тұлғасы» деп аталатын төртінші бөлімінде тұлғасына қарай сөздер түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы, қосымшалар деп аталған да, әрқайсысы жеке-жеке талданып түсіндірілген. Бұл бөлісте біріккен, қысқарған сөздердің жоқтығы болмаса, басқалары морфологияға қатысты кейінгі зерттеулердің барлығында да бар.
Грамматиканың морфология саласында қарастырылатын ең өзекті мәселелердің бірі – сөз таптары мәселесі. А. Байтұрсынұлы сөз таптарының табиғатын айқындауда қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін ескеріп, сөз таптарының жалпы теориясына сүйенгенін байқаймыз. 
Сөздерді сөз таптарына топтастыруда ұстанатын принциптердің (семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) негізінде А. Байтұрсынұлы атауыш сөздерді мынадай сөз таптарына бөледі: нәрсенің атын көрсететін – зат есім, нәрселердің сынын көрсететін – сын есім, нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін – сан есім, есімдердің орнына жүретін – есімдік, заттардың еткенетпеген істерін көрсететін сөздер – етістік сөз таптары. Ал шылау сөздерді үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз таптарына саралайды.
Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы сөздерді мағынасына қарай тоғыз тапқа бөледі. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулық, одағай.
Ғалым әр сөз табын мысал арқылы түсіндіре отырып, әрқайсысына анықтама береді, сұрақтарын көрсетеді: «Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Мәселен, жер, тау... осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді есім дейміз. Зат есім туралы «кім?», не?» деп сұраймыз.
Грамматикалық категория сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Грамматикалық категория түрлері күні бүгінге дейін А. Байтұрсынұлы еңбектерінің негізінде өзгеріссіз сақталып келеді. Кейбір сөз табында грамматикалық категория болмайды (мысалы, сан есім, есімдік); ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары зат есім, сын есім, етістік.
Олар мыналар: Зат есімнің көптік категориясы (жекелік, көптік айырыс); тәуелдік категориясы (оңаша, ортақ тәуелдік; үш жақ бар); септік категориясы (сөздердің үйлесуіне сеп болады); септеу бесеу: 1) ілік жалғау (іліктеу) ның; 2) барыс жалғау (барыстау) ға; 3) табыс жалғау (табыстау) ны; 4) жатыс жалғау (жатыстау) да; 5) шығыс жалғау (шығыстау) дан.
Сын есімнің шырай категориясы (сыр сынында үш шырай бар: 1) жай шырай; 2) талғаулы шырай); 3) таңдаулы шырай);
Етістіктің етіс категориясы (1) сабақты етіс, 2) салт етіс; 3) ортақ етіс; 4) өздік етіс; 5) өзгелік етіс; 6) беделді етіс; 7) ырықсыз етіс; 8) шығыс етіс; 9) дүркінді етіс; 10) өсіңкі етіс); болымды-болымсыздық категориясы (ма, ме); рай категориясы (1) тұйық рай; 2) билік рай; 3) ашық рай; 4) шартты рай; 5) ереуіл рай; 6) реніш рай; 7) қалау рай; 8) сенімді рай; 9) сенімсіз рай; 10) мұң рай; 11) көніс рай; 12) қайрау рай; 13) азалы рай; 14) теріс рай; 15) болжал рай); шақ категориясы (осы шақ, өткен шақ, келер шақ); жіктік (жақ) категориясы (үш жақ; жекеше, көпше).
А. Байтұрсынұлы үстеуді 5-ке бөледі: нықтаулық үстеу (ең, әбден, тым, өте – қазіргі күшейту, әдейі, қасақана – қазіргі мақсат үстеулері); 2) сынаулық үстеу (шалқасынан, адамша – қазіргі сын бейне үстеуі); 3) өлшеулі үстеуі (қазіргі мөлшер үстеуі); 4) мезгілдік үстеу, 5) мекендік үстеу.
А. Байтұрсынұлы демеулерді (немесе демеуші) жеке сөз табы ретінде тани отырып, іштей сұрау демеу (ма, ме, ба, б, да) және жай демеу (ғой, ақ, әше, бәсе, әлде, тағы, бәлкім) деп бөліп қарайды. Үйткені, үйтпесе, сүйтіп, сүйткен, сайын секілді біріккен сөздерді де, басқа тілден еніп, сіңіскен дей отырып, я, яки, егер, уларды да осы демеу сөздер қатарына енгізеді. Ал жалғаулықтардың қазақ тілінде өте аз екенін ескертіп, олардың бәрін санамалап шығады;
Міне, А. Байтұрсынұлының тіліміздегі сөздерді сөз таптарына бөлуі, әр сөз табын іштей мағыналық топтарға, категорияларға жіктеуі бүгінгі таңда өзіміз көріп отырғандай, көп өзгеріссіз қазақ тіл білімінде орнығып қалды. Оның сөз таптарына, сөз таптарының түрлі мағыналық топ, категорияларына қатысты кейбір пікірлеріне жоғарыдағы салыстырулар көрсеткендей қазақ тіл білімінің кейінгі дамуы өз өзгерістерін, түзетулерін енгізді. Дегенмен, бұл өзгеріс, түзетулер ғалымның қазақ тілі сөздерін салыстырудағы шешуші рөліне нұқсан келтіре алмайды. Сондықтан А. Байтұрсынұлын тіліміздегі сөздерді таптастыру ісінде берік іргетас қалаушы ретінде тануымыз керек.
Ғалымның енгізген терминдерінің барлығы дерлік күні бүгінге дейін еш өзгеріссіз қолданылып жүр. «Тілқұрал» еңбегі кейінгі қазақ тілі морфологиясының ғылыми негіздерінің қалыптасып, дамуына сара жол салды. Сөйтіп, морфология ғылымының бастауы А. Байтұрсынұлы еңбектерінен басталады.
Ахмет Байтұрсынұлының бай шығармашылық мұрасының басым бөлігі – лингвистикалық еңбектері. Бұлар тіл деңгейлерінің жалпы бәріне қатысты болып келеді, тақырыбы жағынан да өте әр тарап. Оның лингвистикалық ізденулері «Тіл – құрал», «Әліпби» сияқты арнайы еңбектерімен ғана шектелмейді. Ғалымның түрлі тіл мәселесіне қатысты өзіндік пайымдаулары, теориялық тұжырымдары бұлардың сыртында көсемсөз түріндегі жазғандарынан да, сондай-ақ «Әдебиет танытқыштан» да үнемі кездесіп отырады. Қазақ тілінің фонологиялық жүйесі, грамматикалық құрылысы жөніндегі негізгі зерттеулерін былай қойғанда, оның назарынан әдеби тіл, тіл мәдениеті, этнолингвистика, прагматикалық (функционалды) грамматика, «оқыту ғылымы» (методика) мәселелері де еш уақыт тыс қалған емес, ол артына бұлар жөнінде де бірсыпыра құнды бағдарламалық пікір қалдырды.
А. Байтұрсынұлы оқулықтары қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбектер. Соған қарамастан ықшамды түрде баяндала тұрса да, көптеген мәселелерді өте білгірлікпен, көрегендікпен айта алған. Ғалымның енгізген терминдерінің барлығы дерлік күні бүгінге дейін еш өзгеріссіз қолданылып жүр. «Тілқұрал» еңбегі кейінгі қазақ тілі морфологиясының ғылыми негіздерінің қалыптасып, дамуына сара жол салды. Сөйтіп, морфология ғылымының бастауы,қазақ грамматикасының100жылдық тарихы А. Байтұрсынұлы еңбектерінен басталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет