Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырнамасы


Міржақып Дулатовтың лирикасындағы азатшылдық рух



бет6/14
Дата22.12.2023
өлшемі70,51 Kb.
#198486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
19 ғасыр 204 (копия)

Міржақып Дулатовтың лирикасындағы азатшылдық рух.

Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» деп азаттық жырын алғаш ту етіп көтерген ақын. Оның отты өлеңдері ұлттық сананы оятуға айрықша қызмет етті. Ақын поэзиясына өмірдің күйкі тірлігі жат. Оның поэзиясы азаматық асқақ үнге толы болып келеді. Ол жазған алғашқы қазақ романында да бас бостандығы жолындағы күресте мерт болған қазақ қызының бейнесі сомдалып, күрескерлік рух алдыңғы қатарға шығарылды.
Мағжан Жұмабаев поэзиясы ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің алтын айдары десек, еш қателеспейміз. Поэзия əлеміне өзгеше өркенді жаңашылдығымен келген ақын қазақ лирикасын тың көркемдік сапамен байыта алды. Мөлдір сезім мен нəзік лиризммен қауышып жатқан тұнба тұнық ой-таным ақын поэзиясына əлемдік əдебиеттің төрінен орын бергізді. Мағжан поэзиясындағы азаматтық сарын өлең-жырдың өн-бойында өріліп түсетін рух қуатымен аста- сып жатады. Оның өлеңдерінде азаттық пен тəуелсіздік идеясы ба- сты белгі ретінде бейнелі көрініс тапты.Міржақыптың қазақты “ояту” идеясы тұрғысынан жазылған өлеңдерінен айқын көрініс тапты. Жері тəркіленіп, санасын қараңғылық орап, отаршылдық торына шырмалған қазақ тағдыры бұрмасыз шындықпен жырланды.Міржақып:
Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың өзгермеді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден, –деп, қазақтың сол тұстағы тұрмысын шыншылдықпен суреттеді.
Міржақып өлең өнерінің Абай таныған құдіретін мойындау арқылы оны ұлттың санасын азаттық күреске оятудың күшті құралы деп біліп, өз поэзиясына азатшылдықты арқау етуі негізінде Абай- мен іштей үндесіп, өлең өлкесіне өзіндік өршіл рух септі.
Мағжан “ақынның ақыны” ретінде “Хакім Абайдың” сыр мен сезімге толы көңіл-күй лирикасын, адамның ішкі болмысына терең бойлаған сыршылдығын, жан тебіренткен сезімнің терең иірімдерін жүрекке дөп жеткізер сезімшілдігін, жансызға жан бітірер суреткерлігін шебер игеріп, оны “европалық əшекеймен” үлбіретіп, өзіндік үлгі тауып, өзгеше өріспен ұштастырды. Міржақып Дулатов, заманымыздың атақты жа- зушысы Мұхтар Əуезов айтқандай “жарқыраған əшекейімен, Европалығымен” тамсандырған жыры сұлу, сезімі сыршыл Мағжан, терең танымдық өлеңдерімен, асқақ романтикалық эпикасымен толғандырған Шəкəрім, қазақ ой-санасының аспанына жарық “күн” сəулесінің нұрын шашуды, өлең өнерінің “толған айы” болуды аңсап, ұлтының ұлы мұратын алға асыруға ұмтылып, поэзия көгінде жарық жұлдыздай жарқырап өткен Сұлтанмахмұт қазақ əдебиетінің “алтын кезеңінде” өмір сүріп, туған əдебиетімізге қайталанбас ту ындылар сыйлады. Міржақып Дулатовтың шығармашылығының тырнақалдысы “Оян, қазақ!” атты өлеңдер жинағы болып табылады. Осы алғашқы жинағының өзінен-ақ автордың мақсаты мен беталысы айқын аңғарылады. Кітапқа эпиграф ретінде берілген төрт жол өлеңге қаншалықты мəн-мағына сыйып кеткен десеңізші!.. Сол тұстағы қазақ халқын құрсап алған төрт қасірет түгел көзалдыңызға келіп, тұмшаланған сананы серпілтіп жіберердей.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым енді жату жарамасты.
Осы төрт жолдан ақынның бүкіл тыныс-тіршілігінің болмы- сы танылғандай. Елі əлгіндей күйде болғанда, ақын жүрегі қалай тебіренбей тұра алсын. Елін өлеңмен оятуға ұмтылған ақын негізгі түйінді мəселелерді нақты айқындап, назар салар тұсты дəл меңзейді. Осы төрт қасіреттен туындайтын зар-мұң бүкіл жинақтың өнбойына өзек болуы да сондықтан. Кітаптағы “Сөз басында” М. Дулатов былай дейді: “Дүниеге қатынасып жүрген оқыған азаматтарымыз болмаса, біздің ғумуми қазақ халқы пайдалы нəрселерден бейхабар еді. Себебі: дарияқасындағы тамшы секілді, оқығандарымыз аздығынан халқымыз шаһар ретінше емес, көшпелі əр жерде бытырап жүргендіктен, за- ман ахуалынан хабар білерлік оқуға өз тілімізде газет жоқтықтан, татар туғандарымыздың əдеби тіліменен жазылған газеттері оқу оқымаған халыққа түсініксіздігінен дүниеде болып жатқан ғажайып уақиғалардан хабардар бола алмай, біздің халық дүние сарайының бір қараңғы түкпірінде ұйықтап, ұмыт қалған секілді болып тұр. Сөйтіп, заманымыз күн сайын түрленіп келеді, мұнан бұрын өткен он бес жылменен бүгінгі халқымызды салыстырсаңыз да аз уақытта көп таршылықта қалған секілдіміз. Əлі де болса бұрынғыдай қозғалмай, ғафілдікте жата берсек, енді аз заманда нешік болмақшымыз?Қой, бүйтпелік əр халықтың күші өнер болса, ол өнерге... қазақтар да ортақ болса керек, соның үшін мұсылманша ғылымдар оқып... надандардың көзін қойып, көңілін ашып мұнымен ахиреттік пайдамызды табалық! Екінші – дүниемізде қажетті хақыларымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін, басқалардан қорлық көрмес үшін орысша оқып, өнерлі болайық!Орысша білмегендіктің зарарын, білу парыз дəрежесінде қажет екендігін міне, мұнан байқаңыз: Россия мемлекетінде жүз қырық милионнан артық халық бар, һəммəсі жүз тоғыз тілмен сөйлейді, соның ішінде үстем тіл орыс тілі күллі хикмет махкамаларындағы жұмыстар орыс тілінде болады, закондар һəм солайшы.Əркім өз қолында барынша жомарт болғаны секілді, мен де өз мағлұматымша бишара халқымызға пайда келтірмек мақсатымен осы кітапты жаздым”.Міржақып “Оян, қазақты” жазғандағы мақсатын қарапайым қазақ оқырманына осылайша түсіндіріп, бар мақсатын алдына жай- ып салады. Абай мақсаты оның жүрегінен берік орын тепкенін осы “Сөз басынан” тап басып танимыз. Қос ақындағы ортақ мақсат “Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ”. Ұлы арман соған жетер жолды дұрыс таңдауға тығыз байланысты емес пе?! Ендеше өзге озық елдерден өнер, ғылым, үйрену, өз тіліңмен қатар саясаты үстем жұрттың тілінде меңгеріп, безбен басын теңгергеннен ұлтың ұтпаса, ұтылмасы хаһ. Міне ақынның өзекжарды “Сөз басы” осыны меңзейді, осыған жөн сілтейді.Ақынның өзіне қояр талабы да зор. Отаршылдық торына шырмалған ұлтын ұлан жолға салу үшін, алдымен өз бағаңды бағалай білу қажет. Адасқан сорлы жұртты жарға итермей, жарыққа шығар сəулені көрсету үшін өз бойыңда нұрлы сəуленің шуағы мол болғаны жөн. Міне, ақын осыны ұғынған, ұғынып ғана қоймай өзгеге жеткізе де білген. Сондықтан да оның əрбір өлең жолынан азатшыл рух, азаматтық сарын өзгеше леппен есіп отырады. Уақыттың та- лабына тəн ұраншылдық басым болғанмен, ол – құрғақ айқай емес, жүрегін езген қасіреттің ашынған үні. Ақынның жалпақ жұрттан бұрын алдымен өзін-өзі қамшылауы осыдан туындап жатса керекті.
“Оян, қазақтың” беташар өлеңі “Қазақ халқының бұрынғы һəм бұ күнгі халы” деп аталады. Өлең былай басталады:
Міржақып неге отырсың қалам тартпай, Бəйге алмас болғанменен жүйрік шаппай. Шамаңды қадари хал көрсетсеңші, Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай. Тұманға кірді қалың біздің қазақ, Арты жар, алды тұйық бұл не ғажап. Адасқан ағайынға басшы болып, Ішінде жол көрсетер адам аз-ақ...
Жоғарғы ойлардың түйінінде, дəлелінде осыдан тапқандаймыз. Қазаққа “Жол көрсетер адам азда” ақын “Бой тежеп, жүрексінуді” өзіне мін көреді. Сөйтіп “Артықтан тағылым алып, кемге үйретуді” адамдық парыз деп біледі.
“Таршылық халымыз хақында аз мінажат”, – деген ұзақ өлеңінде бұратана халықтардың түрмесі болған патшалы Ресейдің тепкісінде тұншыққан ұлтының аянышты, ауыр халінің шынайы шындығын ашып, нанымды суреттеп, азаматтық армен жырлайды. Болашақ ба- рар жолдың негізгі тірегі ел бірлігі екендігін баса айтып, ұлтының ұйымшылдығын қалайды:
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой, Қатардан сол себепті қалыппыз ғой, Ғылым мен мағрифатты керек қылмай, Надандық шəрбатына қаныппыз ғой...
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының алдын- да шешімін күтіп тұрған басты мəселенің бірі жер мəселесі болғаны белгілі. Патша өкіметі ішкі Ресейден көшіп келген қара шекпенділерге қазақ даласындағы шұрайлы жерлерді бөліп, жергілікті халыққа тау мен тасты, шөлді аймақтарды қалдырды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан елдің экономикалық жағдайына көп нұқсан келді.Мың жеті жүз отыз бір санасында, Біз кірдік Ресейдің панасына. Өнерсіз бостығымыз көрінген соң, Қызықпас кім қазақтың даласына.Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз Қазыналық деді жердің һəммесін де, Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз, Мұжықтың кетті бəрі қаласына...“Қазақ жерлері” өлеңінде осылайша жырлай келіп, ақын елдің сөзін ұстап, билік басында тұрған ақсақалдарға, ұлтының қамын ойлаған зиялы азаматтарға, бұл жағдайды көріп-біле тура қол қусырып отыру жөн емес деп, дер кезінде қимылдамасақ, болашақ алдында борыш өтелмей қаларын еске салады.
Қадірман халық билеген ақсақалдар, Бұл іске фəһім назар саласың ба? Темірді қызуында соқпай қалып, Нəсіліңнің көз жасына қаласың ба?
Ақын ең алдымен бұратана болудың негізіне ой жібере оты- рып, ел-жұртына оның кесір-кесапатын ұқтыруды мақсат тұтады. Қарапайым халыққа ғана емес, ел ағаларына ой түрткі етеді. Ұрпақ алдындағы борыш кімге болса да оңай тимесі белгілі. Ақын ой- өрісі құлқынын ойлаудан аспағандарды қатты сынға алады. Бұндай сəттердегі Міржақыптың отты сөздері мірдің оғындай тиеді.
Қызығып қызарғанға кеткендер көп, Шен алып, дəрежеге жеткендей боп. Ойлады өз пайдасын халықты сатып, Қазақты еш керексіз еткендей боп.
Шен алып, шекпен кигеніне мəз болғандар туған халқын сатып, көгеріп жатқаны ақын жанын қалай өртемесін. Өз ішінен шыққан озбырлар елін езген сыртқы жаудан бетер екені бесенеден белгілі. Ақынның оларға қатты шүйлігуі де сондықтан.
Батыра айтып, көзге шұқу өз жұртын жек көруден туған сезім емес, ел қамын жеген ақынның осал жерді айтып, қатты сөзбен жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа тез қадам бастыруды ойлаған қам-қаракеті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет