Ахметова Гүлбахрам Кенжалиевна Ақтөбе қаласы, №5 «Жұлдыз» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі


Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (Қазақ ертегісі желісі бойынша дайындалған)



бет2/2
Дата21.07.2020
өлшемі31,45 Kb.
#63587
1   2

Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (Қазақ ертегісі желісі бойынша дайындалған)


Ертегіге қатысушы кейіпкерлер:
1. Әже
2. Немере
3. Ана
4. Қарлығаш
5. Айдаһар
6. Маса
7. Түлкі
8. Уәзірлер
9. Биші тышқандар
10. Жолбарыс
Ертегі декорациялары: Киіз үй бейнесі, ағаш қарлығаштың ұясымен, бесік, шиырмалар, есек, еліктің макеті.

Бірінші бөлім:


Киіз үй бейнесі. Баяу күй ойналып тұрады. Әжесі ұршық иіріп, немересі кітап оқып жатады. Осы мезгілде шаңыраққа ұя салған қарлығаш төбеден айнала ұшып шиқылдайды. Немересі шаңыраққа қарап:
- Әже, ананы қараңыз, қарлығаш біздің шаңыраққа ұя салыпты ғой.
Әжесі қолын көлегелей төбеге қарап:
- Е - е, бәрекелді, жарқыным.... Шаңырағымызда құт - береке болады екен, қарлығаш құс төресі, киелісі ғой.
- Әже, осы қарлығаш адамдарға неге үйір болады. Әрі басқа құстардай емес құйрығы неге айыр, әже.
- Әй, тентегім - ай, ақылыңнан айналдым сенің. Қане, жұмысымызды аяқтайық.... Қазір саған қарлығаштың құйрығының неге айыр болғаны
жайлы халық ертегісін айтып берейін, сонда түсінерсің, құлыным. Екеуі заттарын жинай бастайды.
- Жүр, ботақаным, ана бір төбенің басына шығайық.
Әжесі немересімен орындарынан тұрып алға жүреді.
- Балам, міне қарашы, мынау дархан даламыз төсі жұпар гүлге толған, алқабы малға толған неткен сұлу, көркем еді десеңші.
- Ия, ата., тамаша көрініс екен.
- Міне, балам, осы қазақ жерінде бұл көне заманда болған екен.......
Бірінші бөлім.
(баяу күй ойналады)
Сахнада киіз үй. Жанында үлкен бәйтерек өсіп тұр. Бәйтерек басында қарлығаш ұясы. Киіз үй ішінде бала тербетіп отырған ана:
Әлди, әлди, ақ бөпем.
Ақ бесікке жат бөпем.
Бесігіңнен басталар,
Құны қымбат құт - мекен.
Бір мезгілде қарлығаш шиқылдап сахнаға шығады да, балапандарына тамақ бере бастайды. Қарлығаш биі: Қанатын жоғары - төмен қаға аяқтың ұшымен залды айналып ағаш тұсына келеді.. 1 - 2 санына қанатты жоғары көтере, оң аяқты алға соза оң аяққа тұру, сол аяқ өкшесі көтеріледі, 3 - 4 санына қайтадан сол аяққа отыру. Осы қимыл 2 рет қайталанады. 8 санына аяқтың ұшымен жыбырлай, қолды кезекпе - кезек жоғары - төмен көтере ортаға келу. 1 - 2 санына оңға айналыс, 3 - 4 санына оң жаққа қолды жоғары көтере созылу, төмен түсіру. Осы қимыл солға қайталанады.
Бір кезде балапанының бірі жерге түсіп кетеді.(балапандардың шиқылдаған дыбысы шығады.) Қарлығаш шыр - пыр болады да қалады.
Бесік тербетіп отырған ана қарлығаштың шиқылынан, не болды екен деп сыртқа шығады. Қарлығаш адамды көріп қасына келеді:
- О, адамзат маған жәрдемдесе көріңіз?
Ана жүгіре басып барып балапанды ұясына салады.
- Рахмет, адамзат, бұл жақсылығыңды ұмытпаспын - деп ана алдында бас иеді.

Екінші бөлім:


(Сахнада айдаһар патша сарайы көрінісі)
Әжейдің дауысы: Сол маңдағы тау қыраттың ортасында бір айдаһар да өмір сүріпті. Ол жер бетіндегі тіршілік атаулыны жайпап отырған тойымсыз залым болыпты.
Әр жерде қаннен - қаперсіз отырған аңдар. Бір мезгілде сахнаға жанталаса сауысқан шығады:
- Ойбай, қашыңдар! Сұмдық - сұмдық, алдындағының бәрін жайпап айдаһар патшамыз келе жатыр! Қашыңдар шапшаң, тірі қалған пенде жоқ.
Бәрі сасқалақтап жан - жаққа қаша жөнеледі. Жерді тарсылдата аяғымен соға Айдаһар шыға келеді. Ақырып төсін соғып:
- Мен жер бетіндегінің ең күштісі боламын.
Уәзір - 1:- Иә, тақсыр, сіз күштісіз.
Уәзір - 2:- Сізге жетер ешкім жоқ.
Уәзір - 3:- Тақсыр бүгін күн ұзаққа тыным көрген жоқсыз, сәл демалып алыңыз.- деп айдаһардың жан - жағына шығып бәйек болып, жастық салып, желпіп әуреге түседі.
Шиырма жабылады.

Үшінші бөлім.


Әжейдің дауысы:
- Міне, осылай айдаһар патша боп көп жыл тұрыпты. Жылдардан - жылдар өткенде қайраты қайтып, кәрілік жылжып жетіпті.
Шиырма ашылады да, абыржыған - абдыраған уәзірлер шауып жүреді.:
1 - еуі:- (басын ұстап) Патшамыз дертке ұрынды.
2 - еуі:- (демін тыңдап, бас шайқайды) Тынысы әбден тарылды.
3 - еуі:- (қанатын көтеріп, кеудесін сипап) Көзден от, беттен сән кетті.
Кеудеден қуат әл кетті. – деп үшеуі бетіне үңіледі.
Жолбарыс шығып:
- Патшамыздың халін білуге түлкі ханым келіп тұр.

Бәрі жалт қарап, шулай:


- Келсін, кірсін, тезірек.
Түлкінің жолына қызыл кілемше төселеді. Ортаға қиралаңдай басып кербездене түлкі шығады.
Уәзірлер бас иіп тағзым етеді. Түлкі патшаның алдына бір, артына бір шығып, қанатын көтеріп, тың - тыңдап, тамырын ұстайды. Қолына қауырсын мен ақ қағаз алып жаза бастайды:
- Тәтті қан іздеп тапсаңыз, жазылар еді патшамыз!- қағазды орап жан - жағына қарайды.
- Кім, іздеп дәру табады?
Осы кезде ызыңдап маса келеді:
- Мен. мен іздеп табамын!
Уәзірлерде жамырай:
- Иә, иә маса тапсын. Ұш тезірек.
Маса мен түлкі шығып кетеді.
Айдаһар ыңырсып қозғалады. Осы кезде Уәзірлер ақылдаса:
- Маса, патшамыздың дәруін әкелгенше, көңілін көтере тұрайық.
1 - у:- Бәлкім, патшамызға дәмі тіл үйірер тағамдар әкелейік.- деп үшеуі ыдысқа салынған неше түрлі тағамдар (тауық еті, жеміс - жидектер, шұжықтар, сусындар) әкеледі. Айдаһар тағамдарға қарап көз салады да, бас шайқайды.
Уәзірлер шегіне шығып кетеді. Қайта орындарына келіп саса бастайды.
2 - у:- Бәлкім, сарайымыздағы биші тышқандарды шақырайық.
Үшеуі аспаптарда (дауылпаз, домбыра, сыбызғы) ойнай бастайды, қыздар (тышқандар) би билей жөнеледі.
Тышқандар биі: Барабанның дауысымен жүгіре басып, ортаға шығады. Оң қолды жоғары сол аяқты ұшына көтереді. 4 санына сол жақ мықынды солға лақтыра қозғау, басын сол жаққа бұрып ұстау. Осы қимыл 4 санымен сол қолды көтеріп, оң жақтан қайталанады, басты оң жаққа бұру. Келесі қимылда бәрі тіке алға қарап тұра қалады. 8 санымен белді оңға - солға қозғай сәл отырып - тұру. Екі қолды алдан бұрай бір - бірімен айқастыра жоғары көтеру, осы кезде қол қимылымен бірге сәл отыра жоғары тұру. Бұл қимыл 2 рет қайталанады.
Айдаһар басын көтере қарайды да, «керегі жоқ» деген ишарамен екі жаққа шайқайды, осы кезде қыздар биін тоқтатып кері шегіне шығып кетеді.
Шиырма жабылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет