Қайғырған сайын қан шықты:
Жаздың күні болғанда
Жаңбыр жауар күркіреп,
Жаралы біздің көңілге
Бір тамбады сіркіреп [7, 76].
Сондай-ақ «Бақшадағы гүлдер» деген өлеңінде:
Көңілі ояу, көзі ашық елде кім бар?
«Өлі жүрек, өзімшіл, күншіл»деген жолдарға тоқталсақ, Шәкәрім бұл тақырыпта да соны ізденістерге барған, өзіндік өрнек, бейнелер жасаған. Көңілдің қабағы салбырады, сұм жүректің оянбауы, күншілдерді «өлі жүрек» деп метафорамен атауы – бәрі тек жоғары парасатты жазба поэзия дәстүрінде болуға лайық. Көңіл күйін, жүрек соғысын бейне бір адам мінезіне, адам ісіне ұқсату арқылы ақын үлкен бейнелік сурет жасаған. Сонымен бірге, айтылмақ ой, идея, әрине, тереңдей түскен, мазмұны байыған. Жаңбыр жауу – табиғаттың аса бір қасиетті құбылысы; жан біткеннің бәріне нәр беретін, жібітетін жауын, осы ұғымнан шығуы айқын; «Жаралы біздің көңілге бір тамбады сіркіреп» дегенде, мүлде тың жарасымды сурет табады. Бұрынғы поэзия үлгілеріне қарасақ, бұл мүлде жаңаша. Сонымен бірге қиянатшыл жандарды да мейірімсіз деген мағынада осылай айтады “тас бауыр”, «тас жүрек» деудің орнына «өлі жүрек» деуі поэзияда ауыспалы мағынасында бұрын кездесе бермейтін жаңалық өлген адам, немесе сезімсіз суынған жүрек жайында талай айтылуы мүмкін [8, 75].
Ал Абай жүрекке үлкен жүк арта сөйлейді:
Өздерің де ойлаңдар,
Неше түрлі жан барсың.
Ғылым да жоқ, ми да жоқ,
Даладағы аңдарсың.
Жүрегіңмен тыңдамай,
Құлағыңмен қармарсың [9, 119].
Бірі – ұстаз, бірі –шәкірт екі ақын көпшілік өлеңдерінде «ақыл» ұғымын сөз қылады. «Ақыл» адам өмірін жақсартатын ұғым. Олар «ақыл» ұғымын түрлендіріп, сөз тіркестерінен жаңаша өрнек пен ұғым әкеліп отырады. «Аз ақыл», «сұм ақыл», «саяз ақыл» немесе «таза ақыл», «шын ақыл», «анық ақыл» т.б. «Ақыл» ұғымының өзін екі сападан көрсетеді. Ең тіректісі адам болмысында «таза ақыл» категориясы деп ұсынады.
Абай: «Ақыл мен қайрат жол табар, қашқанға да, қуғанға», -деп, ақылдың бүкіл болмысын азғана сөзбен шебер бере білген.
Шәкәрім «таза ақылға» «Жаралыс басы қозғалыс» деген өлеңінде мынадай анықтама береді.
Рух деген - мінсіз таза ақыл,
Мінсіздің ісі шын мақұл.
Айуандағы ақыл ол емес,
Аз ғана сөзім – аз тақыл,
Құраныңды оқы нанбасаң.
Аз ақыл ондай көпте бар,
Айуанда айла епте бар.
Өсімдіктерде сезім көп,
Көбелек жейтін шөпте бар,
Әлемнен сұра алдасам [10, 11].
Демек, мінсіз таза ақыл – рух деп көрсетеді ақын. Шәкәрім пайымдауында, «таза ақыл» толық тазалыққа жеткен адамдарда ғана болуы мүмкін, ал басқа адамдарда және хайуанаттарда «аз ақыл» ғана бар дейді.
Енді бірде:
Ақ жүрек пен Таза ақыл,
Қылсаң адал еңбек,
Бәрінен де сол мақұл-
Айнымайтын ақ жүрек пен
Таза ақылды жанның
Таппасы жоқ бұл өмірде.
Осынымды ұқ, балам! [1, 148].
Немесе:
Тән терезе, ой қожасы,
Ойымен анық байқасаң
Достарыңызбен бөлісу: |