Мүйізді ірі қараға ретробульбарлық новокайн блокадасын жасау техникасы. Көздің асептикалық және іріңді қабынуларында новокайн блокадасын қолдануды алғаш ұсынғандардың бірі В.Н. Авроров. Ол 0,5% новокайн ертіндісін көз алмасының артындағы ретробульбарлық кеңестікке егуді ұсынды. Біз тәжірибе жүзінде мүйізді ірі қараның көз ауруларын емдеуге ретробульбарлық новокайн блокадасын 0,5% новокайнға бициллин – 3 антибиотигін қосып қолданып, өте жақсы нәриже алып жүрміз. Оны жасау техникасы:
Алдымен мал станокқа бекітіледі. Содан соң көмекші малдың басын қозқалтпай ұстайды. Ол үшін блокада сол көзге жасалатын болса, көмекші оң жақтан тұрып, сол қолымен малдың сол жақ шекесінен (мүйізінен), ал оң қолымен астыңғы жағының тісі жоқ жиегінен ұстап, малдың мойны мен басын сол жақ жамбасына қыса қозғалтпай ұстайды. Ал оң жақ көзге блокада жасағанда керісінше көмекші сол жақтан тұрып, оң қолымен малдың оң жақ шекесінен (мүйізінен), ал сол қолымен астыңғы жағының тісі жоқ жиегінен ұстап, малдың мойны мен басын оң жақ жамбасына қыса қозғалтпай ұстайды. Мал дәрігері үстіңгі қабақтың терісін көз шарасына дейін 5% иод ертіндісімен өңдейеді. Блокаданы оң жақ көзге жасағанда, мал дәрігері малдың мойынына сүйене оң жағынан тұрып, сол қолының алақанын малдың маңдайыа қояды (сол жаққа жасағанда керісінше). Сонда бас бармағы көз шарасының жиегіне және көз алмасының жоғарғы жағына жанасуы тиіс. Осылай қабақ пен көз алмасын қозғалтпай ұстап тұрып, бір рет қана қолданылатын шприцтің инесін қабақ терісі арқылы көз шарасы сүйегі мен көз алмасы арасынан келесі жақтың құлағының сыртқы есту тесігіне бағыттап, тайыншаларға 5 – 6 см, ал ірі сиырларға 6 – 8 см тереңдікке енгізеді. Тайыншалардың көзінің ретробульбарлық кеңестігіне 10 мл, ірі сиырларға 20 мл 0,5% - ды новокайнға езілген бициллин -3 антибиотигінің ерітіндісі егіледі. Бициллин – 3 тайыншалардың бір көзіне 300 мың ӘБ, ал ірі сиырдың бір көзіне 600 мың ӘБ – нен есептеп қолданылады. Ішкі көз құрылымдарының асқынған, іріңді қабынуларында бициллин – 3 антибиотигінің қолдану мөлшері екі еселенеді. Ерітінді жылы болғаны дұрыс. Егер блокада малдың екі көзіне де жасалуы тиіс болса, екінші көзіне дәрі келесі күні егіледі. Дәрі еккеннен соң көз алмасының аздап көз шарасынан томпайып шыққаны, қарашықтың кеңейгені, жоғарғы және үшінші қабақтардың түскені, конъюнктива мен ақ қабықтың қызарғаны, ісінгені және қабақ пен көз алмасының қозғалысының шектелгені байқалады. Бұл құбылыстар 1,5 - 2 сағаттан соң басылады. Ем көрсетіліміне қарай арасына 3 – 5 күннен салып, 2 – 3 рет қайталанады.