Бұршақ дененің пішінінің қалыптан ауытқуы. Бұл аномалия жиі кездеседі. Қалыпта бұршақ дененің екі жағы дөңес (алдынғы жағынан артқы жағы дөңестеу), мөлдір. Линза тәрізді.
Лентиглобус – бұршақ дененің шар тәрізді тұрпатта болуы.
Белгілері. Қарашық кеңейгенде бұршақ дене толығымен көрінеді және көздің алдынғы камерасына шыға орналасқан. Мұндай бұршақ денені ұстап тұрған цинново байламдары қалыптан тыс ұзын және жіңішке болады. Соның салдарынан көз қозғалғанда бұршақ дененің тербелісі байқалады. Бұл аномалия итте, шошқада, сиырда кездеседі.
Лентиконус –бұршақ дененің алдынғы немесе артқы беті доғал конус тәрізді тұрпатта болуы. Көбіне алдыңғы лентиконус кездеседі. Мұнда бұршақ дене қарашық арқылы көздің алдыңғы камерасына шыға орналасады. Көзді жанынан қарағанда оны анық байқауға болады.Артқы лентиконуста жиі кездеседі және ол да бұршақ дененің туа біткен аномалиясы. Бұл ауытқуда оның артқы жағы мөлдір емес домалақ дақ түрінде байқалады. Бұршақ дененің бұл анатомиялық аномалияларының қай – қайсысында да көздің қалыпты көруі бұзылады немесе көз мүлде көрмейді («су қараңғы»).
20 – шы сурет. Бұршақ дененің қалыпты пішіні және оның патологиялық өзгерістері: