Қант диабетінің асқынуынан болған катаракта. Зерттеулерге қарағанда иттер қант диабетіне жиі шалдығады. Оның асқынуы салдарынан 68% жағдайда катаракта дамиды және механизмі жақсы зерттелген. Қант диабетінде инсулинге тәуелді гексокиназа ферменті өзінің белсенділігін көрсетпейді. Соның нәтижесінде зат алмасу қалдығы (метоболит) сорбитол бұршақ дененің қабығынан сыртқа шықпайды да бұршақ дене күңгірттенеді (К.А. Перепечаев. 2007).
Гипокальциемиядан болған катаракта. Ветеринариялық клиникаға әкелінген иттің көзінен катаракта анықталған. Ионограммада қандағы кальций мөлшері 45 мг\мл болған. Қалыпта ол 87 – 112 мг\мл – ге тең. Сөйтіп катаракта себебі гипокальциемия екені анықталған.
Емі. Ампуладағы 10% - ды глюконат кальций 1,5 мл\кг - нан есептеліп, күніне 3 рет, 2 күн қатарынан қан тамырға енгізіледі. Ары қарай күнде 2 рет итің тамағына 1 капсуладан (1 гр) кальциленген қоспа (Са\Р – «Petphos», витамин Д3 - «Rocaltrol») қосылып отырылған. Әрбір 15 күн сайын қандағы кальций мөлшері анықталып, 2 айдан соң ғана қандағы кальций мөлшері 90 мг\мл мөлшеріне тұрақтаған. Бұршақ дене мөлдірлене түскен (К.А. Перепечаев. 2007).