Сын есім
Сын есім - заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: қандай? қай?
Тұлғасына қарай:
Негізгі с. е.: таза, тәтті, сары, терең, биік
Туынды с.е.: ( жұрнақ арқылы жасалады) көшпелі, әлсіз, сөзшең, оқымысты;
Құрамына қарай:
Дара с. е.: ақ, жасыл, бойшаң, балалы;
Күрделі с. е.: ақ киімді, қара торы, тап- таза, орта бойлы;
Мағынасына қарай:
Сапалық с. е.:( качественные) сұр, қызылдау, үлкенірек, көкпеңбек, жақсы;
Қатыстық с.е. (относительные) басқа сөз таптарынан жасалады өнер+лі, орман+ды, тау+лы;
Сын есімнің шырайлары:
Жай шырай: (простая) заттың жай ғана белгісін білдіреді: аласа, әдемі, қара, кішкентай;
Салыстырмалы шырай: (сравнительная) жұрнақтар арқылы жасалады:
-ырақ,- ірек,- рақ, -рек : кішірек, жақсырақ, биігірек, ағырақ;
-лау,- леу,- дау,- деу,- тау,- теу: көптеу, аздау, жақсылау, әдемілеу:
3. Күшейтпелі шырай:( превосходная)
а)Күшейткіш буын арқылы: сап- сары, тап -таза, жап- жақсы, әп- әдемі, үп- үлкен;
Ескерту ( исключения) : ақ - аппақ, көк - көкпеңбек
в)Күшейткіш үстеулері арқылы: тым, өте, ең, аса, нақ, кілең; өте сұлу, ең биік, аса жоғары;
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Тауда қызыл- сары гүлдер көп өседі. ( анықтауыш)
Ол үйдің- үлкені. (баяндауыш)
Жақсыдан үйрену керек. ( толықтауыш)
Менің досым жақсы оқиды. (пысықтауыш)
Ауылдың үлкендері келді.( бастауыш)
Берілген сын есімдерден салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасаңдар. (образуйте сравнительную и превосходную степень прилагательных).
Ұзын, ақылды, қара, әдемі, ақ, қалың, жұқа, қысқа, толық, қызыл, жұқа, арық, кең, тар, көк, таза, лас.
Үлгі:
Ұзын - ұзындау – ұзынырақ – ұп- ұзын - өте ұзын.
Қазақ тіліне аударыңдар.
Этот фильм более интересный, чем тот. Этот дом выше того.
Китай больше Индии. Груша вкуснее яблока. Это работа легче той.
Наши экзамены труднее, чем ваши.
Орыс тіліне аударыңдар.
Жерде қап -қалың қар жатыр. Аппақ қар көзді ауыртады. Менің жап- жаңа велосипедім бар. Алыстан өте биік тау көрінеді. Менің кіп -кішкентай қарындасым бар.
Сөйлемдердегі сын есімдідерді тауып, қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңдар.
Қазақ тілінің грамматикасы қиын.
Батыс жақтан сұп суық жел соғып тұр.
Інім домбырада өте жақсы ойнайды.
Жаман өз үйінде өзі қонақ.
Ақымақтан алыстау жүрген жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: |