Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырнамасы


«Бақытсыз Жамал» романындағы замана шындығы



бет8/14
Дата22.12.2023
өлшемі70,51 Kb.
#198486
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
19 ғасыр 204 (копия)

9. «Бақытсыз Жамал» романындағы замана шындығы.
М. Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі – прозадағы шоқтығы биік жанр – роман жазуы. ХІХ ғасырдың екінші жарты- сында жəне ХХ ғасырдың басында қазақ əдебиетінде прозаның шағын жанрлары новелла, хикая əңгімелер туып, дами бастады. Ал осы саладағы көлемді туынды алғаш Міржақыптың қарымды қаламынан қанат қақты. Ол 1910 жыл Қазанда басылып шыққан “Бақытсыз Жамал” романы еді. Өз кезегінде Міржақып заманда- стары-зиялылар, ақын-жазушылар, сыншылар А. Байтұрсынов, Ə. Бөкейханов, К. Кемеңгеров, С. Сəдуақасов романды əр қилы бағалағанымен, оның қазақ прозасындағы көлемді шығарма ретіндегі тұңғыштығына, ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының табысы болып саналатындығына еш шек келтірмеген. Ендеше “Бақытсыз Жамал” – бүгінгі күнде қазақ əдебиетінде жетекші жанрға айналған роман жанрына тұңғыш түрен салған шығарма. А. Байтұрсынов 1914 жылы “Арысұлы” деген бүркеншік есіммен жазған “Роман не нəрсе?” деген мақаласында Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы” туралы “Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Ду- латов болды. Оның “Бақытсыз Жамал” деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты...” – десе, С. Сəдуақасов: “Меніңше, Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы” да ескермеген ескі мұраның бірі. Бақытсыз Жамал – сүйгеніне тие алмаған қазақ қыздарының бірі. Оны бақытсыз еткен – малына сенген таз Жұман...”, – деп, романға замананың көкейкесті мəселесі арқау болып, өз кезеңіндегі ірі шығарманың бірі болғандығын нақты айтады. Ал, көрнекті сыншы Қошке Кемеңгеров романның жұртшылыққа кең тарағандығын айта келіп: “Міржақыптың “Бақытсыз Жама- лы”, “Бедная Лиза” сияқты болған”, – деген қорытынды жасайды. Кезінде қазақ оқығандары мен қарапайым оқырмандарының жылы қабылдауына ие болған туынды қазақ прозасының дамуындағы үлкен белес болып табылады. 1914 жылдары бұл шығарманың жан- рын роман деп айқындаған Ахаң, 1926 жылы шыққан “Əдебиет танытқышта” басқаша пікір айтқан. “Ұлы əңгіме түрде қазақ тілінде басылған шығарма əзірше жоқ. Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы- на” роман, ұлы əңгіме деп ат қойылса да, өресі мен өрісі шағын болғандықтан, ол ұлы емес ұзақ əңгімеге (повесть. – Ө. Ə.) жақын”, – деп баға берді. Дегенмен М. Дулатовтың бұл шығармасы өзінің олқылығымен де, өзгелерден озық тұрған жетістігімен де қазақ прозасындағы алғашқы роман ретінде бағаланары сөзсіз.
Романның өлеңмен жазылған сөз басында:
Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта, Бақытсыз бір қыз екен осы шақта. Біреуге хас нəрсе емес, һəм болған іс, Жайылған бұл бір ғұрып һəр қазақта. Айырсын оқушылар мағынасын, Жай ғана хикая деп қарамасын. Көрген кім шариғаттан деген сөзді: “Қор етіп əйел халқын аямасын” –деген жолдардан автордың көздеген мақсаты аңғарылады.
Міржақып шығармашылығын зерттеген ғалым М. Əбсеметовтың деректері бойынша романға негізінен Көкшетау даласында болған оқиға өзек болған. “1908 жылы Міржақып ізіне түскен патша тыңшыларынан бой тасалау үшін, Торғайды тастап, Көкшетауға келеді. Көкшетауда Саумал көл деген жерде ауыл мектебінде мұғалім болып істеп жүргенінде, ол Жамал атты қазақ қызының тауқыметті тағдырына куə болады. “Бақытсыз Жамал” романындағы сол аяу- лы бейне осылайша шындық өмірден алынған еді. Роман оқиғасы қазіргі Көкшетау облысындағы Айыртау ауданында орналасқан Са- умал көл – Сұлу көл төңірегінде өтеді. Бұл табиғаты тамылжыған, алабын ақ қайың көмкерген, айнадай жарқыраған көлдері көз тұндырған қазақ даласының бір құйқалы да көрікті жері. Романның бас кейіпкері дəл осы маңайда дүниеге келген. Жамалдың руы – Атығай, Ғалидың руы – Керей. Ақмола уезі, Ақкөл болысында туып өскен, Жұманның руы – Қаруыл, қазіргі Көкшетау облысы, Арықбұлақ ауданы, Ақанборлық деген жерден”.
1909 жылы М. Дулатов Қызылжарға келіп, Жұмағали Тілеулиннің үйіне паналайды. Кейіннен Сасық көлде Мағжан Жұмабаевқа орыс тілі мен əдебиетінен сабақ береді. Жазып жүрген “Бақытсыз Жамал” романының нүктесін сол жерде қояды. 1910 жылы Қазанда басылған роман шығысымен-ақ елге тез таралып кетеді (М. Əбсəметов).
М. Дулатов роман желісіне қазақ өміріндегі ең бір əлеуметтік мəні зор мəселе – əйел теңсіздігін арқау еткен. ХХ ғасыр басындағы қазақ қыздарының теңдікке ұмтылуының əдебиетіміздегі маңдай алды тақырып болып табылуы, тек қана əйел тағдыры емес, рухани теңдікке, бостандыққа ұмтылған қазақ ұлтының күрескерлік бол- мысын танытумен тығыз байланысты. Сондықтан қазақтың алғашқы романында Жамал тағдыры жалаң алынбай, қазақ өмірінің сан қыры əлеуметтік мəселелерімен көмкеріле, сабақтастырыла суреттелген. Осыдан келіп романда өз тұсындағы реалистік өмір шындығы молынан көрініс тапқан.
Романның бас кейіпкері – Жамал. Оның айналасын қоршаған қосалқы кейіпкерлер əкесі – жуас Сəрсенбай, шешесі – нəзік жан- ды, ақылды Шолпан, айттырған күйеуі “таз Жұман”, дала шонжары қатігез Байжан, сүйген жігіті Ғали.
Романдағы Жамал мен Ғали – екеуі де елге сүйкімді, бір-бірін тең тұтып, сүйіп қосылмақ болған жандар. Жамалды алып қашқан Ғали қаладағы саудагер татар қайырымды Фатихолланы паналай- ды. Сенгенінен сенімді тірек көре алмай Ғали Жамалмен алыстағы нағашысына кетеді, сонда кенеттен ауырып өледі. Ғашығын жоғалтқан, панасыз қалған Жамал айналып келіп айттырған күйеуінің азабына түседі. Мың сан азап тартып, еріксіз қосылған күйеуінен тепкі көрген Жамал берік шешімге келіп, қыстың боран- ды күнінде қашып шығады. Езгіде өткен өмірден гөрі не еркіндікке жетуді, не өлімді жөн көреді. Қалың боранда адасып, қарлы далада үсіп өледі. Романға арқау болған оқиға сюжеті осындай.
Өмір-тағдыры романға арқау болған Жамал – көптің бірі емес, қазақ қыздарының басындағы қайғылы халін ұғына білген, өз тағдырына араша түсуге дайындығы мол, санасы жетілген қазақ қызы. ХХ ғасыр басында шанда болса да мұндай сауатты қыздардың ел ішінде болғандығы өмір шындығы. Əке-шешесінің көзінің ағы мен қарасындай жалғыз қыз жасынан еркіндіктің дəмін татып өскен. Оның кейінгі өз бостандығы жолында күреске ұмтылуының жəне оған батылының баруының бір сыры осында жатыр. Мəселе кейіпкердің сауаттылығында ғана емес, автордың кейіпкер табиғатына еркіндік рухын тəрбие негізі арқылы құюында. Теңдікке деген жүректегі бұлқыныс қыз санасының бірте-бірте өсуімен жетіле түседі. Автор бұл өзгеріс, өсулерді Жамалдың ішкі жан-дүниесін, мінез-құлқын ашатын психологиялық иірімдер арқылы емес, жана- ма мінездеулер арқылы беріп отырады. Жамалдың зейінділігі, тез хат тануы, оқымаған кітабы қалмауы, өлең жазуға талаптануы кейде автор арқылы, кейде сырт адамдардың сөздері арқылы айтылып та, аталып отырады. Яғни оқырман Жамалды үнемі өсу үстінде көреді.
ХХ ғасыр басындағы алғашқы роман болғандықтан, мұндай жа- нама мінездеу арқылы кейіпкер портретін сомдау өзін-өзі ақтауға тиіс. Біздің бұдан кейінгі прозалық шығармаларымызда да бұл əдіс өз өрісін тапқан жоқ па?! Мəселен Б. Майлиннің “Шұғаның белгісі” ұзақ əңгімесі мен С. Торайғыровтың “Қамар сұлу” романдарындағы портреттер осы тəсілдер арқылы жасалғаны белгілі. “Шұғаның белгісі” повесіндегі əңгімешінің ə, дегенде-ақ “...ой, шіркін, өзі де Шұға десе Шұға еді-ау!” деген бір ауыз сөзі оқырманды Шұғаға ынтықтырып-ақ қоймай ма?!
Романда Жамалдың ішкі жан-дүниесін, сезім толғаныстарын бейнелеуге деген автор ұмтылысы да байқалады. “Жамал қанша ішінен қапаланса да, басқа бір кісіге айтуының ебін таба алмай, – бір күні қолына қағаз бен қарындаш алып, “тым болмаса көңілімдегі қасіреттің оннан бір бөлігі шықпас па екен”, – деп, өз басындағы халіне бір азырақ өлең жазып еді”.

Əрине, мұндай суреттеулер романда сирек кездеседі. Бірақ прозамыздың алғашқыларының бірі саналатын ілкі дүние үшін бұл қанша дегенмен кешірімді. Шығыстық туындылар мен қазақ ауыз əдебиетінің озық үлгілерінің дəстүрінде тəрбиеленген оқырман үшін осылай жазылуы сəтті де шығар. Автор көбіне бас кейіпкер жан дүниесін оның өлеңдерінде өрілген ой-сезімдер арқылы ашуға күш салған. Сондықтан да жалаң баяндаулар көбіне Жамалдың өлеңі арқылы көмкеріліп, тігісі білінбей кетеді. Бастапқы кезде роман құрылымына жуыспайтын əңгімелер мен оқиға өтер тұсқа дейінгі жағдайларды ұзақ сонар баяндауға ұрынған автор, уақиғаның шиеленісер тұсынан бастап ширап сала береді.


Жамал мен Ғали кездескен сəттен əрі қарай бастап шығарма оқырманды өзіне ерекше тартып алады. Кейіпкерлердің сырласу сəттерін, бір-біріне берік сенісіп, өздерінің бақыты үшін күреске бел байлап жолға шыққан тұстарын автор жылы сезіммен тебіренте жазады.
Ғалидың кенеттен ауруынан бастап, ғашығынан айырыларын сезінген Жамалдың көңіл күйі мен ішкі жан-дүниесін ашуға жара- лы жанның жүрегіндегі толқыныс пен тебіреністі суреттеу арқылы жеткізуге ұмтылады. “Жамалдың көзінен қанды жастар төгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісті. Бір минут Ғалидың қасынан кетпей, жаман ауырды деген жерлерін сипап, мөлдіреген көздерін Ғалидан алмай қарап отыратын болды”, – деп, қасіретті жанның естен кетпес портретін жасаса, Ғали қазасынан кейінгі Жамалдың алай-түлей ішкі сезімін, жан толқынысын қабір басындағы сөзі арқылы төгілтеді. “Қып-қызыл шоқтың ішіне тастап, алыс-алыс сапарға жөнелдің, өзің үшін қайырлы болсын! Мен сорлың кеудемде шыбын жаным барда ұмытпаспын. Дүниеде патшаның баласы бол- са да саған теңгермеспін. Қош жаным! Ғали! Бір мен үшін мейірбан ата-анаңды да көре алмай, қолдарынан топырақ салғыза алмай кеттің, кеш жаным! Алла тағала ақиретте қосылуға несіп тілесін, сол уақытта ғана көрген қасіретім бір сағаттай болмай ұмытылар. Мен сорлың опасыз дүниеде қонақтай алмай адасып қалдым, қош жаным...”
Тағдырдың тақсіретін тартқан Жамал мен дүлей боранды астастыра беруде қазақ прозасындағы ішкі сезім мен сыртқы табиғат құбылысын символдық бірлікте алып суреттеудің алғашқы ұшқыны байқалады. Бұдан кейінгі шығармалардағы қазақ қыздары тағдырына мойынұсынған немесе қатал заманның қысымына шыдай алмай мерт болған, болмаса өмір шындығына сай келмес ойдан жасалған жандар болса, алғашқы романдағы Жамалдың тағдырға қарсы жүзуі психологиялық тұрғыдан дəлелді. Қазақ қызына тəн қайсарлықпен өз бақыты үшін күресе білген, бірақ бақытқа жете алмай мерт болған Жамал образы – шындықтан шыңдалған тұлға.
Жамал табиғатына тəн қайсарлық пен күрескерлікті автор ұтымды детальдар арқылы сəтті тауып, орынды қолдана білген. Жамал қиындықтан қаймығатын, өлімнен қорқатын жан емес. Жа- зушы бұны алғашында оның сүйгені Ғалиға жазған бір хатынан байқатады. “Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ //Тұралық уағданы бекем байлап //Сен үшін бір басымды еттім құрбан //Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап!”
Жұмандай таз күйеуінің тəлкегіне шыдамаған Жамал, боранды түнде қашып шығардың алдында Жұманға “Мені өлтіретін болсаң бір жола өлтір, əйтпесе өзі күйіп жүрген жанымды күйдірме” – деп, ашық айқасқа шақырады. Ызаға булыққан Жұман талдырып жыққан соң, есін жинай салысымен “...бүйтіп тіршілік қыла алмай- ды екенмін, мұнан да бұл иттің қолынан өлгенше басқа жаққа кетіп өлейін” деген берік байламға келеді. Мінез сомдаудағы Міржақып қолданған осындай сəтті штрихтар сөз жоқ жазушы табысына саналуға тиіс. Жалғыз бұл емес, жалпы М. Дулатовтың қаламына тəн қасиет – халық өмірін, қазақ əйелдерінің ауыр тұрмысын көркемдік шындықпен суреттеу. ХХ ғасырдың басында Міржақып Дулатов романының ізін ала, Міржақып көтерген тақырыпқа жазылған көлемді шығармалардың бірінен кейін бірінің шығуы, жазушының өз кезеңіндегі тамаша табысының куəсі болса керек.
Тағдырға қасқайып қарсы тұрған, қасқыр мінез адамдардың озбырлығына илікпеген Жамал тылсым табиғаттың дүлей күшінен де қаймықпайды. “Бара-бара боран əбден күшейіп, алды-артын орап алды. Қорқыныштың не екенін һəм жан-тəн рақатын ұмытқан Жамалдың ойында Ғали ғана болып келе жатқан уақытта аты бір жерге келіп тұрып қалды”.
Автор боран мен Жамал арпалысында символдық тəсілді қолданған. Жамалдың бостандыққа ұмтылған жолын қиып, ада- стырып өлімнің суық құшағына жетелеген ызғарлы боран – түнек заманның бүкіл кертартпа кесірлерінің жиынтығы. Ары таза, жаны таза, нəзік қыздың жан-жағынан қысқан алапат дүлей күштің қыспағында мерт болмауы мүмкін емес еді. Шығармада шымырлаған шындықтың барлығы да, авторлық шешімнің табиғилығы да осын- да жатса керек.
Міржақып алғаш қадам жасаған бұл тəсіл кейінгі қазақ прозасын- да биік көркемдік деңгейге көтерілді. М. Əуезовтің “Қорғансыздың күніндегі” Ғазиза тағдырының боранмен астасуы, Ж. Аймауытовтың “Ақ білегіндегі” Ақбілектің түн қорқынышымен арпалысының ба- стау бұлағы осы “Бақытсыз Жамалдан” тартылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет